Әлемдік әлеуметтанудың даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 21:49, реферат

Описание работы

Біздің жыл санауымыздан бұрынғы заманда өмір сүрген ұлы ойшылдар Конфуций (552 – 479), Платон (427 – 347) және Аристотельдің (384 – 322), әлеуметтік философия туралы еңбектері теориялық әлеуметтанудың тууына алғы шарттар дайындады. Мысалы, Қытайдағы алғашқы әлеуметтік утопиялық жобаның авторы Конфуций мемлекет ізгілікті, үлкен жақсы отбасы іспеттес құрылуы керек, ал басқарушы әкей сияқты азаматтар жөнінде қамқорлық жасауы, сол сияқты азаматтар да оны құрметтеп, туысқанындай бірін бірі жақсы көруі қажет деп атап көрсетті. Ол қоғамда әлеуметтік үйлесімділік принципін ұсынды, мемлекетті тірі организм санады.

Содержание работы

1. Антикалық және Ортағасыр дәуіріндегі әлеуметтік ойлар.
2. Жаңа заман мен Ағартушылар дәуіріндегі әлеуметтік тұжырымдамалар.

Файлы: 1 файл

5fan_ru_Әлемдік әлеуметтанудың даму тарихы.doc

— 84.50 Кб (Скачать файл)

2-сабақ. Әлемдік әлеуметтанудың даму тарихы.  3 сағат.

1. Антикалық және Ортағасыр  дәуіріндегі әлеуметтік ойлар.

   2. Жаңа заман мен Ағартушылар дәуіріндегі әлеуметтік тұжырымдамалар.

              1. Қандай ғылым болса да қоғамдық қажеттіліктен туатыны белгілі. Әлеуметтанудың да пайда болуының, дамуының, қалыптасуының өзіндік тарихи кезеңдері, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми алғышарттары болды. Осыларды ескере отырып, қазіргі күні әлеуметтану ғылымының тарихын негізінен үш кезеңге бөледі.

      Бірінші кезеңге, яғни Антикалық дәуірде өмір сүрген Конфуций, Платон мен Аристотельдің қоғамның құрылымы,  оның сипаты, функциялары және т.б. туралы әлеуметтік ойларын жатқызуға болады.

Екінші кезеңге, яғни Ортағасырдан Жаңа заман мен  Ағартушылар дәуіріне ұласатын кезеңге қоғамға қатысты үлкен ой тұжырымдар жасаған  А.Сен Симон, Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо сияқты ғалымдар да қосылады.

Ескерте кететін бір мәселе  алғашқы екі кезеңді әлеуметтанудан бұрынғы тарих деушілер жоқ емес. Шынында да, бұл кезеңде негізінен  әлеуметтік ойлар, тұжырымдар ғана болды.

Әлеуметтанудың ғылым  ретінде танылуы үшінші кезеңмен, ХІХ ғасырдың бірінші ширегінен  бастау алады, яғни «әлеуметтану» терминінің пайда болуымен байланысты. Бұл кезеңді  әлеуметтану ғылымының классикалық  даму кезеңі деп те атайды.

Енді осы кезеңдерге қысқаша  тоқтала кетіп, әлеуметтану ғылымының  алғы шарттарының қалай жасалғанына  зер салайық. Алғашқы қауымдық құрылыста  қоғамдық құбылыстар мен үдерістерді  түсіндіру көбіне мифтік сипатта  болды да, әлеуметтік қатынастарды философиялық тәсілдермен талдаудың алғашқы элементтері Ежелгі Қытай, Грек және т.б. ертедегі мемлекеттерде басталды. Сөйтіп ғылымдар атасы философияның тарихында әлеуметтанудың бастауын танытатын толып жатқан әлеуметтік ойлар дүниеге келді.

Біздің жыл санауымыздан бұрынғы заманда өмір сүрген ұлы ойшылдар Конфуций (552 – 479),  Платон (427 – 347) және Аристотельдің (384 – 322),    әлеуметтік философия туралы еңбектері теориялық әлеуметтанудың тууына алғы шарттар дайындады. Мысалы, Қытайдағы алғашқы әлеуметтік утопиялық жобаның авторы Конфуций мемлекет ізгілікті,  үлкен жақсы отбасы іспеттес құрылуы керек, ал басқарушы әкей сияқты азаматтар жөнінде қамқорлық жасауы, сол сияқты азаматтар да оны құрметтеп, туысқанындай бірін бірі жақсы көруі қажет деп атап көрсетті. Ол қоғамда әлеуметтік үйлесімділік принципін ұсынды, мемлекетті тірі организм санады. Мұның барлығы сол кездегі Қытайдағы әлеуметтік-саяси жағдаймен байланысты болған еді. Себебі Қытай аймағында тұратын бірнеше тәуелсіз монархиялар бір-бірлерімен тұрақты жауласуда болатын. Қоғамның жоғары топтары билік үшін күресті, билеушіге ықпал етуге ұмтылды. Конфуций идеясы ізгілікке шақырды.

