Аль-фараби философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 19:17, реферат

Описание работы

Әдебиетпен ауызша шығармалардан баска Қазақстанда ғылыми білімнің дамуы да кең тараған. Астрономия, география және басқа да аратылыстану ғылымдары туралы көшпенділердің білімі орта ғасырларда ғылыми тракататтар түрінде кең тараған. Өкіншке орай соның көп бөлігі бізге дейін жеткен жоқ. Бізге Қазақстаннан шыққан көптеген есімдер белгілі, бірақ солардың ішінде Абу Насыр Аль Фарабидің жөні бөлек.

Содержание работы

КІРІСПЕ

1. АЛЬ-ФАРАБИДІҢ ӨМІРІ
2. ӘБУ НАСЫР АЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМ
ҒЫЛЫМНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
2.1. Ал-Фарабидін Индияда болган окигасы Don Robercon
2.2. Ирандағы Фараби туындылары
3. ОРТА ҒАСЫР ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

Аль Фараби туралы.doc

— 154.50 Кб (Скачать файл)

Адамзаттың «екінші  ұстазы» аталған Әбу Насыр  Әл Фарабидің туындыларының санын  ғалымдар әлі толық анықтаған  жоқ. Нақты дәлелденбесе де оның трактаттарының саны кем дегенде 120, әрі дегенде 160-тан асады деп есептеледі. Ал Иранда сақталған қолжазбалардың ішінде қазірге дейін Фарабидің мынандай еңбектерінің бар екені анықталған:

Трактат: қолжазба саны 
«Хихмет өзегі» - 19 
«Мәселелерді қарастыру - 11 
«Ақылия» (Ақыл) - 9 
«Қос хакім көзқарастарының тоғысы» 
(Аристотель және Аплатон ойлары жөнінде)- 6 
«Қала саясаты» - 5 
«Алшақтық дәлелі» - 5 
«Зәйтүн Кабир трактатына түсінік» - 5 
«Болмыс басы» (Саясат) - 3 
«Сяси қоғам» - 3 
«Жұлдыз үкімдері» - 3

«Аристотель метафизикасы», «Заттар төркіні», «Фәлсафаның пайда  болуы» және «Бақытты игеру» деп аталатын еңбектердің қос-қостан көшірмесі  ұшырасады. Шолу, сауалдарға жауап, түсінік бағытында жазылған трактаттар саны -11.

Сондай ақ:

«Ибн Зәрийе салыстырмасы», «Геометрия түткиіліндегі анық руаханий күш пен табиғат сырлары», «Ескертуді ескерту», «Аплотонның намысты қоғам еңбегін қысқаша талдау», «Қысқаша қисын», «Қисын қалыптастыру», «Хихметке баулу әдебі», «Бақыт жолындағыларды ескерту» (Дүние бақытының дәлелі), «Жасампаз қала тұрғындарының көзқарасы» деп аталатын Фараби туындыларының әзірге бір-бір дана көшірмесіне кезігіп отырмыз.

Иран қолжазба қорларында Фараби трактаттарына түсінік жазған Нәсредин Туси, Жәлоладдин Дауани және Женди (?) тәрізді адамдардың да еңбектері сақтадған. Туси мен Дауанидің кім екендігі белгілі, ал Жендидіңі кім болғаны әзірге беймәлім. Жалпы Иранда Женд шаһарынан шыққан бірқатар ғұламалардың еңбегі сақтаулы. Әбсаттар Дербісалі өзінің «қазақ даласының жұлдыздары» деген еңбегінде бес бірдей жендидің өмірбаянына тоқталған. Түрки, Түркістани, Шаши, Тәшкени, Бәнекенти есімдері шығыстаныушылардың қолына түссеәр қайсысы бір-бір ғылыми жұмыс тақырыбы болып шыға келер еді. Фрабидің өһзін қаншама парсы етіп шығаруға тырысқанымен, кейбір ынсапты ирандық зерттеушілер деректерге сүйеніп оның толық аты-жөні Фраби Түркістани, Фараби Түрки болғанын айтады. Ирандағы Теһеран университетінің кітапханасы қоолжазба қорындағы Фарабидің өмірі мен қызметі жайында жазылған қос бірдей қолжазба да құнды деректердің бірі.

