Халық ауыз әдебиетіндегі ертегілердің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 13:20, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б.

Содержание работы

КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------------3
I-ТАРАУ. Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдаланудың педагогикалық негіздері------------------------------------------------------------ 5
1.1 Халық ауыз әдебиеті және оның түрлері-------------------------------------- 5
1.2. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші
ғалымдардың ой - пікірі---------------------------------------------------------- 16
ІІ-ТАРАУ. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегілерді
пайдаланудың әдіс- тәсілдері----------------------------------------------------23
1. Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды оқу - тәрбие процесінде пайдаланудың жолдары ----------------------------------------------------------- 23
2. Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдалану
тәжірибесі және оның нәтижесі ------------------------------------------------- 43
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы.doc

— 306.00 Кб (Скачать файл)

Қазақтың реалистік  ертегілерінде қоғамның төменгі  тобынан шыққан «кішкене қаһармандар» (М. Горъкий) тіпті көп. Олар бірде қаңбақ шал, бойы бір қарыс, Шіңкілдек түрінде кездессе, бірде хан мен байларды алдап түсіретін тазшалар түрінде әңгімеленеді. Қаттырақ соққан жел үшырып әкететін қаңбақ шал балық аулайды, еңбек сүйгіш. Бірақ күніне екі балық ауласа, соның бірін түлкі тартып жейді. Ақыры ол өзінің ақыл-айласымен үш дәуді жеңіп шығады, түлкіден де солардың қолымен кек алады.  Зорлаушылардан жапа көрушіні айыруда «Тоғыз Тоңқылдақ - бір Шіңкілдек» ертегісінің айтары көп. Сырт қарағанда зорлық бәйбішенің тоғыз үлы мен тоқалдан туған Шіңкілдек арасында болатын сияқты. Түптеп келгенде бұл күштілердің әлсіздерге істеген қиянаты болмақ. Әлсіздерге болысу - қазақ ертегілеріне тән халықтық белгілердің бірі.

Қазақ ертегілерінен  көрінетін әлсіз образдардың  бірі - тазша. «Тазша бала» ертегісінде бала сараң байдың майын алып, патшаның қазынасына түседі. Бірақ өзін таптырмайды. Сол патшаны мазақ еткен екінші патшаны тұтқындайды. Сөйтіп ол ханның өз істегенін өзіне істейді.

Шындығында, ертегі айту еріккеннің ермегі емес, жастарды сөз өнерінің қыры мен сырына жаттықтырып тәрбиелеу мектебі болып саналған. Мәселен, ертеде казақ ауылына келген әр қонақтан «қонақ кәде» талап етіп, қонақтың өзі білетін ертегі, аңыз әңгімелерді қисынына келтіріп айтып беруін қалауы, ал оны ауылдың үлкен-кішілерінің кірпік кақпай тындап ләззат алуы, жастарды ауызекі сөз өнеріне тәрбиелеудің бірден-бір мектебі болған. Неше түрлі ғажайып уақиғаларға құрылған ертегілердің жігін келтіріп, тартымды етіп айтып беру, әр әпизодтың арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру, кейіпкерлеріне мінездеме беру, оларды тындаушының көз алдына елестетерліктей етіп бейнелеп бере білу, әр кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне қарай сөз сараптау, тілдік сипаттау таба білу, ертегі айтушыдан мол өнерді, тіпті айтқыштық шешендікті, әрі дикторлық, әрі ораторлық шеберлікті талап етеді. Демек, ертектің тартымды, қызықты, тыңдаушыға әсерлі болуы оны айтушыға байланысты. Жастарды ертек айта білуге үйрету де халықтың сөз өнеріне тәрбиелеудегі өнеге мектебінің рөлін атқарып келген.

