Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің дамуының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 13:14, реферат

Описание работы

Каротаж (французша сarottage – бұрғылау керні, латынша carota – сәбіз) – бұрғылау ұңғымаларында жүргізілетін арнаулы геофизикалық зерттеулер кешені.
ұңғыма оқпанының қимасындағы тау жынысы қабаттарын жіктеу және оларды өз шендестерімен сәйкестіру;
ұңғыма оқпанының қимасына тән мұнай, газ, көмір қабаттарын, радиоактивті, полиметалды, тағы басқа кендердің қабаттарын анықтау және барлау;

Файлы: 1 файл

Өзіндік жұмыс 5.doc

— 192.50 Кб (Скачать файл)

1996 жылдан бастап Лақтыбай, Жаңатаң, Шығыс Ақжар, Әлібекмола және Қожасай кенорындарында барлау жұмыстары басталды. Оңтүстік Әлібекмола кенорнынан мұнай бұрқағы алынды.

1997 жылдың аяғында Ақтөбе облысы ауқымындағы тұзүсті кешенінде 7 мұнай кенорны, ал тұзасты кешенінде 6 мұнай және 4 мұнай-газ конденсат кенорындары белгілі болды.

2000 жылы Лақтыбай кенорнын барлау аяқталды, мұнда мұнай тұзасты түзілімідерінде 4500 м тереңдікте орналасқан. Өткен ғасырдың аяғында Ақтөбе облысы мұнайдың өнеркәсіптік қоры бойынша республикада үшінші орынға (900 млн т), ал газ қоры бойынша төртінші орынға (200 млн текше метр) шықты.

Соғысқа дейінгі басжылдықтарда Батыс  Қазақстанда, негізінен Ембі ауданында, 53-ке дейін геологиялық барлау, 60 шамалы геофизикалық партиялар жұмыс істеді. Геологиялық зерттеулердің нәтижесі 1939-41 жылдары басылып шыққан L-38, V-38, L-39 беттердің 1:1000000 масштабтағы Мемлекеттік геологиялық карталарында кескінделген.

«Ембімұнай» комбинаты өзінің негізгі  қызметі болып табылатын мұнай  мен газ өндірумен қатар жұмыс істеп тұрған мұнай кәсіпшіліктері өңірі есебінен оның қорын өсіру мақсатында азын-аулақ мөлшерде іздеу және барлау бұоғыларын да жүзеге асыратын. Мұндай жұмыстар негізінен Оңтүстік Ембі аумағында жүргізілді, мұнда 10-нан астам кенорын игерілуде болатын. Мәселен, 1935 жылы «Ембімұнай» комбинаты Қосшағыл күмбезіндегі №6 ұңғыманы бұрғылау барысында мұнай бұрқағы алынды, бұл кенорын бір жыл ішінде игерілуге берілді.

Мұнай өнімі артқан сайын оны  тасымалдау проблемасы да арта түсті, бұл жұмыс негізінен бұрын темір жол және су көліктерімен ғана атқарылатын. Рас, 30-шы жылдарысалынған Доссор-Гурьев мұнай құбырының, әсіресе Ақтөбе облысының кәсіпшіліктері арқылы өтетін Каспий-Орск мұнай арнасының халық шаруашылындағы маңызы орасан болатын. Каспий-Орск мұнай құбыры үш жыл ішінде салынып, 1935 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Бұл құбыр арқылы Ембі мұнайының 65%-ы Орскіге айдалатын.

30-шы жылдары іздеу-барлау  жұмыстарының қарқынды сипат  алуы және жаңа кенорындарының  ашылуы басталып кету қаупі жылдан-жылға жақындап келе жатқан соғыс өрті тұтанып кеткен жағдайда еліміздің шығысында мұнай-газ өндіру өнеркәсібінің берік шикізат базасын қалыптастыру қажеттілігінен туындады. 1937 жылы «Қазмұнайбарлау» тресі Күлсары кенорнын ашты, «Қазақстанмұнай» комбинаты («Ембімұнай» таратылғаннан кейін) тарапынан жүргізілген мұнай іздеу жұмыстары Норманданак, Бекбике және Жолдыбай кенорындарының ашылуыны және аздған жылдар ішінде-1941-1942 жылдары – игеруге берілуіне мүмкіндік берді. Осылайша 30-шы жылдары және 40-шыжылдардың басы Оңтүстік Ембінің негізгі мұнай-газ кенорындарының ашылуымен және бұрыңғы КСРО-ның шығысында мұнай-газ өнеркәсібінің берік шикізат базасы қалыптасуымен ерекшеленеді. 1940 жылы мұнай өндірудің жылдық көрсеткіші 750 млн тоннаға жетті.

