Сүйінбай Аронұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 22:40, реферат

Описание работы

Аронұлы Сүйінбай (1827-1896) - ақын, жыршы. Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. С. Жамбыл өзіне пір тұтқан. «Пірім менің - Сүйінбай, сөз сөйлемен сиынбай» деген қанатты сөздер арнаған. Ақындық өнерін айтыстан бастаған. Тезек төреге арнаған өлеңдері аса уытты. Өмір туралы, замана болмысы, жастық пен кәрілік жайлы ойлы лирикасы айырықша шоқтықты туындылары қатарына жатады.

Файлы: 1 файл

Сүйінбай Аронұлы.docx

— 36.64 Кб (Скачать файл)

Сүйінбай Аронұлы


  Аронұлы Сүйінбай (1827-1896) - ақын, жыршы. Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. С. Жамбыл өзіне пір тұтқан. «Пірім менің - Сүйінбай, сөз сөйлемен сиынбай» деген қанатты сөздер арнаған. Ақындық өнерін айтыстан бастаған. Тезек төреге арнаған өлеңдері аса уытты. Өмір туралы, замана болмысы, жастық пен кәрілік жайлы ойлы лирикасы айырықша шоқтықты туындылары қатарына жатады.  

 

Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр.

Жақсы мен  жаман туралы 

 

Дүниеде қандай жақсы  болсаң да - тіленсең қадірің кетер.

Жақсы мен  жаман туралы 

 

Дүние - ескі сарай-ды,

Жолаушы жүрген азамат,

Көркіне оның қарайды.

Дүние туралы  

 

Жақсы болса жұбайың - қабағыңа қарайды.

Әйел, ана туралы 

 

Ақымақ жігіт белгісі - аз күнгі баққа алқынар.

Ақымақтық туралы 

 

Жаман жігіт белгісі - алғаны мен бергенін сырттан жүріп санайды.

Жақсы мен  жаман туралы 

 

Жаман жолдас белгісі - көкқұтандай кекиіп шекесінен қарайды.

Достық  туралы 

 

Ер жігіт - ел-жұртының панасындай,

Жақсы әйел әммә жұрттың анасындай.

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,

Көреді бәрін де өз баласындай.

Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады.

Жақсы мен  жаман туралы 

 

Жақсының сөзін  әркім пайдаланар,

Миуалы алма-өріктің ағашындай.

Жақсы мен  жаман туралы 

 

Әркім құмар жақсымен таласуға.

Жақсы мен  жаман туралы 

 

Кетпеңдер өне бойы дүние қуып.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Біз -қайық, бұл дүние - түпсіз теңіз.

Дүние туралы  

 

Бұл фани ұзақ болса жүз жыл болар,

Байқасаң тоқтауы  жоқ бұл бір сонар.

Сонаршы кешке дейін түлкі қуған,

Күн батып, шаршаған соң, ақыр қонар.

Өмір туралы  

 

Қолдағыға қанағат-шүкір қылмасаң,

Болады бар да - арманда, жоқ та - арманда.

Қанағат-рақым  туралы 

 

Қыз сипаты:

Бота көз, оймақ  ауыз, қиғаш қасты,

Ақ мандай, жазық қабаұ, сүмбіл шашты.

Сағым бет, тісі меруерт, күміс кірпік,

Шырын сөз алуан шекер балдан тәтті.

Әйел, ана туралы 

 

Қарғадан қарға туар қарқылдаған,

Жаманнан жақсы туар жарқылдаған.

Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,

Пайдасы өз басынан артылмаған.

Пайдасыздық, керексіздік туралы 

 

Бұл дүние біз үшін бір ақсақ елік,

Барады кейде аяңдап, кейде желіп.

Артынан қуып жүрген біз бір мерген,

Қаламыз кейде адасып, кейде көріп.

Дүние туралы  

 

Дүние әлі-ақ өтер қимағанмен,

Сыйласқын өз басыңды  сыйлағанмен.

Жалғанның ақырында баяны жоқ,

Қазына қызыл-жасыл  жинағанмен.

Дүние туралы 


 

 Құнарлы сөз, кесек ой, келелі уәж оның поэзиясына, эпикалық қарым, көркемдік сипат дарытып отырады.

