Әлеуметтік икемділік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 13:25, реферат

Описание работы

Әлеуметтік икемділік немесе мобильділік латын тілінен аударғанда жылжу, ауысу деген мағына береді. «Әлеуметтік икемділік» терминін 1927 жылы американдық ойшыл Петрим Сорокин ұсынды. Ол адамның немесе топтың төменнен жоғары көтерілуі, әлде жоғарыдан төмен құлдырау, не болмаса бір деңгейдегі бір топтан екінші топқа өту мүмкіндігін дәлелдеген.

Файлы: 1 файл

әлеуметтік икемділік.docx

— 14.03 Кб (Скачать файл)

Әлеуметтік икемділік

 

Әлеуметтік икемділік  немесе мобильділік латын тілінен  аударғанда жылжу, ауысу деген мағына береді. «Әлеуметтік икемділік» терминін 1927 жылы американдық ойшыл Петрим Сорокин ұсынды. Ол адамның немесе топтың төменнен жоғары көтерілуі, әлде жоғарыдан төмен құлдырау, не болмаса бір деңгейдегі бір топтан екінші топқа өту мүмкіндігін дәлелдеген.

Әлеуметтік икемділік дегеніміз - әлеуметтенудің барысында адамның статусы мен рөлінің өзгеруі, яғни адамның бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуінің кез келген түрі.

Әлеуметтік икемділіктің түрлері:

  • Тігінен
  • Көлденең
  • Жеке немесе ұжымдық

Тігінен икемділік  дегеніміз – адамның әлеуметтік мәртебесінің не жоғарылауы, не төмендеуі. Мысалы, бастық болу немесе жұмыстан шығып қалу.

Көлденең икемділік  дегеніміз – мәртебесін өзгертпей, орын ауысуды айтамыз. Мысалы, бір мекемеде бухгалтер болып жұмыс істеген адамның басқа мекемеге бухгалтер мамандығы бойынша орын ауыстыруы.

Жеке икемділік дегеніміз  – бір адамға қатысты айтылса, ұжымдық икемділік топқа қатысты  айтылады. Мысалы, қазіргі қоғамдағы  өзге елден келіп жатқан қазақтар, бұл ұжымдық ауысу болып табылады.

Әлеуметтік өмір әрдайым  бір қалыпты, түзу жолмен жүрмейді. Адам үшін құламай түзу жолмен жүруі  мүмкін емес, сондықтан әлеуметтанушылар түзу жолдан сүрінсе де қайта тұрып  жүре алатын адамдарды қолдайды.

Белгілі бір елдегі адамдардың белгілі бір топқа жатуын қатып-семіп  қалған, өзгермейтін құбылыс деп  қарауға болмайды. Ол үздіксіз өзгеріс, қозғалыста болады. Бұл өзгеріс қозғалысты социологияда «әлеуметтік мобильдік» деп атайды. Бұл терминді алғаш  қолданысқа енгізген П.Сорокин болды.

«Әлеуметтік мобильдік» дегеніміз  – адамның бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуінің кез келген түрі. Ол төменнен жоғары көтерілуі, әлде жоғарыдан төмен құлдырау, не болмаса бір деңгейдегі бір топтан екінші топқа өту болуы мүмкін. Мысалы, ерінің немесе әйелінің ажырасып, басқа отбасы құруы, бір қызметтен дәл осындай екінші қызметке ауысуы, т.б. горизонталь бойынша болатын өзгеріс (қозғалыс).

Вертикаль бойымен жүретін әлеуметтік өзгеріске деңгейі түрліше бір әлеуметтік топтан екіншісіне өту. Мысалы, қызметтің көтерілуі, атағының өсуі, идеяның үстем идеяға айналуы, т.б. жатады.

Әлеуметтік мобильдік  жекеше (жеке адамдікі) немесе коллективтік болуы мүмкін. Коллективтік әлеуметтік мобильдік қоғам өмірінде, құрылысында  ірі өзгерістер тудыруы мүмкін. Бұл  соңғы экономикалық салада немесе саяси-идеологиялық салада болуы мүмкін.

Әлеуметтік өмір әрдайым  бір қалыпты, түзу жолмен жүре бермейді, кейде дұрыс, кейде дұрыс жолдан ауытқып кететін ауытқымалы мінез-құлық  – аномия орын алуы мүмкін.

Мінез-құлық нормаларының қағазға жазылмаған (моральдік) жіне қағазға жазылып бекітілген (құқықтық) ережелерінен ауытқып кететін мінез-құлық  көріністер орын алатын жағдайлар жиі  кездеседі.


Информация о работе Әлеуметтік икемділік