Қазақстандағы көші-қон процестері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 12:37, реферат

Описание работы

Қазақстандағы көші-қон қозғалысы мен отарлау саясатына ашық та батыл көзқарастарын білдіргендер қазақ ұлтыныңзиялылары болды. Мәселен, Мұстафа Шоқайдың пікірінше, Қазақстанды кеңестік отарлау шаруашылық өмірді ұйымдастырудыңбір жақтылық және шикізаттық ұстанымын қалыптастыру арқылы, Ресейге барынша тәуелді ету бағытынан бастау алады. Мұстафа Шоқайдың кеңестік жер саясатының «Құлаған патшалық ескі саясатын еске түсіреді» деп сынағаны белгілі. Түркістанда «Орыс пролетариатының диктатурасы» орнады дей келе, жаңа формадағы ұлт саясаты орыс өкіметініңпайдасына қызмет етуде деген тұжырымға келді. Демек, М. Шоқайұлы отаршылдық саясатты сезе де көре білген ұлт зиялысы ретінде күрес жүргізген.

Файлы: 1 файл

коши кон процестери.docx

— 113.52 Кб (Скачать файл)

1937 ж. Кеңес Одағынан  Қазақстанға 83314 адам келіп, 45791 адам  кері қайтқан. Демек, кеңестік басшылар көші-қон қозғалысын одақ көлемінде қадағалап отырғандығы байқалады. Ал, 1938 жылы көші-қон қозғалысында Одақ бойынша 282410 адам көшіп келіп, олардың 137639 адамы кері кеткен. 1939 ж. Алматы қаласына РСФСР-дың түкпір-түкпірінен жғне Беларуссия, Украина, Ғзірбайжан, Грузин, Армян, Түрікмен, Өзбек, Тғжік, Қырғыз ССР-ның жерлерінен, оның ішінде қалалардан – 20888, ауылдардан – 21762, белгісіз – 5416, барлығы – 48066 адам келген. Олардан кері қайтқаны 30980 адамды құрады [17]. Сыртқы көші-қонныңсалдарынан қазақ халқы өзге ұлттармен салыстырғанда азайған. Мұндай жағдайға әкелген кеңестік жүйе басшылығыныңқолдан жасаған ұжымдастыру, тәркілеу сияқты науқандарыныңнәтижесі болғандығы көрсетілді. 
«Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі көші-қон (1939-1945 жж.)» деп аталатын екінші тарауда сол жылдарда халықтарды күштеп көшірілген, эвакуация, депортацияға байланысты көші-қон қозғалысы және бұл мәселелердіңтарихнамалық деңгейі қарастырылды.

«Күштеп көшірілген халықтар тарихыныңзерттелуі» атты тараушасында соғыс жылдарындағы көші-қон қозғалысын қарастырған авторлардың еңбектері  талданған Ф.Н. Базанованыңкөрсетуінше, эвакуацияланғандардың алғашқы  толқыны 1941 ж. 7 шілдеде эшелонмен 15206 адам Мғскеу, Ленинград, Украина, Беларуссия жғне Балтық жағалауындағы елдерден көшіріліп келді. 1941 ж. тамыз айынан 1942 ж. қаңтарына дейін 386492 адам қоныстанғандығы жайында, сондай-ақ, 1942 ж. қаңтары мен маусым айлары аралығында 31911 адам қоныс аударылған бірінші кезең десе, екінші кезеңі 1942 ж. тамызынан басталғанда Қазақстанға Воронеж, Сталинград, Ворошиловград, Ростов облыстары мен Солтүстік Кавказ жерлерінен халықтар ғкелінген. Ал, 1943 ж. 1 шілдеде эвакуация жалғасып, республикаға 532506 адам қоныстанды. ОлардыңАлматы (17,3%), Жамбыл (10,8%), Оңтүстік Қазақстан (9,6%), Қызылорда (8,9%), облыстарына барлығы – 46,6%-ы Оңтүстік облыстарға қоныстанса, солтүстікке – 11,9% орналасты. Келгендердің 35,4% қалаларға тұрақтаса, 64,6% ауылды жерлерге қоныстанды. Зерттеушінің еңбегі Кеңестік дғуірдегі соңғы жылдарында жарық көргендіктен, қоныс аударылғандардың ұлттық құрамға ғкелген өзгерістері мен жалпы демографиялық ахуалға тигізген ғсерін толық қарастырудан атүсті айналып өтіп, оның орнына ағайынды республикалардың бір-біріне көмегі, қамқорлығы сияқты мғселелерді көтеріп, Кеңестік жүйенің ұлт саясаты экономикалық қажеттіліктерден туды деген ескі ұғым негізінде жазған. Ал, шындығында ұлт саясатын жүргізуде тоталитарлық жүйе адам құқықтарын аяққа басып, қуғын-сүргінге ұшыратқандығы жайлы мғлімет келтірмейді.

Қазақстан Республикасына көші-қон  процестерінің нғтижесінде келген түріктер туралы сол ұлттың өкілі  Т.А. Курдаев еңбек жазды. Түрік халқының ішінен шыққан ғалым-дғрігер өз ұлтының тарихи тағдырына назар аударып, оны жазып шығуды азаматтық парыз деп білген сияқты. Автор өзі қудаланып келген түріктердің ішінде бір кезде сғби болған. Ол көрген-білгенін, көкірегіне түйгенін, үлкендерінен естігенін жинақтап, еңбек етіп шығарған. Осындай көші-қондық процеске тартылған ұлттардың бірі – шешендер мен ингуштер. Қазақстандағы шешен жғне ингуштар туралы еңбек жазған М.Ю. Джургаевтың естелік кітабы бар. Онда автор оқиғаны өз басынан өткергендігі жғне Темлаг лагерінде отырып, тағдыр тауқыметін көргендігін баяндаған. Автор бұл еңбегінде шешен-ингуш халқының көрген қорлығы мен тоталитарлық режимнің адам құқықтарын аяқ асты еткен өрескел іс-ғрекеттерін жазған. М.Ю. Джургаевтың өзі Қазақстанға қоныс аударылып келгенде, Талдықорған облысының эвакуациялық қоныс аудару мекемесінде қызмет істеген.

Тарихшы-демограф А.И. Құдайбергенованың  «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы  көші-қон процесі» деп аталатын ғылыми мақаласында автор көптеген мғселелерді  қарастырған. Қазақстан жеріндегі алып ГУЛАГ жүйесінің КАРЛАГ, Далалық Лагерь тағы басқа жерлердегі тұтқындар саны да соғыс жылдары күрт өсіп отырды, - дейді де, мынандай мғліметтер келтіреді. Қарағанды облысының Долинское селосында орналасқан КАРЛАГ-та 1941 ж. 33747, 1942 ж. 42582, 1942 ж. 1 сғуірінде 41019, 1943 жылы 45798, 1945 жылы 5394 тұтқын ұсталған, - деп нақты деректер көрсетеді. Демек, автор жалпы алғанда, Ұлы Отан соғысы жылдары туудың азаюымен бірге, өлім-жітім өсіп, халықтың табиғи өсімі төмендеді, ауыл халқының саны азайып, қала халқының саны анағұрлым артты. Осы жылдардағы көші-қон республика халқының полиэтникалық сипатын өзгертуде тереңдете түсті, - деген дғлелді тұжырымдар жасаған. 
Соғыс жылдарындағы көші-қон жайында жазылған А. Есимованың мақаласында Қазақстан демографиялық жағдайы баяндалады. Автор соғыс жағдайында эвакуацияланғандардың 40% 4 облысқа бөлінді дейді. Олар: Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары еді. Ғалымның зерттеуі бойынша, республикаға келген шешен, ингуш, татар, қарашай, балқар, еврей, ғзірбайжан, түрік тағы басқаларының үлес салмағының көбеюіне байланысты жергілікті жерлерде қазақ халқының үлес салмағы азая түскендігін атаған. Демек, автор бірқатар мғселелерді көтерген. Сонымен, ізденушінің өзі бұл еңбекте көші-қон толқыны жүрген уақыттарда кейбір мғліметтер толық еместігін айтады. Бірақ, мұрағат деректері мен санақтарда өзге ұлт өкілдері Қазақстанға көптеп көшіріліп, ұлттық құрамға ғсерін тигізгендігі сөзсіз, - дейді.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көші-қон эвакуация, депортация, ревакуация, репрессия секілді іс-шаралармен тығыз байланыста жүргендігі тарихнамалық зерттеулерді салыстырмалы талдау нәтижесінде  анықтала түсті.

«Көші-қонныңсебептері мен  салдары» деген тараушасында Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі мобилизация  мен демобилизация, өнеркғсіп орындарымен  бірге халықтың эвакуациясы, реэвакуациясы, депортация, екпінді құрылыстарға негізделген  көші-қон, еңбек армиясына алды, тағы басқа көші-қон толқындары қарастырылған. 
Қазақстанға мұрағат деректеріне қарағанда, 1940 ж. республикааралық көші-қон бойынша Кеңес Одағының жері аз республикаларынан 13264 шаруашылық отбасы көшіріліп келді. 1940 ж. Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесіне қарасты қоныс аударту бөлімінің қорытынды есебі бойынша, Солтүстік жғне Шығыс Қазақстанның 6 облысына 25 мыңшаруашылық отбасы көшірілуі тиіс болса, Оңтүстік Қазақстан облысына 900 отбасы келуі жоспарланған. Нәтижесінде 19293 шаруашылық отбасы көшіріліп келді. 
1941-1943 жж. көші-қон қозғалысы Қазақстанда жалғаса түсті. Осы аталған жылдарда барлығы – 484149 адам эвакуацияланды. Олардың1943 ж. қайдан келгендігі мұрағат деректерінде көрсетілген.

1943 ж. Талдықорған облысына  «арнайы қоныс аударылғандар»  туралы 24 сғуірде берілген мғлімет  бар. Онда облыс территориясына көші-қон процесінде эвакуацияланғандардың 6212 отбасы (23853 адамы) келгені жғне олардың 3577 отбасында 8210 еңбекке жарамды адамдары колхоздарға орналастырылған. Сөйтіп, олар қызу еңбекке араласып кеткендігі жайында дерек кездеседі. 
1943 ж. 12 қазанда Кеңес Одағының Жоғары Кеңес Төралқасы шешімімен Қарашай Автономиялық облысы таратылып, 14 қазанда Саяси бюроның жасырын шешімімен, қарашайларды көшіру туралы шешім қабылданды. Автономиялық облыстан 14774 отбасы (69267 адам) қуғындалып, олардан Жамбыл жғне Оңтүстік Қазақстан облыстарына 11711 отбасы (45529 адам) қоныстанса, Қырғызстанға – 5790 отбасы (23300 адам), Өзбекстанға – 95 отбасы (353 адам) қоныс тепті.

1943 ж. БК(б)П Орталық  комитетініңшешімімен Солтүстік  Кавказ, Қалмақ АКСР және Грузия  АКСР-ніңтерриторияларынан Қазақстанға  тұрақты тұруға халықтар арнайы  қоныс аударылды. 1943 ж. күзде қарашайлардың11711 отбасы (45529 адам), 1944 ж. көктемде шешен-ингуштар 89501 отбасы (406375 адам) балқарлар – 4660 отбасы (21150 адам), қалмақтар – 648 отбасы (2268 адам), Қырымнан – 1268 отбасы (27657 адам), барлығы – 6296 отбасы (507480 адам) келген. Бұлар республика бойынша 151 ауданға және 16 қалаға орналасты. 1943 ж. 28 қазанында қалмақтар елдің шығыс, солтүстік аудандарына жғне Оралға жер аударылды. Қысқа мерзім ішінде 99252 адам көшіріліп, оның 2268-і Қызылорда облысына қоныстандырылды. 1944 ж. 7-наурыздағы Жоғарғы Кеңестің«Шешен-ингуш автономиялық республикасын жою және оныңтерриториясыныңәкімшілік құрылымы туралы» қаулысымен шешен және ингуш халқы өз жерінен қуылды. Мұнан соң, балқар халқы да көшіріліп, туған жерінен айырылды. Оған Кеңес Одағы Жоғары Кеңесінің1944 ж. 8 сәуірдегі «Кабардин-Балқар республикасында тұратын балқарларды көшірту, Кабардин-Балқар республикасын Кабардин автономиялық республикасы деп қайта өзгерту туралы» қаулысы негіз болды. 
1944 ж. 17 қарашасында Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің1945 ж. 26 сәуірдегі «Солтүстік Кавказдан қоныс аударылғандарды шаруашылыққа орналастыру» туралы қаулысы шықты. 1944-1945 жж. Талдықорған облысына шешен-ингуш және балқарлардан 6031 отбасы (22598 адам) көшіріліп, 10 ауданға шашыратылып орналастырылды. 1944 ж. наурызында келгеннен бастап арнайы қоныстанушылар 1946 ж. шілдесіне дейінгі аралықта ажырап қалған отбасыларын және өлім-жітімнен отбасылары 5839-ға, адамдары – 20787-ге қысқарған. 
1944 ж. Қазақстан территориясында арнайы қоныс аударушы 12342 отбасы (45500 адам) қарашайлар орналасты. Олардан Оңтүстік Қазақстан облысында 6643 отбасы (25216 адам), Жамбыл облысында 5699 отбасы (20285 адам) тұрақтады. Арнайы қоныс аударушыларды қамтамасыз ету үшін 24 комендатура тағайындалып, оның 13 комендатурасы Оңтүстік Қазақстанда жғне 11 Жамбыл облысында болды. Қоныс аударылып келген қарашайлар колхоздарға орналастырылып, олар негізінен ауыл шаруашылығын дамытуда жұмыс істеді 
Осы мезгілде Солтүстік Кавказдағы шешен жғне ингуш халықтарын көшіру ісі де ойластырылып жатты. Бұл туралы 1944 ж. 31 қаңтарында шешім шығарылып, ол өте құпия сақталды. Оларды қазақ жғне қырғыз жерлеріне көшіру 1944 ж. 21 ақпанында басталды. Көшіру ісі аяқталуға бір күн қалғанда, 7 наурыз 1944 ж. Шешен-Ингуш АССР-ін жою туралы Кеңес Одағы Жоғары Төралқасының жарлығы шығады. Мұрағат құжаттарына қарағанда, 1945 ж. қазан айына дейін республикаға 406375 шешен жғне ингуш халықтарының өкілдері көшіріліп келген. 1945 ж. 1 қаңтарда келгендер саны – 112311 отбасы (462120 адам) болды да, олар колхоздар мен кәсіпорындарға бөлінді. 
1945 ж. ортасында 6125 отбасы (25304 адам) келсе, 75233 отбасы (75233 адам) кері көшіп кеткен және 13218 адам өлген. Ал, 1946 ж. 1 қаңтарда республикада 107272 отбасы (412191 адам) қоныс аударып келсе, соныңішінде Солтүстік Кавказдан 10089 отбасы (384289 адам) және Грузиядан 6422 отбасы (27902 адам) облыстар бойынша мынандай сандық көрсеткіште орналастырылды [18].

Тарихи деректер негізінде  Қазақстанныңэтнодемографиялық құрамына өзгерістер соғыс жағдайында күштеп келтірілген шешен-ингуш, балқар, қарашай, поляк, неміс, түрік және тағы басқа  халықтардыңкелуінен қалыптасқандығы  анықталды. 
«Көші-қонныңэтнодемографияға тигізген әсері» атты тараушада Екінші дүниежүзілік соғыс република халқыныңэтнодемографиялық құрамына үлкен әсерін тигізді. Мәселен, 1940 ж. Орталық Комитет пен ХКК-ніңарнайы шешімі шығарылып, Қазақстанныңкеңөлкелері солтүстік және шығыс аудандарына 25 мыңшаруашылықты көшірді. 1940 ж. тамыз айында Қазақстанға 19408 шаруашылық (90007 адам) көшіріліп келді. Олардың17006 адамы Ақмола обылысына орналастырылса, Шығыс Қазақстан жеріне 7445 адам қоныстандырылды. Ал, Қостанай - 21079, Павлодар – 16646, Солтүстік Қазақстан – 19601, Семей – 3340, Жамбыл – 1567, Алматы облысына 3323 адам келді. Сөйтіп, Қазақстан халқыныңқұрамын одан ары көпұлттандыру соғыс жылдарында да, соғыстан кейінгі жылдарда да жүре берді. Бірақ жергілікті ұлт өкілдерініңемес, сырттан келгендердіңүлесі арта түсті.

1941 ж. республикада 110 мыңадам  келгендігі тіркелген. Жоспарлы түрде ұйымдастырылғандардан 13263 және өз бетімен қоныс аударып келгендерден 10997 отбасы келді. Осы жылы Украинадан - 6478 отбасы, Беларуссия - 203, Воронеж – 1142, Курск – 1415, Рязань – 574 отбасы қоныс аударылып келсе, автономиялы обылыстар Татарстаннан – 917, Чувашия – 876, Молдавия – 591 отбасы және Кеңес Одағыныңбасқа аймақтарынан – 1068 отбасы қоныс аударылып келген. Осы аталған жылда республикаға 161232 адам Кеңес Одағының32 географиялық аудандарынан көшіріліп орналастырылды. 
1941 ж. 1 тамызда соғыс жағдайына байланысты эвакуацияланып келгендердіңсаны 15206 адам болды. Бұлардыңкөпшілігі Мәскеу, Ленинград, Беларуссия және Балтық жағалауы елдерінен еді. Одан кейінгі уақытта 1941 ж. тамызынан 1942 ж. аралығында 3386 492 адам келген. 1942 ж. бірінші жарты жылдығы өте қарқынды эвакуацияланғандардыңекінші толқыны келді. Бұлардыңкөпшілігі Воронеж, Сталинград, Ворошиловград, Ростов және Солтүстік Кавказдан болды. 1943 ж. 1 шілдеде республикаға 532506 адам эвакуацияланды. Олардыңайтарлықтай бөлігі Алматы обылысына – 17,3% Жамбыл – 10,8% Оңтүстік Қазақстан – 9,6% Қызылорда – 8,9% барлығы – 46,6% эвакуацияланғандардың11,9% оңтүстік және солтүстік облыстарға қоныстанса, соныңішінде 35,4% қалаларға орналастырылды, ал 64,6% ауылды жерлерге шашыратылып қоныстандырылды. 
1942 ж. 1 қаңтарда республикаға жоспарланған 722 мыңэвакуацияланушылар мен 479 мыңқоныс аударушы немістердіңорынына 386492 адам эвакуацияланып, 102533 поляктар мен 361244 немістер қоныс аударылды. Осы көші-қонда келгендер Қазақстанныңбарлық облыстарына орналастырылды. Соныңішінде басым көпшілігі – 533140 адам, яғни 62,7 екі аймаққа мынандай көрсеткіште орналастырылды: Оңтүстікке 273548 адам, 30,5 бөлінді. Оныңішінде обылыстарға төмендегідей орналасты: Оңтүстік Қазақстан – 93984 адам, яғни 11,05%; Жамбыл – 70696 адам – 8,3%; Алматы – 63557 – 7,5%; Қызылорда – 41446 – 4,9%; Алматы қаласы – 3805 – 0,45%; Ақмолада – 99583 – 11,7%; Солтүстік – 86060 – 10,1%; Павлодар – 73949 – 8,7%. Көші-қонныңүштен бірінен астамы (37,3%) Батыс, Шығыс (113870 – 13,5%) және Орталық аймақтарға келді. Бұл аймақтардыңосы көші-қондағы үлесі мынандай болды: Қостанай – 74993 адам – 8,8% ; Батыс Қазақстан – 37182 – 4,4%; Ақтөбе – 34115 – 4,0%; Гурьев – 9278 – 1,1%; Семей – 73838 – 8,7%; Шығыс Қазақстан – 45035 – 5,3%; Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Семей облыстарына орналасса, поляктардыңкөбі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды.

1943 жылдың жазына дейін  Қазақстанға барлығы 532506 адам  эвакуацияланды. Осы уақыт ішінде басқа республикаларға көшкені, Қызыл ғскер қатарына шақырылғаны жғне сол сияқты себептермен 66351 адам республикадан кетті. 1943 жылдың 1 маусымына қарай эвакуацияланғандардың 466155 адамы қалып, олардың 301063-і (64,6%) ауылдық жерлерге, 165092 (35,4%) қалаларға орналасты. 1943-1944 жылдары депортациялық күштеу саясатымен Солтүстік Кавказ халықтары қудаланды. 1943 жылы 14 қазандағы № 342 ХКК-нің шешімі бойынша Жамбыл жғне Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерлеріне 11 мың қарашай жғне балқар отбасы қоныстандырылды. Осындай қудалау науқанында 1943 жылы 28 қазанда қалмақтар да көшірілген. Олар негізінен Қызылорда облысына орналастырылды да, саны 2268 адамға жетті. 1943 жылдың қазанынан 1945 жылдың 1 қаңтарына дейін республикаға 504431 адам қарашай, балқар, шешен, ингуш, қалмақ, түрік, грек, поляк, күрд, ирандық, ассириялық ұлт өкілдері көшіріліп келген. Арнайы қоныс аударылғандар 14 облыстың 145 ауданына қоныстандырылып, колхоздарда – 68969 отбасы, совхоздарда – 11377 отбасы, өндірістерде – 31247 отбасы тұрды. Яғни, көші-қон қозғалысы соғыс уақытында да мақсатты түрде, мғжбүрлеп көшірумен сипат алды. Мұндай демографиялық процестер республиканың ұлттық құрамын жылдан-жылға өзгерте түсті.

«Соғыстан кейінгі кездегі  демографиялық ахуал (1946-1959 жж.)»  деп аталатын үшінші тарауда республиканыңұлттық  құрамына өзгерістер әкелген көші-қонныңзерттелуі, оныңбарысы мен нәтижелері және көші-қонға  қатысты құқықтық жағдай көрсетілді. Тараудың «Соғыстан кейінгі көші-қон қозғалысыныңзерттелуі» тараушасында Қазақстан халқыныңқұрамын соғыстан кейінгі көші-қон процестері одан әрі көп ұлттандыра түскендігі көрсетілген.

Бұл жайында М.Х. Асылбеков  пен Х.М. Әбжановтыңбірлесіп мақала жазған. Авторлардыңзерттеуі бойынша  жергілікті ұлт өкілдерініңүлесі азайып, сырттан келгендердіңүлесі арта түсті. А.И. Құдайбергенованыңеңбегінде қазақ жеріне қоныстанғандардыңұлттық құрамға әсері және олардыңсаны туралы нақты мәліметтер келтірілген. Мәселен, 1946 ж. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасында 107272 отбасы немесе 412191 адам қоныстанушы тіркелген. Автордыңкөрсетуінше, материалдық және тұрмыстық жағдайларыныңадам төзгісіз болуы және олардыңқоныс аударған жерлерге қиындықпен көндігуі қоныс аударушылардың, ерекше Солтүстік Кавказдықтар, Қырымнан келгендер, қалмақтар, түрік-месхеттер арасында адамдардыңесепсіз өлуіне жол берді, - дейді.

Соғыстан кейінгі жылдардағы арнайы қоныс аударушылар мәселесін  зерттеген ресейлік ғалым В.Н. Земсков  осы кезде арнайы қоныстанушылар әртүрлі себептермен ерікті адамдар  қатарына босатыла бастады дейді. Мәселен, 1946 ж. Қазақстаннан басқа республикаларға 28105 адам жіберілсе, Польшаға Қазақстан  территориясында тұрған 40 мыңполяк қайтарылды деген мәліметтер келтірген. М.М. Сужиков пен Г.Д. Демаков тыңигеру жылдарынан кейін республикада қазақтардыңүлес салмағыныңкемуі шарықтау шегіне жеткенін көші-қондық процестердіңықпалымен байланыстырмайды. Керісінше еуропалық аудандардан тұрғындардыңқоныс аударуы жұмысшы табы мен интеллигенцияныңсанын ғана арттырып қоймай, жергілікті тұрғындардыңбіліктілігін көтеруде және ұлттық жұмысшы кадрлар мен интеллигенцияны қалыптастыруда маңызды әлеуметтік құрал қызметін атқарды, - дейді. Әрине, авторлардыңбұл еңбегі Кеңестік кезеңде жарық көргеннен кейін, қоғамда үстемдік құрған идеологияға сәйкес жазылғандығы байқалады.

Информация о работе Қазақстандағы көші-қон процестері