Әлем экономикасына Астана төрінен көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 13:20, реферат

Описание работы

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен V Астана экономикалық форумының салтанатты ашылуы болып өтті.

Файлы: 1 файл

Әлем экономикасына Астана төрінен көзқарас.docx

— 473.97 Кб (Скачать файл)

Қазақстан іс жүзінде өзінің таңдап алған жолының өміршеңдігін көрсетіп отырған ел ретінде біздің гүлденуіміз және басқа да мемлекеттердің гүлденуі тұрақтылық пен бейбітшілік болмайынша мүмкін емес екендігін жақсы түсінеді. Осыған байланысты әлем үздіксіз прогреске қарай дамуы үшін барлық мемлекеттер үшін міндетті болатын ХХІ ғасырдағы әлемдік құрылыстың қағидатты іргетасын қалауы керек. Адамзат өркениетінің даму құрылымы, менің ойымша, мынандай 5 принципке негізделуі керек, оны мен G-GLOBAL қағидаты деп атауды ұсынамын. 

Бірінші қағидат:

РЕВОЛЮЦИЯ ЕМЕС, ЭВОЛЮЦИЯ

Адамзат төңкеріске және әлемдік соғысқа деген лимитін өткен ғасырда-ақ тауысты деп есептеймін. Сондықтан бүгінде адамзаттың барлық ақыл-ойы бейбітшілікті сақтаумен айқындалады. Бұлай болмайтын болса – өзін-өзі жою. ХХІ жүзжылдықта жаһандық архитектураны ойдағыдай жаңғырту тек эволюциялық жолмен ғана жүруі керек. «Араб көктемі» көрсеткеніндей, төңкеріс тек қоғам дамуын тежейді, оны артқа құлдыратады, мемлекетаралық қатынастарды шиеленістіреді, бұрынғыдан да көп проблемалар туындатады. ХХІ ғасырда төңкеріс тек ғылыми білім мен технологиялар саласында ғана мүмкін және орын алуға тиіс. Өйткені, олар саяси тәжірибеде және әлеуметтік өмірде құрдымға апарады. Әсіресе, ол дайындалмаған экономикалық ортада белең алатын болса. Реформалар жолы – бұл ХХІ ғасырдағы прогрестің бірден-бір жолы. 

Екінші қағидат:

ӘДІЛЕТТІЛІК, ТЕҢДІК, КОНСЕНСУС

ХХІ ғасырда елдерді ұлы  және қосалқы, бастаушы және еруші елдер  деп бөлу өркениеттілік тұрғысында мүлде ескірген. Үстемдікке ұмтылу инерциясы прогреске апармайды. Ол планетамыздың жекелеген елдері мен аймақтарын жаһандық дамудан шетқақпай қалдыру қаупін туғызады. Бұл – барша үшін де тығырық. Геосаяси тәжірибеде оның баламасы жаһандық экономиканы, валюталық жүйені және саясатты барлық мемлекеттердің теңдігіне негізделген әділетті негізде дамыту болып табылады. Осы орайда әлеуметтік әріптестікке және жауапкершілікке негізделген жаһандық әлеуметтік дамудың жаңа парадигмасына көшу маңызды болып табылмақ. Бұл қарапайым адамдардың экономикалық өсім мен пайданы белсенді түрде пайдалану мүмкіндігін кеңейту жолы. Болашақта жаһандық шешімдерді барлық деңгейде – БҰҰ-да, халықаралық ұйымдарда, діни бірлестіктерде, форумдар мен саммиттерде консенсустық негізде ғана шығарудың өмірлік маңызы жоғары. Әлемдік экономикалық жүйені түбегейлі өзгерту «Вашингтондықтан» Жаһандық консенсусқа ауыспайынша мүмкін емес екендігін атап көрсеткен маңызды. Бұл жерде әңгіме, ең алдымен, дамыған елдердің де, сондай-ақ, дамушы елдердің де мүдделерін жаһандық тұрғыда ескерудің жаңа жүйесін ескеру тұрғысында болып отыр. 

