Этнологиялық ойлар тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2015 в 11:55, реферат

Описание работы

Этнология-грек тілінен аударғанда тайпа, халық туралы ғылым және этнография-грек тілінен аударғанда жазамын деген мағынаны білдіреді. Ғылыми білімдердің бір саласы болғандықтан, материалдық мәдениетті, туыстық жүйені, өмірлерін қамтамасыз ету, тәрбиелеу, әр түрлі ұлттардың әлеуметтік және саяси құрылымын, энтогенез, мәдени аралық қатынастар проблемасын, этностарды орналастыру, олардағы демографиялық процесстерді, белгілі бір ұлт өкілдерінің мәдени қасиеттерін салыстыруды зерттеуге бағытталған. Этнография құбылыстарды сипаттайтын ғылым, ал этнология оның теориясы болып табылады. Сонымен қоса этнология, ұлттық салт-дәстүрлерді, дағдыралды, әдеттерді, әр түрлі ұлт өкілдерінің әрекет-қылығының спецификалық ерекшелігін де қарастырады.

Содержание работы

1.Кіріспе:
1.Этнос пен этнология болмысы туралы қазіргі ғылым
2. Негізгі бөлім:
2. 1. Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы
2.2 Этникалық үрдістер: метисатция, ассимилияция этногенетикалық дивергенция, этникалық консолидация т.с.с.
3. Қорытынды бөлім:

Файлы: 1 файл

этнология4.doc

— 149.00 Кб (Скачать файл)

Этноажыратушы процестердің өзі де күрделі құрылым және ол былайша бөлінеді: этникалық парциация - тұтас этностың бірнеше дербес қауымдарға бөлініп, өзінің өмір сүруін тоқтатуы; этникалық сепарация - этностың тек бір бөлігінің бөлініп, дербес этносқа айналуы; этникалық дисперсиялану - этностың бір бөлігі одан да бөлініп, ол жеке этносқа айналмай, этникалық топ ретінде қалыптасады.

Этнобіріктіруші процестер өзінің құрылымы жағынан жоғарыдағыдан да күрделі және консолидация, этносаралық интеграция, ассимиляция және этникалық миксация деген типтерге бөлінеді, ал бұлардың кейбірі өз кезегінде бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы, консолидация ішкіэтникалық және этносаралық деп бөлінеді. Егер ішкіэтникалық консолидация этностың құрамына кіретін субэтникалық және этнографиялық топтардың айырмашылықтарын алып тастау арқылы бір этносқа бірігуі болса, ал этносаралық консолидация тілі және мәдениеті жағынан туыс тайпалардың жаңа, ірі этносқа, яғни суперэтносқа бірігуін білдіреді. Келесі тип ассимиляция жекелеген дербес этностардың немесе оның кейбір өкілдерінің өзге этностың, әдетте неғұрлым ірі этностың құрамына сіңіп кетуі. Ассимиляция табиғи және зорлық-зомбылық деп бөлінеді. Табиғи ассимиляция - әртүрлі этникалық топтардың тікелей қатынасы нәтижесінде, мысалы, аралас неке арқылы іске асса, ал зорлық-зомбылықты ассимиляция бөтен этникалық ортада этнос дамуының күшпен, қысыммен ассимиляцияның жасанды жеделдетілуін білдіреді. Этногенетикалық миксация да этнобіріктіруші процестерге жатады және бірнеше туыс емес этностардың бір-бірін физикалық алмастыруы арқылы іске асатын өзара әрекет нәтжесінде жүзеге асады. Шетелдік әдебиетте бұл процесті белгілеу үшін "амальгация” немесе "мисцегенация” ұғымдары қолданылады. Бұл типтер неғұрлым тығыз этникалық процестермен сипатталады және, әдетте, жаңа этностардың түзілуімен аяқталады. Осы барлық біріктіруші процестердің барлығының ішінде этносарлық интеграция ерекше көзге түседі. Этнобіріктіруші процес ретінде этносаралық интеграция тілі мен мәдениеті әртүрлі этностардың өзара әрекетін білдіреді және осының нәтижесінде өзіндік сананың бірқатар ортақ элементтері мен сипаттары пайда болып, жаңа этностың емес, метаэтникалық немесе этносаралық қауымның пайда болуына әкеледі.

Этикалық процестердің даму кезеңдерінің де өз күрделі құрылымы бар. Бұл, ең алдымен, жеке этникалық және этносаралық процестер. Жеке этникалық процестер өзінің құрылымы жағынан аса күрделі емес, өйткені бұл шетелдік қоғамтану ғылымында "сақырлап қайнап жатқан қазан” деп сипатталатын ішкі этникалық процеспен байланысты. Және бұл этникалық қайта өрлеумен және этностық ішкі топтасуымен байланыстырылады. Ал этносаралық процестердің, әсіресе этнобірігуге негізделген процестердің құрылымы анағұрлым күрделірек.

