Абайдағы ғашықтық мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2015 в 20:33, реферат

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: Абай адамды дүниенін ең манызды бөлігіне жатқызады, Абайдың баяндауынша: адамның хайуаннан айыратын екі үлкен касиет бар. Оның бірі: дүниені тану ақикатты білу, ғылымды үйрену,екіншісі көпке пайдалы еңбек істеу. Ол өзіне дейінгі мәдени мұраны бойына сіңдіре отырып, мәдениетке тың арна салды.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................2
I-Тарау. Абай философиясының қалыптасуы
1.1. Қазақ мұсылмандық негіздері..........................................6
1.2. Сопылық мәдениет және өкілдері..................................29
1.3. Шығыс пен Батыс Абай еңбектерінде...........................44

II-Тарау. Абайдағы ғашықтық мәселесі
2.1. Сопылықтағы махаббат..................................................55
2.2. Қазақ дүниетанымындағы махаббат.............................66
2.3. Абайдағы махаббат мәселесі..........................................69

Қорытынды................................................................................73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................76

Файлы: 1 файл

Абай философиясы.doc

— 524.00 Кб (Скачать файл)

  деген сияңты сарын да шығыстан келіп тұрған. Тақырып махаббат болғанмен не қазақ, не Европа үлгісіндегі махаббат жыры емес. Сүйіспенпілікті тағдыр жазған, ол адам жанын жуып, шәйіп тазартады. Денең қорлық көреді, зар шегеді. Сол арқылы жаның тазарады. Тазарған жанмен құдайыңды, иеңді танисың деген сопы ақындардың махаббат пәлсапасы бұл арада екі ұдайсыз, шіркеусіз ашық көрініп тұр. Соған орай тілдегі — «зүлым», «бек бітті», «ләззәт», «шәрбәт» сияқтылар қиыстырылған. Бұлардағы ұйқас пен ырғақ та өзге қазақы өлеңдей емес. Осы өлеңге арнап ақынның бәйт күйіндей күй шығарып, қырлап өзгеше сөзбен айту да еске аларлық нәрсе. Мұны әсіресе «Желсіз түнде жарық ай», «Қызарып, сұр-ланып» немесе «Айттым сәлем Қаламқаспен» салыстыра қарағанда ерекше боп көрінеді. Шығыс жағасының осылардан басқа бір таласы Абайдың діншілдік өлеңдерінен көрінеді.


                                           А, құдай, бере көр,

                                           Тілеген тілекті, —

деген сияңты немесе:

                                           Алланың рахметін

                                           Яр тұтып әр неге

                                           Әррәһман ол атын

                                           Үйреткен жүмлеге, —

 

деген өлеңдері баласы Әбіш ауырып жатқанда айтылған сиыну, дүға, жалбарыну сөздері боп шығады. Бұлардың тұсында Абай — мұсылман..                 Шығыс жағасынан алған нәрдің бәрін Абай өз ақылымен, сыншы, ойшыл ақылы мен, бірақ, әрине, санашылдық жолымен өзінше қорытып алады. Бұған кірген бұйымдардың басы исләм діні, онан соң Шығыс поэзиясы және мұсылман ғылымының ілгері-соңғы ғұлама философтарының сөздері болады. Мысалы, 1895 жыды, «Ылай суға май бітпес, қой өткенге» деген өлең жазады. Мұнысы жаңа алланың өзі ,де рас, сөзі де рас... деген қорытынды өлеңі — ақынның діни философия .ретімен сөйлеген сөздері сияқты.  Сонда басы ашық:


                                   Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ

                                   Құран рас, алланың сөзі дүр ол.

 

Немесе:

                                   

                                   Тәуиліне жетерлік ғылымың шақ, —

                                   Алланың, пайғамбардың жолындамыз,

                                   Ынтамызды бұзбастық, иманымыз...