Иісі адамзаттың игілігін көздеген Фараби еңбектерін сақтап отырған  Иран кітапханасының қолжазба қорында  ислам діні пайда болғанға дейінгі  деректер де ұшырасып қалады. Ал ислам дәуіріне қатысты басты мұра – Мұқаммед пайғамбардың ол кезде отқа табынатын зорастризм дініндегі парсы патшасы Хосрау пәрвизге дінге шақырып жазған хатының көшірмесі де бүгінде Теһран университеті кітапханасында сақтаулы тұр. 
 
... Еліміздің Ирандағы тұңғыш елшісі Мырзатай Жолдасбеков Фраби трактаттарның біраз көшірмелері елге жеткізілген...

 

3. ОРТА ҒАСЫР ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

Әбу Наср әл-Фараби туралы сол кездегі көптеген ғалымдар өздерінің  ой-пікірлерін жазып қалдырған. Ұлы  ойшыл Әбу Әли ибн Сина, тарихшы-ғалымдардан  Захируддин әл-Байхакий, Жамолуддин ибн әл-Кифтий, Ибн Әби Усайба, Ибн Халликон сияқты атақты ғалымдар өз шығармаларында ұлы философ Әбу Наср әл-Фараби жөнінде кейбір мәліметтер беріп кеткен. Белгілі шығыстанушы-ғалым. Аристов солардың бірқатарын араб тілінен өзбекшеге аударып жариялаған екен. Біз соны өзбек тілінен қазақшаға тәржіма жасап, окырманға ұсынуды жөн көріп отырмыз. 

Әбу Әли ибн  Сина: Мен мантик (логика), жаратылыстану және риезиет (математика, геометрия) ғылымдарын жақсылап меңгердім. Сосын теологияны оқып үйренуге кіріскенімде Аристотельдің «Метафизика» кітабын оқыдым. Бірақ онда не жазылғанын оқып түсіне алмадым. Бұл кітапты жазған кісінің мақсаты маған құпия болып қала берді. Тіпті оны қырық рет қайталап окып шықтым. Бұл кітапты жаттапта алдым. Бірақ соныңөзінде мен оны түсіне алмадым. Ақыры одан үмтімді үзіп, бұл түсінуге болмайтын кітап екен деген қорытындыға келген едім. 
Бір күні бесін намазы кезінде кітап сатушыларға бардым. Онда бір делдал мұқабалы бір кітапты қолына ұстап алып, мақтап тұр екен. Ол мені қасына шақырып, маған кітапты көрсетті. Сонда мен бұл ғылымды білудің пайдасы жоқ деген оймен әлгіні жақтырмай, алмайтынымды айттым. Делдал маған: «Бұл кітапты ал, бағасы арзан - үш дихрам, кітаптың иесі ақшаға мұқтаж», - деді. Осылайша мен кітапты сатып алдым. Қарасам, ол Әбу Наср әл-Фарабидің «Метафизика» кітабының мақсаты жайында жазылған шығармасы екен. Үйге келген бойда оны оқуға кірістім. «Метафизика» ойымда жатталып қалған себепті сол сәтте-ақ кітаптың мазмұнын түсініп алдым. Бұған қатты қуанып кеттім. Мұндай кітаптың табылғанына шүкіршілік жасап, ертеңінде-ақ кедейлерге біраз нәрсе садақа бердім.

Захируддин  ал-Байхакий: Шейх Әбу Наср әл-Фарабидің аты Мұхаммед ибн Тархан болып, шыққан тегі Түркістаннын Фараб деген жерінен екен. Бұл кісі «Муаллим ас-Соний» - «Екінші ұстаз» деген лақап есім алған. Ислам ғалымдары арасында одан бұрын мұншалыкты ақылы алғыр адам болмаған еді.