    Әлеуметтік  теориялар гректің ұлы ойшылы Платонның «Мемлекет», «Заңдар» және «Саясатшы» деген еңбектерінде орын тапты. Платон «Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етті. Ол «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел» деді. Бұл екі ұғымның мәнін аша кеткен артық емес. Билік – адамның, топтың, әр түрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеология ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге асатын үстемдік етуін білдірсе, бедел – белгілі бір адамның, топтың, қоғамдық ұйымның, әлеуметтік институттың жалпы жұрт қабылдаған, мойындаған қабілеті мен еңбегін танытады. 

  Платонның ойынша, қоғамның тууының негізгі себебі адамдар бірігіп ғана өз қажеттіліктерін өтей алады. Ол тұңғыш рет қоғамның құрылымын талдауға ұмтылып, оның үш әлеуметтік жіктен тұратындығын атап көрсетті. Біріншісі - мемлекетті басқарушылардан тұратын философтар, екіншісі – мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауынгерлер не күзетшілер, үшіншісі – мемлекеттің өмірін қамтамасыз ететін егіншілер мен қолөнершілер. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады.

    Аристотель  өзінің әлеуметтік көзқарастарын осы тақырыпқа арналған алғашқы туындысы - «Саясат» атты трактатында жариялады.  Және бір айта кететін мәселе – бұл шығарманы жазар алдында  ұлы ойшыл және оның шәкірттері 158 грек полистің (сол кездегі мемлекет типтес қалалар) құрылымын зерттеді. Ол  мемлекетті - қауымның дамыған түрі, ал қауымды — отбасының дамыған түрі санады. Оның пікірінше, адамдар мемлекетке белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді, сондықтан мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттікке жету болып табылады. Аристотель мемлекеттің дұрыс түріне әкімдер халық, ел пайдасын ойлаған, билік қоғамға қызмет істеген мемлекеттерді жатқызды. Ол қоғамдық игілікті көздеген мемлекетті дұрыс мемлекет деп санады.

Орта ғасырда Аристотельдің еңбектері еуропа тілдеріне аударылып, өте маңызды оқиға болып саналып, бірсыпыра ойшылдар бұрынғы схолостикалық және құдайшылдық идеядан бас тартқанымен барлық ғылыми ойлар дінмен тығыз байланыста, өзара әрекеттістікте дамыды. Сондықтан әлеуметтік өмір діни догмалармен түсіндірілді. Дегенмен кейбір ойшылдар өз кезіндегі қоғамның құрылуын, әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді түсіндіруде қалыптасқан діни таным ауқымынан шыға алды.  Мысалы, италияның монахы, теолог Фома Аквинский (1225-1274) бүгінгі күнге дейін католик шіркеулері мойындайтын барлық білімдер иерархиялық ұйымдасқан жүйені құрайды, оның ең жоғарысы әрі құдайдың ақыл-есіне ең жақыны теологиялық ілім дей отырып, әлеуметтік теңсіздік пен қоғамның әлеуметтік құрылымының күрделенуін қол өнер кәсібі өндірісінің және сауда, алыс-берістің дамуымен  түсіндірді.

Араб философы Ибн-Халдун (1332-1406) өзінің теориялық зерттеулерінде өндірістің, сауданың дамуымен, қалалардың өсуімен қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгеретінін атап көрсетті.

    2. Жаңа заман мен  Ағартушылар дәуірінің әлеуметтік ойлардың даму тарихында орны бөлек болды. Феодализмнің ыдырауы және жаңа буржуазиялық қарым-қатынастың дамуы адамзат өркениеті өрісінің бет бұрыс кезеңін бастады. Әлеуметтану ғылымының алғышарттары ретінде бұл кезең әлеуметтік тұжырымдардың жаңа деңгейге көтерілуімен сипатталады. 1651 жылы жарық көрген өзінің «Левиафан...» атты кітабында белгілі ағылшын философы Томас Гоббс (1588-1679) «қоғамдық келісім» тұжырымдамасын баяндады. Бұған байланысты мемлекет құдайдың  құдіреті емес, адамдардың (қоғамның) туындысы. Қоғам бейбітшілік пен тәртіпте өмір сүруді қамтамасыз ету мақсатындағы  адамдардың өзара келісімінің нәтижесінде пайда болған. Сонымен қоғам мен мемлекет ұғымдарының ара жігін ашуға алғашқы қадам жасалды.