 

деп қатардағы көп діндар, көп мұсылманның бірі екенін даусыз, айқын көрсете отырып, солармен қатар:

 

                                   Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

                                   Және сүй «хақ жолы» деп әділетті, —

 

                                   Осы үш сүю болады иманы гүл,

                                   Иманның асылы үш деп оен тахкрқ біл, —

 

деу арқылы надан молдалардың үгітінен жырақтап шығып алып:

 

                                  Руза, намаз, зекет, хаж — талассыз іс,

                                  Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

                                  Бастапқы үшін бекітпей соңғы төртті

                                  Қылғанменен татымды бермес жеміс, —

 

дейді.

 

           Шығыс ойшылының бірталай күнәкәр қылатын күдіктері көрініп тұр. «Бес парыз», «Иман, тағдыр» деп ой сананың бәрін түмылдырықтап, тұмшалап тастайтын исләмнің тігіс-тігісі ыдырай бастап, бірталай сауыты жыртыла бастайды.


Абай имам Ғазалидей сыншыл мұсылман ұя бұзар діндарға ұқсай бастайды. Діні әрі-беріден соң Ғайса дініне де жақындап, өзінше ақыл діні бола бастайды. Осы жайлары қара сөздерінде де айқын көрініп отырады. Міне, Шығыс жағасына, Абайдың барлық тұлға мазмұнына орнаған поэзиялық, ой-саналық іргелері осындай. Аз  нәрсе емес, үстіңгі бір жамылышы ғана, бір қабат жұқа қабыршақ қана емес. Көңіліне орнаған терең, тамырлы бұйымдар. Абайда Батыстан кірген белгіден көрі Шығыс белгісі басымырақ ,нығырақ ,Батысқа келгенде ол арқасын Шығысқа, ақылмен қорытып алған мұсыдмандыққа нық тіреп алып келеді.

Сонымен, өз тұсында, XIX ғасырдың екінші жарымында, Шығыс ілімінде майданға  шыға бастаған жаңашыл, рационалшылдар дін реформашыларының шеніне араласады. Абай татардан шыққан, Хайым Насири алдындағы Шиһабиди Мәржаниді қостайды. Бұл екеуі мен Смағұл Ғаспиринскийдің алдында мұсылман ғаламынан шыққан рационалшылдар 60-жылдарда өз елдерінен қашып шығып, Парижге орнаған Жәләлиддин Ауғани, Мұхаммет Ғабдуһи еді. Соңғысы Мысыр арабтарының жаңашылы болатын. Кезі келіп өріс ала алса, әлеуметтік жұмысқа  румен ауыл шегінен шығып, мемлекеттік масштабта араласса, Абайдың шындап тоғысатын кісілері осылар мен Хайым Насиріилер болар еді. Ол Абай — қазақ қоға-мының буржуаздық жолмен өсуіне ат салысқан Абай болар еді. Осыған жетпесе де ескіден аяқ кезде сытылып шыға бастады, сол жаңағыға қарай бой ұра бастаған Абайды біз ақынның Европаға қараған жүзіннен байқаймыз, көре аламыз.

             Батыс жағасына келгенде Абай көбінесе өз іргесін бермеуге тырысады. Бұл жақтан мұның алдына тартылған тытң жаңалықтың барлығын талғап-талғап қана ала алады. Дүниеге оның көзін ашқан Михаэлис, Грос, Долгополовтар халықшылдық, патша үкіметіне қарсылық сияқты өз бағыт, талаптарының ешқайсысын Абайға дарыта алмайды. Заманындағы патшалық үкіметіне қарсы арналған саяси-әлеуметтік, мемлекеттік пікірлер, көзқарастар Абайдан ныспы білінбейді. Бұқарашыл, төңкерісшіл ақын-жазушылар Чернышевскидей саяси, салт-саналық басшылардың да ешбір  пікірін алмайды. Көз салып құнттамайды.

