Қазығуртым киелі мекенім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 05:37, доклад

Описание работы

Қазақ жерінде Қазығурттай киелі тау біреу ғана. Себебі әрбір қазақ біздің киелі таудың атын естігенде, киелі Қазығурт тауында “Пайғамбарымыздың кемесі” қалғандығы есіне түседі. Шынында да, бұл тау киелі, сонымен қатар оның әсем табиғаты, биік шыңдары, жер астынан шығып жатқан бұлақ сулары, әсіресе көктемде жайқалып қалың өсетін қызғалдақтары көздің жауын алады. Қазығурттан соққан самал жел жаныңа майдай жағады. Табиғаты әсем, ауасы таза Қазығурттың баурайында туылып, сонда ер жеткеніме ерекше құанам. Біз көктемде сыныптастарымызбен бірге Қазығурт тауының табиғатын тамашалауға саяхатқа шықтық.

Файлы: 1 файл

Қазығуртым киелі мекенім.docx

— 15.41 Кб (Скачать файл)

Қазығуртым киелі мекенім

 

Қазақ жерінде Қазығурттай киелі тау біреу ғана. Себебі әрбір қазақ біздің киелі таудың атын естігенде, киелі Қазығурт тауында “Пайғамбарымыздың кемесі” қалғандығы есіне түседі. Шынында да, бұл тау киелі, сонымен қатар оның әсем табиғаты, биік шыңдары, жер астынан шығып жатқан бұлақ сулары, әсіресе көктемде жайқалып қалың өсетін қызғалдақтары көздің жауын алады. Қазығурттан соққан самал жел жаныңа майдай жағады. Табиғаты әсем, ауасы таза Қазығурттың баурайында туылып, сонда ер жеткеніме ерекше құанам. Біз көктемде сыныптастарымызбен бірге Қазығурт тауының табиғатын тамашалауға саяхатқа шықтық. Көзді ашып – жұмғанша, әсем табиғаты жайқалған  қазығұрт тауының баурайына жетіп те қалдық. Таудағы Ақбура бабаның кесенесі және ол жердің табиғаты мен жер астынан шығып жатқан “Ақбура бұлақ суы” бәрі – бәрі керемет табиғаттың есігін ашқандай. Ағаштардың арасына кірсең құстардың сайраған нәзік үндері адамды ерекше бір сезімге бөлейді. Мен достарым мен бірге Ақбура кесенесіне барып бабамызға құран бағыштап, Ақбұра бұлағынан су ішіп, тамаша табиғат аясында отырып тамақтанып алдық. Мен қазығурттың ең үлкен шыңына шығып, қазақтың кең байтақ жерін көруге асықтым. Тау баурайындағы әсем табиғаттың аясында жүріп, жерімізде өмір сүріп жатқан түрлі жәндіктерді, жыландарды, өзіміздге таныс емес түрлі – түсті өсімдіктерді де көріп тамашаладық мен достарым менжарысып Қазығурттың шыңына ірең дегенде бірінші болып жеттім. Ол жер тамаша. Қазақтың кең байтақ даласы әсем табиғаты гүлге ораңған өлкенің самал желі, киелі жерлері алақандағыдай көрініп тур. Оларға қарап ерекше бір сезімге бөлендім. Достарым да туған жердің әсем табиғатына қайран қалды. Қазығурт тауының әсем жерлерінің бірі. Тесіктас, Тамшы бұлақ, Қазығурттың шығыс жағында жайқалып өсетін қызғалдақ шыңына баруды уйғарып достарым мен тау бөктеріне қарайжугіре жөнелдік. Аңыз бойынша тесіктастан өткен “кездекүнәсі көп” адам өтетін болса қысып қалады деген сөз бар. Тесіктастан бір – бірлеп өтіп, тамшы бұлаққа бардық. Бұл жер өте ерекше екен. Оң жағыңда үлкен шың, сол жағыңда үлкен жар көрінеді. Біз тамшыбұлақтан су ішіп тау бөктерінің көктемгі сулулығына қайран қалып, тамашаладық. Мен қызғалдақтарға жеткенде қуанғаным ба, әлде табиғаттың сұлу әсері ме, қызғалдақтардың үстіне қүлай кеттім. Сол сәтте “менен бақытты  ешкім жоқ шығар” – деп ойладым. Әр – бір шоғы от сияқты алаулап тур, жузуге де қимайсың, бірақ мен осы гулдерді анама тарту еткім келді. Қайтсем екен?! ” Жер - ана” құдіретің не деген керемет еді! Табаным сенің кеудеңе тиген күннен бастап, өмір белесіне өзіңмен бірге есейіп келемін. Кешір мені. Амал қанша, алаудай құлпырған қызғалдақтарды анама сыйлау үшін үземін. Мен құшағыма дала қызғалдақтарын толтырып, үйге де келдім. Мен гүлдерді анама тарту еттім. Тау қызғалдақтарының сұлулығына анам да қайран қолды. Мен үшін бұл ең керемет, ең қызықты саяхат болды, Бул менің Қазығұрт тауына жасалған алғашқы саяхатым еді.


Информация о работе Қазығуртым киелі мекенім