Бұл берілген жағдайда этносаралық процестер бірнеше жекелеген кезендерге бөлінеді. Этносаралық процестердің ең бастапқы және қарапайым формасы алғашқы түйісу болып табылады және бұл жерде этносаралық контакт емес, бір этнос өкілдерінің келесісінің мәдениеті және тұрмысымен танысу ғана орын алады. Тек "адаптация” (бейімделу) мен "аккомодация” ғана этностар арасындағы нақты байланысты, бөтен этникалық ортаға бейімделуді білдіреді. Шетелдік әдебиеттерде адаптацияның бастапқы кезеңін маргиналдық кезең деп те атайды және бұл кезең автостереотиптің өзгере бастауы мен өзін жаңа қоғаммен бірегейлендіре бастауының аралығын сипаттайды. Қазіргі батыстық әлемде этникалық плюрализм формасы кеңінен таралған. Бұл кейбір жекелеген элементтері ортақ, тұтас ұлттық-мемлекеттік қауымдастықты білдіретін әртүрлі этностардың қатар өмір сүруі болып табылады. Бұл ұғым жоғарыда қарастырылған "этносаралық интеграция” түсінігімен белгілі деңгейде сәйкес келеді. Этникалық плюрализм бірнеше түрлерге бөлінеді. Мәдени плюрализм немесе аккультурацияның нәтижесінде өзге этностың кейбір жекелеген элементтерін, нормаларын, құндылықтарын игерумен байланысты этнос мәдениетінде өзгерістер болады. Келісімдік плюрализм шетелдік әдебиеттерде этникалық тиесіліктің, этникалық ұйымдасудың және этникалық өзіндік бағыттың ерекшеліктері сақталатын этносаралық процестер деп анықталады. Дұшпан плюрализмде этносаралық қайшылықтар шиеленісе түседі. Және, соңғысы, ресми плюрализм аз топтардың ерекшелігін құқықтық қорғау мен олардың автономиясының кепілін білдіреді.

Этносаралық процестердің келесі кезеңі өте тығыз байланыспен сипатталып, ассимиляция ұғымымен түсіндіріледі және аз топтың жойылып, бірте-бірте үстем этноспен сіңісуін білдіреді. Шетелдік әдебиетте ассимиляция қуғындау, жою және сегрегация жолымен жүретін - зорлық-зомбылықты және өзге мәдениетті үнемі игеру арқылы іске асатын - бейбіт ассимиляция деп бөлінеді.

Берілген жағдайда ағылшындандыруды зорлық-зомбылықты ассимиляция деп айтуға болады, өйткені ол ағылшындық құндылықтарды таңып, өз тіліңнен, мәдениетіңнен және т.б. бас тартуды білдіреді. Бұл процеспен салыстырғанда дұрыс қазан прогресивті, өйткені ол дискриминацияны, бір этникалық топтың үстемдігін теріске шығарады.

"Дұрыс  қазан” барлық этникалық айырмашылықтарды  қайта қайнату нәтижесінде жаңа  этностың пайда болуын білдіреді. Дұрыс қазанның үш тұтастықты  процесі бірқатар кезеңнен өтеді:  конфессионалдық, кейіннен мемлекеттік ортақтық шеңберіндегі айырмашылықтарды өшіру.

Этносаралық процестердің соңғы кезеңі шетелдік әдебиетте „амальгамация” немесе „мисцегенация” деп белгіленеді және нәсілдік-мәдени топтардың биологиялық алмасуын білдіреді. Этникалық және этносаралық процестердің сипаттамасын және олардың

классификациясын аяқтай отырып, бұл процестердің қозғалыссыз қалпында берілген типологияға сәйкес келгенімен, динамикада мұның көрінісі бір мағынада бейнеленбейді. Бұл процестер этникалық қауымдардың әр түрлі деңгейлерінде және әртүрлі бағыттарында бір мезгілде іске асады. Этносаладағы нақты процестер мен оқиғаларды талдау барысында біз әрқашанда оның күрделілігін, бірмезеттілігін, қайшылықтылығын және әртүрлі бағыттылығын ескеруіміз қажет.