Пушкин, Лермонтовтар, Крыловтар сарынына қарай бой ұра береді. Онда да ешқайсысының атағына жығылмайды. Мәдениетті жұртшылық түгел қостаған, даттаған Пупшинге Абай өз басын кем санамай тең санағандай бо-лып, «олай айтпай, бұлай айтса недер еді» деген кісіне, азғана бойкүйездікпен бұрылады. «Татьяна Онегинге» өз сөзін, өз түсінік, теңеулерін қосып:


                            

                                       Қаймақ еді көңілімде,

                                       Бізге қаспақ болды жем, —

 

деп, немесе :

                                      Өз қораңның қақпасын сен,

                                      Қатты жаптың не айтайын,

 

деп кана қоймайды. Бірталай қошқар мүйіз салады. Татьяна хатынан аз сөз, Онегиннің екі кездесудегі ауызша айтқан сөздерінен біраз жерлерін алғаны болмаса, көбінше Онегин, Татьяна хаттары Абайдың Пушкин желісімен өзі шығарған сөздері болады. Бұл екі жастың әңгімесін Пушкиндегі мазмүн, тақырып, идеядан басқаша, өзгеше қып қорытады. Ең әуелі хаттар дегеннің өзі де Пушкинге жасаған зорлық. Пушкинде көп хаттар жоқ. Абай алдымен түрін өзгертіп эпистоляр роман (екі кісінің көзек жазысқан хаттарының құрылатын роман) қылып шығарады. Онегин — Пушкиннің әжуа қып мінеп, шенеп суреттеген адамы. Өз тұсындағы ақ сүйек қауымның бір тобына мұны айна қып, құнсыз, нәрсіз айна қып көрсетеді... Тарихи орны сол жағынан бағалы, маңызды боп, мәңгі кейіп боп калған. Абай  бұл жерлерімен, орыс тарихымен есептеспейді. Ол Европа жағасына келгенде өз аулына осыдан сарқыт ала қайтам деп, керегіне жаратам деп келген. Сондай есебі мен бағытының барлығына опасыз Онегин дәл келмейді. Оның ғибрат аларлық улгілі жігіт болуы шарт. Сол себепті эңгіме бітер жерде Пушкин күлкі ғып тастап кеткен Онегинді Абай қолтығынан сүйеп тұрғызып алып, қолына мылтық ұстатып, аузына:


 

                                    Сенен басқа еш жерден,

                                   Таба алмадым орнымды.

                                    Атам-анам, қара жер,

                                    Сен аша бер қойныңды, —

 

деген сөз салып, өзін-өзіне атқызады. Жігіт болсаң осылай сүй деп, өз ортасының жасына тағылым айтпақ болады. Мұнысы Европадан ұстаздық іздей қоңсы қона келу емес, Дарвинге келген келісі сияқты ірге бермей, бөксесін қашық сала ұстасқаны сияқты.

Крыловты да мақал, мәтел, нақыл, мысал сөздерін аударғандай: «бұларың көп кісі айтқан сөз, ендеше сол "көп ішінде мен де ортақ» деген  кісіше тағы да өз бетіндегі нығыздығын тұтастығын жоймай кеп алады. Өзі айтып жүрген қазақы өсиет өлеңдеріне мынаны қосымша ғана қып ұсынады.

         Абай Батыстың өнер, мәдениет көрмесіне қазақ сахарасынан, Шығыстан шығып, сапар шегіп келіп, әдейі не барын, нендей сырлы екендігін танып қайтайын деген кісі сияқты. Бірақ шын өнер, шын мәдениетті көру мұң, көрген соң дәмін татып, нәрін алған соң жым-жылас, түк жұқтырмай кету мүмкін іемес. Басында кердең басып, тай-талас түспек боп келген беті біраздан соң өзгере береді, рас, Европамен таныса келе:

«Шығысым батыс, батысым шығыс болып кетті» деген сөз Абайдың ішкі дүниесінің барлығы бірдей қопарыла өзгеріп кетті дегенді білдірмейді. Европаиың ғылым, өнер, мәдениеті мұны барған сайын қызықтыра тартып, соңына шындап телмірткенін білдіреді. Бірақ Абай іші бұрынғыша дін (қазығына арқасын нық тіреп алып келген іш екені жоғарыда айтылған. Сол қалпы негізінде өзгермейді. Бірақ барған сайын икемделіп, сыпталып, сырт буындығынан арыла береді. Рационалшы, жаңашыл Абай пішіні айқындалып, ашыла береді. Өз ішін бермеймін деп жүрсе де, ақын көп жанасу арқылы бірқатар жаңғырып, түлей бастайды.  Ой білімінде ақындық өнеріне тереңдеп  өсе бастаған сайын Европадан үлгі таңдап, нәр алады. Онысы Европа көрмесінің ішінде бұған ерекше көрінген кейбір жаңалыққа қатты қызығуынан басталады. Жаңалық ішінен жаңалық талғап, бұрын өзі көрмеген үлкен тұлға, «өзгеше туыс» іздеп, өз кеудесіндегі сынменен қы-дырып келе жатқанда, Абай Пушкин қасынан солғын қарап өтеді. Бірақ солай жеңіл жанап, ат үстінен, жоғарыдағыша, үстірт шолып өткенмен, сол Пушкин маңынан іздегенін табады. Өз сынынша, «Махаббаты ашуға улан-ған» Лермонтовқа кеп үйіріледі. Мүны таңдана, талмаурай сүйеді.

Абайдың Европа ақындарынан жасаған аудармалары, жоғарыда көрсеткендей, екі алуан болғанмен де, оның бәрін түбі аударма деп бір бөліп, бір төбе қып шығарып   қойып, енді екінші бір негізгі ерекшелікке көшеміз. Онымыз ақынның Европа жағасынан алған нәр, жаңалықты қалай қорытып, қалай пайдаланғаны жайындағы сөз.


                   Абай Шығыс жағасына араласу арқылы, жоғарыда тексерілген махаббат жайыңдағы, көңіл-күйі жайындағы,. дінқұлақ жайындағы жырларды шығарса, Батыс жағасының өз кемесіне соққан ағымдарын қорытқанда да, сол жаңағыдай бірнеше тақырып үстіңде еңбек етеді. Бұлары Лермонтовтан жасаған аударма емес, бірақ сол Лермонтов сияқты ақындардың үлгі желісін нақ қорытып, керекке жарату белгісі. Осы жайға көз жіберіп байқасақ, Абайда европалың төркіні бар екі алуан өлеңді көреміз. Бірі — ғашыңтық жайының өлеңі (махаббат лирикасы), екіншісі — көңіл-күйінің өлеңі  (настроение лирикасы).

Араб, парсы сопыларының үлгісімен «Хор болды жаным» жазылса, Европа сыршылдарының үлгісімен «Желсіз түнде жарық ай», «Қызарып, сұрланып» жазылды. Алғашқы түрдегі махаббат жырында табиғат араласпайды. Уэзін ғаруыз үлгісі, ырғақ — бәйтше.


Мына соңғыларда бұрын қазақ поэзиясында құлағы көрінбеген басқаша ала бөтен түрдегі бір сарын үстем боп шығады. Мұнда махаббат табиғат ұйқысына бөленеді:

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп, —

Тау жаңғырып ән қосып,

Үрген ит пен айтаққа, —

                                              Тұрмап па еді сүйеніп,

                                              Тамаққа кіріп иегі, —

деген көрініске келіп, екі ғашықтың табысу минутімен бітеді. Өлең, көрініс, жалпы сурет, тақырып — Абайдың өзінікі. Бірақ махаббаты осылайша оттай ыстық бірақ көрініспіен жалт еткізіп, бір ғана өлең өткізіп, аяғын көп ноқатпен: «қалғанын өзің ұға бер» деумен, шұғыл тұжыра салумен бітіру — анық Европа романтикесінің үлгісі                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         Абайға шеттен құйған салалардан басқа бұның өзінен шыққан тарау-тармақтың да осындай маңыз-мазмұны бар.[48/239-254]

Информация о работе Абайдағы ғашықтық мәселесі