Этнологиялық ойлар тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2015 в 11:55, реферат

Описание работы

Этнология-грек тілінен аударғанда тайпа, халық туралы ғылым және этнография-грек тілінен аударғанда жазамын деген мағынаны білдіреді. Ғылыми білімдердің бір саласы болғандықтан, материалдық мәдениетті, туыстық жүйені, өмірлерін қамтамасыз ету, тәрбиелеу, әр түрлі ұлттардың әлеуметтік және саяси құрылымын, энтогенез, мәдени аралық қатынастар проблемасын, этностарды орналастыру, олардағы демографиялық процесстерді, белгілі бір ұлт өкілдерінің мәдени қасиеттерін салыстыруды зерттеуге бағытталған. Этнография құбылыстарды сипаттайтын ғылым, ал этнология оның теориясы болып табылады. Сонымен қоса этнология, ұлттық салт-дәстүрлерді, дағдыралды, әдеттерді, әр түрлі ұлт өкілдерінің әрекет-қылығының спецификалық ерекшелігін де қарастырады.

Содержание работы

1.Кіріспе:
1.Этнос пен этнология болмысы туралы қазіргі ғылым
2. Негізгі бөлім:
2. 1. Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы
2.2 Этникалық үрдістер: метисатция, ассимилияция этногенетикалық дивергенция, этникалық консолидация т.с.с.
3. Қорытынды бөлім:

Файлы: 1 файл

этнология4.doc

— 149.00 Кб (Скачать файл)

                  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ  БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

                                       С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚМУ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

ТАҚЫРЫБЫ:       «Этнологиялық ойлар тарихы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ 2015ж

 
Мазмұны:

1.Кіріспе: 
1.Этнос пен этнология болмысы туралы  қазіргі ғылым

2. Негізгі бөлім:

2. 1. Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы 
2.2 Этникалық үрдістер: метисатция, ассимилияция этногенетикалық дивергенция, этникалық консолидация т.с.с. 
3. Қорытынды бөлім:

Этникалық үрдістерді реттеу мәселелері

 

Этнос дегеніміз – белгілі бір территория аймағында тарихи түрде қалыптасып, өзінің этникалық бірлігін саналы түрде сезінетін және мәдениетінің тұрақты ерекшеліктері болатын, соның ішінде ортақ тілі бар әлеуметтік топ.

Этностардың өмір сүруінің негізінде олардың өзінің жалпылығын түсінуі болып табылады. Бұл ортақтықты этностар «Олар» түсінігімен салыстырғанда «Біз» түсінігінің басым болуынан көрініс табады. Бұл құбылыстың деформациясы этноцентризм атауына ие болды, яғни адамдардың әр түрлі құбылыстарды өзінің этникалық тобының мәдени стереотиптерінің негізіндегі қабылдауы. Этноцентризмнің мәні – басқа топтарға қарағанда өз ұлтының қасиеттерін асырмалауда жатады.

         Этнология-грек тілінен аударғанда тайпа, халық туралы ғылым және этнография-грек тілінен аударғанда жазамын деген мағынаны білдіреді.  Ғылыми білімдердің бір саласы болғандықтан, материалдық мәдениетті, туыстық жүйені, өмірлерін қамтамасыз ету, тәрбиелеу, әр түрлі ұлттардың әлеуметтік және саяси құрылымын, энтогенез, мәдени аралық қатынастар проблемасын, этностарды орналастыру, олардағы демографиялық процесстерді, белгілі бір ұлт өкілдерінің мәдени қасиеттерін салыстыруды зерттеуге бағытталған. Этнография құбылыстарды сипаттайтын ғылым, ал этнология оның теориясы болып табылады. Сонымен қоса этнология, ұлттық салт-дәстүрлерді, дағдыралды, әдеттерді, әр түрлі ұлт өкілдерінің әрекет-қылығының спецификалық ерекшелігін де қарастырады. 

этникалық үрдістер – этникалық қауымдастықтардың өзгеруіне алып келеді. Қоғамда түрлі жағдайлар әсерінен қалыптасқан Этникалық процестерді этноэволюц. және этнотрансформац. деп бөлуге болады. Алғашқысы бойынша этн. қауымдастықтар әлеум.-экон. жағынан дамиды да, көрші халықтармен байланысқа түсе отырып, ең алдымен, мәдениет пен тұрмыстың өзгеруіне алып келеді. Келесісі бойынша этн. қауымдастықтар немесе олардың жекелеген бөліктері басқаларға қосылады да, этн. санасы өзгерістерге ұшырайды. Мұндай жағдайда көбінесе бір этнос жойылып, басқасы қалыптасады. Оған консолидац. үрдістер мен этносаралық интеграциялар жатады. Соңғысы көп ұлтты мемлекеттерде дамиды және халықтардың өзара кірігуіне, жекелеген ұлттардың басым болуына алып келеді. Мыс., КСРО тұсында бірқатар ұсақ халықтар өздерінің мәдениетін, тілін, ділін жоғалтып, бойына өзге ірі ұлттардың нышандарын сіңіре бастады.[1]

Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасу көздерін іздестіру өте қиын, мұның өзі Қазақстанның ежелгі тарихын, сонымен қатар онымен шектелген аумақты мекендеген, Еуразияның кең этно генетикалық үрдістеріне қатысқан тұрғындардың тарихын зерттеуімен тығыз байланысты. Еуразия - Солтүстік жартышарда орналасқан жердің ең ірі құрлығы.