Әбу Насрдың көп трактаттары  болған. Мен Рай шаһары бастығының кітапханасынан бұл кісінің шығармаларын көрдім. Сол жерде мен Әбу Насрдың небір шығармаларын көрдім, тіпті ондай кітаптар жайында ешқашан естімеген де екенмін. Тағы бір айта кететін жәйт – көрген кітаптарымның көпшілігі Әбу Насрдың өз қолымен жазылған яки оның шәкірті Әбу Закария Яхия ибн Адидің қолымен көшірілген еді. 
.. .Ғұлама Әбу Наср әл-Фараби айтқан екен: «Кімде-кім хикмат (философия, даналық) білімін оқып үйрен уге кіріспек болса, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс , әдепті, қайырымды адам болуы керек. Ондай кісі адамдарға мейірімді, таза, адал болуы, азғын қылықтардан: күнә, қиянат, зұлымдық пен аярлықтан таза болуы тиіс. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет . Хиқмат 6ілімін оқып үйренуге кіріспек болған адам білімді де, ғалымдарды да құрмет тұтатын кісі болуы шарт. Ондай кісі ғылым адамдарынан басқа ешбір нәрсені қадірлейтін болмауы керек.

Білімді кәсіп, өнер етіп алмауы керек әрі оны мал-дүние  табу құралы етіп жібермеуі қажет.

Кімде-кім мұны керісінше  істейтін болса, онда ол кезбояушы саналады. Жалған ақша таза ақша есептелмейтіні сияқты, жалған сөз ешқашан мәнді сөз болмайды.

Егер мінез-құлқы біз  айтқандай емес, теріс мінезді  кісі болса, ол ешқашанда ғалымдар қатарына қосылмайды. Ағаштың өсіп-жетілгенін бұтақтағы жемісіне қарай бағалайдығой. Сондай-ақ адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. 
Кімде-кім өзін өз дәрежесіеен жоғары көтермек болса, ондай адамнын, өсу жолына тосқауыл койылады».

Жамолуддин  ибн әл-Кифтий: Әбу Наср әл-Фараби - Мауераннахрдағы түрік шаһарларының бірі болған Фарабтан шыққан философ. Бұл кісі мұсылмандардан шығып, әлемге танылған данышпан саналады. Ол Иракка барып, Бағдад шаһарында тұрып қалады. Әбу Наср бұл қалада хикмат білімін үйренеді. Осы жерде Әбу Наср сол дәуірде деңдесі жоқ адам болып шыгады. Логиқаға қатысты кітаптарды зерттеу және оларға түсініктеме жазуда көп іс тындырды. Логиканың қиын тұстарын айқындай түсті, көпшілікке түсіексіз болған жасырын сырларын ашты әрі бұл ғылымның пайдалану әдістерін жеңілдетті. Ол өз шығармаларында логикадан пайдалану үшін түсініікті сөз тіркестерш, астарлы меңзеу сөздер қолданып отырды. Тіті ол логиканы түсндіру, үйрету және талдау жасаудағы Әл-Киндий, тағы басқалар жіберген олқылықтарды да атап көрсетті.

.. .Әбу Насрдың бұдан  басқа «Ихсо ал-улум ва аттаьриф»  - «Ғылымды меңгеру және оның  мақсатын түсіндіру» туралы жазылған құнды кітабы бар. Мұндай шығарма жазуда осы кезге дейін Әбу Насрдан ешкім озып кеткен емес. Тіпті бұл секілді ой-пікрлерді оған дейін әлі ешкім айта алмаған, ол кісі шыққан биікке ешкім көтеріле алмаған еді. Дамып келе жатқан ғылымдардың барлық салалары да оның салған дұрыс жолын пайдаланды деуге болады.

