Абайдың Ескендір дастанындағы философиялық түйін

Реферат, 21 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя

Описание работы


«Ескендір(дастан)» - Абайдың дастаны. Жазылған жылы белгісіз. Әрқайсысы 4 тармақты 42 шумақтан тұрады. Ең алдымен бұл поэманың негізіңде жатқан тақырыптың төркін-тегі туралы біраз деректер айтып етелік. Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр - бар дүние жүзі халықтарының аңыздарыңда, ертегі, дастандарында ерекше орын алған адам. Біз бұл тұста тарихтағы Ескендірдің көпшілікке мәлім жайларына тоқталмаймыз. Аңыздар мен әдебиеттегі Ескендір жәйі Абайдың мына поэмасының тұсында бізге төтелей жақын деректер береді. Соларға тоқтаймыз. Шығыс елдеріңде, әуелі Иранның аристократиялық аңыздарында Ескендір образы көп әңгімеленген. Сол замандардан бері қарай Византия (Рум) аңыздарыңда да оның жәйі кеп айтылады. Атақты Фирдауси езінің «Шахнамасында» Ескендірдің туысын жоғарыда аталған Иран аристократтарының лақабы бойынша баян етеді. Оны Филикустың баласы емес, Иранның шахы - Дараптың (Дари үшінші Кадоманның) баласы дейді. Ол біздің эрадан бұрын 110-335 жылдар арасында Иранда шахтық құрған. Өзі Ахеменидтер әулетінің ең соңғы әкімі болады.

Файлы: 1 файл

Абайдың Ескендір дастанындағы философиялық түйін.doc

— 32.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Открыть текст работы Абайдың Ескендір дастанындағы философиялық түйін