Әлеуметтік қауымдастықтар ұғымы.Әлеуметтік топтар табиғаты және оларды жіктеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2015 в 12:22, лекция

Описание работы

Қоғам әлеуметтік жүйе, себебі адамдардың жиынтығы., олардың біргуі. бір- біріне қарым-қатынасы. Социолог П.Сорокиннің айтуынша қоғам дегеніміз ол бір адам емес, бір-бірімен байланысты екі адам. К.Маркс «Қоғам дегеніміз- адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі» дегенді пайымдайды.

Файлы: 1 файл

Қоғамның әлеуметтік құрылымы.docx

— 70.87 Кб (Скачать файл)
  1. Қазақстан қоғамының стратификациялық процестерінің ерекшеліктері.

Қазақ қоғамында еңбекті және әлеуметтік-экономикалық дифференциацияны қоғамдық бөлу процессі өзінің ұсынысымен қоғамдық пайдалы қызметтің құрылымында әртүрлі функциялардың және рөлдердің күрделі спектрінде көрінетін әлеуметтік институттар мен басқыштаушылықтарды ресімдеуде ие болды. Қазақ қауымының XIX ғасырдың орта шені аралығындағы қоғамдық топтарға бөлінуіне жеке адамдардың «ақсүйек» және «қарасүйек» дегендерге жатқызылуы ерекше тән болды. Бірінші әлеуметтік топ қоғамдық қатынастар құрылымында өздерінің әлеуметтік оңашаланғандығы мен жоғары қоғамдық мәнділіктерге қарай сырттан ешкім өте алмайтын жеке адамдардың артықшылықтармен пайдаланатын жабық корпорациясы тұрғысыңда танылды. Төрелер қазақ халқының құрамына рулардан басқа, генеалогиялық қатынастарға түспейтін субэтникалық топтарға кіреді. Көшпелі ұлыстар ішінде субэтникалық топтардың пайда болуы, этностың жалпы конфигурациясына енуі қызық құбылыс. Субэтникалық деген ұғым этностан аздаған әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері бар, өздерінің тілдік, территориялық оқшаулығы сезінген және ең бастысы өздерін бөлекше этнографиялық топ есебінде танитын этностың ішіндегі бөлшектерге қатысты қолданылады. Қандай дамыған этнос болмасын оның ішінде әртүрлі себептермен оқшау тұратын топтар кездесіп қалады. Сонымен қатар шығу тегі бөлек, бірақ көшпелі қазақ арасында өмір сүріп этникалық тіршілікке қатысып отырған кірме этностар да кездеседі. XVIII ғ. қазақ этносының құрамында осы айтылған екі топтың өкілдері мол. Көшпелі қазақ құрамына ертерек уақытта араласқан және этнос түзуші фактор қызметін атқарған субэтникалық топтардың бірі төрелер. Төрелер өз бастауларын сонау Шыңғысханнан, оның үлкен ұлы Жошыдан таратады. Қазақ хандығы қалыптасар ауыр кезеңде ұлыстарға билікті көбінесе Ұлы қағанның Орыс деген немересінен тарайтын тұқым жүргізді. Төрелер қазақ құрамында ақсүйек саналады, сұлтан мен хандар тек төрелердан сайланады. Этникалық жағынан төрелер жабық, яғни эндогамды, әлеуметтік жағынан бір бірімен тығыз байланысқан топ. «Қарасүйектің» артықшылықпен пайдаланатын әлеуметтік топтары арасынан көшпелілер ұжымдарында сот билігін атқарушы билер сословиесі аса маңызды орын алды. «Би» деген сөздің, астары, - деп көрсетті Я.П. Гавердовский, - сөзге шешен, бай әрі шамдағай адамдар екенін біз ұғынуымыз керек». Қазақстандағы билердің артықшылықты жағдайы бәрінен бұрын құқықтық реттеудің, қазылықтың және жарастырушылықтың үлкен қоғамдық мәнімен айқындалды әрі мүліктік қатынастар жүйесінде айрықша құқықпен, соның ішінде кінәні іздестіру (билік жүргізу) ақысының оннан бірі түріндегі қосымша табысты иелену құқымен пайдаланатындығынан көрінді. Көшпелі қауымның қойнауынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік үстем топ ру старшындары - билер еді. Билер де қазақтардың арасында үстем жағдайға ие болды. Олар ерекше құқықтық және экономикалық артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуел бастан-ақ қауымдық