Қазақ философиясының еркешеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 19:50, курсовая работа

Описание работы

Қоғамдық сана - қоғам өмірінің барлық саласын қамтып көрсететін әр түрлі рухани құбылыстардың жиынтығы болып табылады. Қоғамдық сананың негізгі формаларына жататындар – мораль, өнер, дiн, философия, ғылым, саясат, құқық. Салыстырмалы түрде жақын кезеңнен бері экологиялық, экономикалық және басқа да қоғамдық сананың формалары мен түрлері анықтала бастады. Бұл қоғамдық сананың барлық түрлері, формалары мен деңгейлері өзара байланыста болып, бір-біріне әсер етеді.

Содержание работы

Кіріспе_________________________________________2
Саяси және құқықтық сана________________________3
Моральдық және эстетикалық сана_________________8
Діни және атеистік сана__________________________11

Файлы: 1 файл

философия.docx

— 47.75 Кб (Скачать файл)

Эстетикалық категория тұрғысындағы "гармония" ұғымын тұңғыш Пифагор мен

                                                       10.

 оның мектебінде кездестіреміз.  Пифагор үшін болмыстың негізінде  жатқан сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке  сай. Өнер түрлері ііпінде өсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімділікті танытады. Тіпті, онымен қоймай, адам жанын да, төнін де ауру-кесел, бөлекеттерден тазартады деп білген. Осы түста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы —катарсиске тоқталып кету керек.

                                  

                                     4.Діни және атеистік сана

     Дін  - адам пайымының бүкіл әлем  мен болмысқа, қоршаған дүниеге,  табиғатқа, өөзі өмір сүретін  ортаға және өзінің ақыл-ойы  мен сана-сезімінен тысқары тылсым  дүниеге қатынасы; адамзат танымының  дүние мен жаратылысқа деген  көзқарасты айқындайтын мифология,  философия және ғылымнан ерекше  өзіндік бір тұрпаты; адамзат  қоғамындағы аса күрделі де  маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және  әлеуметтік құбылыс.

Дін психологиясы — діни сананың ерекшеліктеріне, құрылымы мен функцияларына негіз болатын психологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторларды зерттейтін психология ғылымының саласы. Дін психологиясы XIX ғасырдың аяғында — XX ғасырдың басында пайда болды және діни сананың құдай (рух), жұмақ, дозақ, күнә және т.б. ұғымдарды қамтитын мазмұны туралы, сондай-ақ намаз, дұға, жалбарыну және басқа да парыздарды атқару кезіндегі адамның эмоциялық күйі мен сезімдері туралы едәуір материал жинақталды. Дін психологиясында әртүрлі теориялық- әдістемелік тұрғыларға негізделген бірнеше ағым бар. Қазіргі дін психологиясы жалпы жәнеәлеуметтік психологияның, әлеуметтанудың, этнография мен дін тарихының теориялық ережелері мен әдістемелерін пайдаланады

Атеизм- грек тілінен аударғанда atheoi – құдайды жоққа шығару, құдайсыздық деген мағынаны білдіреді. Толығырақ айтсақ, ешқандай басқарушы жоқ, Құдай тағаланың хақтығына сенбеуге шақыратын қаптаған қате көзқарастар жүйесінің бір түрі.  Атеизммен адамдардың санасын улау өткен КСРО-ның «гүлдеп тұрған» уақытында өте қарқынды жүргізілді. Құдай басқа салмасын, саясат солай болды.  Атеистік насихатты дамыту туралы қаулылар қабылданып, жоғары оқу орындарында «Ғылыми атеистер негіздері» курстары оқытылды. Газеттер көптеген тиражбен шығып тұрды. Қысқасы олар «табиғат ананың балаларымыз» деп әлемге жар салды.Тарихта қазақ халқының қабырғасын қайыстырып кеткен кеңестік кезең талай атеистерді дүниеге әкеліп бірақ құрыған еді. Алдамшы саясатқа аңқаулар құрбан болды, бабасының мұрасын естен шығармай тырысып баққандар көп соққы жесе де иман сақтап қалды. Аңқаулар өздері адасқанымен қоймай өзгелерді тарттырды. Бұлар  тамырын кеңге жая бастады. Қанша жерден кастюм киіп, «Шипр» әтірін пайдаланып интеллегент, кітаптан көз алмайтын мәдениетті атанса да ақиқаттан көп алыс еді. Мінеки, сол аңқаулар осы күндері басқалардың басын айналдырып, жұрттың арасын аралап, дінді қаралап, жүректерін жаралап жүргендері шындық.Қазақ пен атеизмнің үш қайнаса сорпасы қосылмайды! Қазақия даласына Ислам дінінің келуімен мұсылманшылықтан нәр алған ғұламалар, ақын-жазушылар, жыраулар шықты. Мешіт салып, қажылық парызын өтеп, келешек ұрпағына ең алдымен ескіше сауат аштырған ерлердің ұрпағымыз. Сүрініп кетсе болды «піссіміллә» деген әжелердің балаларымыз. «Табиғаттың еркелері» сан ғасырлық төл тарихымызды жоққа шығара алмайды, қазақ атеизмнен әлдеқайда алыс.  Күлкілі, құдайсыздардың пікірінше

                                                         11.

 Аллаһ тағала жоқ  та, аяз ата бар екен. Нендей жаман іс жасап қойсаң дакүнә алмайсын. Судың да сұрауы жоқ. Осы жалғанда ойна да күл. Қатырып алдап жүрген ібілістің өзі Құдай тағаладан қорқамын дегенін біле ме солар? «Әр адам ой‐пікір, ар‐ождан және дін бостандығына құқығы бар». Біз бұл жазбамыз арқылы атеистердің діни бостандығын шектеп отырғанымыз жоқ. Себебі атеизм – дін емес. Ол ештеңе емес!Қысқасы, орыстың бодандығында болған қазақ жұртына «құдайсызсыңдар» деп айып тағып отырғанымыз жоқ. Шүкір, халқымыз мешітіне барып, кәлимасына тілін жаттықтырып, мағынасын түсініп, амалмен әрекет етіп жүр. Кей ағаларымызға айтарымыз, «дін дүниені бұзады» деген сияқты қаңқу сөздерді елемей, «жетпіс жылдың әсері ғой» деген сияқты сылтауларды қойып, еркіндіктің дәурені жүріп тұрғанда ешкімнен ұялып-қысылмай ғибадатқа жақындағаныңыз дұрыс. Егемендігіміз себепті иманды жастар аз да болса батыстың саяси ойынына қатысуға жоқ. Ал, балаңыз басқа да ағымдардың жетегінде кетпесін десеңіз өзіңіз де дін үйреніңіз. Әкелік қамқорлығыңызды көрсетіңіз. Бірталай уақыт күткен бостандыққа қол жеткізгенде айға қарап ұлып, әруақ шақырып дала кезіп, отқа май тамызу секілді болмайтын істерді жалғастыра беру бекершілік һәм әурешілік!  

 

 

 

 

 

                    Қолданылған әдебиеттер:

1.  А. Ибраева,  Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану»  Алматы 2006 ж. 
2.  Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері» Алматы 2003ж. 
3.  Қоғамдық білім негіздері:Жалпы біліы беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-570-2

4.↑Қазақ энциклопедиясы, 10 том

5.↑Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

 

 

 

 

 

 

 

                                             12.


Информация о работе Қазақ философиясының еркешеліктері