Еуразияға Еуропа мен Азияның бөліктері енеді. Қазақ халқының шығу тегінің көптеген аспектілері ішінде келесі екеуі маңызды болып табылады: лингвистикалық және антропологиялық. Әрине, көне замандарда осы аймақты мекендеген жергілікті тұрғындар ортақ лингвистикалық және антропологиялық негіздерге ие болған. Қазіргі ұрпақтардағы генетикалық классификациялау негізінен лингвистикалық аспектіге сай келеді. Қазақстанның ежелгі тарихын үнді-еуропалық және түркілік деп үлкен екі кезеңге бөлуге болады. Лингвистикалық жағынан алғанда, бұл кезеңдегі Қазақстанды ғана емес, сондай-ақ кең байтақ Еуразия аймағын мекен еткен адамдар үнді еуропалық тілдер тобының көне ирандық бұтағына енетін. Хронологиялық жағынан қарастырылушы кезең біздің эрамызға дейінгі III — I мың жылдықтарды қамтиды. Палеоантропологиялық зерттеулер. (Антропологияның палеоантропология саласы қазбалы адамдар питекантроп, неандертальдықтардың дене типін зерттейді). Бұл зерттеулер қола дәуіріндегі Қазақстан аумағын мекен еткен ежелгі адамдардың сыртқы келбетін сипаттауға мүмкіндік берді. Бұл кезеңде кең байтақ территорияда ежелгі еуропеоидтердің түрлі нұсқалары кең таралды, бірақ олардың ішінде Андроновтық деп аталатын археологиялық мәдениеттің дала типтері басым болды. Сонымен қатар, шығыс-оңтүстік (Жетісу) және Батыс Қазақстан бөліктерінде шығыс Жерорта теңізі нәсіліне ұқсас тайпалар да мекен етті. 
 
Этникалық азшылықты ұлттық көпшілік тарапынан ассимиляциялауға деген ұмтылыс, ұлттық азшылықгар тарапынан этникалық біртектілікті сақтау талабын қоюы, өркениетті елдердегі этнотілдік жағдайының үрдістерін С. Шлыгина [48], соңғы кездері Еуропада аймақтардың үлкен рөл ойнауы, еуропалық регионализмнің құбылыс ретіндегі талдауына И.Д. Ивановтың [49] еңбегі, сонымен қатар жалпы батыс еуропалық интеграция, оның саяси жақтары жөнінде В.Г. Барановский [50], азшылықтар, олардың халықаралық-құқықтық мәртебесі мәселелері Г. Жвания АХ. Абашидзе мен Ф.Р. Ананидзе еңбектерінен танысуға болады .Сонымен қатар Ресеиде өткен дөңгелек үстел және конференция материалдары да өзіндік қолданыс тапты: Ресей Ғылым Академиясы Латин Америкасы Институтының Иберия орталығындағы әріптестердің қатысуымен (ИМЭМО) Испанияның экономикалық және саяси дамуы мәселелері және негізгі талқылау тақырыбы Х.-М. Аснардың оңшыл центристік Халық партиясына жеңіс әкелген 2000 жылдың 12 наурызында өткен парламент сайлауының қорытындысы [53], 2003 жылы 13-14 ақпанда Калининградта негізгі мақсаты жалпы әлемдік ғаламдану үрдісіндегі мәдениаралық байланыс және түрлі әлеуметтік, ұлттық қауымдар мен топтардың біртектілігін қалыптастыру мәселелерін талқылау болған Қоғамдық ғылымдардың Балтық аймақаралық институты, Петербордағы АҚШ Бас Консулдығы және Калининград мемлекеттік университетінің үйымдастыруымен "Ғаламдану контекстісіндегі мәдениет және біртектілік: Ресей, Еуропа және АҚШ" тақырыбында халықаралық семинар өтті [54].

Отандық зерттеушілер. Концептуалдық сипаттағы Еуропалық интеграцияның жалпы мәселелері бойынша Қазақстан диплорматтары К. Тоқаев [55], Е. Идрисовтың [56] еңбектері назарға алынды.

Қазақстандық зерттеуші-ғалымдар арасынан А.Нысанбаев [57], Г.М. Мендіқұлова [58], К.Л. Сыроежкин [59], Ж. Абылхожин [60], Н. Байтенова [61], Б.Б. Абдығалиев [62], Н. Романова [63] және т.б. атауға болады.

Отандық авторлар еңбектерінде жалпы этникалық, оның ішінде ҚХР-дағы этникааралық қатынастар мәселесіне К.Л. Сыроежкин, посткеңестік кезеңнен кейінгі Орталық Азияның полиэтникалық елдеріндегі ұлттық біртектілік мәселелеріне Ж. Абылхожин, этникааралық интеграцияның әлеуметтік-философиялық, этникалық және этникааралық үрдістерді зерттеудің негізгі методологиялық проблемасының талдауын Н. Байтенова қарастырады. Этникалықтың саясатқа әсерінің дәрежесі, механизмі және сипаты, этникалық фактордың әсерінің талдауын шетелдік елдер тәжірибесі негізінде республикамыздағы ұлттық және тіл саясатын, ұлттық мәдениеттің, ұлттық топтардың өзіндік ерекшелігін және тіл саясатының стратегиясы мен механизмдерін Б.Б. Абдығалиев талдайды. ҚР этносаяси үрдістерге талдау жасай отырып этникалық қайта өрлеу, этникалық өзін-өзі орнықтырушы Қазақстандағы этникааралық сенімді қирату қажеттілігі жоқ деген тоқтамға жас маман Н. Романова келеді.

Қазақстанда Еуропалық Одақтың этникалық саясаты және Еуропалық интеграция шеңберіндегі этникалық азшылықтар үрдісінің ғылыми оқылып-зерттелуіндегі бетбұрыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасындағы Еуропалық комиссия Өкілділігі және Еуропалық құжаттама орталығымен бірлесе өткізген шараларымен байланысты. Атап айтқанда: 2000 жылы 3 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚР Еуропалық құжаттама орталығы бірлесе отырып "Еуропа Құрама Штаттары: саяси одаққа жол", 2002 жылы 28 мамырда ҚР Еуропалық Комиссия Өкілділігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті және ҚР Еуропалық құжаттама орталығының бірлескен "Еуропалық интеграция және ұлттық азшылықтар мәселесі: Қазақстан үшін тәжірибе- тақырыптарында өткізген халықаралық ғылыми-практикалық конференциялары және 2003 жылы 12 желтоқсанда "Еуропалық Одактың кеңеюі: перспективалары мен шындықтары" тақырыбында еткен дөңгелек үстел өткізді және осы конференциялар мен дөңгелек үстел материалдары жеке жинақтар түрінде жарияланым тапты.