қоныстардың едәуір бөлігіне иелік еткен, бірақ XIX ғасырдың бірінші жартысында мал өсіру дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап, таңдаулы қыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады. Байыған ру старшындарының, яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты ру қауымдарынан бөлек көшетін болды. Сонымен бірге ру билері хандармен және сұлтандармен қатар сот-талап істерін қарап, кірісті бөлуге қатысты. Тек «қарасүйектің» өкілдері ғана би бола алатын, шыңғыстықтар би болып сайлана алмайтын; бірақ сот істерін талқылауға бұлар да қатысатын. «Би» сөзінің қайдан шыққаны осы кезге дейін әлі толық анықталған жоқ. Құрбанғали Халид Оғлы «би» деген сөз «бек» немесе «биік» сөзінен шыққан деп дәлелдемек болады. «Бек - кейбір чиновниктер мен лауазымды адамдардың атағы, патша әулетіне қызмет ететін адамдарға берілетін атақ, кейбір шетелдік өкілдерге берілетін атақ: Сефир-бек, Консулус-бек; автономиялы облыстардың әкімдеріне берілетін атақ. Бұл мағынада «бек» дегек атақ «ргіпсе» деген атаққа тең. Әдеттегі құқық нормаларын сақтаушы және түсіндіруші болғандықтан, билер қазақ қоғамыңда көрнекті орын алды. ХVIII-ХІХ ғасырлардың орта шенінде Қазақстандағы батырлардың - әскери көсемдері әлеуметтік тобының үлкен беделі мен саяси ықпалы болды. Е.К.Мейендорфтың айқындауы бойынша қазақтар батыр деп батыл, әділ және тапқыр адамдарды айтады, соғыс кезінде – бұлар нағыз шабандоздар». «Батыр» атағы ешқашанда мұрагерлікке қалдырылған емес, оны әркім жеке басының ерлігімен алып отырды. Батырлардың үстем тапқа жатқызылуы қазақ қоғамындағы қарастырылып отырған тарихи кезеңдегі әскери-басқару құрылымының үлкен рөл атқаруымен, демек, әскери қарсыласу дәуірінде батырлар да көсемдер ие болатын зор билік ықпалымен анықталды. Қазақстанның шекараларындағы әскери-саяси жағдайдың салыстырмалы түрде тұрақтана бастауына байланысты XIX ғ. ортасында бұл жүйе өзінің маңызын жоғалтып, бірте-бірте екінші қатарға ығысты. Әлеуметтік категория ретінде батырлар институтының қалыптасуы әскери-феодал шонжарлардың пайда болуымен тығыз байланысты. Ал «батыр» терминінің өзі қазақтарда өте ерте заманда пайда болған. «Батыр» деген сөз «багадур» және «бакхатур» деген түрік сөздерінен шыққан. Қазақ халқы тарихының сонау алғашқы дәуірінде-ақ қазақ даласы сыртқы жаулардың шапқыншылығына ұшыраған кезде, оларға қарсы күресу үшін өздерінің қолбасшылары бар арнаулы жасақтар құрыла бастады. Осы жасақтардың шайқастарда ерекше көзге түскен жетекшілерін қазақтар «батыр» деп атады. Қазақ және басқа түркі тілдерінде «батыр» сөзі «күрескер», «қаһарман», «ер», «ержүрек», «жаужүрек» деген мағыналарды білдіреді. Қазақ қоғамында күрделі этникалық процестердің негізінде пайда болған этнографиялық топты төлеңгіттер деп атайды. XVIII ғасырда дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік организмінің бір жүйесі ретінде қалыптасқан құбылыс — төлеңгіттер институты болып табылады. Көшпелілер мемлекеттілігіндегі дәстүр талапқа сай «ақсүйектердің» маңайына шоғырланған төлеңгіттер, саяси билікті нығайтудың ерекше құралы ретінде қызмет атқарады. Қолда бар деректерден аталмыш кезеңде төлеңгіттер хандар мен Ұлыс сұлтандарына өте сенімді адамдары екенін дипломатиялық және орда ішіндегі маңызды істерді тындыратының, осылардың ең бастысы әскери қызметшілері болғанын көреміз. Төлеңгіттер – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топ, ханның жансерігі, хан билігі сүйенетін әскери жасақ. Төлеңгіттер көмегімен хандар мен сұлтандар халықтан салық жинаған, жайылымдарын қарап жүрген. Сонымен қатар төлеңгіттер