Хайуанаттар туралы классикалық ертегілер саны жағаынан ел  арасында көп тараған. Ол қоғамдық-саяси ұғымдармен, діни нанымдармен тектік байланысын үзген. Сондықтан құбылушылық нәрселер тек кейіпкердің өз басының қасиеттері деп саналады. Онда өте қызықты қорқынышты жағдайлар, адамның тағдыры, жанұясы және тағы басқа керемет оқиғалар баяндалады.Олардың тақырыбы әр алуан. Оны халықтық фольклорлық роман деп атаса болады. Негізгі мақсаты-ғибадат алу, тәрбие беру.Мұнда ақылмен жету мақсаты қойылған.Кейде кітаби стиль көрініс табады. Оған Ы.Алтынсариннің, Қ.Мырзалиевтің шығармалары тән.

«Қазақ ертегілерінің» бірінші томына бұл тақырыптағы  сюжеттен он үш, екінші томына жиырма бес  ертегі енген-ді. Бүгінде бұл ертегілер  барынша толық күйінде жарық  көріп отыр. Олардың өзін мал шаруашылығына («Бозінген») және хайуанаттарға байланысты туған («Сырттандар», «Арыстан мен түлкі») ертегілер деп екі салаға бөлеміз. Соңғысында араб, үнді жүртының «Мың бір түн», «Қалила мен Димна», «Тотынама» сияқты сюжеттерінен алынған ертегілер де бар.

Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің бірі -«Бозінген» сюжеті. Мұндағы Бағланбай малының қүты болған Бозінгенді тумады деп, бір шал мен кемпірге бақтырады. Бозінген басы алтын, құйрығы күміс бота туғанда, кемпір мен шал інгенді бір керуеншілерге сатып жіберіп, ботасын алып қалады. Қысқа ғана ертегінің көп жері ботасын жоқтап жылаған Бозінгеннің зарлы сөздеріне құрылған. Бағланбайдың екі баласы Бозінгеннің даусын танып, оны ботасына қосады. Малды, әсіресе түйе түлігін қасиет тұтқан қазақ халқы бұл түста ботасын сүйген Бозінгенді үлкен образға

айналдырған.

Бозінгеннің зары - монолог түрінде берілген. Онысы - жоқтау:

Жаралғанннан  жасымнан, 

 Үстіме кілем жамылдым.

Күйіп, жанып сабылдым.

 Көрер күнім бар ма екен.

Тартып беру бала үшін,

 Мен ботамды  сағындым.

Бұдан әрі өзі  жат қолына түскен Бозінген ұшқан құстардан, түнде жортқан жапалақтан ботасының дерегін сұрайды. Иесі түйені құтқарып, ботасын алып келе жатқанда да Бозінген оны көруге асығып, адамша мұңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір тұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға ұқсас болып шығады.

Мал күту мен  еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр торғай», «Кім күшті?», «Қуыршақ» сияқты жас балаларға арналған қысқа  ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде  мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп қоятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол - еңбек сүйгіш, ұйымшыл. «Тепең көк» ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді.

Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын  қошқар мен теке - кедейдің сүйенер  қолқанаты. Олар жолай түрлі жыртқыш аңдарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан қүтқарады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның қүты, досы, тірегі ретінде суреттеледі.

Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде  айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері «Қазақ ертегілерінде» жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер («Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен бөдене», «Арыстан мен түлкі») көп жайда түрлі аңдар мінезін танытып қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу асығып, адамша мүңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір тұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға ұқсас болып шығады.

Мал күту мен  еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр торғай», «Кім күшті?», «Қуыршақ» сияқты жас балаларға арналған қысқа  ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде  мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп коятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол - еңбек сүйгіш, ұйымшыл. «Тепең көк» ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді.

Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын  қошқар мен теке - кедейдің сүйенер  қолқанаты. Олар жолай түрлі жыртқыш аңдарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан құтқарады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның құты, досы, тірегі ретінде суреттеледі.

Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері «Қазақ ертегілерінде» жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер («Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі

мен бөдене», «Арыстан мен түлкі») көп жайда түрлі аңдар мінезін танытып

қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу түлкіге, ақымақ арыстанға халық ертегілері сықақ, сын қолданған. Кейде бұл ертегілерді қара сөзбен айтылған мысал десе де болғандай. Бұл реттен «Түйе, арыстан, қасқыр мен түлкі» ертегісінің айтары тіпті терең. Түйе еңбекшілер образын берсе, түлкі, қасқыр, арыстан - қанаушылар бейнесін суреттейді.

Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды. «Мақта қыз» бен «Қотыр торғай»  оқигалары еңбек процесімен тікелей байланысып жатады. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай ешкіге шағады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіні қасқырға шағады, сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары - нашарға қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет идеясы болмақ. Тым кішкене куыршақтың өзі де әділет адамы, батыр, «Бозінген», «Тепең көк» ертегілері тірліктің қамын айтады.

Хайуанаттар ертегілерінде сатира сарыны да бар. Мысалы, «Түлкі мен маймыл ертегісінде маймылдың ақымақтығы, түлкінің қулығы дәріптеледі. Маймыл - баққұмар, ол патша болсам дейді. Соны түлкі қақпанға түсіріп, «басыңа тепкілесең кетпейтін бақ қонды деп мазақ етеді. Түлкі қай елде болса да ақылды, қу аңнан саналған. «Түлкі мен қасқыр» ертегісінде қорқау қасқыр қыс айында түлкіден балық алып жемек болса, ол «балық өзенде көп, суға қүйрығынды салып отырсаң, балыққа молығасың» дейді. Қасқырдың құйрығы мұзға қатып қалып, суатқа келген шаруалардан таяқ жейді, қүйрығы мұзда қалады. Қасқыр - қорқаулау, ақылсыздау аң. «Кәрі арыстан» ертегісінде сол тойымсыз қаскырдың өзіне де зауал туады. Арыстан қартайып, жүре алмайтын болған кезде, патшамыздың көңілін сүраймыз деп барлық андар келеді. Келмегені қасқыр болыпты. Түлкі оны арыстанға шағып, мерт қылады. «Түлкім, түлкім, тілімді жеші» деген арыстанға, ол: «амандық болса, көтеншегінді де жермін», - дейді.

Арыстан образында хан, патшаларының да сыны бар. Осы ретпен хайуанаттар жөніндегі ертегілердің аяғы шыншыл ертегілермен жалғасып келеді.

Халықтың мегзеп отырғаны бір ғана аңдар арасында жайлар емес, әлеумет өміріндегі теңсіздіктер, содан қүтылу -күн көріс, өмір сүрудің шарты дейтін меже болмақ.

Сатиралық ертегілер. Сол дәуердегі әлеуметтік топтар арасындағы адамдарды әшкерелей, ауыл өмірін бейнелейді.Новеллалық ертегілердегі оқиға хан сарайы мен қалада өтеді,ал сатиралық  ертегідегі оқиғаның орны- кәдімгі ауыл. Кейіпкері –бай,молда, кедей.Негізгі ой-әлеуметтік тап тартысы көбірек орын алған.

«Батырлық ертегі»  деген термин фольклорда түрлі төрт мағынада қолданылады.  Бұл жанрға В.М.Жирмунский Оңтүстік Сібірдегі түркі-монғол халықының көне эпосын жатқызады. Ал орыс зерттеушісі А.Астахова батырлық ертегі түріне халық эпосының батырлары туралы кейінгі дәуірде пайда болған ертегілерді жатқызады. Бұған батырлық мазмұндағы қиял-ғажайып ертегілер де жүр  деп М.Әуезов те айтқан.   «Батырлық ертегі»  атауын ең алғаш қолданған зерттеуші –В.В .Радлов.

Батырлық ертегінің  басты тақырыбы - ерлік пен үйлену, құбыжықтармен, жалмауыздармен күресу,рудың ерлік-намысын қорғау. Ерлікпен үйлену болашақ батырдың қалыңдывқ іздеп сапар шегуінен басталады. Мұның арғы тегінде өз руынан қыз алу тыйым салатын ғұрып заңы жатыр.