Әбу Насрдың Афлотун (Платон) және Аристотель философиясындағы идеяларға  арналған кітабы оның философия саласындағы  аса көрнекті ғалым екенін әрі  философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді... Мен философияны үйренушілер үшін одан («Фараби кітабынан». - Н. К.) пайдалырақ бірер кітап бар деп ойламаймын. Бұл шығарма барлық ғылым салаларына ортақ әрі осы еңбек арқылы басқа ғылым салаларының өзіне тән мән-мағыналарын түсінуге болады. Бұрын логикадағы категориялардың мағыналарын, олардын. неден құрылғанын түсіну мүмкін емес еді, қалайша сол мән-мағына барша ғылымға ең алғашқы негіз, іргетас болып қалануы мүмкін екендігі дәл осы Фараби шығармасында ғана түсіндірілген болатын...

Ибн Әби Усайба: Фараби - шынайы философ, терең білімді данышпан еді, философияға қатысты пәндерді толық игерген болатын. Ол риезиет (математика, геометрия) ғылымдарына жетік, білгір, ірі ғұлама, мал-дүниемен ісі жоқ, қарапайым адам еді. Ол тағамға шыдамды, қанағаты мол жан болатын. Ол өзінік мінез-кұлқы жығынан ежелгі дәуір философтарына ұқсайтын.

Әбу Наср тәуіпшіліктен  де едәуір хабардар еді. Тәуіпшіліктің теориялық жағын жақсы білетін. Бірақ тәуіптік тәжірбиені іс жүзінде қолдану және оның ұсақ-тұйек емін жасау ісін айтарлықтай терең меңгермеген болатын.

.. .Әл-Фараби Дамаскіге  алғаш барған кезінде бір бауға  қарауыл еді, сол бау ішінде  отырып ұдайы хикмат - философия  ғылымымен айналысатын. Әбу Наср  бұл жерде ежелгі дәуір ғалымдарының  көзқарастары - шығармалары мен оларға жазылған түсініктерді бас алмай оқып отыратын. Ол өзі жарлы кісі еді, тіпті түні бойы ұйықтамай, шығарма жазумен айналысатын, кедейлігі сондай, өзіне қарауылдығы үшін беретін шамның нұрын пайдаланатын еді.

Біраз уақыт Әбу Наср осылай өмір сүрді. Кейін оның есімі төңірекке мәлім болып, беделі артады, жазған шығармалары да мәшһүр болып кетеді. Сөйтіп, оның шәкірттері де көбейеді. Соның нәтижесіде ол өз заманының бірден-бір аса ірі ғалымы дәрежесне иеболды. 
Ел билеуші әмір Сайф ад-Даула (Абул Хасан ибн Абдуллох ибн Хамдан ат-Тағлабий) Фарабимен әңгімелесуді ұнататын болған, әмір оныңбіліміне таңданып, оған көт ізет-құрмет көрсетеді. Сол арқылы әмірдің, Әбу Наср қатысатын жиындарының да даңқ-дәрежесі артады, бұған әмірдің өзі де рақаттанады.

...Кейбір шейхтардың айтуына карағанда, Әбу Наср әл-Фараби бір жолы Мысырға (Египетке) сапарлап барған, кейн Дамасісге қайтып келіп, осы жерде Сайф ад-Даула Али ибн Хамдан әмірлігінде, осы елде әр-Розий халиф болып тұрған кезде қайтыс болды.

Сайф ад-Даула өзінің жоғары мәртебелі он бес әкім кісілерімен бірге Әбу Насрдың жаназасында болды. Елдің айтуынша, Әбу Наср өте қанағатшыл адам болғаны үшін әмірші Сайф ад-Дауланың ерекше құрметне бөленген екен. Алайда, соған қарамастан Фараби күніне төрт дихрам күміс ақшадан басқа ешкандай сый-сияпатты пайдаланбайды. Сол төрт дихрамды тіршілікке зәру болған нәрселерге ғана жұмсайтын болған. Ол «тұрмыс-тіршілігім не болады» деп қайғырмайды екен. Тіпті баспана етерлік үй-жайды да, өзіне келетін бірен-саран пайданы да ойламай өіпті. 
...Елдің айтуына қарағанда, Әбу Наср қозы жүрегі мен райхан шәрбатын өзіне тамақ еткен екен. Әбу Наср алғашқы кезде қазы болып істеген дейді. Ғылым дүниесіне тереңрек бойлаған соң бұл жұмысты тастап, бар жан-тәнімен білімін асыра түсуге кірісіп кетіпті, мал-дүниеге ешқашан қызыкпаған екен.