Алайда, Каспий маңы аймағының  зерттелу дәрежесі әр түрлі болатын: жоғары дәлдікпен сипатталатын геологиялық-геофизикалық зерттеулер Эльтон, Басқұншақ, Индер аудандарында және Ембі ауданының жекелеген мұнай кенорындарында жүргізілді, ал Орталық Каспий маңының ауқымды аумақтары тіпті байқаулық маршруттық түсірімдермен де қамтылмаған болатын. Сол жылдары белгілі болатын 400-ге жуық перспективалы құрылымдардың 38-інде ғана барлау бұрғылауы жүргізілді.

Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жылдар) бүкіл ел үшін үлкен сын болды. Өз қызметін уақытша тоқтатқан Майкоп және Грозный мұнайлы аудандарының өндірісін алмастыру мақсатында Қазақстанда мұнай өндіру қарқынын барынша жоғарлату ең маңызды әскери-шаруашылық мәселеге айналды, оны табысты шешу еліміздің халық шаруашылығының кезек күттірмейтін қажеттіліктерін қанағаттандыруға және Кеңес әскерінің соғысу қабілетін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін.

Қазақстан Коммунистік  партиясының Орталық Комитеті 1942 жылдың желтоқсан айында Доссор мұнай кәсіпшілігінде партия-шаруашылық жиналысын өткізді, сол жиналыста мұнай кәсіпшіліктері жұмысын жақсарту және мұнай өнімін арттыруға қажетті қосымша ресурстарды тарту жөнінде нақтылы кешенді шаралар жасақталды.

Орал-Ембі ауданы мұнайшылардың  әрбіреуі соғыс жылдарында екі-үш адам үшін жұмыс істеді, барлық мұнай  кәсіпшіліктерінде майдан бригадалары  құрылды. Бұл жылдары сұйықты  жеделдете алу, қосымша тесіктер тесу, дебиті аз горизонттарды торпедалау, бірнеше горизонттарды бірге игеру, игерудің қайталама әдістерін өндіріске еңгізу т.с.с. прогрессиялық әдістер қолданылды. Материалдық-техникалық шығынның азырақ мөлшерімен ұңғымаларды тезірек бұрғылау шаралары жүзеге асырылды. Көптеген материалдар мен цементті үнемдеуге мүмкіндік беретін кондукторсыз бұрғылау игерілді. Барлаушылар Ембіден үш жаңа кен орын ашты, олар соғыс жылдарының өзінде-ақ өнеркәсіптік игерімге беріліп, мыңдаған тонна сапалы мұнай берді. Жаңа кәсіпорындар ашылды, Гурьев қаласында ірі мұнай өңдеу зауыты салынды (Т.Шаукенбаев, «Экономика нефтяной промышленности Казахстана». «Қазақстан» баспасы, Алматы, 1974 ж.).

1941-45 жылдары жылына  орта есеппен 800 мың тонна мұнай  өндірілді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында геологиялық зерттеулер Орал-Ембі мұнайлы облысында шоғырланды. Іздеу-түсіру және сейсмобарлау жұмыстарының, карталау және құрылымдық-іздеу бұрғылауының айтарлықтай көлемі Нармонданак, Құзбақ, Қызылжар, Мүнайлы, Қошқар, Дүйсеке т.б. тұз күмбездері өңірлеріне шоғырландырылды. Күмбездердердің кейбіреуі терең бұрғылау арқылы өнеркәсіптік барлауға берілді. Бұл жұмыстар барысында мұнайдың өнеркәсіптік жатындары Мұнайлыда, Жолдыбайда, Нармонданакта және Күлсарыда белгілі болды, бұлар 60-шы жылдары игерудің негізгі нысандары рөлін атқарды. Маңғыстауды зерттеу жалғасып жатты. Маңғыстау геологиялық барлау экспедициясының аға геологы Чувелев құрастырған «Краткая пояснительная запсиска. К вопросу о полезных ископаемых на Мангышлаке» деген еңбекте былай делінген: «Маңғыстаудағы таужыныстар құрылысының антиклиндік сипатты иемдену, кейде диапиризмнің көрініс беруі (Орал-Ембі ауданындағы сияқты ағымдану ядроларының болуы) аңғарында, Форт-Шевченкодан 50 км қашықтықта Ханга-баба антиклинінің төменгі бор түзілімдерінде мұнайлылықтың анық белгілері бар таужыныстар табылды» (маңғыстау облытық мемлекеттік архиві, 17-ші қор, 1-ші жазба, 626-шы іс). Бұл деректер Маңғыстауды одан әрі зерттеуге негіз болды.