Қазақстандық ғалымдар арасында зерттеу жұмыстарының, оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті, Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасының еуропалық интеграция үрдісін және жалпы адам құқыктарын зерттеуде жүргізіп отырған жұмыстары оқытушы-үстаздары - Ж.У. Ибрашев, Г.Ш. Жамбатырова, Қ.И. Байзақова, К.Н. Макашева М.Ш. Ғубайдуллина, И.Л, Бурнашов, И.А. Черных, Ф.Т. Кукеева, Б.З. Бюжеева, Е.Г. Еалинек және С.Ж. Айдарбаев, М.С. Мырзабеков, С.Ж. Сапанов, Б.Б. Байғабылованың еңбектерінде зерттелген.

ЕО мүсылман феноменінің пайда болуы, саяси оңшыл радикалды күштердің өсуіне және адам құқығы идеясының дискредитациясына әкелуі мүмкіндігі және еуропалық интеграция үрдісіндені егемендік пен ұлттық біртектілік мәселелері Ж.У. Ибрашевтың, этникааралық қақтығыстарды реттеу мәселелерін Е.Ш. Жамбатырова, ЕО кеңеюінің кейбір мәселелері және осы мәселедегі Францияның ұстанымы туралы Қ.И. Байзақова, Маастрихт келісім-шартындағы адам күқығы мәселелерін К.Н. Макашева, ОШЕ елдерінің интеграцияның жалпыеуропалық үрдісіне қатысу перспективасы, біріккен Еуропа мақсаттарын іске асыруда ФРЕ ЕО дамуына қатысуы және Германияда шетелдіктердің келуі мен кетуін реттейтін көптеген ережелер мен актілердің іске қосылғаны және екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Оңтүстік Тироль ұлттық азшылықтары өз құқықтары үшін белсенді күрес жүргізгендігі жөнінде М.Ш. Губайдуллина, демократиялық қоғамдағы ұлттық азшылықтар саяси плюрализмді қалыптастырудың белсенді қатысушылары, ал оның өкілдік және мәдени мекемелері - қоғамдық өмірдің маңызды компоненттері жайында, ЕО кеңею жағдайындағы ЕО тілге қатысты мәселесін И.Л. Бурнашов, ЕО Балтық елдерінің перспективасы мен мәселелеріне И.А. Черных, этникалық азшылықтардың халықаралық-құқықтық талдауын С.Ж. Айдарбаев адам кұқығы саласындағы халықаралық құжаттар талдауын М С. Мырзабеков, адам құқығы және ЕО жаңа мүшелердің енуі туралы С.Ж. Сапанов, ЕО әлеуметтік саясатының талдауын Б.Б. Байгабылованың, БҰҰ, ЕК, ЕҚЫҰ халықаралық құжаттарындағы адам құқықтарын қорғаудың дипломатиялық аепектілері Ф.Т. Кукеева, Б.З. Бюжеева , Е.Г. Еалинек еңбектерінде зерттелген.

Сыртқы саясат және талдау Орталығы, әлеуметтік-саяси және қанағатарлық зерттеулер Орталығы және Ф. Эберт атындағы Қордың үйымдастыруымен "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси дамуының этникалық мәселелері" тақырыбында өткізген халықаралық конференцияның материалдарында этиикааралық қатынастарды нығайту, Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдері арасындағы диалогты дамыту мәселелері қарастырылған сонымен қатар Қазақстандағы ұлтаралық катынастар, оларды реттеу және болжамы мәселелеріне ҚР ҰҒА Философия институты, Социология және ұлтаралық қатынастр орталығының біріккен еңбегі және Орталық Азиядағы этникалық үрдістерге "Европейский Союз и Центральная Азия" ұжымдық монографиясының бір бөлімі арналған.

Отандық тарихи ғылымда ЕО этникалық саясаты арнайы зерттеу пәні болмаған. Көші-қон үрдісі, этникалық азшылықгар, Еуропадағы этникалық азшылықтардың жұмыспен және әлеуметтік қамтамасыз етілу, сонымен қатар этникалық азшылықгардың жалпы мемлекет пен аймақ, мемлекетаралық және халықаралық қатынастардағы саясатына әсері мен алатын орны сияқгы мәселелері зерттеуді талап етеді.