Үшінші қағидат:

ЖАҺАНДЫҚ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ  ЖӘНЕ СЕНІМ

ХХІ ғасырда толеранттылық  экономикалық дамудың маңызды факторы болатындығы туралы бүгінгі заманның «креативті тап» тұжырымдамасы авторларының түйіндемелері маған ұнайды. Біз Қазақстанда оны ерте-ақ түсініп, дінаралық үнқатысу бастамасын көтердік, деді одан әрі Елбасы.

Енді бір аптадан кейін  Астанада осымен төртінші рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді. Міне, осындай ғылыми көзқарасты дамыта отырып, әлемдік экономиканы рецессия жағдайынан шығарудың бір тетігі жаһандық толеранттылық екендігін атап айтамын. Бұл этносаралық, дінаралық және мәдениетаралық өзара құрметтеу ғана емес. Экономиканың және қоғам дамуының дәрежесіне, тарихи тәжірибесіне, жаһандық салмағы мен беделіне қарамастан, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас та толеранттылыққа негізделуі керек.

ХХІ ғасырдағы әлемнің  әртектілігі экономикалық, мәдени, ақпараттық байланыстарға зор мүмкіндіктер береді. Толеранттылық болмайынша жаһандық сенім де болмайды. Осыдан 20 жыл бұрын БҰҰ мінберінде тұрып, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің үдерісі туралы бастама көтерген болатынмын. Ол бүгінде халықаралық беделді құрылымға айналды. АӨСШК-нің осындай арқаулық тетіктерін Сенім шараларының каталогы ретінде бүкіл БҰҰ-ның бүкіл жүйесіне тарату да болар еді. Сондықтан жаһандық сенімсіз дағдарысқа қарсы тиімді де үйлесімді келісімдер жасау мүмкін емес, деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы. 

Төртінші қағидат:

ЖАҺАНДЫҚ ТРАНСПАРЕНТТІЛІК

G-GLOBAL пішініндегі әлем  – бұл транспарентті ұлттар  қоғамдастығы. Онда ұлттардың – кіші ұлттардың да, орташа ұлттардың да, үлкен ұлттардың да жетістіктерін кемсітудің ешқандай да «қосарлы стандарттары» болмауға тиіс. Халықаралық шараларға барынша ашықтық және мөлдірлік қажет. Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде және әзірге ХХІ ғасырда жалғыз ғана болып отырған ЕҚЫҰ-ның Астана саммитінде өзінің барлық әріптестерін осыған шақырды. Тек осындай жағдайда ғана жаһандық экономиканың дамуы ойдағыдай болады. Әрбір халықтың байлығы да артады. Сонда ғана әлем адамдардың күрделі жағдайына, аштыққа, ауруларға байланысты туындайтын көптеген проблемаларынан құтылады. 

Бесінші қағидат:

СЫНДАРЛЫ КӨПҚЫРЛЫЛЫҚ

Көп қырлы әлем құру –  бұл ХХІ ғасырдың жаһандық дамуының тренді, деп атап көрсетті Президент. Алайда, полюстер арасындағы қарым-қатынас қалай болады, міне, мәселе осында. Ол адал да әділ бәсекелестік, бейбіт сайыс бола ма? Әлде әлем қатал идеологиялық және саяси текетірестің алаңына, «жанталаса қаруланудың» жаңа сахнасына айнала ма? Олай болған жағдайда бықсып жатқан аймақтық қақтығыстардың оттары қайтадан өршиді. Адамзат ядролық қаруды таратуды бақылауға қоюды қадағалай алмайды. Халықаралық лаңкестік пен экстремизмнің қаупі күшейеді. Мұндай қауіптер мен шиеленістерге қарсы тұрудың бірден-бір баламасы – сындарлы көпқырлылықты қалыптастыру. Бұл әр қырлы әлемнен мұраға қалған келеңсіз блоктық психология, жаһандық текетірестерден ада жүйе болуы керек. Онда жаһандық көрсеқызарлыққа орын болмауға тиіс. Онда қуатты интеграциялық бірлестіктер тығыз баланста және бейбіт қатар өмір сүру керек. Жақын болашақта Еуразиялық экономикалық одақ соның айқын үлгісі болмақ.