Ол қарауылдау үшін кешкісін бауға барады екен де, шырақты жағып, кітап оқуга кіріседі екен.

Музыка саласында да ол білімді болыпты. Бұл салада да онын, зерттеулері шарықтау шегіне жетіп, барынша кемелденіпті, музыка өнерінде одан озып кету мүмкін емес екен.

Жұрттың айтуына қарағанда, ол ғажайып бі рмузыка аспабын  жасапты, міне, сол аспаптан адамның  жан жүрегін елжіретіп жіберетін  сиқырлы бір ражап әуен естіледі дейді.

Ибн Халликон: Әбу Наср әл-Фараби логика, музыка және бұл екі пәннен басқа да бірнеше ғылым салаларына қатысты шығармалардың авторы болған. Сондай-ак, ол мұсылмандардың ең ірі философы саналады, ешкім ғылымда бұл кісінің, дәрежесіне дейін көтерілген емес. Әбу Әли ибн Сина да онын, кітаптарынан көп нерсе үйренген. Әбу Әли ибн Синаның сөзіне қарағанда, ол Фараби шығармаларын оқып ләззат алған екен. Бұл кісінің, шыққан тегі түрік болған, ол сол өз елінде туып, сонда өскен. Кейін өз елінен шығып, басқа еледерге саяхат жасайды, ақыры Бағдад шаһарына барады. Сол кезде ол түрік тілімен қатар араб тілін, тағы басқа бірнеше тілді білген. Әбу Наср Бағдадта араб тілін үйренуге кірісіп, бұл тілді жан-жақты әрі терең біліп шығады. Соңынан осы тіл арқылы ол хикмат -философия ғылымын меңгеру жолына түседі.

...Адамдардың айтуынша, Аристотельдің «Жан туралы» кітабының Әбу Наср оқып шыққан нұсқасы табылған. Міне, сол кітапқа Фараби өз қолымен, «мен осы кітапты жүз рет оқыдым» деп жазып койыпты. Бул ғалым жайында пікір айтқандардын сөзіне қарағанда, Әбу Наср, сол философ Аристотельдің «Физика» деген шығармасын қырық рет окыдым, бірақ оны тағы қайталап оқуым керек деген екен.

.. Бір жолы Әбу Наср  әл-Фарабиден:

- Философия саласында  кім мықты, Сіз бе әлде Аристотель  ме? –деп сұрапты: 
Сонда әл-Фараби:

- Егер мен сол кісінің  өзнен білім алу бақытына ие болғанымда, онда мен оның ең мықты шәкірттерінің бірі болар едім, - деп жауап беріпті. 
...Білімге құштар жандар Әбу Насрға тыным бермей, бірі келіп, бірі кетіп жатады. Ол жазған шығармалар бөлек-салақ күйінде шашылып жатады екен. Еңбектерін ол үлкен дәптерге емес, жеке парақ қағаздарға жазып тастай берген. Сол үшін көпшілік шығармаларының жеке тараулары мен бөлімдері ғана сақталып қалған.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары  да ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме», « Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл мусики әл кабир» секілді әрқайсысы бір бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар. Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы Әл Фараби атындағы ұлттық университеттің кітапханасына тапсырған Әл Фарабидің қолжазбалары өз алдына бір пара қазына. Олардың көшірмесі (он үш қолжазба) бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында сақтаулы.

Информация о работе Аль-фараби философиясы