Әлемдік әлеуметтану классиктерінің еңбектеріне талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2014 в 14:13, реферат

Описание работы

Әлеуметтану түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19 ғасырдың француз ойшылы Огюст Контпен (1798-1857) алғаш рет қолданылды). Ол қоғамдық өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерінде біліп тануа талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне алтытомдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854) және т.б. Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды эмпирикалық және аналитикалық түрде зерттеу және фактілер негізделу қажеттілігін түсіндірді

Файлы: 1 файл

2-ши СРС.docx

— 43.08 Кб (Скачать файл)

Әлемдік әлеуметтану  классиктерінің еңбектеріне талдау

 

Әлеуметтану түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19 ғасырдың  француз ойшылы Огюст Контпен (1798-1857) алғаш рет қолданылды). Ол қоғамдық өмір  құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерінде біліп тануа талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне алтытомдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854)  және т.б.  Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды  эмпирикалық және аналитикалық  түрде зерттеу және фактілер негізделу  қажеттілігін түсіндірді. Бұл әлеуметтанудың ауызша, абстрактылы талдаудан алшақтап, «позитивты», яғни қоғамдық  өмір мәселелерін қолайлы шешу қабілеті деп тұжырымдады.  Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика  қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі  жағдайы ретінде зерттейді және негізгі  заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың  қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші  күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру  заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік.

Теологилық  кезеңді Конт қоғам дамуының белгілі  кезеңі 17-18 ғасырға дейін созылған деп дәйектеді. Сол кезеңде идеялық  сипаттағы негізгі үстем күш  дін болды. Бұл кезеңде адамзат  санасы құбылыстардың не бастапқы не соңғы себебін табуға тырысады. Адам санасы абсолюттік білімге тырысады.

Екінші  кезең – метафизикалық. Қоғамда  абстракция, метафизикалық концепциялар үстемдік етеді. Бұған Конт материалистік  философия мен  революциялық қағидаларды  жатқызады. Бұл концепцияларды сынға  алып,  ол марксизмнің, әсіресе таптық  күрес жөніндегі көз-қарастарымен келіспеді.

Үшінші  кезең - позитивистік. Конт тұжырымы бойынша, қоғам үшін ең лайықты кезен деп  сипаттады. Бұл діни, философиялық тұжырымдамалардан  алшақтап, эмпиризм, физикализм, позитивизм принциптер негізінде  қоғамның барлық салаларын қарастырады. Эмпиризм - дүние  жөнінде нақты ақиқат дерегі ретінде  тәжірибе болып табылады. Позитивизм – пәніне нақты фактілер ғана жатқызылады. Физикализм – бұл физика ғылымы  тұрғысында қарастырылатын, ғылыми түсініктер. Осымен Конт әлеуметтануды жаратылыстану  ғылымдары, әсірессе физика үлгісі бойынша  бағыттады.

Әлеуметтану қоғам дамуын табиғат заңдарынан ажыратылмайтын, универсалды заңдарды қарастыруға бағытталады. Өз ғылыми жаңалықтарын ол  төрт әдіс арқылы іске асырады: бақылау, эксперимент,  салыстырмалы және тарихи әдіс.

Әлеуметтанудың  кейінгі дамуына Конт еңбектерінің  маңызы зор болды. Қазіргі батыс  әлеуметтанушылар Контты әлеуметтанудың әкесі деп бағалайды.  Конт еңбектерінде нақты эмпирикалық зерттеулерге көшу алғышартын қалыптастырды.

19ғ. аяғы  мен 20ғ. басында әлеуметтік  ойдың негізгі бағыттарының сипаттамасына  тоқталайық. 

19ғ. аяғы  мен 20ғ. басындағы батыс әлеуметтануының  биорганикалық мектебі қоғамның  дамуын табиғи  ағза  аналогы  ретінде қарастыруы және  әлеуметтік  өмірді биологиялық заңдылықтар  негізінде  түсіндіруге талпыныс  жасаған бағыт.  Оның негізгі  өкілдері Г. Спенсер,  Л.Гумплович,  А.Гобино және т.б.

Биорганикалық мектеп  өкілдері, әлеуметтанудың негізін  салушылардан гөрі, қоғам ағза деп  дәйектеді және  қоғам мен ағза арасындағы  жаңа ұқсастықтарды  іздеумен  айналысты.  Олардың  ойынша,  мысалы,  сауданың  қоғамдағы  қызметі, ағзадағы қанайналым қызметімен тең келеді, ал үкімет қызметі бас  миы қызметіне ұштастырылады.