Мұнайға деген перспективасы  бар құрылымдарды анықтауға геофизикалық зерттеу әдістерінің жоғары тиімділігі 1943 жылы Мемлекеттік геофизикалық трестің Қазақ бөлімі құрылуына себепші болды. Бұл трест кейінірек арнаулы «Қазақстанмұнайгеофизика» тресі болып өзгертілді. Трестің құрамында 5 геофизикалық партия болды. Бұрғылау станоктары паркінің мүмкіншіліктері шектеулі болуы мұнайдың барланған қорын еселей арттыруды қамтамасыз ете алмады, бүкіл іздеу жұмыстары соғыс жылдары Оңтүстік Қошқар (1943 ж.) және Тентексор (1944 ж.) сияқты кенорындар ашылған тұзүсті түзілімдерін зерттеугу ғана шоғырландырылды. Мұнай құбырларының салынуы және Гурьев (Атырау) қаласында мұнай өңдеу зауытының тұрғызылуы жаңа кенорындарды жеделдете іздеу қажеттілігін туындатты.

Соғыстан соңғы кезеңде  КСРО Үкіметі республиканың бұрғылау және құрылыс жұмыстары қарқынын өсіруге бағытталған бір топ  арнаулы шешімдер қабылдады. Құрылыс және барлау жұмыстарын күшейту мақсатында «Қазақстанмұнайқұрылыс», «Қазақстанмұнайбарлау», «Ақтөбемұнайбарлау» арнаулы трестері және Мемлекеттік геофизикалық трестің қазақстандық бөлімшесі құрылды. Кәсіпшіліктерде қуатты бұрғылау станоктары, негізгі тізбектегі станок-ырғалғыштар, тракторлық көтергіштер кеңінен қолданыла бастады. Ембідегі бұрғылау жұмыстарының бағыты да өзгерді. Егер Отан соғысы жылдарында барлау бұрғылауы негізінен бұрыннан бар материалдық базаларының төңірегінде жүргізілсе, соғыстан соңғы жылдары бұл жұмыстар жаңа кенорындар ашу үшін барынша перспективалы деп есептелген Ембінің оңтүстік-шығыс аудандарына көшірілді. Ал «Ақтөбемұнайбарлау» тресі өз жұмысын Ақтөбе өңіріне шоғырландырылды. Құлсарыдан мұнайдың ірі жатыны ашылуы және Төлестің өнеркәсіптік мұнайлылығы анықталуы маңызды оқиға болды (Промышленность Казахстана за 40 лет. Қазақ мемлекеттік баспасы, 1957 жыл).

Соғыстан кейінгі алғашқы  жылдар бір топ кенорындарының ашылуымен  ерекшеленеді, олар: Мұнайлы және Оңтүстік Төлес (1947 ж.), Қаратон (1948 ж.), Төлес (1950 ж.), Қарсақ (1951 ж.). Аталған кенорындардың іске қосылуыжылдық мұнай өнімін 1,5 млн т-ға дейін өсіруге және барланған қорлардың еселей артуына мүмкіндік берді.

1946 жылдан бастап Каспий маңы ойысындағы геологиялық барлау жұмыстарының көлемі күрт өсті, геофизикалық зерттеулер жүргізілді, терең тіректі және параметрлік ұңғымалар бұрғыланды. Батыс Қазақстанның ауқымды аумағындағы іздеу-түсіріу, әуегеологиялық жұмыстар карталық бұрғылаумен, геофизикалық, геохимиялық, геоботаникалық т.б. зерттеулермен ұштастырыла жүргізілді. Каспий маңы ойысын зерттеу барысында гравиметрлік түсіруді, карталық бұрғылауды, сейсмобарлауды және құрылымдық-іздеу бұрғылауын біріктіретін мұнай іздеу жұмыстарының ұтымды кешені қалыптасты. 1946 жылы М-40 және L-40 беттердің 1:1000000 масштабтағы карталары басылып шықты. Мұнымен қоса 1:200000 масштабтағы геологиялық картаға түсіру жұмыстары да жүргізілді. Каспий маңы ойысының батыс бөлігіндегі жұмыстарды ВНИГНИ-дің Оңтүстік-Батыс экспедициясы, ал ойыстың солтүстік жиегіндегі жұмыстарды «Одақмүнайбарлау» тресінің Одақтық геологиялық іздеу кеңесінің қазақстандық экспедициясы атқарды. 1948 жылдан бастап каспий маңы ойысы аумағында Әуегеологиялық экспедициясы өз жұмысын бастады. Әр түрлі мұнайлы аудандарда барлау жұмыстары қарқынды жүргізілді, бұл жұмыстар Ембіде жаңа кенорындардың ашылуына мүмкіндік берді, олар – Тереңөзек (1951 ж.), Тәжіғали (1956 ж.), Қараарна (1957 ж.). Жылан құрылымының (Ақтөбелік Орал маңы) өнеркәсіптік мұнайлылығы анықталды. Батыс Қазақстанның геологиясына, тектоникасына және мұнайлылығына арналған соғыстан кейінгі жылдары жарияланған көптеген еңбектердің ішінде А.Яшиннің, Ю.Никитиннің, Ю.Косыгиннің, А.Авровтың, Г.Айзенштадтың, Н.Неволиннің, В.Вахромеевтің т.б. еңбектері айырықша маңызды болды.