Этностың әртүрлі компоненттерінің өзгеруі (рухани және материалдық мәдениеттің жеке элементтері, тіл, әлеуметтік құрылымдар, сана және т.б.), тарихи даму барысында этникалық процестер атауына ие болған. Этникалық қоғамның өзгеруі немесе этникалық процестер адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен бірге жүріп бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл өзгерістерді тудыратын процестер этникалық қауымдастықтың жақтарына әсер етуі әр түрлі. Алғашқы қауымдық құрлыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтік-экономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет.  Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады. Эволюциялық бағыты этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің сапалы өзгерісін білдіреді. Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық өзіндік сананың алмасуы болып табылады. Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады. Консолидация — тіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда түрік тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі. Ассимиляция — көбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына сіңіп кетуі, нәтижесіне өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен ассимиляцияланылуы. Интеграция — тілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ белгілері пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. Мысалы, Австро-Венгрия, Осман империясы, КСРО, Югославия және т.б. [2, 26-25 б.] Қазіргі мемлекеттер көп этносты болуына байланысты мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлуді талап ететін этносаралық қатынастар әр алуандығымен ерекшеленеді. Көп ұлтты мемлекеттің маңызды міндеті — ұлтаралық қатынастарды оптимизациялау. Халықаралық қатынастар субъектілерінің өзара әрекет етуінің ең қолайлы нұсқаларын іздестіру және жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте ғана емес, дүниежүзілік деңгейде де көп этносты және көп конфессиялы елдер қатарына жатады. Тәуелсіз Қазақстанның реформаторлық практикалық дәуірінің кезеңі 90-жылдардың ортасынан бастап мемлекеттік саясаттың ұлтаралық ынтымақтастық пен ішкі тұрақтылыққа қарай бағдар ұстауға көшумен сипатталады. Үкіметтің мәдени саясаты 1996 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тиесілігін қалыптастыру концепциясын ұсынды. 1995 жылдың наурыз айында ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Осыған байланысты тіл мен білім, мәдени мұраларды сақтау, бұқаралық ақпарат құралдарымен үйлесімділік, миграция мәселелері мен сыртқы байланыстар, ұлттық саясат концепцияларын дайындау, сонымен қатар, ұлттық мәдени орталықтар мен кіші ассамблеялар істері мен мәселелері жөнінде комиссиялар құрылды. Елімізде біртұтас әлеуметтік мәдени кеңістік қалыптастыру азаматтық идентификация мәселесін күн тәртібіне қойды. Бұл мәселенің туындау буыны қатпаған жас мемлекетіміздің геосаяси және ішкі этномәдени мәселелерімен байланысты болды. Белгілі американдық ғалым С.Хантингтон болашақтағы өркениеттер қақтығысы барысында ыдырайтын мемлекеттер қатарына — Түркия, Мексика және Ресейді жатқызады. Бұл дезинтеграцияның себебі ретінде геосаяси жағдайымен қатар ішкі мәдени өртектілігі айтылады. Бұл теорияға сүйенер болсақ американдықтың назарынан тыс қалған Қазақстан бұл қақтығыстың ең қауіпті аймағында тұр. Егер біз қазақтарды ресми түрде түрік өркениетінің құрамдас бөлігі деп қарастырар болсақ, оның территориясын оңтүстіктен ислам әлемі, оңтүстік-шығысынан конфуциандық және солтүстік-батысынан православиелік суперөркениеттер қоршап жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының I сессиясында ұлттық мәселенің шешімін халықтар арасындағы татулық пен сенімді нығайту арқылы табуға болатынын, біздің басты бағытымыз ымыраға келтіретін жолдарды іздестіру және біріктіретін бастамаларды нығайту арқылы барлық ұлттық топтарды дамыту ісіне негізделуге тиіс екенін атап көрсетті. Ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы ең алдымен түрлі ұлттық топтар мүддесін ескеруге байланысты. Ең бастысы — осы мүдделердің үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз ету. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы өте күрделі. Ол өз тарапынан саяси жағдайға ықпалын тигізбей қоймайды. Республикада бүкіл қазақтың 80 пайызға жуығы тұрып жатқанымен, негізі этнос — қазақтар ел халқының абсолютті көпшілігін құрамайды.  Осыған байланысты Қазақстан халқының ұлттық құрамын 2004 жылғы статистикалық мәліметтермен толықтырып өтемеіз: ҚР тұрғындарының 1 қаңтар 2004 ж этникалық құрамы. Барлық ұлттар 14 951 302 100% Қазақтар 8 550 846 57,19% Орыстар 4 072 566 27,24% Украиндіктер 469 423 3,14% Өзбектер 409 746 2,74% Немістер 237 672 1,59% Татарлар 232 744 1,56% Ұйғырлар 223 007 1,49% Өзге ұлттар 755 298 5,05%  Орыстардың, немістердің, украиндықтардың тысқа көшіп кетуімен олардың үлес салмағы азайса, оралмандардың елге оралуына байланысты қазақтардың миграциялық қалыпты сальдосының өсуі байқалады. Қазақстандағы мұңдай демографиялық ахуалдың қалыптасуы белгілі демограф Мақаш Тәтімовтің айтуынша солтүстік батыстан ағылған төмендегі миграциялық ағындармен байланысты болса, олардың тарихи хронологиясына жүгінейік: 1)  қазақстанның солтүстік-батыс аймақтарыңда бастапқы қазақтардың қоныс тебуі 200 мың адам, яғни XVII ғ. бастап - өлкені отарлаудың басталуы; 2) қазақстан территориясыңда отарлау линиялары бойында (Горький, Ертіс, Жайық линиялары) әскери бекіністерді салу және ол жерлерге жазалаушы әскерді жанұяларымен