Көп қырлы әлем өзара түсінісу жағдайында ғана жаһандық экономиканың бүгінгі проблемаларын шешетіндігіне және тұрақты даму сатысына көтерілетіндігіне мен сенімдімін, деді одан әрі Президент. Форумға қатысушыларды G-GLOBAL-дың осы қағидаттарын талқылауға шақырамын. G-GLOBAL идеясының әлеуеті әлемдік қоғамдастықтың қолдауы арқылы кеңінен дамитындығына мен сенімдімін. Сондықтан арнайы қуатты Интернет-портал құруды маңызды деп санаймын. Оны G-GLOBAL-дың басты идеялары арқылы байыту керек. Бұл мен өзімнің «Дағдарыстан шығудың кілті» және «Бесінші жол» атты мақалаларымда жазған әлемдік экономика және валюта жүйесі болып табылады.

Бұл бірінші кезекте Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте ядролық қарусыз әлем; жаһандық қауіпсіздікті нығайту болмақ. Сонымен бірге, бұл – өркениеттер мен мәдениеттер үнқатысуын кеңейту. Жаһандық энерго-экологиялық даму тұжырымдамасын, оның ішінде, «Жасыл көпір» атты қазақстандық бастаманы дамыту болып табылады. Бұл бағыттар Жаһандық болашақ стратегиясының, ХХІ ғасырға және болашақ ғасырлардың қойнауына ұмтылудың құрамдас бөлігі болар еді. Осындай жобаны ғылыми тұрғыда белгілеу және ауқымды сараптамалық тұрғыда негіздеу үшін Еуразиялық экономикалық клубтың базасында Халықаралық болжамдау институтын құруды ұсынамын!

Мен ХХІ ғасырдың адамзаттың ұлы ақыл-ойының дәуірі болатынына сенімдімін, деп атап көрсетті осы орайда Қазақстан басшысы. Біз G-GLOBAL жобасын бір ғана мақсатпен – сол дәуірді қарсы алуға алғашқы қадам жасау мақсатында ұсынып отырмыз. Бұл – экономикалық дағдарыстар болмайтын тиімді жаңа әлемдік валюта үшін жасалатын қадам.

Осы ретте мен Астана форумына қатысушыларды Жаһандық дағдарысқа қарсы жоспарды белгілеу үшін Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция өткізу үшін БҰҰ-ға Үндеу қабылдауға шақырамын. Форумның барлық қатысушыларына сәтті әрі нәтижелі пікір алысу, жемісті жұмыс тілеймін, деп қорытындылады сөзін Президент.

Елбасы сөзі аяқталғаннан кейін пленарлық мәжілісті жүргізуші Стивен Данбар-Джонсон Қазақстан басшысына бір сұрақ қоймақ ойы барын жеткізді. «Мен Үкіметте болған сәтімде Қазақстанның да дағдарыстан тыс қалмағандығын естідім. Оны осы сөзіңізде өзіңіз де айта кеттіңіз. Бірақ сіздер бұл қатерлі дерттен тез ес жинап, қайта алға басқан екенсіздер. Мен осының себебін білгім келеді», деді.

Қазақстан Президенті бұл  сұраққа берген жауабында дағдарыс қатерін, ең алдымен, Қазақстанның қаржы саласы сезінгендігін жеткізді. «Біз, сөйтіп, алған кезде тәтті көрінетін несиенің арғы жағы тор секілді болып келетіндігін жедел ұқтық. Сондықтан бірінші кезекте жұмыс орындарын құру мәселесіне көп бұрын көңіл бөле бастадық. Бұл бізге үлкен көмек көрсетті. Рас, дағдарыстың бірінші толқынының келгеніне де бес жылдай уақыт болып қалды. Ал екінші толқын белгісі әлі сезіле қоймаған секілді. Осыған байланысты дағдарыспен күрестің алдын ала жоспарларын құруға, нұсқаларын белгілеуге тура келді. Мәселен, біз бірінші шара ретінде бір баррель мұнайдың бағасының 45 долларға дейін құлдырауын белгіледік, екіншіден, 85 миллиард доллардай жалпы активтері бар қор құрдық. Үшіншіден, Кеден одағын қалыптастыруға қол жеткіздік. 2015 жылға таман Еуразиялық экономикалық одақ құрамыз деген ойымыз да бар. Міне, осылардың барлығы біздің әлемдік дағдарысқа әзірлік шараларымыз болып табылады. Егер дағдарыс бола қалатын болса, қазір біз оған әзірміз», деп жауап берді.