     Тамаша  ойшыл, либерализмнің негізін  салушы Джон Локк (1632-1704) қоғамдық  келісім туралы тұжырымдаманы  ары қарай дамыта отырып, тұлға,  қоғам және мемлекет сияқты  ұғымдарды алғаш рет жеке-жеке қарастырды, тұлғаның қоғам мен мемлекеттен басымдығын көрсетті. Ол әлеуметтік-саяси үдерістерді адамзат қоғамының дамуы ретінде қарап, мемлекеттің рөлі азаматтардың өмірге, еркіндікке және жеке меншікке құқығын қорғауда жатыр деп түсіндірді.

     Француздың атақты  ғалымы  Шарль Луи Монтескьенің  де қоғам туралы ойларының жаңа ғылымның, яғни әлеуметтану ғылымының  қалыптасуындағы рөлі ерекше. Оның «Заңдар рухы туралы» (1748) басты еңбегі шын мәнісіндегі әлеуметтанулық еңбек  болды. Сол себепті замандастары Монтескьені әлеуметтану ғылымы жоқ кездегі әлеуметтанушы деп атаған. Ол тарихты үдеріс ретінде танып, қоғамдық құбылыстардың заңдылығын айқындағысы келді. Монтескье қоғам заңдары оған сырттан келмейді, оны ешкім де алып келмейді, олар оның өзінің ішінде болып жататын жеке әлеуметтік құбылыстар деп ұғынды. Әлеуметтанулық  көзқарас тұрғысынан Монтескье ұсынған биліктің бөліну принципі туралы идеялар аса маңызды болды. Бұл мемлекеттік деңгейдегі демократияның бастауы болатын.

     Әлеуметтанулық ой-пікір ары қарай Ф.Бэкон, Жан-Жак Руссо, А.Гельвеций, Э. Кант, Сен-Симон және т.б. еңбектерінде дами түсті. Мысалы, француз жазушысы, философы Жан-Жак Руссо (1712-1778) пікірінше,  қоғамды құратын адамдар, сондықтан заңдар солардың жалпы еркін танытуы қажет. Ал осы еріктің күштілігін тексеру және қоғам өмір сүріп отырған заңдардың соған сәйкестігін байқау үшін референдумдар өткізу керек. Бұған бірден-бір қолайлы жағдай, келісімге келуге оңай халқы көп емес ежелгі қалалар-мемлекеттер сияқты әлеуметтік құрылым болып табылады деді.

Француз ойшылы Сен-Симон (1760-1825) социализм мен әлеуметтанудың өз алдына ғылым ретінде қалыптасуының бастауында тұрды. Оның идеялары О.Конттың, Э.Дюркгеймнің және К.Маркстің еңбектеріне әсер етті. Ол ғалымдар арасында бірінші болып, позитивизмді қоғамды зерттеу мен ол бағынатын заңдарды анықтаудың әдісі ретінде пайдалануға болады деп есептеді. Бұл - қоғамдағы дерексіз ой қорытуларға қарсы, ғылымды діни қабықтан арылту мақсатында, қоғамды  зерттеуде нақтылы бақылау, эксперимент сияқты әдістерді басшылыққа алуды мұрат еткен бағыт. Бұған тән ең басты белгі табиғилық болып табылады.

Сен-Симон өзінің «Адам туралы ғылыми очеркінде» (1813) ол жаңа пәннің – «адам туралы позитивті ғылымның» ауқымын айқындады. Ол бұл ғылымды алдымен физиология, кейін жалпы саясат, саяси ғылым, әлеуметтік ғылым, позитивтік философия дей отырып, қоғам өз дамуында құлдық, феодализм және индустриализм сияқты үш сатыдан өтеді деп есептеді. Сондай-ақ ол меншік пен билік оған әсер ете алатын, оның шынайы қажеттілігін сезінетін адамдарға, яғни ғалымдар мен өнеркәсіпкерлерге тиесілі болғанын дұрыс санады. Оның пікірінше, егер билік бюрократтарға, заңгерлер мен діндарларға тисе, онда олар қоғамға ешқандай пайда келтірмей, оның берекесін қашырады. Бұдан өнеркәсіп өндірісі мен қоғамның әлеуметтік құрылымының байланысы бар деген ой туындайды. 

 Француздың утопиялық социалисі «...қоғам дегеніміз ең алдымен, барлық бөлшектері тұтас нәрсенің қозғалуына барынша жәрдемдесетін керемет қуатты машина. Адамдардың бірігуі үлкен бір организмді құрайды, оның мықтылығы немесе әлсіздігі органдардың тапсырылған қызметін қаншалықты мінсіз орындауына байланысты» деді. Ол қоғамды жаңартуға болатыны және оның негізіне мынандай принциптерді жатқызды: әрбір қоғам мүшесіне еңбектің міндеттілігі, өндіріс пен ауыл шаруашылығын бір орталықтан жоспарлау, қоғамды ассиоциацияға айналдыру және адамдарды қабілетіне қарай  көтермелеу. 