дипломатиялық бұйрықтарды орындап отырған. Төлеңгіттер көбінесе жаугершілік кезінде қолға түскен тұтқындардан құралған. Аңыздар төлеңгіт деп халқымыз алғашқыда Хан мен сұлтандардың қолына тұтқынға түскен Алтай телеуіттерін және олардың бірте-бірте төренің айналасындағы күтушілеріне айналуын атап кеткен сияқты. Дегенмен ғалымдарымыздың келесі бір жағы «төлеңгіт» сөзінің мән — мағынасы қазақ тіліндегі «төреңді күт» деген ұғымды білдіреді деп айтады. Қазақтардың әскери-саяси құрылымы рулардың өте күшті әскери және саяси қарым-қатынасының басқалардан басым болу нысанында құрылды. Бұл ретте осы ұйымда алғаш рет ядро жасақталды. Мәселен, Абай секілді ірі мемлекет қайраткерінің күші мен беделі – Орта жүз құрамындағы ірі ру – арғындардың құдыретімен негізделді; көшпелі шекті және төртқара күшінде – Қайып хан; наймандарда – Барақ хан; қыпшақтарда – Кенесары Қасымов және т.с.с. осы негізде  мемлекеттік құрылым – хандық құрылды. Әскери-саяси ұйымның құрылымы әдетте орташа алғанда 10 мың адамды қамтыды және Кенесары Қасымовтың қозғалысы жылдарында олардың саны 20-25 мың адамды құрады. Көршілес мемлекеттер тарапынан (мысалы, Жоңғария) үлкен көлемді басқыншылық болған кездер ерекшелік болды, ол кезде әскери әрекеттерге ересек ер адамдар тобы басым қатысты. Хандық билікті ұйымдастыру. Қазақстандағы жоғары билік тек қана шыңғыстықтардың (төре) династиясынан сайланған ханның қолына шоғырланды. Хандық билік мұрагерлік болып есептелді. Ханның заңды мұрагері болып, әдетте оның балалары, ағалары және немерелері танылды. Мұраға қалдыру механизмінің негізінде меритократия принципі жатты, соған сәйкес сирек кездесетін ойға және қоғамға шынайы саяси әсер ететін адамдар хан болып сайланды. Көшпенділерде ондай ойға генеалогиялық иерархияда құрметті орынға ие, айтарлықтай ірі және күшті рулардағы басшылар немесе ру одақтары: арғындар, шектілер, наймандар ие болды. Сондықтан, Қазақстанда жоғары билікті ұстанушылар құдыретті рулардан пайда болған төре өкілдері болды. Алайда, кез-келген жағдайда хан тағына иелік ету тек қана қазақтардың атақты съездерінің келісімімен жүзеге асырылды. Қазақ қоғамында жоғары билік деңгейінде саяси реттеу функциясын ханның жақын туыстары орындады. Хан оларды ірі ру-тайпа бөлімшелеріне сұлтан етіп тағайындады, ол көшпелі ұжымда маңызды сепаратизмді билеуге және көшпенділердің шаруашылық және қоғамдық-саяси өмірін үйлестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Осыған байланысты, қазақтарда хандық биліктің күші және тиімділігі хан мен беделді сұлтандардың арасындағы тәуелді байланыстың қаншалықты мықты екендігі анықталды. Хандық кезінде қазақтардың әдеттегі құқығында нақты регламенттелген құзыреті жоқ, хан кеңесі деп аталатын мерзімдік құрылатын органдар болды. Жоғары билік субъектілері мен саяси құдіретті көшпелі беделділер арасындағы шынайы қарым-қатынасқа байланысты қазақ қоғамындағы бұл органның атауы ауысып тұруы мүмкін болды. Қорытынды: Нақты қоғамның әлеуметтік құрылымы әрқашан эволюция нәтижесінде пайда болған, әртүрлі әлеуметтік рөльдермен, позициялармен ерекшеленетін стратификациялық жүйе болып табылады. Бұл жүйе еңбек бөлінісі мен осы қоғамдағы құндылықтар мен мәдени стандарттар жүйесімен анықталады. Әлеуметтік стратификация теориясында реттелген белгілер (критерийлер) болады. Мұнда олардың әрқайсысының әлеуметтік маңызы ескеріледі. Оның қатарына жеке меншік формасы, табыс мөлшері, билік көлемі, бедел, ұлттық белгілер, білім, мәдениет түрлері және т.б. кіреді. Әлеуметтік топ – бұл экономикалық, саяси және кәсіби статустарға, позицияларға ие адамдар қауымдастығы. 