Герберт Спенсер (1820-1903), ағылшын философы мен  әлеуметтанушы- позитивисты әлеуметтануда  натуралистік бағыттың  көрнекті өкілі  болып келді.  Ол қоғамды  биологиялық  ағза  аналогиясында қарастырды.  Спенсердің әлеуметтік  оқулары  «органикалық теориялар» отауына ие болды. Ол бойынша қоғам жанды  дамушы ағза ретінде оның негізгі  құрамдас бөліктерінің өзара әрекет дамуы негізінде қарастырылады. Қоғам функциялары  тірі ағза функцияларымен  ұқсас келеді. Спенсердің «Әлеуметтану негіздері» басты еңбегінде, қоғамды  зерттеуде эволюциялық-тарихи тәсіл   құрылымдық-функционалдық және жүйелік  ұштас келеді. Әлеуметтік ағза  үш басты «жүйеден» тұрады: «реттеуші», «өмір үшін қажет шарттарын  қалыптастыру»  және «үлестіруші».

Спенсер қоғамның екі түрін ажыратты: әскери және өндірістік. Олардың әрқайсысында  өмір сүру күрес құралдары әртүрлі  келеді.  Қоғамның бірінші түрі  әскери қайшылықтарға бағытталса, ал екіншісі өндірістік бәсекеге, яғни жігер, күш, қабілеттер негізінде жеңіске  жетеді. Осындай күрес түрі қоғам  үшін қолайлы, себебі  бұл қоғамның интеллектуальды және моральды деңгейінің өсуіне әкеледі. Конт сияқты, Спенсер  әлеуметтік дамудың  органикалық  үрдісіне күштеп араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Социализмнің қарсыласушысы ретінде, Спенсер бұл жүйе бюрократиялық  аппараттың өсуіне әкеледі деп дәйектеді.  Бір уақытта ол теңдік жақтасы  болып, тұлғаның құқық еркіндігі  мен заң алдындағы теңдігімен түсіндірді.  Спенсердің әлеуметтік қағидасы  функционализм және  құрылымдық функционализм сияқты батыс  мектептердің қалыптасуына  елеулі әсерін тигізді.

Әлеуметтануда натуралистік бағытқа жаратылыстану  ғылымдарының  таным құралдары  мен әдістеріне  сүйенетін, концепциялар жатады.  19ғ. мен 20ғ. басында  батыс  әлеуметтануда натурализімнің екі  негізгі түрі қалыптасты:  социал-биологизм  және әлеуметтік механицизм. Механицизм жақтастары  қоғамдық өмір мен адам тәртібін  физика ғылымдарында таралған  заңдылықтар негізінде  түсіндіруге  тырысты.

Бірінші кезекке  қандай да табиғи факторлар  немесе әлеуметтік дамудың  қозғаушы күштерін, кейде белгілі  жаратылыстану  ғылымдарының әдістемелік үлгілерін  белгілеуі натуралистік мектептердің  жіктелуіне негіз болды.  Осылай  биорганикалық мектеп  әлеуметтік тұтастық құрылымына назар аударса, нәсілдік-антропологиялық - адамның  биологиялық  табиғатының,  оның нәсілдік қасиеттері мен генотипінің  қоғамдық өмірге ықпалын, ал социал-дарвинизм - өмір сүру үшін күрес пен тұқым  қуалаушылық, географиялық мектеп - географиялық сала мен кеңістігінде  адамдардың орналасуы.

Әлеумет - дарвинизмнің негізгі идеясы бұл  барлық табиғаттағы қозғалыс күшін  адамның қозғалыс күшімен байланыстыру болды. 19ғ II жартысы 20ғ басында пайда  болған антропологиялық мектептің  негізгі бағыттары төмендегідей болаты:

а) әлеуметтік өмір мен мәдениет антропологиялық  қозғалыс факторының нәтижесі;

ә) көршілік қауым өзара интеллектуальдық, шығармашылық және басқада жағдайларда бір- бірімен  тең емес;

б) көпшілік қауым байланысқан жалпы физика- антропологиялық белгілер әлеуметтік- тарихи процестердің негізгі  субъектісі болып табылады;

в) адамның  әлеуметтік тәртібі немесе қозғалысы  бұл биологиялық үрдістермен  байланысты.