Соғыстан кейінгі кезеңде  сейсмобарлау, дала және тыңғылықты өңдеу  жұмыстарының әдістемелері мен техникасы  тез арада жетілдірілді, социолографиялық жазбалы көп арналы сейсмикалық  станциялар жасалды. Солтүстік Үстірт, Ақтөбелік Орал маңы, Орал-Еділ арасы, сол сияқты Торғай, Теңіз ойыстары мен батыс Сібір тақтасының оңтүстік өңірі зерттелді.

1948 жылдан бастап сынған толқындардың сәкестендіру әдісі кеңінен қолданыла бастады. 1947-1948 жылдары Каспий маңы ойысында аймақтық сейсмикалық зерттеулер жүргізіле бастады. Тұңғыш көрініс беру әдісімен жүргізілетін жұмыстар Торғай ойысында және Ертіс маңындажүзеге асырылды.

1955 жылдан бастап тұрақты түрде жүргізілетін сейсмикалық зерттеулер Оңтүстік Маңғыстау аумағын қамтыды, Жаркент ойысымы бойынша сынған толқындардың сәкестендіру әдісімен алынған алғашқы кескіндерді сараптау шаралары басталды. Гравиметрлермен түсіру саны 35-ке, вариометрлермен түсіру саны 22-ге жетті, яки бұл түсірулердің сандық көрсеткіштері де өсті. Ембі ауданында және Ақтөбелік Орал маңы аймағында 1:100000 және 1:200000 масштабтағы түсірулер нәтижесінде тұз штоктары анықталды, галогендік жаралымдар таралуының шығыс шекарасы анықталды. Мұнай мен газға деген перспективалы аудандарды зерттеу мақсатындағы түсірулер Солтүстік Қазақстанда және Іле ойысында жүргізілді. 1950 жылы гравиметрмен түсіру вариометрлік түсірулерді толығымен алмастырды, сөйтіп соңғылары мүлдем сирек қолданылатын болды. 1953-54 жылдар аралығында Зайсан және алакқл ойыстары аумағында жүргізілген 2 мг арқылы 1:200000 масштабта түсіру шаралары аяқталды. 1953 жылдан бастап 1:200000 масштабтағы түсірулер Үстіртте, Солтүстік Арал маңында жүргізілді. Шу-Сарысу ойысы ауқымында 1:200000-1:500000 масштабтардағы түсірулер жүзеге асырылды. Батыс Қазақстанның мүнай мен газға перспективалы аудандарында негізінен 4 мгл изосызықтар арқылы 1:200000 масштабтағы түсірулер дамыды. Электрбарлау жұмытары бұл кезеңде қарқында дами қойған жоқ, олардың әр түрлі модификацияларының мүмкіндіктерін анықтауға арналған тәжірибелік зерттеулер ғана мұнай мен газға деген кейбір перспективалы аудындар ауқымында жүргізілді.

1:1000000 – 1:5000000 масштабтардағы  аймақтық әуемагниттік түсірулер  1959 жылдан бастап қолданыла бастады.  Олардың Батыс Қазақстан аумағындағы  көлемі 956,5 мың шаршы км-ге жетті. АЭМ-49 приборымен жүргізілген әуемагниттік түсіру түсірудің дәлдігін арттыруға (+20 гаммнан +5 гаммға дейін) және шөгінді алаптардың іргетасы құрылысының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Кәсіптік (каротаждық) қызмет 1946 жылы дербес Гурьев мұнай кеңсесіне дараланды. Осы жылдан бастап каротаждық жұмыстар кешенінде дәстүрлі әдістермен қатар инклинометрия, бүйірілік каротаждық зондылау, ұраметрия, термометрия жүргізіле бастады.

