Халық тәрбиесі арқылы отбасындағы бала тәрбиесінің үлгі-өнегесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2014 в 07:20, реферат

Описание работы

Курстық жұмыстың мақcаты: Мектеп, отбасы мен жұртшылық іс-әрекетінің инновациясының жаңашыл бағыттарын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Тәрбие берудің негізгі ошағы – отбасы мен мектептің негізгі іс-әрекеттерін қарастыру.
- Мектептің ата-аналармен бірлескен жұмысының жолдарын айқындау.
- Халық тәрбиесінің атқаратын жұмыс формаларын көрсету.

Файлы: 1 файл

Халық тәрбиесі арқылы отбасындағы бала новый.doc

— 73.00 Кб (Скачать файл)

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Исі қазақ қандай қиын-қыстау кезеңде де дінін сақтап, имандылық қасиеттерін насихаттап үлгілі ұл-қыз өсіруді мансұқ етті. Отбасындағы имандылық, ынтымақ арқылы жаны таза ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берді. Халық әдебиетінде әке сөзі заң болып табылады. Әкенің ісі балаларға үлгі саналады. Ал, ананың ақ сүтін Меккеге жеті рет арқалап апарсаң да ақтай алмайсың деген ұғым-түсінік ежелден бар. Ұрпақ мейірбан жүректі, жайдары, таза рухты, ақыл-парасатты, инабатты да иманды адам болып қалыптасуы керек. Ұлт осыған ұмтылады. Қызды әуел бастан-ақ ізеттілікке, сыпайылыққа тәрбиелегенде оған болашақ ана ретінде қараған. Қыз баланы болашақ ана, әйел заты болғандықтан жас кезінен бастап жақсы мінез-құлыққа баулиды. «Қызға қырық үйден тыю» дейді халық даналығы. Бұл қыз баланың жанұядағы тәрбиесіне қаншалықты мән берілетінін білдіреді. Қыздың әдептілігі сөйлеген сөзінен, жүріс-тұрысынан, жібек¬тей сызылған мінез-құлқынан көрініп тұрған. Қазақ қыздарының көрік-келбеті сұлулық, әсемдік символы ретінде аса жоғары бағаланып отырған. Халық ауыз әдебиетіндегі:

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын, – деген шумақта қыз

баланың қасиеті дәріп¬теледі. Немесе ұлы ақын Шәкәрімнің мына жолдарындағы теңеулер сөздің інжу-маржаны:

Гаухардай көзі.

Бұлбұлдай сөзі

Жанынан асқан бір пері.

Жүзі бар айдай,

Мінезі майдай,

Өзгеден артық сол жері.

Дариядай ақыл мол еді,

Жан ғашығым сол еді.

Әжмақтың хоры

Іздедім соны,

Тал бойының кірі жоқ,

Бойы бар сымдай,

Белі бар қылдай.

Мүшесінің міні жоқ.

Қыз осындай болар ма,

Оны сөккен оңар ма.

Қазақ қызының табиғаты осындай-ақ болар.

Өз ұрпағының өнегелі, абзал азамат болып өсуін армандаған қазақ халқының жас ұрпақ тәрбиесіне бағытталған жарасымды, ұлттық нақышпен ерекшеленетін салт-дәстүрлері аз емес. Айталық, қазақтың дәс-түрлі тыйымдарында жас ұрпаққа жаман әдеттен бойды аулақ салуды, жа-ман¬шылыққа үйір болмауды талап етеді. “Жақсыдан – үйрен, жаманнан – жирен” дейді халық даналығы.

 


Информация о работе Халық тәрбиесі арқылы отбасындағы бала тәрбиесінің үлгі-өнегесі