   Сонымен қоғам өзінің дамуы жағынан болсын, ғылым жағынан алғанда әлеуметтік философияның баи түсуі, оның қоғамды нақты зерттеуге бет бұруы әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңін дайындады, сөйтіп  ғылымдар атасы философия қойнауында жетілген әлеуметтік ғылым өз алдына пәні, зерттеу әдістері, категориялары мен заңдары бар  ғылымға айналды.

 

Бақылау сұрақтары

     1. Конфуций мемлекет туралы

    2. Конфуцийдің қоғамға ұсынған принципі

     3. Платонның қоғам басшысы жөнінде

     4. Платон қоғамды билеудің негізгі құралы туралы

     5. Аристотельше мемлекеттің негізгі мақсаты 

     6. Аристотельше дұрыс мемлекет

     7. Сен-Симонның әлеуметтанудың қалыптасуындағы рөлі.

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі.

    1. Огюст Конт  – әлеуметтану ғылымының негізін  салушы.

    2. Герберт Спенсердің  әлеуметтану ғылымына қосқан  үлесі.

    3. К.Маркстің  негізгі әлеуметтанулық ілімдері.

    4. Э.Дюркгейм  мен М.Вебердің әлеуметтанулық  тұжырымдары.   

1. Адамзат тарихында  өркениеттің бастауы саналған  Антикалық және Ортағасыр,  Жаңа  заман мен  Ағартушылар дәуірлеріндегі  әлеуметтік ой-тұжырымдар әлеуметтану ғылымының дамуындағы классикалық кезеңді дайындады. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылыми пән ретінде әлеуметтік философия қойнауында жетіліп, өзінің бөлек зерттеу объектісі мен әдістері бар өз алдына дербес ғылым ретінде бөлініп шықты. Бірақ әуелгі кезде әлеуметтану қоғамның барлық қырын зерттейтін ғылым ретінде саналды. ХІХ ғасырдың аяғында ғана қоғамды ғылыми зерттеуде оның экономикалық, демографиялық, құқықтық  және басқа аспектілерімен қатар  әлеуметтік қырына ерекше көңіл бөліне бастады.

    Әлеуметтанудың классикалық кезеңінің ірі өкілі, әлеуметтану ғылымының негізін салған атақты француз философы Огюст Конт болды. Бұл кезең К.Маркс, Г.Спенсер,  Г.Зиммель, Э.Дюркгеймнің шығармаларымен де байланысты. Э.Дюркгейм бірінші болып әлеуметтану ғылымын бүгінгі біздің түсінігімізге сәйкестендірді. Осы кезден бастап әлеуметтанудың пәні айқындалып, ол қоғам дамуының әлеуметтік аспектілерін зерттейтін ғылымға айналды.

        Огюст Конт өзінің ұстазы Сен-Симонмен  бірге «Қоғамды қайта құру  үшін қажетті ғылыми жұмыстар  жоспарын» дайындай отырып, объективті  бақылаулар мен жаратылыстану  ғылымының, оның ішінде физиканың әдістеріне негізделген қоғам туралы жаңа ғылым жасауды мақсат етті. Конт ол ғылым да позитивті фактыларға негізделіп, механика заңдарын қоғамды зерттеуде пайдалануға болады деп есептеді. Ол жаңа ғылымды алдымен әлеуметтік физика деп атады.  Кейін 1839 жылы 6 томдық "Позитивтік философия курсы" атты кітабында әлеуметтанудың принциптерін атап көрсетіп, еңбектің ескертпесінде Конт әлеуметтік құбылыстарды зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел ететіні туралы жазды. Ол термин «Социология» (әлеуметтану) деген атқа ие болады. Осы терминнің мазмұны арқылы қоғам  мен индивидтердің өзара іс әрекеті өз алдына зерттеу саласы ретінде танылды. 

     О. Конттың пікірінше, жалпы адамзат танымы өзінің дамуында міндетті түрде үш сатыдан өтеді: теологиялық, метафизикалық (ойлау әдісі, құбылыстарды өзгермейді, бірі-бірімен байланысы жоқ деп есептейді) және позитивистік (оң, жағымды) кезеңдер. Ол қоғамның ілгері дамуының негізінде адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр, осыны адамзаттың дамуының басты принципі деумен қатар позитивизмді адамзат санасы дамуының ең жоғарғы сатысы және талдаудың белсенді ғылыми әдісі ретінде сипаттады.

Информация о работе Әлемдік әлеуметтанудың даму тарихы