қоса қоныстандыру (125 мың адам XVIII); 3) Ресейдің еуропалық бөлігінен Дала өлкесінің шұрайлы жерлеріне шаруалар мен переселеңдерді жаппай қоныстандыру (XX ғасырдың басына дейін, Столыпиннің жер реформасын қоса жалпы көлемі 1 млн. 150 мың адам); 4) Ресейдің ішкі бөлігінен ауған діни қуғындалушылар -староверлер, кержактар және баптястер (150 мың адам, XIX ғ. арты —XX ғ. басы); 5) Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы тәркілендіру барысында кедейленген депортанттар (250 мың адам, XX ғ. 20-30-жыддары); 6) Азамат соғысы жылдарында Сібір, Орал және Волга аймағынан келген әскери жалдамалылар (100 мың адам); 7) Индустрияландыру жылдары маман жинақтауды ұйымдастыру барысында келгендер (1 млн. 250 мың адам XXI ғ. 30-жылдары); 8) Ұлы Отан соғысы қарсаңында және барысында зорлықпен жер аударылған халықтар (1 млн. 300 мың адам, 1939-1945 жыддары); 9) Соғыс жылдарында оккупацияланған аудаңдардан эвакуацияланған адамдар (350 мың адам, 1941-1945 жылдар); 10) Тың игеруге өз еркімен келген "патриоттар" (1 млн. 950 мың адам, 1954-1959 жылдар); 11) "Ұйымдаспаған" стихиялық миграциялық ағымның нәтижесінде тұрғылықты көшіп-келгендер (1 млн. адам, 70 жылдардың басына дейін); 12) Жабық әскери қалашықтардағы "стратегиялық тұрғындар" (250 мың адам, 1946 жылдан 1991 жылға дейін). 13) "Екпінді" Бүкілодақтық құрылыстарға еңбек ресурстарының ведомствалық миграциясы (200 мың адам, 1999 жылға дейін); 14) Жаңа игерілген кен орындарындағы соңғы вахтовиктер (50 мың адам, 1986-1991 жылдар, демографиялық экспансияның ақыры); 15) Закавказье мен Орта Азиядағы азамат соғыстары кезіндегі әскери және этникалық босқындар және Балтық бойы мен Молдовадан келген азаматтық мигранттар (75 мың адам, 1989-1993 жыддар). Осындай тарихи себептермен Қазақстан Республикасының көпұлтты мемлекетке айналуы оның лоликонфессионалдық сипатын да айқындайды. Кейінгі кеңестік мемлекеттерде діннің құңдылықтық статусының өзгеруі идеологиялық климаттың ауысуына алып келді. Діндарлық өсуіне саяси, этно-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, адамгершілік-этикалық факторлар мен демографиялық процестер ықпалын тигізді. Қазақстан халықтарының тарихи даму ерекшеліктері оның алуан дінділік тұрпатын туғызды: қазақтар, татарлар, ұйғырлар, дүнғандар және т.б. — ислам дінін ұстанса, православтарға — орыстар, украиндер, белорустар, протестанттарға — немістер мен орыстар, католиктерге — немістер мен поляктар жатады. Қазіргі демографиялық мәлімет бойынша Қазақстан аумағынан тыс жерлерде 4,5 млн./ға жуық қазақ өмір сүреді, атажұртына түбегейлі қоныстануға ынталы жандар аз емес. Олар тек еліміз тарапынан белгіленген кедергімен шектелуде. Шетелдегі қазақтарды Қазақстанға көшіріп әкелудің бүгінгі қарқынын ең жоғарғы ауызша белгіленген деңгейімен және сырттағы қазақтардың сандық өсімін қоспай қазіргі мәліметтермен есептейтін болсақ, онда көші-қон үрдісі әлі де 60 жылға, ал бүгінгі қоныс аударудың санымен 4 ғасырға созылатындығын көрсетеді. Сөйте тұра мемлекеттік квотаның толығымен орындалмай отырғаны көші-қон үдерісін одан әрі күрделендіре түсетіндігін, әлі күнге дейін оны жүйелі түрде реттеудің, басқарудың, жүзеге асырудың нақты механизмдерінің жетілгендігін көрсетеді. Елбасы Н.Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайында сөйлеген сөзінде шетелдерден 2003 ж. 5000 отбасыға, 2004 ж. 10 000 отбасыға, 2005 ж. 15 мың отбасыға көшіп келу квотасы бөлінгендігін айтады. Демек көші-қон үдерісі Қазақстан саясатындағы күн тәртібінен түспейтін, жетілуді талап етуші, ең маңызды мәселенің бірі болып қалып отырады. Республиканың этникалық көрінісі соңғы жылдарда жас мемлекеттің қалыптасуы барысында маңызды өзгерістерге ұшырауда. Ең алдымен бұл, үлкен көшу-қону легінің теріс сальдосынан туындайтын этнодемографиялық жағдайдың өзгеруі дейміз. Республикадан кететіндер саны күрт өсіп отыр. Олардың көпшілігі орыс, неміс және украин ұлттарының өкілдері. Соңғы жеті жыл ішінде қоныс аударған орыстардың орташа саны жылына 153,9 мың адамды құрады және қоныс аударудың ең жоғары қарқыны 1994 жылдың үлесіне тиді, онда қоныс аударушылардың саны 283,2 мың адамға жетті. Украиндар бойынша мәлімет мынадай көрініс алды: бір жылдың ішінде қоныс аударғандардың орташа саны — 22,5 мың адам, ең жоғарғы көрсеткіш — 1994 ж. (36,9 мың адам). Немістер арасыңда қоныс аударушылар саны жылына 4,9 мың адамға жетті, 1992 ж. ең көп қоныс аударды (99,6 мың адам). 1996-1997 жылдары көшу-қону мәселесі біршама тұрақтанды, тіпті қайта оралу сәттері жиі кездесетін болды. Этносаралық жағдайдың шиеленісуі, ал соған байланысты тұрғын халықтың негізінен қазақтан өзгелерінің басқа жаққа қоныс аударуы, қоғамдағы экономикалық және саяси-әлеуметтік реформалау нәтижесінде пайда болған өзгерістермен байланысты. Кеңес жүйесінің ұлттық қатынастар мәселесіндегі әрекет ету нәтижелерінің бірі — Қазақстан қоғамының қанағаттанғысыз этноәлеуметтік құрылымы. Қазақтың көпшілігі мекендеген аймақтарға біржақты экономикалық инфрақұрылым басым және экологиялық проблемалары көп аймаққа батыс жөне оңтүстік облыстары жатады. Екі облыстан басқасында (Қызылорда және Атырау) негізгі этностың үлесі облыстар бойынша 20 пайыздан 65 пайызды құрайды. Сонымен қатар 8 облыста (солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс) және Алматыда орыстар этникалық көпшілікті құрайды. Еліміздің жұмыспен қамтылған халқы ішінде де көпшілігі орыстар — 40 пайыз. Сонымен қатар орыстардың 51 пайызы қала тұрғындары, ауылда — 19 пайызы тұрады, ал