Демографиялық мектеп (өкілдері М. Ковалевский, К. Джини, Дж. Браунли)  халық тығыздығы  мен мөлшерінің әртүрлі әлеуметтік -мәдени құбылыстарға  ықпалын зерттеуге  көніл бөлді. Өмір үдістерінің статистикалық  зерттеулері (туу, өлу,  неке, ажырас және т.б.) арнайы халық әлеуметтануын  белгілейді. Тығыздық биологиялық факторлары мен  халықтың мөлшері  әлеуметтік ұйымдастырудың,  саяси құрылыстың,  идеологияның   сәттері мен  сәтсіздігін айқындау -   бұл  әлеуметтік мектептің негізгі оқытуын  құрайды.

Географиялық  мектеп өкілдері: Э. Реклю, Ж. Ратцель, Л. Мечников  ойынша,  өмірлік кеңістік  мемлекеттің саясатын  белгілей алады. Бұл мектеп әлеуметтану үшін құнарлы  ойлар әкелді, географиялық ортаның  және оның бөлек компоненттерінің  (климат, ландшафт және т.б)  айрықша  рөлі.

Психологиялық мектеп (Л.Уорд, Ф. Гиддингс, Г. Тард, Г. Лебон, Ч. Кули). Әлеуметтануда психологизм  әлеуметтік үрдістерді  адамдардың психологиялық қасиеттері негізінде  түсіндіріледі.

Психологиялық әлеуметтану  бағытының 19ғ. соңында  пайда болуы,  психология жетістіктерімен, әсіресе  тәжірибе саласында байланысты болды. Биологиялық тұрғыда әлеуметтік  құбылыстарға  мағлұматтардың  қанағатсыздығы, адам тәртібі мотивациясының психологиялық  механизміне әлеуметтік ойдың  қызығушылығының  өсуіне әкелді.

Психологиялық бағыт күрделі құрылымға ие болды.  Онда психологиялық эволюционизм  (өкілдері  Л.Уорд пен Ф. Гиддингс), топтық психологиялық (француз социологы  Гюстов Лебон),  еліктеу  психологиялық  (француз социологы Габриэль Тард)  және интеракционизм(тұлғааралық өзара әрекетін зерттейтін бағыт) қағидалары ажыратылады. 

Лестер  Уордт оқытуларында «психологиялық  күштер, адамның  ұжымдық жағдайында әрекет ететін» әлеуметтік күштер  концепциясында сипатталады.

Алғашқы әлеуметтік күштер -  бұл келесі тілектер:  аштық, шөл, жыныс сұраныстары. Олардың  негізінде  қосымша әлеуметтік күштер – интеллектуалды,  моральды, эстетикалық. Әлеуметтік күштің  бастысы интеллект  болып табылады.

Уордтың  әлеуметтану дамуына тигізген қадамының  мәні, белсенді сипаттағы әлеуметтік эволюциясында жетекші роль  адам психологиясы ойнайды. Уорд американ әлеуметтану  ассоциациясының  негізін қалаушысы  және оның бірінші президенты (1906-1908ж.).

Ф. Гиддингс («Негізгі әлеуметтану» жұмысы).Әлеуметтік үрдістерді түсіндіруде объективты сипаттамаларды емес, субъективті, әсіресе  жетекші орынды ынтымақтастық сезімі алады. Бұл  белгіні ол  таптарды  жіктеу негізіне  қолданды.

 Гюстав  Лебон  топтық  психология идеясын  құрастырды. Онда ол  адамдар тобы, сезімдері ортақ және белгілі  жетекшінің соңынан игеруге дайын  бұқара  немесе тобыр түсінігімен  жалпыланған.   Тобырда адам  өзінің  жеке санасың жоғалтып, тобыр адамына айналады.

Келесі  әлеуметтанушы Г.Тард  негізгі  әлеуметтік  үрдіс еліктеу деп  санады. Тардтың еліктеу қағидасы  тұлғааралық және топтық  өзара  әрекет саласына таралады. Әлеуметтанудың негізгі  әдістері ретінде Тард археологиялық  және статистикалық әдістерді  белгіледі. Бірінші тарихи құжаттарды   талдауда қолданса, екінші әдіс  қылмыс мәселелерінің  әлеуметтік-статистикалық зерттеуінде  қолданылады.

