Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 05:31, реферат

Описание работы


Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі,шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.

Файлы: 1 файл

1`.docx

— 47.09 Кб (Скачать файл)

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

 

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі,шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.

Өмірбаяны

Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы атажайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хаттаныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.

Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар  әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасыУәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл өлкесіндегіатақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай Құнанбайұлы


Абай (Ибраһим) Құнанбаев  Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті  мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы  таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]

Қысқаша шолу


Орта  жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғынтайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесінебереді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами,Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. ,Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байронсияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.[4]

Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен.

 

 

 

 

Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық  тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында  терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі  Қостанай облысының аумағында дүниеге  келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын  Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге  және өз бетінше оқып білуге бейім  екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей  қоғамының білімді адамдарымен  жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым  В.В Григорьевпен жақын танысып  алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас  бос уақытының бәрін де сол  кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда  келтірсем деген абзал арманға  ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік  кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы  жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш  еді, көп оқыды, өзге халықтардың  қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек  біле түссем деп армандады. Алған  білімін өз халқының пайдысына асыруға  талпынды.

Өмірбаяны

Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында  қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында  өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа  би өз аймағының атақты кісілерінің  бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті  қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің  алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда  ашылады деп күтілген орыс-қазақ  мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің  бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып  шығуы, ата-анасын асырауы.

Әлгі мектеп ақыры 1850 жылы ашылады  да, оған қабылданған отыз қазақ  баласының бірі – тоғыз жасар  Ыбырай болады. Ыбырай мектепте сабақты  ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте  жақсы" деген бағамен бітіріп  шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі  кеңейген зерделі бозбаланың екі  жылдай елде болуы — қазақ қоғамының  жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне  мүмкіндік береді. 1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі — Орынбордағы Шекаралық комиссияның  төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В.В.Григорьевпен жақын  танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін  пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының  шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы  кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған. Өз бетімен көп ізденіп, білім  қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына  пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді  мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа  ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы  қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған  кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне  мұғалім болуға рұқсат алып, сонда  келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла  қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз  баланы өз үйінде оқытады. Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен  балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", –  деп жазады, ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен  тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты  қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді. Ыбырай мәдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы  ұғады. Бұл оны жігерлендіре түседі. "Қазақтар мені құшағын жая қарсы  алды. Мектепке балаларын беруге ынталы адамдар толып жатыр", – деп  жазады ол бір хатында. Ыбырай Н.И.Ильминскийге жазған әлгі хатында тағы да былай  дейді: "Қазақ даласын үш жылдай аралаған Сіздің қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық  дейтініңізге мен сенемін. Қазақ  халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың  өзінен де көп жақсылық табамыз". Туған халқы туралы мұндай ой Ыбырайдың  демократтық көзқарасына негіз  болды және оны сеніммен жұмыс  істеуге шабыттандырды. Сонымен  бірге Ыбырай ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре білді. Әкімдердің зорлықшыл сорақы қылықтарын сынға алды. Олардан қарапайым  халықты корғады. "Қызмет бабында мен қазақтармен жиі-жиі ұстасып қаламын, — деп жазды ол 1864 жылы Ильминскийге, олардың ішінде менің өз туысқандарым да бар. Олардың сырын жақсы білемін, көбін тіпті жек көремін, қазақ арасындағы қызмет адамдарын да көңілім тіпті сүймейді. Олар кедей қазақтарды — қарсылық көрсете алмай, қаскырдың аузында жем болатын қорғансыз момындарды — адамшылықтың шегінен шыға, арсыздықпен тонайды, талайды. Соларды көргенде... өте қатты күйінемін... Осы елдің күшті жемқорларының бірі өздерінің істеп жүрген істерін менің жақтырмайтынымды біліп қалды... Сондықтан ол мені бұл арадан қуып жіберудің амалын істеп жүр". Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды. 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушы дарының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. "Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім, – деп жазды ол. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды". Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. 1883 жылы Торғай облысының әскери губернаторына жолдаған баяндамасында ол: "Қазақтарға – осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа – кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру — қалай дегенмен де аса қажет болып отыр", – деп жазды. Осы жолда Ыбырай көп қиыншылықтар да кездестірді. Ел ішіндегі ескішілдік, парақорлық пен өсек-аяң оның жанын күйзелтті. "Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек" деп санады. Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған. Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім". "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Қалалар Қазақстан жерінде ежелгі дүние кезеңдерінде қалыптасқан жоспарлы экономика тұсындағы урбандалу саны жағынан қалалар мен халық саны өсті. Қала және қала типтес ауылдар көбінесе бір кәсіпорын маңында (зауыт, фабрика, кен орны) калыптаса бастады. Экономикалық дағдарыс тұсында көсіпорындардың жабылуы қала тіршілігінің де жойылуына алып келді. Осыған орай мемлекеттің күшімен көптеген қала типтес кенттер біртіндеп ауылға айналды. Қазіргі таңда 86 кала және 35 кент бар. Қалалар тұрғын санына, атқаратын қызметіне және елді модернизациялаудағы реліне қарай бөлінеді. 
 