жұмыспен қамтылған ауыл тұрғындарының 57 пайызы қазақтар. Егемендікке ие болып және ұлттық ұқсастық айқыңдалып, экономикалық және әлеуметтік жіктелу басталысымен, ресоциализация бір-бірімен қарым-қатынаста болған этникалық топтардың әлеуметтік-статустық жағдайының күрт өзгеруіне алып келуі тиіс болатын. Енді қазақ этносының қозғалысқа келуі мен әлеуметтік талаптарының артуын күтуге болатын болды, ал бұл басқа этностардың, ең алдымен жағдайы бұрынғыдан өзгерген орыс этносының, әлеуметтік «көңіл-күйіне» өз ықпалын тигізуге тиіс еді. Егер орыстар бұрын кенес қоғамында басқалардан гөрі басым жағдайда тұрса, енді олар басқа этностардың ең алдымен қазақ этносы өкілдері тарапынан болатын ашық бәсекеге түсе бастады. Алайда, кейбір мамандар «орыс этносы социумның барлық саласында әлі күнге дейін үстем болып отыр», ал «Қазақстанда орыстардың жағдайы басқаларға қарағанда ең нашар деген» шағымдары өзі мекендеген мемлекетке деген саяси адалдығының жоқтығын бүкпелеп қалуға бағытталған іс деп санайды». Қазақстан қоғамының реформалануы қалыптасқан стратификациялық жүйені өзгерте бастады, әр этнос өзінің әлеуметтік орнына ие болуда, сөйтіп, әлеуметтік тепе-тендіктің камтамасыз етілуіне жол ашылып отыр. Қазір оған Президент Н.Ә.Назарбаевтың жеке басы және саясаты арқылы қолдау жасалынуда. Бүгінгі танда, құзырлы мәлімдеушілер айтқаңдай, республикада «этносаралық қатынастар саласыңда қақтығыссыз дамудың объективті шарттары бар» деп санауға негіз бар. Осыңдай жағдайды қамтамасыз еткен басты факторлардың бірі — республиканың егемеңдігін жарияланған сәттен бастап қалыптасқан Қазақстан мемлекеттігі болып табылады. Оның кұрамына: мемлекеттік құрылыстың нысаны және саяси режимнің тұрпаты кіреді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың эвлюциялық — тұрақты сипатында мемлекеттік құрылыстың унитарлылығы үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Жаңа пайда болған мемлекеттің жерінің кендігі өзінен-өзі оның федеративтік негізде бөлінуін талап ететін сияқты болып көрінді. Сонымен бірге, тұрғындардың этникалық құрылымы да осыны көрсеткендей болатын (негізінен орыс халқы мекендеген солтүстік аймақтар). Алайда, бұл жағдайда, мемлекетті құрайтын басты принцип — тарихи-этникалық (мәдени-өркениетті) назардан тыс қалушы еді. Қазақстан жалғыз бір халықтың — қазақ халқының этногенетикалық жері болып табылады, мазмұнымен таласу мүмкін емес. Дегенмен, бұл басқа этностардың бәрі — жат, келімсек, екінші сорттың азаматтары деген ойды білдірмейді. Олардың өкілдері — арғы аталары Казақстанға көшірілгендердің ұрпақтары, олардың әрқайсысы кезіңде қоғам игілігіне еңбек еткен. Бұл жерде біз «этногенетикалық аумақ» және «мемлекеттің аумағы» ұғымдарын айта білуіміз қажет. Біртіндеп жүзеге асырылып жатқан мемлекет тұтастығының унитарлылық принципі, қоғамды ұлтаралық қақтығыстардан, тіпті реформалар саясатының тоқтап қалуынан, жіктелулерден сақтайтын саяси-құқықтық іргетас болып отыр. Унитарлылық принципі үстем болмаған жағдайда қоғамда жоғарыда көрсетілген қайшылыктардың бәрі болуы мүмкін еді және мемлекеттік құрылымды бірімен бірі үйлесе бермейтін екі принципке негіздеуге тура келер еді — этноаумақтық және әкімшілік-аумақтық. Жоғарыда айтылғаңды қорыта келіп, Қазақстандағы этноәлеуметтік жағдайдың ерекшелігі, отандық мамандар атап көрсеткендей, мыналардан тұрады: 1) екі этностың саны жағынан басымдығы сақталатын көп этностылығы; 2) ислам мен христиан діндерінің басымдығы сақталатын көп конфессиялылығы; 3) екі ірі этносаралық түркі және славян топтарының болуы. Қазақстанның бүгінгі этноәлеуметтік жағдайы қоғамның тотальдық биліктен және кеңес өкіметінен кейінгі бейнесімен сипатталады. Бұл республика этностарының өзара іс-қимылыңдағы жаңа кезең болып табылады. Еліміздің егемендікке ие болу кезеңіңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуы этникалық фактордың едәуір ықпалын сезінді. Көп этносты мемлекеттің қалыптасуы этникалық сана-сезімнің, этникалық топтардың мүддесінін өзгеруімен қатар өтті. Осы кезде қабылданған заңдар мен нормативтік-құкықтық актілер көп жағдайда республиканың этникалық саясатының приоритеттерін көрсетеді. Бүгінгі танда республикадағы этносаяси жағдай көптеген көрсеткіштер бойынша біршама тұрақты болып саналады. Алайда, этностар арасындағы қарым-қатынастар өзгеріп отырады, этникалық саясатты жүзеге асыру барысында осы жағдайды ескерген жөн. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу процесінде өзгеру ерекшелігін осы қатынастардың эволюциясынан айқын көруге болды. Егер еліміздің егемендікке ие болған алғашқы кезенінде ұлтаралық қарым-қатынасты шиеленістіруге қайтсе де әсері болатын этникалық сана-сезімнің өсуі байқалса, ұлтшыл және империялық көзқарастар пайда болып, нығая түссе, мемлекетті этнизациялау тенденциясы пайда болса, кейінгі кезеңдерде, мысалы Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылып, 1995 жылы Мемлекеттің Негізгі Заңы — Конституциясы қабылданғаннан кейін, этностар қарым-қатынастары мәселесінде оң өзгерістер айқындала бастады. Қазақстандағы тұрақтылықтың сенімді кепілі-барлық қазақстандықтарға тән қасиет: төзімділік пен сыйласымдық сезімін одан әрі тереңдету және олардың заңды бірінші орынға қойып, кез-келген топтық шамшылдықтан жоғары тұрулары. Мәселе, Қазақстан Республикасының мүддесін бір ұлттың мүддесімен теңдестіруге болмайтындығында. Мәдени тұрпаттардың көп этностылығы мен әралуандылығы жалпы келісімге келіп, тең құқылары мойындауын талап етеді. Қазақстандық заң