Пленарлық отырыстағы Елбасынан  кейінгі сөз кезегі Түркия Премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанға берілді. Өз сөзін қазіргі әлемде орын алып отырған жағдайларды баяндаудан бастаған Түркия Премьер-министрі бүгінгі экономика үшін борыш проблемасының алдан шыққандығын ауызға алды. Еуропаны тұншықтырып отырған нақ осы мәселе екендігін айтып өтті.

Дегенмен, қазіргі күні Еуроодақ дағдарысты еңсеру жөнінде біршама белсенді шаралар қабылдап отыр. Одан біз үміт күтеміз. Өйткені, Еуроодақ Түркия үшін ең жақын жерде орналасқан үлкен экономикалық құрылым болып табылады. Бізде Еуроодақпен жұмыс істесудің жақсы тәжірибесі бар. Біз Еуроодақпен 1996 жылы мәмілеге келген болатынбыз. Сол мәміле бойынша алға басып келеміз, деді Түркия үкіметінің басшысы. Сонымен бірге, ол Еуроодақта жағдай жақсару үшін жартыкеш шаралармен қанағаттанып қалуға болмайтынын да айтты. Бүгінгі күні Еуроодаққа терең тамырлы реформалар қажет болып отыр. «Үлкен жиырмалық» елдері, міне, осы мәселеде оған қолдау білдіруі қажет екендігін жеткізді. Өкінішке қарай, тиімді шаралар қабылдау уақытының кешіге түскені байқалады. Бұл Еуроодақтағы жағдайды ауырлата түсуде. Жақында Еуроодақ елдерінде болған бірқатар сайлаулар осыны көрсетіп берді. Халыққа істің артын ойламай уәде бергіш жеңіл саясаткерлер тарих сахнасына шыға бастады. Бұл жағдайдың түптің-түбінде Түркияға да салқынын тигізуі мүмкін деген тұжырымын жеткізді.

Режеп Ердоғанның айтуынша, Түркия осы уақытқа дейін үлкен реформаларды бастан өткерді. Ол реформалардың Түркияға тигізген пайдасы көп болды. Елде тұрақты даму мүмкіндігі қалыптасты. 2010 жылдың өзінде даму көрсеткіші 8,5 пайызды құрады. Қазіргі күні Түркия әлемдегі қарызы аз елдердің бірі болып табылады. Халықаралық валюта қорының алдында ешбір қарызы жоқ. Түркия Премьер-министрі өз елінің осындай жағдайын айта келе, әр елдің экономикалық мүмкіндігі мен әлеуетіне баға беретін халықаралық рейтинг агенттіктерінің қызметін сынға алды. Маңызды рейтинг ұйымдары бағалау білдірген кезде идеологиялық көзқарастан тыс тұруы тиіс. Әйтпесе, олардың берген бағасының пайдасынан гөрі зияны көп болады деді. Осы ретте халықаралық рейтинг агенттіктерінің жұмысына қатысты өзінің бірнеше ескертулер жасағанын да жеткізе кетті. Егер рейтинг агенттіктері өз қызметіне адал болса, ең бірінші кезекте бағалап отырған елдеріндегі сенімділік пен тұрақтылық мәселесіне көп көңіл бөлуі тиіс. Өйткені, сенімділік пен тұрақтылық – ел дамуының басты кепілдерінің бірі, дей келіп нақ осы мәселеде Түркияның Қазақстан секілді әлем елдерінің арасында алдыңғы қатардан көрінетіндігін жеткізді.

