Аристотельдің философиясына қысқа шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 15:55, реферат

Описание работы

Аристотельдің (б.з.б. 384—322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.

Файлы: 1 файл

аристотель.docx

— 54.42 Кб (Скачать файл)

Ендеше Аристотель философиясы орта ғасырдағы батыс Еуропадан көрі Таяу және Орта Шығыста өз негізін тауып, Әл-Фараби арқылы ерекше дамыды. Өйткені шығыстың данасы — Әл-Фараби “Философияны үйренуден бұрын нені білу керек”, “Интеллект (сөзінің) мағанасы жөніндегі пайымдама”, “Екі философтың — қасиетті Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы туралы”, тағы басқа шығармаларында көне грек философиясын, онын ішінде, әсіресе, Аристотельдің дүниетанымын әлемге басқаша қырынан ашып көрсетіп, бүкіл дүниежүзілік мәдениет пен философияның дамуына айрықша үлес қосты. Схоластикалық көзқарастан арыла алмай, діни мистикалық көзқарастың шырмауына іліккен Батыс ойшылдары үшін Әл-Фараби мен басқа да ортағасырлық шығыс философтары тастай түнек-лабиринттен шығудың жолы болатын.

Әл-Фараби арқылы қайта түлеген Аристотель араб тілінен (грек тілінен емес) қайта латын тіліне аударылып, Батыс Еуропаға келіп орнықты. Кейін жаңа заман ойшылдары — Ф. Бэкон мен Н. Коперник, Джордано Бруноның көзқарастарында, Аристотельдің әлемнің бірлігі мен әртүрлілігі, оның шексіздігі мен шектілігі тағы басқа идеялары шығармашылықпен дамыды.

Еңбек туралы мәселені талдағанда Аристотель теңдік мәселесіне соқпай кетпейді. Адамдардың еңбегін қалай салыстыруға болады? Жай ғана құрлысшы мен етікшіні салыстыру дұрыс па, ол не береді? Бірі — үй салады, екіншісі — етік тігеді, оларды тең қарауға болмайды ғой. Бірақ оларға ортақ — ол еңбек. Еңбек арқылы оларды тендестіруге болады. Біреуге — етік, ал біреуге — үй қажет. Ендеше тауардың құны арқылы Аристотель теңдік қатынасын ашты. Бірақ шын мәніндегі тендік қатынасының не екенін түсіну Аристотельге мүмкін емес еді. Ол үшін капитализмнің шырқап дамыған кезеңі ғана бұл мәселелердің мәнін аша алады. Сондықтан К. Маркс өзінің “Капиталын” жазу үстінде ұлы Стагириттің данышпан ойларына айрықша назар аударды.

Әсіресе, XIX ғасырда Аристотельдің көптеген идеялары, капитализмнің терең дағдарысқа ұшырауына, әлеуметтік-саяси дамудың таптық күрестерге, революциялық қозғалыстарға әкелуіне байланысты өзінің мәнін тереңірек аша түсті. Солардың негізгілері грек данышпанының экономикалық идеялары еді…

Аристотель қазақ ойшылдарына да, әсіресе, данышпан Абайға ерекше әсер етті. Ұлы данышпан грек ойшылының есімі қазақ арасында да ертеден-ақ аңыз болып тараған. Сол аңыз ертегілерде есімі Ескендір Зұлхарнайын деп аталатын дүние жүзін жауламақшы болған көне грек қолбасшысының (тарихта Александр Македонскийдің) тәрбиеші, ұстазы болған адам.

Абай өзінің “Ескендір” атты дастанында Филипп патшаның баласы — Ескендірдің “Мақтан сүйгіш, қызғаншақ” екенін айта келіп, оны данышпан Аристотельмен қарама-қарсы қойып, олардың арасындағы өзара байланыстың мәнін ашты.

Дастанда жаугершілікпен жүрген Ескендір бір шаһарға жетіп, берік қақпадан кіре алмай әлек болғанда, оған сый ретінде орамалға оралған ку бас сүйек лақтырылады. Бұған ашуланған Ескендір:

“Осы менің теңім бе? — деп ақырып, Лақтырып жібереді сол суйекті”.

Бірақ данышпан Аристотель “Қасиет бар бұл сүйекте”— деп, оны өлшеуші таразыға салып еді; “Қанша алтынды, күміс пен салса дағы, бір кішкентай сүйекті аудармады. Барлық қару-жарақ, бүкіл қазынаны салса да аудармады”.

Бұл суйекті басарлық нәрсе бар ма? “Ақылмен ойлап тапшы!”— деген патшаға, Аристотель жерден бір уыс топырақ алып сүйекке шаша салып еді, сүйек басы жоғары шыға қалды.

Бұл аңыз бойынша Абай, данышпан Аристотельдің материя мен форманың диалектикалық байланысын ашып бергендігін баяндап отыр. Адамның қу бас сүйегі — ол материя, зат. Ал ол қоғамдық қатынасқа түскенде өзінің мәнін ашады.

 

 

“Бұл адамның көз сүйегі,- деді ханға

Тоя ма адам көзі мың мен санға?

Жемір көз жер жүзіне тоймаса да.

Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда.

Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Қанша тірі жүрсе де, өлген күні

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен”.

Аристотельдің даналығы — ол ешкім байыбына барып шеше алмаған философиялық мәселені шешіп отыр. Адам көзі екі функцияны атқарады, бірі — көру. Ол жан-жануарларға да тән қасиет. Екіншісі — адам көзі қоғамдық, материалдық, тағы басқа қатынастардың мәнін ашады.

Диалектикалық тұрғыдан қарағанда көздің екі жақты қызметі бар. Бірі — ол көздің негізгі қасиеті көру екені айтылады. Бұл дүниені, ен байлықты, жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықты көру, сол арқылы санаға заттың түрін, түсін тағы басқа да қасиеттерін түсінуте жол ашу.

Екінші жағынан, көздің өзінің негізгі қызметі түп тамырымен өзгеріп, тек құмартудың, нәпсінің дамуына жол ашып, дүниеге тоймайтын, ешбір тойымсыз көзге айналу.

Ендеше көз бен ақылдың, көз бен парасаттылықтың арасында диалектикалық байланыс бар. Өйткені бірінші — көз сезімділік танымының алғашқы сатылары қабылдау мен елестетудің формаларына кеңінен қызмет атқарса, екіншісінде көз арқылы рационалды танымның биік сатысына жол ашылады.

Көптеген адамдар, жалпы адамзат үшін көз тек қана көру қызметімен ерекшеленеді. Ендеше даңқты қолбасшы — Ескендір (яғни Александр Македонский) үшін де бас сүйек тек қана зат, жансыз дененің бір мүшесі. Оның ешқандай мәні жоқ. Олай болса қақпадан бұған қарай лақтырып тастаған бас сүйек үңірейген көздің бейнесімен мұны қорлауға арналған сияқты болып көрінеді. Ескендірдің қаһарлы ашуын, меселенің мәнін түсінбегендігін, данышпан Аристотель байыппен, сабырлы түрде айқындап берді.

Бас сүйек бір қарағанда ғана зат, материя, ешбір мәні жоқ, қураған нәрсе. Ал енді оның адамдардың қолына тиюі, адамдық қатынасқа түсуі жаңа бір ойдың түйінін аша бастады.

Бұл жай бас емес, Абайдың тілімен айтқанда “кәпір көз”, дүниеге араны ашылған көз, дүние байлыққа тоймайтын көз.

Ендеше Аристотельдің диалектикалық көзқарасы бойынша қу бас біресе материя, зат, ешбір бағасыз бірдеңе, ал, екінші жағынан, ол адамдар арасындағы қатынаста формаға айналып, белгілі бір мәнге ие болады…

Мыңмен жалғыз алысқан Абай көне грек философиясының алыбы — Аристотельге ерекше назар аудара отырып, өзінің зар-мұңын шағады, заманның тарылып бара жатқанын айтады…

Сонау көне заманда көрнекті қолбасшы — Александр Македонскийге ұстаз болған Аристотель қазақтың данасы — Абайға дәл осы өзі өмір сүріп отырған дәуірде, адамдардың рухани дүниесі өзгеріп, әрі жұтандап келе жатқан кезенде, оларға “ата-анадан мал тәтті” болып, ашкөздікке бет бұрып, “ғылымда жоқ, ми да жоқ, даладағы аңдарға” айналып бара жатқанда аса қажет еді. Сондықтан данышпан ақын:

“Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер,

Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!

Ұятың мен арыңды малға сатып,

Ұятсызда иман жоқ-түпке жетер”. —

деп түйіндейді…

Аристотельдің ғылымдағы, әсіресе жаратылыстану салаларына, философияға, этика мен эстетикаға, тағы басқа да мәселелерде ашқан жаңалығы мен даналық үлесі ұшан теңіз.

Біздің еліміз — Қазақстан үшін, әсіресе қазіргі нарықтық экономикаға бет бұрған, сол салада айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп отырған кезеңде, халқымызға гректің данышпан ойшылы — Аристотельдің еңбектері баға жетпес рухани байлықтың қайнар көзі болып есептеледі. Тек сол мәңгі суалмас рухани байлықтан нәр ала білу қажет.

 


Информация о работе Аристотельдің философиясына қысқа шолу