шығарудың негізгі талабы — азаматтық қоғам қалыптастыру және мемлекеттің барлық азаматтарының құқықтарды пайдалануы. Көп этносты және көп конфессиялы Қазақстан үшін «ұлт-мемлекетті» қалыпстастыру ең қолайлы және ол этносаралық бірігудің объективті факторы болып, қоғамның азаматтық принципі бойынша бірігуіне ықпал етеді. Ал азаматтық қоғам кұру өз кезегінде қоғам өмірінін барлық тұстарын демократияландыруға негіз болады. Этникалық жағынан бөлінген қоғамдарда демократия маңызды рөл атқарады, өйткені ол плюрализм мен төзімділік принциптеріне сүйенеді, этникалық проблемалар ізгі және өркениетті шешім қабылдаудың негізі болады. Көршілермен тату болу аса маңызды міңдеттің бірі, алайда, елімізде ішкі қайшылықтар ушықтырылып жатса, оны шешу киын болады. Егер түрлі топтар, оларды саясат, идеология, дін, этникалық немесе таптық мүдделер біріктіріп отырғанына қарамастан, өзара қарама-қайшылықта болса, бұл қоғамды қауіпті жағдайға тірейді... Көп этносты Қазақстан үшін осы мәселенің Казақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуында аса маңызды екені ескерліп, қоғамның ішкі саяси тұрақтылығы мен бірігуі ұлттық қауіпсіздікген кейінгі маңызды міндетдеп айқындалды. Бүгінгі әлемнің этноболмыстары этникалық процестердің терендеуін, этностылықтың барлық жердегі дамуын, этникалық өрлеудің арта түскенін көрсетеді. Этникалық процестердің терең сипат алуы мынадан байқалады: біріншіден, ол түрлі әлеуметтік-экономикалык саяси құрылыстағы әр алуан елдерді қамтиды; екіншіден, қазіргі қақтығыстардың бәріне немесе көбіне этникалық сипат тән, үшіншіден олар қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды: саяси, экономикалық, рухани; және төртіншіден, бүгінгі күннің күрделі проблемаларының бәрі сияқты, этникалық проблемаларды шешу жеке бір елдің қолынан келе бермейді, әдетте оларды шешу ісіне үшінші жақ тартылады. Төреші міндетін әлемге аты танымал жеке лидерлермен қатар, жеке мемлекеттер, тіпті халықаралық ұйымдар атқара алады. Этникалық қақтығыстарды, саны аз этностар құқықтарын реттеумен айналысатын халықаралық ұйымдарға БҰҰ, ЕҚ (Еуропа қоғамдастығы), ЕҚЬІЖҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым), ХВҚ (Халықаралық валюта қоры), АҚАК (Адам кұкы бойынша америкааралық комиссия), АБҮ (Африка бірлігі ұйымы) және т.т. жатады. Осы аймақтық ұйымдардың этникалық қақтығыстарды реттеу немесе олардың алдын алу жөніндегі қызметіне түрлі бағыттылық сипат тән — бұл «әрі жұмсақ, әрі қатаң», делдалдық, саны аз топтар құқы және адам құқы нормаларының, үкіметтер тарапынан сақталуын бақылайтын аймақтық жүйе кұру, түрлі экономикалық шара қабылдау және әскери араласу. Әлемнің бірде-бір елінде ұлттық мәселе осы күнге дейін шешілген жоқ және оның ақырғы шешімі жоқ. Кезіңде О.Бауэр «ұлттық тендігі мен тең құқылылығы туралы мәселені шатастырып алуға болмайды: абсолютті тендік болуы мүмкін емес, айырмашылықты мойындау-тендіктің негізі болмақ, алайда ұлттардың тең құқылылығын жүргізіліп отырған ұлттық саясат қамтамасыз етуге тиіс» деп дұрыс айтқан. Бүгінгі танда Қазақстанның алдында екі бағыт бар. Біріншісі — қоғамның бір-біріне қарсы этностарға бөлінуі, әсіресе қазақ-орыс қарым-қатынастары ушықтырылатын болса. Нәтижесінде — ұлттық бағыттағы партиялар мен қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар және т.б. арасындағы қатынастарды айқындау үдей түседі. Онда қоғамның біртіндеп шыңырауға құлдырауы әбден мүмкін. Екінші бағыт ала-ауыздық туғызбай қоғамдағы парасатты күштерді біріктіру; Қазақстан халықтарының бәріне ортақ мақсаттар мен міндеттерді айқындау жөне шешу арқылы барлық этникалық топтар мен ұлттық мүдделері мен мұқтажын қанағаттандыру үшін жағдай туғызу, әлеуметтік және ұлттық ерегеске жеткізбей, дағдарыстан шығу, ұлтшыл, шовинистік, экстремистік теріс құбылыстардың Қазақстанның саяси өміріне деген ықпалын жою. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастарды бағалай отырып, олардың тұрақтылығын атап көрсеткен жөн. Этникалық топтардың тату-тәтті өмір сүріп, біте қайнасып жататын пиғылын қазақстандықтар жоғалтқан жоқ. Социологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша этносаралық қарым-катынастардағы шиеленісушіліктің денгейі төмен және толеранттығының деңгейі жоғары. Ұлттық саясатта ұзақ мерзімге арналған стратегиялық және таяу арада жүзеге асырылатын мақсаттар мен міндеттерді айқындау қажет. Сөйтіп, көп ұлтты Қазақстанда халықтар бірлігін ұлтаралық ынтымақтастық негізінде нығайту-стратегиялық міндет болып табылады. Қысқа мерзімге бағытталған саясатқа тоқталатын болсақ, ол ұзақ мерзімді саясаттың бір бөлігі болып табылады, алайда күнделікті оқиғалар барысында туындайтын нақты ұлтаралық проблемаларды реттейді. Бұл арада бетбұрыс кезенде, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы өзгеру нөтижесінде пайда болған ұлттық-этникалық проблемаларға назар аудару маңызды. Ұлттық топтардың әлеуметтік мүддесін реттеудің екі жолы бар, оған қақтығыс немесе келісім табу жатады. Бірінші жол бір топтың мүдделерін қорғап, басқасының мүддесін мүлдем елемеу немесе басып тастау. Нәтижесінде саяси бірігуге озбырлық арқылы жетуге болады, алайда ол проблеманы туғызған объективті жағдайды жоя алмайды және осы проблеманың күрделенуіне әкеп соғады. Этникалық проблема халқының құрамы көп этносты мемлекеттерге өзекті мәселеге айналуда. Өйткені, әр этникалық топтың өзіне ғана тән демографиялық әрекеті, әлеуметтік-мәдени және экономикалық дамуының ерекшеліктері бар. Біздің елімізде интенсивті этникалық және