Тұтастай алғандағы ұлттық өздік сана адамдардың төл этносы мен өркениетінің ерекшеліктерін (ол – күллі тарихи тәжірибе сабақтастығын қамтамасыз ете алатын, ұжымдық тұрмысты ұйыстырудың тетіктері мен түрлері) танып-білу деген сөз. Этос пен өркениет, тарих пен тәжірибе бұрындары қандай болған, қазіргі кезде қандай өзгеріске ұшырады? Міне, ұлттық сананың негізгі міндеті де осыны байыптай талдау болып табылады. Бұдан хабар тапқан ұлттық өздік сана тұтастай алғандағы ұлттық-әлеуметтік қауым мен оның өркениетінің қайсы жолмен баруы қажет, қоғамдық дамудың қайсы моделі мен нұсқасын тандауы керек деген сауалға жауап табуы тиіс. Мысалы, қазіргі кезде орыс ұлтының ұлттық санасы Ресейдің дамуы жолдарын аласұра іздестіру үстінде, оның екі нұсқасын ұсынып отыр: 1. Православ дінінің терең тамырлары, қайнар бұлақтарына жол тартатын метафизикалық негіздерді іздестіру. Мұны орыс мәдениеті ұғымымен байланыстырады; 2. Екінші мүмкін болған нұсқа – адамның өзін қоршап тұрған шындық-тіршіліктен жағымды мәндерді іздеп-табуы, яғни оның өзін, өмірін, ортасын мәдениеттендіру бағытымен жүру қажеттілігі[4]. Ал, «Еуразияшылдықтың» доктринасы бұдан бөлектеу ұстанымдарға ден қойған[5].

Қазақ қалай дамуы керек? Қалай болғанда да, Еуропа немесе тағы басқа елдердің құндылықтары, қоғамдық институттары мен стандарттарына ауытқып кетпей, Шығыс пен Батыстың құндылықтарын, сондай-ақ төл этос пен жаңа жағдайда жүзеге шыққан құбылыстарды ортақтастыратын-орталықтандыратын нүктені қалап алуымыз керек. Әрине, мемлекеттік құрылым (саяси элита) мен рухани элитаның өтпелі кезеңдегі халықтың этникалық қалпын орнықтыру мен дамытудағы рөлі өлшеусіз. Бұл үдерістің нәтижесі өкімет басындағылардың рухани потенциалы мен ішкі орентирінің сипатына байланысты. Сондықтан өтпелі кезеңдегі этнос пен мемлекеттіліктің арақатынасы, өзара әсерлесуі мәселесі індете зерттелінуі керек. Сондай-ақ, Қазақстан патриотизмін қалыптастырудың жолдары мен механизмін іздестіру қажет-ақ. Өйткені, бұл – бүкіл қазақстандықтардың бірлігі мен тұтастығын нығайтудың негізгі факторларының бірі. Өкі-меттегілердің айтып жүрген «Қазақстандық ұлт», «үштұғырлы тіл» саясатын нақтылау бағытында зерттеушілер тобы тарапынан іргелі зерттеу жүргізілуі керек. Дін туралы да осыны айтуға болады. Бұл ретте ресейлік авторлардың белгілі бір халықтың ұлт деңгейіне көтеріле алуын, оның ұлттық мүдделер үшін, мәселен тілі мен мәдениетінің құлдырауы мен ыдырауына алаңдаушылығын білдіре отырып немесе ұлттық езгіге және дискриминацияға қарсы көтеріліп, ұлттық күреске шығуымен байланыстыруы сияқты тұжырымы жөнінде ойлануымыз керек. Әңгіме бұл күрестің шетелдіктерге ғана емес, қоғамның өз ішіндегі ат төбеліндей топқа, тіпті билік басындағылардың ұлттық тұрғыдан жүргізіп отырған нәмақұл саясатына (Шығыс елдеріндегі компрадорлық сияқты) қарсы көтерілуі жөнінде болып отырғандығын оқырманның есіне сала кетпекшімін[6]. Олар этнос терминін табиғи бастаумен байланыстырып, ұлт ұғымын әлеуметтік, экономикалық және саяси аспектілер аясында ұғынуды жөн санайды[7]. Әрине, этнос пен ұлтқа байланысты жасалған тұжырымдардың бәрімен бірдей келісе беруге болмас.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:  
1.Артыкбаев Ж. Этнология и этнография.- Астана., - 2001. 
2. Алексеев В.П. Историческая антропология и этногенез.- М., 1989. 
3.Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология.- М., - 2000. 
4. Скоринов Н. Основы этнологии.- Хабаровск, 1998. 
          5. Тадевасов Г.Т. Этнология: Словарь справочник. – М., 1998 
 
6. Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/1190 
© e-history.kz


Информация о работе Этнологиялық ойлар тарихы