11. Әлеуметтік  мобильділік проблемалары. Халық  миграциясы.

Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді.

«Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидрет мен адамдар тобының бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.

Әлеуметтңк мобильдіктің екі типі болады, олар:

  1. вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;
  2. горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.

Веритикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады.

Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады.

Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде  жиі кездесетін мобильдіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.

Э. Гидденс мобильдіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобильдігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильдіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады.

Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір ассиметрикалық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады, керісінше ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады.

Горизантальды мобильдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Сол сияқты көлденең бағыттағы мобилдіктің мысалына индивидтің бір азаматтықтан екінші бір азаматыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айырылқан жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен екінші бір дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрнде де индивидтің статустық деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды.

Көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің  әлеуметтік жағдайында ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аудуруды жатқызуға болады.

Мобилдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген де түрлері бар.

Ұрпақтар арасындағы мобильдікте балалар өздерінің әке-шешелерінің әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда болулары мүмкін.

Мысалы, шахтердің баласы инженер болуы ықтимал.

Ұрпақтар ішіндегі мобильдікте индивид өз өмірінде вертикальды өрлеу немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін. Жоғары өрлеу-әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид өз өмірінде токарь, инжинер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін.

Әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрі, яғни ұрпақтар арасындағы мобильдік ұзақ мерзімдік процеске, ал, екінші түрі, яғни ұрпақтардың іштей мобильдігі – қысқа мерзімді процеске жатады. әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрінде әлеуметтанушылардың  зерттеуіне таптар арасындағы мобильдік, ал, екіншісінде – дене еңбегінен ой еңбегіне ауысу себептері жатады.

Сонымен, индивидтің немесе әлеуметтік топтың кез-келген қоғамда бір әлеуметтік жағдайға ауысуыболып отырады. Бұл ауысулар кешенді түрде, бірнеше өлшемдер тұрғысынан, яғни экономикалық, саяси, білім, мәдени, т.б. өлшемдер тұрғысынан болатын сапалық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Кейде әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бір ғана өлшемнен шектелуі мүмкін.

Индивид бір статустық топтан екінші бір топқа өтеді. Айталық, жоғары білім алған адамның айлығы жоғары төленетін қызметке тұруы, оның өмір деңгейі мен өмір салтының өзгеруіне ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез-құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамыме некеге  тұруға тырысады.

әлеуметтік мобильдікті басқа да критерийлерге байланысты жіктеуге болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар.

Жек мобильдік туралы біз жоғарыда түсндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен қарай құлдырауы.

Топтық мобильдік тұтас таптың, топтың, сословиенің әлеуметтік статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П.А. Сорокиннің пікірі бойынше, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар; шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық соғыстар; азамат соғыстары;әскери төңкерістер мен саяси режимдандің  ауысуы; шаруалар көтерілісі; ақсүйектік тектердің арасындағы күрестер; империяны құру жатады.

Топтық мобильдік әлеуметтік революциялар нәтижесінде жоғары қарқынмен жүреді. Мәселен, Ресейдегі Қазан төңкерісі большевиктер партиясының бұрын болмаған беделін көтеріп, қоғамға мойындатты. Сонымен қатар еңбекші таптан шыққан адамдардың білім алуға, ғылыммен айналысуға, билікке қол жеткізулеріне кең мүмкіндіктер ашылды. Сөйтіп халытық интеллигенция қалыптаса бастады. Мұнымен қатар жаңа өкімет буржуазиялық  интеллигенцияға қарсы  шабуылын бастады, оларды қуғындап, тіпті жоюға дейін барды. Осы процестердің нәтижесінде  Ресейде әлеуметтік мобильдіктің деңгейі жоғарылай түсті.

Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік мобильдіктің негізгі типтермен бірге оның ұйымдасқан мобильдік түрі де болады. Мұнда топтардың жоғары, төмен, көлденең бағыттағы мобильдігі мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар адамдардың келісімі бойынша және олардың келісімінсіз де болуы мімкін.

Мысалы, ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еркін түріне КСРО-да қоғамдық пікірдің үндеуімен тың жерлерге жастардың келуі; ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еріксіз түріне орта шаруаларды тәркілеу; сол сияқты ұлы Отан соғысы жылдарында ингуш, шешендер, татарларды, т.б. туып өскен жерлерінен басқа жаққа күштеп қоныс аударту жатады.

Топтық мобильдік халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруіне байланысты қайта құрулардың нәтижесінде де болады. Ал, бұл жеке адамның еркіне байланысты емес. Мвсалы, халық  шарушылығының кейбір салаларының  қысқаруы, кейбір мамандықтың жойылуы халықтың үлкен топтарын ауыстыруға, басқаша орналастыруға мәжбүр етеді. Мысалы, 50-70-жылдары бұрыңғы Кеңес Одағында көптеген ауыл-село қысқартылып, оларды іріктендіру процесі болды.