Сүйінбайдың, әсіресе, айтысқа түскенде қынынан суырылған қылыштай жарқылдап, өзінің туа біткен ақындық дарынмен қауышқандай әсерге бөлеп отырады. Оның Майлықожамен, Тезек төремен, Қатағанмен, Арыстанбекпен айтыстары нағыз шашасына шаң жуытпайтын жүйріктің айғағы. Сүйінбай поэзиясы арқылы қазақтың айтыс өнерінің өрісі анағұрлым ұзарып, биіктеді, тақырып аясы кеңейіп, әлеуметтене түсті.

Эпикалық қарымдағы ақын ретінде Сүйінбай халықтың әр түрлі жыр дастандарын таңды таңға ұрып айтып, «Манас», «Көрұғлы», «Рүстем Дастан», «Тотынама» сияқты туындыларды шығармашылықпен өзінше жырлаған.

Оның Сұраншы, Саурық батырлар туралы циклді өлеңдері мен толғаулары нағыз эпик ақынның өресін танытатын өлмес мұра. Мұнда ежелгі эпосқа тән асқақ рух, алапат теңеулер қарша борап отырады. «Лашын құстай түйілген, ақ тұйғындай шүйілген» батыр тұлғасын, «отыз жылдай алысқан, қырық жылдай шабысқан» дұшпан бейнесін нағыз жыраулық тегеурінмен сипаттайды.

Ол айбынды айтыскер ақын және батырлық эпостарды жырлаудың шебері болған. Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық сынды қазақ батырлары турасында қаһармандық дастандарын дүниеге келтірді. Оның Тезек төре және Катаған ақындармен айтысы да дүйім жұртшылыққа мәлім. Бұл айтыстарда ол орын алған әлеуметтік мәселелерді арқау етіп, ерекше орындаушылық дарыны мен суырып салма ақын екенін паш етті.

Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі — кейінірек, ақынның ер жетіп, елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені де жалайырдағы Солтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей жалынды сөзінің күшімен бөгеп отырады. Тіпті көрші қырғыз халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін де батыл сынайды. Ол шындық үшгін күресіп, хан-төре тұқымының қылмыстарын бетіне басадй. Әр түрлі дауға түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік айтады.

|Ақынның бұлайша ел  ісіне араласуы оның қоғамдық бетін айқындайды, бетіне адам қаратпаған әрі ақын, әрі әкім төренің аузын буып, оның төріне именбей шығып, табағынан ас, малынан бас беруге мәжбүр еткен — Сүйінбайдың тас жібітер өткір де батыл тілі. Табиғатынан талантты ақынға ел артқан сенім, ол көрсеткен сый-құрмет өшпес даңқ әперіп, бойындағы сарқылмас талант бұлағының көзін ашты. Ақын енді үй айналасыңдағы әкесінің шағын шаруашылығымен айналыспай, ағайын арасы ұсақ дау-шарға бөгелмей, ел кезіп, өмір көру, ділмар-шешен ақындармен кездесіп, олармен дидарласу арманын алға қояды.

Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын "Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасыКүсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. "Өтеген батыр” жырын шығарып, "Мың бір түн”, "Шаһнама”, "Көроғлы”, "Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: "Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен. 
 
Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. "Өтеген батыр”, "Саурық батыр”, "Сұраншы батыр”, "Жабай батыр”, "Қарасай батыр” сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ <>i"Датқаларға”, "Үмбетәліге”, "Төрт биге”, "Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері ("Мақсұтқа”, "Қасымға”, "Болыстарға баға”, т.б.) сaқталған. 
 
Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген.[1] Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды "айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, "Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған. 
 
1929 жылы алғаш рет "^ Жаңа әдебиет” журналында (ғ6) ақынның "Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма?” деген өлеңі басылды. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген хрестоматия оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды. С.Сейфуллинқұрастырған "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинаққа (1931) "Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны” деген өлеңі енген. 1935 жылы Қ.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы "Сүйінбай ақын” деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин 1939, 1940, 1941 және1944 жылы орта мектептің 8-сыныбына арналған хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген ("Сүйінбай мен Тезек төре”, "Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына көңіл айтқаны”, "Кәрілік туралы”). 
 
Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін (1946) Сүйінбай ақын мұрасын жинап, жариялаумен айналысқан ғалымдар Диваев, С.Бегалин,Б.Жақыпбаев, қырғыз фольклористері Ш.Уметәлиев пен Э.Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж.Жабаевтың мемориалдық мұражайының әдеби қорында сақтаулы. "Ақын жырлары”, "17 – 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, "Үш ғасыр жырлайды” атты жинақтарда Сүйінбай шығарм-на кеңінен орын берілген, "Айтыс” жинағының 1-томында "Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы” жарияланған. 
 
Сүйінбай ақынның "Ақиық” атты жинағына (1976) таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде "Әлем әдебиетінің кітапханасы” сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың "Кәрілік” атты өлеңі жарияланған. Бұл ақын шығармаларының дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. Сүйінбайдың Малыбай, Жетібай, Әзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжандеген қыздары болған. Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы обласы филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді.

Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерде дүниеге келген.Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған.Ол жасынан жыраулығымен елге танылған, өлеңге жасөспірім шағынан үйір болып, 13-15 жасынан ақындық жолын қуады.Жамбыл ақын «Менің пірім- Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп оны ұстаз тұтқан. Арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы- жауынгер, ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. «Өтеген батыр» жырын шығарып, «Мың бір түн», «Шаһнама», «Көроғлы», «Тотының тоқсан тарауы» дастандарын жырлаған.Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігіменел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған.Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арсына танылған.Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене қатысқан.Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан , төрелерден, бай- болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған.Қазақ халқының тарихи- қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан- жақты көркем суреттелген.Сүйінбай поэзиясы терең философиямен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек айшықтарымен ерекшеленеді.

«Айтыс өнерінің алтын діңгегі «

XIX ғасырдың орта шендерінен бастап қазақ айтысының орталығы Жетісуға ауады. Онда айтыс өнері өрен жүйріктерінің қуатты шоғыры қалыптасады. Солардың арасында Сүйінбайдың орны ерекше болған. Ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов оны «айтыс өнерінің алтын діңгегі» – деп аса жоғары бағалады.

Сүйінбай – ірі айтыс ақыны. Ол ақындықты айтыстан бастап, талантының өлең сайысына бейімділігін байқатады.  

 

Ақын боп жиырмамда желдей болдым,

Отызда асқар биік белдей болдым.

Отыз асып, қырыққа келгеннен соң,

Қаптаған жердің жүзін  селдей болдым, – 

 

деп өзі айтқандай, көп өтпей-ақ, алдына жан салмайтын айтыскер ақынға айналады.

Айтыстарының қай-қайсысынан да Сүйінбайдың ақындық мұраты анық көрініп тұрады: қайырымсыз байларды мінеп, есесі кеткен кедейлерді жақтайды, ел ішінің бірлігін жырлайды, әділдікті, батырлықты дәріптейді. Соның арқасында қарсыластарын үнемі жеңіп отырады.

Қаршадайынан қолына домбыра алып, өлеңді өмір серік еткен жыраудың 60 жылдан астам уақыт бойы тоқтаусыз шығарған жыр мұрасы ұшан-теңіз болған. «Соққан желдей, аққан селдей» өрен жүйріктің ақындармен айтыстары, ел қорғаған ерлерге арнаған ұзақ жырлары, арнау, сықақ-сын, мінездеме, қағытпа өлеңдері, өмір туралы толғаныстары өте көп болған. Өкініштісі, соның бәрі біздің дәуірімізге түгел жетпеген. Ал бізге жеткен туындылары Сүйінбайдың табан астында тауып айтатын ғажайып тапқыр, сөздің реті келгенде «ешкімнің атағына бас ұрмайтын, басынан құс асырмайтын» әділ де турашыл, даңғыл да дана ақын болғанын көрсетеді. Сүйекеңді қазақ өлеңінің ғана емес, қырғыз елінің де атақты ақындары дара талант ретінде бағалаған. XIX ғасырдың екінші жартысында Жетісу жерінің өлең туын аспандатқан Жамбыл бастаған саңлақ таланттары Сүйекеңнің шәкіртіміз деп, ұлы ақынды пір тұтқан. Жамбылдың: 

 


Информация о работе Сүйінбай Аронұлы