Қала қызметі - қаланың негізгі қызметі. Олар қаланы қалыптасатын және қалаға қызмет көрсететін салаларға бөлінеді.

 

 

Енді өздерің байқағандай Қазақстанда ұсақ қалалар басым. Бірақ қалалықтардың 4/5 (халықтың 40%) үлкен қалада өмір сүруде. Олардың міндеті халықтың орналасуын жақсарту, өмір сүру деңгейін жоғарылату және мемлекетті модернизациялау, себебі кез келген қала (саны 100 мыңнан артық болса) айналасында агломерацияны қалыптастыруы мүмкін. 
Агломерация (лат. aqqlomerare - қосылу) қалалық орналасудың екінші формасы. Агломерадия негізгі қаладан (ядро) және серіктес қаладан (өндірістік, көліктік, сауда, туристік) тұрады. Арасында өндірістік, еңбек, мәдени байланыстар бар. Агломерация екі жолмен қалыптасады. Бірінші жолы суға тамған май тамшысы сияқты біртіндеп жайылып, айналасындағы елді мекендерді өзіне қаратып алады. Нәтижесінде серіктес қалалар пайда болады.

 

 

Орналасудың үшінші формасы - мегаполис (гр. meqas - ірі (үлкен) polis - қала). Агломерациялардың бірігуін мегаполис дейміз. Тұрғындар саны бірнеше ондаған миллионға жетеді. Мұндай жоғары үлкен қалалар Астана - Қарағанды, Алматы - Талдықорған, Шымкент - Тараз маңында, ірі көлік орталықтарында болуы мүмкін. Бұл қалалардың өсуіне себепші халықтың қолайсыз аймақтардан қалаларға көшуі, репатриация және реэмиграция.  
Барлық халықтың ішінде қалалықтардың басым болуы қалалық өмір сүрудің басымдығын көрсетеді. Біздің елімізде урбанизация дедгейі соншалықты жоғары емес. Оның деңгейін жоғарылату - алдағы тұрған мақсат және елді модернизациялаудың бір жолы. Қазақстанда аз урбандалған аймақтарда (халықтардың үлесі 40%-дан аз) орташа урбандалған (40-60%) және жоғары урбандалған аймақтарда кездеседі (60% - жоғары).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Махмұд Қашқари


Махмұд Қашқари

Дүниеге келгені:

1029 
Қырғызстан жеріндегіЫстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы)Барсхан қаласы

Қайтыс болғаны:

1101

Мансабы:

түркі ғалымы


 

Мазмұны

  • 1 Туған жері
  • 2 Өмірбаяны
  • 3 Түркі ғалымы
  • 4 Пайдаланған әдебиет

Туған жері


Махмұд Қашқари (ұйғ. مەھمۇد قەشقىرى, Mehmud Qeshqeri; 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ат-түрк»(«Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады. Ат қасқасы ай болмас. Төрт түлік мал туралы

Су татырмасқа - сүт бер. Тәлім-тәрбие,өсиет,тағлым туралы

Ер жігітті қорлама. Тәлім-тәрбие,өсиет,тағлым туралы

Үлкенмен керіспес болар. Тәлім-тәрбие,өсиет,тағлым туралы

Бар - бақыр, жоқ - алтын. Байлық-кедейлік туралы

Қолыңа күміс қонса - алтын өзі  келер. Байлық-кедейлік туралы

Көсеу ұзын болса - қол күймес. Сақтық туралы

Ит - қаппас деме, ат - теппес деме.


Сақтық туралы

Аңшы - қанша айла білсе, аю - сонша  соқпақ біледі. Аң-құс туралы

Арқадағы жауыр ұлға қалар. Мұрагерлік туралы

Аш - не жемес, тоқ - не демес.


Жоқтық туралы

Әдептің басы - тіл.


Тіл туралы

Ұятсызбен ұстаспа. Ар-намыс, ұят туралы

Бақыттың белгісі - білім. Ғылым-білім, өнер туралы

Жер бастырығы - тау, ел бастырығы - бек.


Бек, хан туралы

Ақылды сөз - алтын табаққа жеткізер. Асыл сөз туралы

Атаның ұлы - атасына тартып туар.


Адам өмірі туралы

Екпейінше - өнбес, талпынбайынша - жетпес. Еңбек туралы

Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес. Қоғам, мемлекет, заман туралы

Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді. Әйел, ана туралы

Күндестердің күлі де - күндес.


Күншілдік, қызғаныш туралы

Жалғыз қаздың үні шықпас. Жалғыздық  туралы

Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам  қыл. Сабырлық туралы

Арыстан күркіресе - аттың аяғы тұсалар. Үрей туралы

Далада бөрі ұлыса - үйдегі штің бүйірі солқылдар. Үрей туралы

Информация о работе Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов