Қазақстандағы көші-қон процестері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 12:37, реферат

Описание работы

Қазақстандағы көші-қон қозғалысы мен отарлау саясатына ашық та батыл көзқарастарын білдіргендер қазақ ұлтыныңзиялылары болды. Мәселен, Мұстафа Шоқайдың пікірінше, Қазақстанды кеңестік отарлау шаруашылық өмірді ұйымдастырудыңбір жақтылық және шикізаттық ұстанымын қалыптастыру арқылы, Ресейге барынша тәуелді ету бағытынан бастау алады. Мұстафа Шоқайдың кеңестік жер саясатының «Құлаған патшалық ескі саясатын еске түсіреді» деп сынағаны белгілі. Түркістанда «Орыс пролетариатының диктатурасы» орнады дей келе, жаңа формадағы ұлт саясаты орыс өкіметініңпайдасына қызмет етуде деген тұжырымға келді. Демек, М. Шоқайұлы отаршылдық саясатты сезе де көре білген ұлт зиялысы ретінде күрес жүргізген.

Файлы: 1 файл

коши кон процестери.docx

— 113.52 Кб (Скачать файл)

 

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

қазақ  Мемлекеттік қыздар педагогикалық  университеті

 

 

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті

 

тарих кафедрасы

 

 

 

М Ө Ж

 

Пән аты: Көші-қон процесі

 

тақырыбы: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРІ

ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 

 

 

 

 

 

                      Орындаған: «6М020300-Тарих» мамандығы,

                                        2 курс магистранты Акилбекова Салтанат Елтаевна

                                                           Қабылдаған: т.ғ.к., доцент м.а. Исаева Әлия Исақызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2013 жыл

 

Қазақстандағы көші-қон қозғалысы  мен отарлау саясатына ашық та батыл көзқарастарын білдіргендер қазақ ұлтыныңзиялылары болды. Мәселен, Мұстафа Шоқайдың пікірінше, Қазақстанды кеңестік отарлау шаруашылық өмірді ұйымдастырудыңбір жақтылық және шикізаттық ұстанымын қалыптастыру арқылы, Ресейге барынша тәуелді ету бағытынан бастау алады. Мұстафа Шоқайдың кеңестік жер саясатының «Құлаған патшалық ескі саясатын еске түсіреді» деп сынағаны белгілі. Түркістанда «Орыс пролетариатының диктатурасы» орнады дей келе, жаңа формадағы ұлт саясаты орыс өкіметініңпайдасына қызмет етуде деген тұжырымға келді. Демек, М. Шоқайұлы отаршылдық саясатты сезе де көре білген ұлт зиялысы ретінде күрес жүргізген. Осы жолда ойларын, пікірлерін ашық айтты. Бірақ оныңсын-пікірлері кеңестік билікке ұнамады. Соның нәтижесінде ұлт зиялысы қуғындалды. 
Қазақстан халқы үшін күрес жүргізген қазақ зиялыларының бірі С.Сәдуақасұлы партия басшыларының жүргізіп отырған солақай саясатына қарсы наразылығын білдіріп, орынды сынға алды.

Оның ұлттық мәселеге байланысты жарық көрген «Большевик» журналындағы «О национальностях и националах» атты мақаласы болды. Автор өз еңбегінде Қазақстандағы айтыс-тартыс жағдайларының себептерін дәлелдеуге тырысқан. 
Кеңестік кезеңде халықтың хал-ахуалына назар аударып, ол үшін күрес жүргізген қазақ зиялыларының бірі М. Есболұлы Түркістан өлкесінің материалдары бойынша жер мселесінің ушығуын сырттан ағылған көші-қоншылар санының артуымен тікелей байланыстырады. Автор нақты деректерге сүйене отырып, Түркістанды отарлау барысында көші-қон қозғалысына тартылған өзге жұрт өкілдерінің саны арта түскенін атайды. Келімсек атанған көші-қоншылардың барлық жері жергілікті халықтардың жерінен 15 есе артық екендігін дғлелдейді.

Зерттеуші бір кездері  Ресей империясынан кейінгі кеңестік қызыл империя жалғастырған орыс отаршылдарыныңорыс көші-қоншыларының санын арттыру арқылы жүзеге асыруға  талпынғандығын да зерделейді. 
1926 жылы Т. Шонанұлының «Қазақ жер мғселесі тарихы» деген еңбегінде аграрлық көші-қон патша өкіметінің отаршылдық саясатымен тығыз байланыста қарастырылып, қазақ жеріне қоныс аударылған келімсектерге көңіл аударған. Қоныс аудару саясатының нғтижесінде, Т. Шонанұлының пікірінше, «Қазақ жерлері отар аймаққа айналдырылып, қазақтар жерсіз қаңғырып өз атамекендерінен көше бастаған», қазақтардың өзі де көші-қон процестерінің иіріміне амалсыздан енгендігіне алғаш көңіл бөлді, қазақтар арасында сыртқа көшу жғне ішкі көші-қон процестерінің үдей түсуін отаршылдық саясатпен байланыстыра отырып: «Қазақты жерден қуып, қазақты переселенге айналдыру – отаршылдар жұмысының бірінші жемісі. Қазақтың отырған жерін жұрдай қылып талап, қазақты атамекенінен айдап, қолайсыз жерге ықтырып тастау – отаршылдар жұмысының екінші жемісі», - деп жазып, мғселені дғл басып көрсетті.

М. Тынышпаев Жетісу облысындағы  қоныс аударушылардың тым көптігіне  назар аударып, келімсектердің келуіне  байланысты ғлеуметтік-экономикалық жағдайдың  күрт төмендеуін ашып айтады. Аймақтағы  шаруашылық құлдырап, құнарлы жерлер тартылып алынған соң, егіс-жайылым  көлемі қысқартылып, халқы кедейленіп, адам танымастай өзгерген, - деп жазды. Үкімет тапсырмасын орындап, Қазақстанның демографиялық жағдайын зерттегендер де болды. Мғселен, А. Донич өз еңбегінде 1926 ж. халық санағының материалдарын талдап, 1928 ж. дейінгі кезеңдегі халық санының өсу динамикасына назар аударды. Оның мғліметтеріне қарағанда, 1928 ж. күзіне дейін республика тұрғындары 6 миллион 507 адамды құраған, 3717094 адамы (51,1%) қазақтар, 1280000 адамы (19,7%) орыстар, 860978 адамы (13,2%) украиндар, 648923 адамы (10%) басқа ұлт өкілдері болған. Республика халқы санының тым аз өсіп, төменгі үлеске ие болуын автор механикалық өсіммен орынды байланыстырғанымен, табиғи өсімнің әсерін ашып бере алмаған. Республикадағы 1924-1927 жж. ауыл тұрғындарының табиғи өсіміндегі ерекшеліктерін Н.Д. Трублаевич қарастырды. Ауыл тұрғындарының табиғи өсімі 1927 ж. 27,6 промильге ие болғандығын айқындап, оның ұлттар арасындағы ерекшелігіне тоқталды. Автордың көрсетуінше, осы жылдары табиғи өсім орта есеппен қазақтарда – 20,6 промиль, ұйғыр, дүнген жғне өзбектерде – 22,3, ал орыстарда – 30,6 промиль болған. 1920-жж. республика тұрғындары ішінде орыстардың табиғи өсімі жоғары болған. Бірақ, автор ұлттар арасындағы табиғи өсімнің ғркелкі көрсеткішке ие болу себептерін түсіндірмей, тек мғліметтер келтірумен шектелген. Демек, кеңестік өкімет жағдайында ашық жазу көпшілігіне мүмкін болмады. 
Қазақстан халқы, оныңұлттық құрамы мен орналасуы мғселелері Т. Рысқұловтың 1927 ж. жарық көрген «Қазақстан» атты еңбегінде жғне М.О. Ғуезовтың 1930 жылы шыққан «Қазақстандағы ұлттар» деген кітабында көрініс тапқан. 
Ә. Ғали өз зерттеуінде 1926 ж. халық санағына дейінгі сыртқы жғне ішкі көші-қон процестерінің ауқымын қарастырған. Оның көрсетуінше, 1926 ж. дейінгі аралықта 800 мыңнан астам адам республикаға келіп қоныстанған деген мәлімет келтірген. 
Н.Ф. Базанованың еңбегінде көші-қондық процестер кеңес өкіметінің қоныс аудару саясатымен тығыз байланысты қарастырылып, көші-қонның Қазақстан халқы саны мен ұлттық құрамындағы өзгерістерге ғсері талданған. Автордың көрсетуінше, 1929 жылы Қазақ АКСР қоныс аудару басқармасы құрылғанға шейін, сырттан республикаға көші-қоншылардың ағылып келуі нғтижесінде ауыл тұрғындары 1920 жылдан бері қарай 26,4%-ға өскен.

Қазақстандағы ұжымдастыру  науқаны мәселесін қарастырған  Т. Омарбековтыңзерттеуінде зұлмат ашаршылық кезеңі қазақ тарихында  үлкен демографиялық апатқа әкелгендігі  баяндалады. Зерттеушініңқарастыруынша, 1930-1933 жылдары негізінен қазақтардан тұратын ауыл халқының3 миллион 379, 5 мыңадамға кемігендігін атайды. Мұның1 миллионнан астамы босқындар, - дейді. 
Зерттеуші ғалым Т. Омарбеков осы мәселеге байланысты М. Тәтімов пен сонау 1930-жж. Қазақстанныңхалық шаруашылығы есебі басқармасын басқарған К. Саматовтыңесептеулері бір жерден шығып, 1930 ж. Қазақстанда еңкемі 4 миллион 170 мыңқазақ өмір сүргендігін дәлелдеді, - дейді. Автордыңпікірінше, осы көрсетілген санныңтеңжартысы қырылған. Өйткені, босқындардыңтірі қалғандары (Қазақстанныңішіндегі 300 000 дай адам) республикаға қайта оралған тағы 200 мыңдай адам, онан соңкөрші республикалардан және шет елдерден атамекендеріне қайтпай қалған 400 мыңдай адамды шығарғанда, бәрібір 2 миллион 300 мыңнан астам адам жетіспейді, - деген мәлімет келтіреді. Автордың қарастыруынша, 1932 ж. Қазақстан байырғы халқының64 пайызынан айырылған. 1930 ж. Қазақстан халқыныңсаны 5,9 миллион адамнан 1933 ж. 2,5 миллионға дейін азайған. Осы алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшыраған шаруалар саны – 1 миллион 31 мың. Олардың165 мыңы бұрынғы Кеңестер Одағыныңшекарасынан шығып, Қытайға, Моңғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға өтіп кеткен. Сөйтіп, туған жеріне қайта орала алмаған. Ал көрші республикаларға, Ресейге қоныс аударып, орнығып қалғандар саны – 450 мыңдай, - деген мәліметтер көрсетті.

Кеңес Одағының зұлматты жылдарыныңтарихын зерттеген ғалымдардыңбірі ресейлік В.Н. Земсков. Автор өз зерттеулерінде 1930-1931-жж. Қазақстанға Еділдіңтөменгі жағалауынан – 18092 жанұя, Еділдіңорта тұсынан – 11477, Орталық аудандардан – 10544, Нижгород өлкесінен – 50, Кавказдан – 870 жанұя қоныс аударылған, - деген мғліметтер келтіреді. Қазақстанныңөзінде қоныстандырылғандар мен шашыратып орналастырылған жанұялар саны – 6765, барлығы – 50929 жанұя келген. 
Кеңестер Одағындағы, сондай-ақ, Қазақстандағы көші-қондық процестерде орын алған ерекшеліктер батыс зерттеушілері тарапынан қарастырылып, бұл мғселе нақты бағаға ие болды. Зерттеушілер А.Р. Льюис, Н.Р. Роулэндтіңкөрсетуінше, Қазақстандағы аграрлық отарлау саясатыныңсалдарынан қазақтар отырықшылыққа көшіп, аштыққа ұшырады. 1926 ж. халық саны 4 милион шамасында болса, 1939 ж. дейін 3 миллионға дейін қысқарған. С.Г. Уиткрофтт Одақ көлемінде 1930-1933 жж. болған ашаршылық, демографиялық апат қолдан жасалды деген пікір білдіреді. Ал, американдық тарихшы Р. Конквест қазақтар арасындағы адам шығыны жайында өз зерттеуінде былай деп жазды: «1926 жылғы санақ бойынша Кеңестер Одағында 3963300, 1939 жылғы санақ бойынша 3100900 қазақ болды. Сонда халықтыңтабиғи өсімін ескерсек, ашаршылықтан, түрлі қуғын – сүргіннен қазақтар 1,5 милион адамдарын жоғалтқан. 1930 жылы халық саны 4 миллион шамасында болды десек және дүниеге келмеген нәрестелерді, Қытайға ауғандарды есептен шығарып тастағанныңөзінде аштықтан өлгендердіңсаны 1миллионнан кем түспейді».

Бұл тарауда көші-қон қозғалысына  қатысты отандық, шетелдік және ресейлік ғалымдардыңеңбектері салыстырмалы түрде  қарастырылып, сыртқа көшкендер жайында  нақты деректер келтірілсе, көшіріліп  келгендердіңұлттық құрамға әкелген  өзгерістері көрсетілді.

Тараудың«Республика аралық көші–қон және халық құрамындағы өзгерістер» деген тараушасында сырттан келген көші-қон толқындары талданған. 1934 ж. Халық комиссарлар кеңесінің қаулысымен Қарақалпақстанға көшіп кеткен 7000 шаруашылықты Қазақстан жеріне көшіру туралы қаулы қабылданды. Қарақалпақ жерінен көшіп келгендер ұжымдастыру, аштық жылдары кеткен адамдар екені байқалады. 1934 ж. Ақмола қаласының аумағына Ленинград, Мәскеу, Орал, Солтүстік Кавказ, Батыс Сібір, Қиыр Шығыс, БКСР, УКСР, Днепропетровск, Донецк, Армян КСР, Өзбек КСР-нан 530 адам қоныс аударған. Оның 282-і ер адам, 248-і ғйел адам болды. Ақмола, Семей, Орал, Атырау, Петропавл жерлеріне 1652 адам келіп, 7786 кері қайтқан. Сол жылы Қазақстанға келгендердің ғлеуметтік құрамында мынандай топтар бар: жұмысшылар, металл қорытушылар, кіші қызмет көрсетушілер, оқушылар, үй шаруасындағы ғйелдер, 16-жасқа дейінгі жастар тағы басқалары бар еді. 1936 ж. поляктарды қуғындау кезінде Украинадан Қазақстан территориясына 15 мың поляк жғне неміс шаруа қожалығы көшірілді. 
Зерттеуші Г.В. Кан өз еңбегінде 1937 ж. 21-тамызда Қиыр Шығыстан кәрістерді Қазақстан мен Өзбекстанға көшіру туралы бұйрық шыққаннан кейін оларды қоныс аударту 1937 ж. 25-қыркүйегінен 24-қазанына дейін Алматы қаласы арқылы жүргізілді, - дейді. Автордыңкөрсетуінше, Қазақстанға 20769 отбасы (98454 адам) көшірілген. Екінші кезеңде кәрістер 1938 ж. 20 ақпанындағы БК(б)П Орталық Комитетініңшешіміне сәйкес көшірілді. Онда келгендер Алматы облысы бойынша – 4774 отбасы, Қарағандыға – 6476, Батыс Қазақстанға – 500, Атырауға – 1322, Ақтөбеге 1285, Қызылордаға – 2255, Солтүстік Қазақстанға – 1500, Оңтүстік Қазақстанға – 1698, Қостанайға – 720 отбасы көшіріліп келген.

Ж.У. Қыдыралинаныңзерттеуінде Батыс Қазақстанға депортацияланғандар  жайында мәліметтер кездеседі. Автордыңқарастыруынша соғысқа дейін және соғыс уақытында күштеп көшірілген халықтар облыс территориясына әкелініп қоныстандырылған. Олардыңішінде кәріс, неміс, татар, армян, балқар, грек, Солтүстік Кавказ ұлтыныңөкілдері болғандығы баяндалады. Атырау облысына 1937 ж. 21-тамызда кәрістер көшіріліп келген. Олардыңсаны сол кезде 36442 отбасында (171781 адам), ал қыркүйек-қазан айларында әкелінгендері 124 эшалонда Қазақстанға – 20170 отбасы (70525 адам) және Өзбекстанға – 16272 отбасы (76525 адам) келген. 
1938 ж. қазан айының 8-інде Кеңес Одағы Халық Комиссарлар Кеңесінің арнайы № 1084-269 бұйрығымен: «Ғзірбайжан шекаралық аймағында тұратын ирандықтар Қазақстанға көшірілсін» деген арнайы құпия құжат дайындалған. Ол құжатты бекіткен сол кездегі Одақтың Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. Молотов болды. Соған сғйкес, 1938 ж. қараша-желтоқсан айларында Ғзірбайжаннан – 1621 ирандық отбасы Қазақстанға қоныс аударылған. Олар Қазақстанның Оңтүстік облыстары мен Алматы облысы аудандарына орналастырылуы керек болды.

1938-1939 жж. қоныс аударылып  келген ирандықтар негізінен  Азербайжан КСР-ныңАлибайрам, Астрахан  – Базар, Ярдумлин, Акжебедин,  Массалы, Кориягин, Зайгилан, Ленкоран  аудандарынан келген. Кеңес өкіметі кезінде қоныс аударылған ұлттардың ішінде немістер де болды. 1939 ж. Батыс Белорус пен Батыс Украина жерінде тұратын айтарлықтай көп поляк ұлты өкілдерін қоныс аудартқан. Ол кездегі Батыс Украина жерінен – 6478, Батыс Беларус жерінен – 203 отбасы Қазақстанға көшірілді. 
1926 ж. республикадағы негізгі этностар мынандай көрсеткіште болған-ды: республикада 6198467 адам өмір сүрді, оныңішінде қазақтар – 3627612 адам, орыстар – 1275055, украиндар – 860201, немістер – 51094, татарлар – 79758, өзбектер – 129399, беларустар – 25584, ұйғырлар – 63432, кғрістер – 42 адам жғне басқа ұлттың өкілдері – 86290 адамды құрады.

О.Қ. Жандосовтың көрсетуінше, 1926 ж. қазақ жеріндегі ұлттардың  үлес салмағы мынандай мөлшерде болды: қазақтар – 55,6%, өзбектер – 3,6%, қарақалпақтар  – 1,3%, қарақырғыздар – 0,8%, ұйғырлар – 1,1%, татарлар – 1,4%, басқа шығыс  халықтары – 0,2%, орыстар – 25,3%, украиндар - 9%, басқа еуропалық халықтар – 1,67% құрады. 
1939 ж. Қазақстан халқының саны 6 млн 093 мың 507 адам болып, 95 ұлттың өкілдері тұрған. Халықтың ұлттық құрамы жағынан республикада: орыстар – 2 млн 449 мың 128 (40,2%), қазақтар – 2 млн 313 мың 674 (38%), украиндар – 6566676 (10,8%), татарлар – 106943 (1,7%), өзбектер – 103240 (1,7%), кғрістер – 96903 (1,6%), немістер – 92397 (1,5%), басқа ұлт өкілдері – 275564 (4,5%) адам екен.Республикааралық көші-қон процестерініңсалдарынан халық құрамыныңөзгергендігі және жергілікті қазақ халқыныңүлес салмағы жағынан азшылыққа айналғаны ғылыми деректер негізінде айқындала түсті. Жұмыстың«Сыртқы көші–қон» атты тараушасында шетелге ауған қазақтар жайында мәселе талданған, бұл жөнінде ғалымдар әртүрлі мәліметтер келтіреді. Мәселен, Р. Конквест Қазақстанның шекаралық аудандарынан Синь-Цзяньға (Батыс Қытай) 200 мың қазақ көшіп кетті десе, зерттеуші Ж. Талдыбаев Қытайға өткен қазақтар саны 70 мыңға жуық болғандығын айтады, ресейлік зерттеушілер Ю.А. Поляков, В.Б. Жиромская, И.Н. Киселев 1930-1931 жж. шетелге кеткен қазақтар санын (қайтып келгендерін шығарып тастағанда) 1,3 миллионға жеткізеді. М.Қ. Қозыбаев, Ж.Б. Ғбілхожин, Қ.С. Алдажұманов одақтан тысқары өтіп кеткендердің саны 200 мыңдай болғандығын айтады, мұндай мғліметті қазақ диаспорасының тарихын зерттеген Г.М. Меңдіқұлова да қостайды. Б.А. Төлепбаев пен В. Осипов шетелге 500 мыңдай қазақтың көшіп кеткендігі жайлы мғлімет көрсетті.

Белгілі демограф-ғалым М.Б. Тәтімов болса 165 мың қазақ одақ көлемінен шығып кетіп, Қытайға, Моңғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға жетті дейді. Ал осы жылдардағы Қазақстан қасіретін арнайы зерттеген Т.О. Омарбеков «шетелдерге біржолата көшіп кеткен қазақтар жалпы алғанда 100 мыңға жуық» деп көрсетеді. Сондай-ақ, Т.О. Омарбеков шетелге көшіп кеткендердің санын асыра көрсетушілердің мғліметі ашаршылықтан өлгендердің санын кемітіп көрсетуге алып келетіндігін де атап өткен. М.Қ. Қозыбаев, Ж.Б. Ғбілхожин жғне Қ.С. Алдажұмановтардыңмғліметтеріне қарағанда, 1932 ж. қазақтардан Еділ бойына 40 мың, Қырғызстанға 100 мың, Батыс Сібірге 50 мың, Қарақалпақстанға 20 мыңнан астам адам, Өзбекстан мен Тғжікстанға 45-50 мыңдай адам барған. М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың еңбегінде 1932 ж. 5 мамырға дейін Батыс Сібірдің 33 ауданына 43632 қазақ көшіп барған да кейін олардың 29166-сы ғана Қазақстанға қайтқан. Қазақ халқыныңтуған атамекенінен Орта Азия республикаларына ауа көшуі мен босуы жайында мғліметтерді М. Қойгелдиев пен Т. Омарбеков жоғарыда аталған зерттеулерінде жақсы ашып көрсеткен. Авторлар 1931 ж. 5 тамызына дейін Қазақстанның тек 27 ауданынан ғана (қалған 47 ауданының мғліметтері есептелмеген) Орта Азия жеріндегі көрші республикаларға жғне Қытайға көптеген қазақ шаруалары көшіп кеткен. Оныңішінде Өзбекстанға – 3436, Түркменстанға – 7371, Тғжікстанға – 1767, Қырғызстанға – 1031, Қарақалпақстанға – 2355, Қытайға – 563 қожалық көшкен. Сонымен қатар, Кеңес Одағының Мғскеу, Ленинград, Орал, Башқұртстан, Төменгі Еділ бойы, Батыс Сібір, Днепропетровск облыстарына Қазақстаннан 230 адам кері көшкен. Олардың арасында ерлер – 123, ғйелдер – 127 адам болған. Сыртқы көші-қонда шетке қазақтармен қатар өзге ұлт өкілдері де болғандығын байқаймыз. 1934 ж. Қазақстанға келгендерден кері қайтқандар да болды. Аталған жылда 6089 адам қоныс аударылып келіп, 9211-і кері қайтқан. Осы жылдары келгендердің ғлеуметтік жағдайында мынандай топтар болды: жұмысшылар, құрылысшылар, қара жұмысшылар, метал қорытушылар, кіші қызмет көрсетушілер, оқушылар, үй шаруасындағы ғйелдер, 16 жасқа дейінгі жастар тағы басқалары бар.

Информация о работе Қазақстандағы көші-қон процестері