этносаралық процестер өтуде. Олар Қазақстанның бұдан былайғы дамуына ғана емес, тіпті оның тағдырына өз ықпалын тигізеді. Қазақстанның ұлттық саясаты, қазақтардың ұлттық егемендігін мойындай отырып, қазақстан халқының бірыңғай азаматтық саяси қауымдастық ретіндегі егемендігі, маңызды өзгешеліктері бар этностардың болуын, тіпті олардың ортақ мақсаттары мен мүдделерінің пайда болуыңа, ортақ сана-сезімнің қалыптасуына, яғни этносаралық қауымдастықтың пайда болуына ықпал ететін іс-қимылы болуын талап етеді. Этносаралық қауымдастық — ол жаңа этнос емес, суперэтнос емес, ол этносаралық қауымдастық, яғни бөліктерден құралған тұтастық. Этносаралық бірігу — этностарды біріктіретін айтарлықтай икемді процес болып табылады, өйткені, бір жағынан өзіне тән этникалық ерекшелік сақталады, басқа тұстан қарасақ, өзара іс-әрекет арқылы сана сезімнің ортақ белгілері, ортақ мақсаттары қалыптасады. Бүгінгі танда Қазақстан сияқты көп этносты, көп нәсілді және көп конфессиялы мемлекет үшін осы жол ең ұтымды да болып табылады және тату-тәтті өмір сүріп, қарым-қатынастарына төзімділік сақтаудан асқан ақылды осы күнге дейін адамдар ойлап таба қойған жоқ. Н.Ә. Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында кеңес империясы қирауының маңызды себептерінің бірі ғылымға негізделіп жасалған тиімді ұлттық саясаттың болмауы деп тура айтқан. Біздің елімізде, жалпы бүкіл дүние жүзінде этникалық жағдаяттың күрделенген қазіргі сәтіңде жалпы ұлттық саясатпен қатар мемлекеттің ұлттық саясатының екі мызғымас бөлігі бола алатын екі бағдарлама әзірлеу қажет. Біріншіден, бұл этникалық өзгешелікті, тілді, мәдениетті дамытуға, дәстүрлерін сақтауға және т.т. бағытталған этникалық қайта өрлеу бағдарламасы болуға тиіс, сонымен қатар мұндай бағдарлама сараланған болуға тиіс және әр этникалық топтың өз бағдарламасы болғаны жөн. Екіншіден, және мұның маңызы біріншіден кем емес, бұл этносаралық бірігу бағдарламасы, сондықтан онда Қазақстанда тұратын барлық этникалық топтардың бірге тұрып, ортақ іс-қимылын жасауының нақты, ең тиімді механизмдері әзірленуі тиіс. Әзірше мұның өзі әлсіз тенденция ретінде білінеді және жаңа достастық қалыптасып болды деп айта алмаймыз. Алайда біздің бірнеше ғасыр бойы күрделі де қайшылықтарға толы ортақ өміріміз нәтижесінде жинақталған белгілі оң тәжірибеміз бар. Өркениеттің соңғы жетістіктерінің бірі — қазіргі толып жатқан полиэтносты мемлекеттердің ұранына айналған көп мәдениеттің идеясы, ол бір мемлекет ішіндегі көптеген этникалық топтарға тату да бейбіт өмір кешуге мүмкіңдік береді. Осы принцип Қазақстан үшін де қолайлы, «әр алуандылықтағы бірлік» (немесе «бірлікте әр алуандылық») немесе «қазақстан өрнегі» ұраны біздің мемлекетіміздің стратегиялық саясатындағы басты ұран ретінде қабылданды. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму перспективасы тілге тиек болған, халыққа арналған Жолдауында екі нәрсеге ерекше назар аударылған: біріншісі «еліміздің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндікке негізделген өзіміздің бірыңғай азаматтығымызды дамытуға кепілдік беру», екіншіден, «этникалық қайшылықтардың себептері жойылып, барлық этникалық топтар тең құқылы болуын қамтамасыз ету». Сонымен Қазақстанның перспективалы дамуында екі түрлі міндетті шешу көзделеді: біріншіден, әр жеке этникалық топтың дамуына мүмкіндік беру, екіншіден, Қазақстанның барлық халықтарын бірыңғай азаматтық қоғамдастыққа біріктіру үшін жағдай туғызу. Алайда, мықты тұрақтылыққа, тіпті консолидация мен бірлікке жету оңай емес, және өзімізді бірыңғай отбасы ретінде сезініп, мақсаттарымызды біліп, оларға жұмыла жету үшін әлі көп жұмыс атқару тура келетінін назардан шығармау керек». Демек, этносаяси процестің субъектілері жөніндегі мәселені зерттегенде Қазақстан Республикасында ұлттық татулық пен бірлікті қамтамасыз етуде негізгі рөлді мемлекет атқаратынын атап керсетуге болады. Қазақстан Республикасында өтпелі кезеңде ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеуге арналған әдістерді әзірлеу жөне жағдайды бағалау ісінде мемлекеттің рөлі зор. Ұлттық саясатты іске асыруда, оның мазмұндылығындағы ең бастысы — ұлттық мүдделерге олардын: а) қауымдастығын, ә) айырмашылықтарын, б) қақтығыстарға ескере отырып қарау. Ұлтаралық қатынастардың жеке субъектілерінің түпкі мүддесі мен мемлекет ауқымындағы жалпы ұлттық мүдделердің бір болуының объективтік негізі бар. Мемлекеттік ұлттық саясаттың басты міндеті ұлттар мүдделерін және ұлттар мүдделері арқылы басқару. Қазақстандағы демократиялық өзгерістердің ажыратылмайтын бөлігі адам құқын сақтау, барлық ұлттық топтардың еркін дамуына қолайлы жағдай туғызу, ұлтаралық қарым-қатынастарды гуманизациялау, республикада татулық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету.  
Этникалық процестердің барлық алуан түрі этноэволюциялық және этнотрансформациялық процестер деп бөлінеді. Этноэволюциялық процестер этностың кейбір шектелген элементтерімен ғана жекелеген отырып, этностың негізін бұзбайды және түбірлі өзгерістерге алып келмейді. Сондықтан бұл процесс берілген этностың төңірегінде ғана іске асып, жаңа этникалық түзілімдердің құрылуына алып келмейді. Этникалық процестердің бұл типімен салыстырғанда этнотрансформациялық процестер күрделі әлі көпсатылы процесс болып табылады және оның нәтижесінде бір этникалық қауымдар жойылып, келесілері пайда болып отырады. Бұл процесс өз кезегінде этнобіріктіруші жэне этноажыратушы процестер деп бөлінеді.

Информация о работе Этнологиялық ойлар тарихы