Чарльз  Кулидың (1864-1929) интеракционизм  оқуларында тұлға мен қоғам қарама-қарсылығында  олардың өзара байланысы мен  өзара әрекетіне орын береді. Ч.Кули әлеуметтану қағидасына бірінші  топ және қосымша қоғамдық институт түсініктерін  енгізді.  Бірінші  топты тұрақты  қатынас ұсталатын,  қызығушылық, ілтипат,  түсінушілікпен сипатталатын адамдар құрайды (жанұя, бригада, студенттік топ, балалар ұжымы). Қосымша қоғамдық институттфр (сынып, ұлт, партия және т.б) қоғамның әлеуметтік құрылымын құрайды.

Әлеуметтанудағы психологиялық бағыт тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қоғамның  нақты мәселелерін  зерттеуге  мүмкіндік берді.

Жиырмасыншы ғасырдың басында әлеуметтік ойдың  дамуына француз ғалымы Э. Дюркгейм (1858- 1917) мен неміс зерттеушісі  М.Вебермен терең ықпал  етілді.

Дюркгейм (басты еңбектері- «қоғамдық еңбек  бөлінісі жөнінде», «Әлеуметтік тәсел  ережелері») жаңа әлеуметтік ойды құрастырды.  Оның мәні қоғамды әлеуметтік  фактілер жиынтығынан қалыптасқан, әлеуметтік шындық ретінде қарастырды.  Осы  фактілерді зерттеу  әлеуметтану  пәнін  құрайды. Әлеуметтік фактілерді статистикалы түрде зерттеу ұсынды. Әлеуметтік фактілерге ол ұжымдық әдеттерді, дәстүр, тәртіп ережелерді жатқызды. Дюркгейм  пікірі бойынша, барлық  адам көріністері  тәртіп  үлгілерінде құралады: жалпы елес, жалпы бағалау,  жалпы сезімдер мен әрекеттер. Оның ойынша, бұның бәрі ұжымдық  таным.  Дюркгеймнің орасан зор еңбегі қоғамды құнды-норма жүйесі ретінде белгілеуі жатады.  Әлеуметтік тәртіп үнемі  қандайда бір тәртіп ережелерімен реттеледі. Анатомия концепциясына негізделіп,  ол өзін-өзі өлтіру құбылысын зерттеді. Зерттеу нәтижесі негізінде  келесі қорытындыларға келді, дағдарыс немесе айқынды өзгерістер кезінде өзін-өзін өлтіру деңгейі әдеттегіден елеулі өседі.

Неміс социологы  М. Вебер де әлеуметтанудың дамуына  елеулі үлес қосты. К.Маркстың отандасы Дюркгейм мен бір уақытта өмір сүруіне қарамастан,  көз-қарастарымен елеулі ажыратылды. Дюркгейм мен Маркс  жетекшілікті қоғамға бағыттаса,  Вебер жеке адамға және қоғамның  даму себебіне  әлеуметтік құндылықтарды  жатқызды.  Вебер бойынша, тек  жеке адам ғана қызығушылықтарға, мақсат пен танымға ие болады. Ғылыми айналымға  «рациональдылық», «идеалды тип» түсініктерін еңгізді. 

Вебер социологиясының  негізі болып идеалді түрлер жөнінде  ілім болды. Идеалді түр – бұл  объективті эмпирикалық ақиқатты емес, ойлаудың нәтижесін, ғалымның іс-әрекетін бейнелейтін теориялық конструкциясын айқындады.  Идеалды түр – бұл  зерттеуші-социологтың нақты материал танып, білудегі жүйелеу әдісі. Идеальды түрлер 2 түрге бөлінеді: тарихи (тарихты  бейнелейді), социологиялық (ғалыммен жасалады).

Оның  идеалды түрлер жөніндегі ілімі  «түсінетін» социологияның негізі болып табылады. Әлеуметтанудың пәні болып адамның және әлеуметтік топтардың  әрекетін зерттеу саналады. Әлеуметтанушы  адамның әрекетін қызықтыратын сол, адамдар өздерінің іс-қимылдарына  белгілі бір мән береді. Мұндай мәндік әрекеттерді зерттеу «түсінетін»  социологияның пәні болып табылады.

Информация о работе Әлемдік әлеуметтану классиктерінің еңбектеріне талдау