Менің ойымша, халықаралық  қауымдастықта орын алып отырған түрлі проблемаларды талқылағанда Астана экономикалық форумы секілді басқосулардың пайдасы көп. Мұндай басқосулар шындыққа жете түсуге көмектеседі. Сондықтан мен осындай жиынды ұйымдастырып, жүйелі түрде қол жеткізген Қазақстан мемлекетінің басшысы Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға ерекше алғысым мен құрметімді білдіремін, деді Режеп Ердоған.

Келесі сөз кезегіне ие болған БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ша Цзукан форумға қатысушыларға деген Бас хатшы Пан Ги Мунның жолдаухатын оқып берді. Хатында Пан Ги Мун соңғы бес жылдың көлемінде Астана экономикалық форумының жаһандық мәселелерді белсенді талқылау алаңдарының біріне айналғандығын айтып, қазіргі әлемнің күрделі проблемаларға ұрынғандығын, адамдардың үмітсіздікпен уайымға салына бастағандығын ашына отырып жеткізіпті. Демек, әлемдік қоғамдастық өз алдына жаңа күн тәртібін нақты қоятын мезгіл жетіп отыр.

Осы ретте Пан Ги Мун  Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық мәндегі келесі басқосуына үлкен үмітпен қарайтындығын, оның күн тәртібіне күрделі мәселелердің қойылатындығын айтыпты. Міне, осы ретте жоғарыдағыдай басқосуға жаңа ұсыныстар мен жаңа идеялар әзірлеуде Астана экономикалық форумының қызметіне жоғары баға берілген. Хатының соңын БҰҰ Бас хатшысы форум жұмысына үлкен табыстар тілеп, оны ұйымдастырушы Қазақстан тарапы мен оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды білдіремін, деп түйіндеген.

Мұнан кейін өз пікірлерін де білдіре кеткен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ша Цзукан алғашқы дағдарыс толқынының сезілгеніне 4,5 жыл өткенімен, әлемнің сондағы әсерлерден әлі күнге айырылып болмағандығын, демек, алғашқы толқын салмағының өзі толық сейілмегендігін жеткізді. Сонымен қатар, ендігі уақытта бизнесті жүргізу ісіне де өзгерістер енгізу қажеттігін, басты мақсат табыстың молдығы емес, ашылған жұмыс орындарының көптігі екендігін ортаға салды. Өйткені, әлемде жұмыссыздық ауқымы барған сайын нығайып, шектен шығып кетіп отыр. Мұның арты үлкен әлеуметтік сілкіністерге әкелуі мүмкін. Оның үстіне бай мен кедей арасындағы алшақтықтың арасы да барған сайын ұлғайып барады. Әлемде құрылуға тиіс жаңа тәртіп ең алдымен осындай проблемалардың орын алмауын ескеруі тиіс.

Сонымен қатар, Ша Цзукан қазіргі  әлемді кернеп алған дағдарысқа байланысты әлсіз елдерге жәрдемдесіп отыратын халықаралық көмек қорларының ауқымы да азая түскендігін ескерте кетті. Дамыған елдердің өзі оларға қосар үлесін азайтып отыр. Әлем халықтары бөлінбес үшін алдағы уақытта бұл мәселені де ескеру қажет.

БҰҰ қызметінің беделді тұлғасы өз сөзінің соңын Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады. «Жоғары мәртебелі Президент мырза. Сізге осы форумды ұйымдастырғаныңыз және оған мені де шақырғаныңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бұл форумның қазіргідей шақта маңызы зор. Сондықтан мен оның жұмысынан көп нәтиже күтемін», деді.

Мұнан кейін сөз кезегін  алған Германия Федеративтік Республикасының бұрынғы президенті, Халықаралық валюта қорының бұрынғы таратушы-директоры, Еуропа Қайта құру және даму банкінің бұрынғы президенті Хорст Келер өзінің Қазақстанға мұның алдында да келгендігін айтып өтті. Бұл жолғы келуін өзіне көрсетілген құрмет ретінде бағалайтындығын айтып, осы үшін Қазақстан басшылығына алғысын жеткізді.

Информация о работе Әлем экономикасына Астана төрінен көзқарас