Сол сияқты экономикалық дағдарыстар қоғамдағы халықтың басым көпшілігінің әл-ауқатының төмедеуіне, жұмыссыздар санының ратуына әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда топтық әлеуметтік мобильдіктің  вертикалды төмен құлдырау бағытында болуы жиі байқалады.

Сонымен, топтың мобильдігі қоғамда орын алатын   революциялық, дағдарыстық, қайта құру кезеңдеріне тән сипатты белгі. Ал, дамуы бір қалыпты, тұрақты қоғамдарда жеке мобильдіктің үлес салмағы жоғары, ол қоғамдарда топтық мобильдіктер өте сирек кездеседі.

Әлеуметтік мобильдік құбылысының екі өлшемі бар. Олар – мобильдіктің жылдамдығы және көлемі.

Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы белгілі бір уақыт аралығындағы тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны) немесе жеке индивидтің  осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық, саяси, кәсіби страталардың санымен өлшенеді.

Мәселен, біреулер қысқа мерзімде жоғары статусқа ие болса, екінші біреулердің ондай дәрежеге көтерілуі үшін бірнеше сатылардан өтуі және бұл процестің ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Мысалы, кеңестер Одағында  қарапайым адамның жоғары саяси элита қатарына өтуі үшін ұзақ уақыт және көптеген әлеуметтік сатылардан өтуі керек болған. Яғни, қарапайым қызметкер комсомол ұйымында, бастауыш партия ұйымдарында, аудан, қала, облыс көлемінде басшылық қызметтеде жоғары беделге  ие болған соң ғана жоғары саяси элитаға мүмкіндік алған.

Ал, мобильдіктің көлемі немесе қарқыны белгілі бір уақыт аралығындағы өздерінің әлеуметтік статустарын өзгерткен индивидтердің санымен өлшенеді. Бұл сан абсолюттік болады да, оның қоғам халқының  жалпы санына қатынасы салыстырмалы көлемді пайызрақылы көрсетіледі.

Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігі мобильді болып келеді және ол қоғамдарда жеке вертикалды өрлеу бағытындағы мобильдіктің  көлемі жоғары.

Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны неге байланысты? деген сұрауға ғалымдар: біріншіден, ол жеке тұлғаның сапалы қасиеттеріне байланысты деп жауап береді. Шын мәнісінде, өзінің кәсіби деңгейін, әлеуметтік экономикалық жағдайын өзгертіп, жоғары статусқа ие болуы үшін әрбір индивидтің қажымай –талмай  еңбек етуі, әрдайым жоғары ұмтылуы қажет. Екіншіден, жеке адамның тік өрлеу бағытында бір әлеуметтік жағдайдан  екінші бір әлеуметтік жағдайға  ауысуына қоғамның жалпы даму дәрежесі, ондағы мүмкіндіктер ықпал етеді. Қуатты экономикасы мен демократиялық саяси жүйесі бар елдерде кең мүмкіндіктер бар. Ол елдерде мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны да жоғары.

Американ әлеуметтанушылары П. Балу мен О. Дункан дамыған елдердегі әлеуметтік  қарқынын зерттеу нәтижесінде АҚШ-да тік жоғары бағыттағы мобильдік басым деген қорытындыға келген. Батыс ғалымдары постиндустриалдық  қоғамдарда «төменгі» және «жоғары таптардың» үлес салмағына қарағанда «орта таптың» үлес салмағының өсіп  отырғындығын айтады. Мәселен, С. Липсет  АҚШ-тың әлеуметтік таптың құрылымын бүйірі шығыңқы ромб бейнесінде көрсетуге болады дейді. 

Ескерте кететін бір жағдай, вертикальды мобильдіктің абсолютті түрдегі еркіндігі болмайды, яғни бұл тек жеке адамның өз еркіне ғана байланысты құбылыс емес.

П.А. Сорокиннің сөзімен түсіндірсек: “Егер мобильдік абсолютті түрде әркімнің еркіне байланысты құбылыс болса, онда қоғамда әлеуметтік страталар да болмас еді .

Олай болса барлық қоғам страталарға жіктеледі. Қоғам өзінше бір “елеуіш”тәрізді, яғни онда индивидтер мен тптарды белгілі бір өлшемдерге байланысты іріктеп, жіктеу бар. Соның нәтижесінде біреулер әлеуметтік сатымен жоғары көтеріледі, ал, екінші біреулер төменгі сатылардан орын алады”.

Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. Халықтың көші-қоны себептеріне қарай жіктеу де аса маңызды. Келесідей себептер анықталады:

Информация о работе Әлеуметтік қауымдастықтар ұғымы.Әлеуметтік топтар табиғаты және оларды жіктеу