Батырлық ертегіде қиял-ғажайып  ертегіге қарғанда, бас кейіпкер тек  жағымсыз, ұнамсыз кейіпкерлермен тоғысып  қоймай, тарихи реалды жануарларменде күреседі. Олар  стадиялық  жағынан қиял-ғажайып ертектерімен батырлық эпос аралығындағы жаныр. Батырлық ертегі алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастағанда пайда болып, кейінгі дәуірдің қасиетін мол сіңірген. Батырлық ертегінің бастауы миф пен хикая, ал екінші бір өзегі -  қиял-

ғажайып ертегілер. Соған  қарамастан, өз бетінше де дамыған.

Батырдың ерлік жасауда  күші әсірелене баяндалады.

Қазақтың батырлық ертегілерін  шығу тегімен сюжетіне қарай үлкен  екі топқа бөлеміз:

1.Көне (архаикалық) батырлық  ертегі.

2.Кейінгі дәуірде жырдан туған  ертегілер.

-Архаикалық батырлық  ертегінің сюжеті кейіпкердің   бүкіл өмірбаянын  қамтиды.

1.Пролог.  Кейіпкердің тууы;

2. Кейіпкердің  үйлену тарихы;

3. Кейіпкердің  үйленгеннен  кейінгі өмірі (жаумен соғысы,қартаюы).

Екінші топтағы  ертегілердің  сюжеті кең емес. Онда өмір баяндық  циклдің  ауқымы тар. Екінші топтағы  ертегілер  батырлар жырының прозалық түрі болып табылады.  Батырлар  жырындағы сияқты көмекші ат, сондай-ақ батырдың жұбайы да идеал  түрінде  көрсетіледі.

Бастауыш мектеп ана тілі оқулығына енгізілген ертегілер негізінен балаларға арналған ертегілер болып, оларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне сай әр сыныптарды жеке қарастыруға тура келеді.

Төменгі сыньштарда (1-2 сыныптар):

1. Ертегілерді  дауыстап,  көтеріңкі   әуенмен оқуға дағдыландыру керек. Төменгі сынып оқушылары ертегінін қай түрге жататындығын оңай аңғара алмайды.  Сондықтан оқытушы ертегінің   қай түрге жататындығын айтып беруі керек және қысқаша түсінік жасаса да болады.

2.  Мәтінде   кезігетін   жаңа   сөздердің   мағынасын   оқушылардың қабылдау өресіне лайық түсіндіріп беру керек.

3. Ертегіні     оқып     болғаннан     кейін     оқушыларға     қайта-қайта әңгімелету арқылы  олардың сөйлеу қабілетін жетілдіруге  мән беру керек.

4. Мәтіннің идеялық мазмұнын жинақы баяндап түсіндіруге, ондағы басты сөз, сөйлемдерді бірлестіріп түсіндіруге көңіл бөлу керек. Мысалы, «Баланың  айласы» деген ертегіні  оқытуда, біріншіден,  оқытушы өзі үлгі көрсетіп оқып беріп, онан соң оқушыларға дауыстап оқыту керек. Мәтін диалог түрінде болғандықтан, оқушыларға оқытқанда сол диалог бойынша оқыту,   ондағы   ғалым,   түйе,   жеміс   ағашы,   ит,   бала,   жылан   сияқты кейіпкерлердің ерекшелігі бойынша лайықты әуенмен оқуға көңіл бөлу және олардың қандай адам, қандай жануарлар екендігін қысқаша таныстырып қою қажет.

Екіншіден, мәтінде кезігетін  «жүгіну, жылан, ғалым, жапан дала, нану»  сияқты сөздерді сейлемдегі беріп тұрған мағынасы бойынша түсіндіру керек.

Үшіншіден, ертегіні оқушыларға қайта-қайта айтқызу керек. Баяндау барысында кейіпкерлер бойьшша сөйлету мен тұтас мәтін бойынша ретімен баяндауды бірлестіріп айтқызу керек.

Информация о работе Халық ауыз әдебиетіндегі ертегілердің рөлі