Батыс Қазақстан аймағының  жер қойнауын кешенді түрде саралауға  арналған республикалық ғылыми зерттеулердің қалыптасуына 1949 жылы академик Қ.И.Сәтбаевтің пәрменімен Гурьев қаласында өткізілген ҚазКСР Ғылым Академиясының көшпелі сессиясы үлкен рөл атқарды. Сол кісінің басшылығымен өткен, мұнай геологиясының, оны өндірудің бұрғылау техникасы мен технологиясының кқрнекті ғалымдары мен мамандары қатысқан бұл сессияда көмірсутектерді іздеу мен барлаудың, өндіру мен тасымалдаудың, мұнай химиясының көкейтесті проблемалары талқыланды. Батыс Қазақстанда мұнай-газ саласын дамытудың негізгі бағыттары белгіленді. Сол сияқты, 1959 жылы Гурьев қаласында өткізілген мұнай мен газға деген іздеу, барлау және игеру жұмыстарының тиімділігі проблемасына арналған Бүкілодақтық ғылыми-техникалық конференцияда да маңызды рөлді иеленді. Академиктер Қ.И.Сәтпаев пен А.Л.Яшиннің мұнай іздеу жұмыстарының ауқымын көне Ембіден тысқары аймақтарға шығу және бұрын аршылмаған тереңдіктерді аршу арқылы арттыру идеясы көп кешікпей-ақ ғалымдар тарапынан негізделді және өмірге енгізілді. Бұл орайда В.Федынскийдің, Н.Байбаковтың, П.Авровтың, Б.Дьяковтың, Н.Неволиннің, Ю.Васильевтің, М.Чарыгиннің, С.Оруджаевтің, П.Еникеевтің, С.Өтебаевтің, Н.Калининнің, Ж.Досмұхамбетовтың, Н.Имашевтің, Г.Хакимовтың т.б. еңбектерін айырықша атауға болады.

1956 жылы Қазақ КСР Геология министрлігі құрылды, бұл республиканың минералдық шикізат ресурстарын, оның ішінде көмірсутек шикізатын одан әрі өркендетуге бағытталған геологиялық барлау жұмыстарының бүкіл кешенін бір орталықтан жоспарлауға және бағдарлы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сол жылдары Батыс Қазақстандағы мұнай іздеу және мұнай өндіру жұмыстарын «Қазақстанмұнай» бірлестігі, «Ақтөбемұнайбарлау», «Оралмұнайбарлау» «Әуегеология» трестері, Қазақстан геофизикалық кеңсесі т.с.с. мекемелер жүргзді, бұлардың басым көпшідігі республиканың Геология министрлігінің құрамына кірді. 1958 жылдың аяғында Гурьев қаласында ҚазКСР-дың Геология және дер қойнауын қорғау министрлігі Батыс Қазақстан геологиялық басқармасын құрды, оның қарамағына осы аймақтағы бүкіл мүнай іздейтін бұрғылау мекемелері де топтастырылды. Батыс Қазақстан геологиялық ьасқармасының басшылары болып жұмыс істегендер – Н.Гершман, Ж.Телишев, Е.Иванов, В.Васильев, Э.Липсон, Т.Жұмағалиев, Б.Хахаев, Б.Өтебаев, С.Балғымбаев, Р.Бердіғожин, Г.Хаиров, ал геологиялық қызметті басқарғандар – Н.Имашев, С.Берман, С.Құрманов, Т.Нысанов, Э.Воцалевский, Б.Қуандықов, Б.Есқожаев.

1959-60 жылдары Кеңқияқтан (Ақтөбе облысы) және Прорвадан мұнайдың ірі жатындары табылды. Прорвадағы алғашқы терең ұңғыма 1960 жылдың 11 тамызындамұнай мен газдың қуатты бұрқағын берді. Орал-Ембі аралығындағы геологиялық барлау жұмыстарын күшейту нәтижесінде Мартыши (1962), Оңтүстік-Батыс Қамысты (1962), Жаңаталап (1964), Гран және Октябрь (1969) сияқты жаңа кенорындар ашылды. Ембіден мұнай өндіру 1968 жылы 2 млн т-ға, ал 1972 жылы 3 млн т-ға жетті. 60-шы жылдардың бас шенінде роторлық бұрғылауды жылдамдығы әлдеқайда жоғары турбиналық бұрғылау алмастырды, бұрғылау станоктарының паркі ірілене түсті, олрдың техникалық мүмкіндіктері әлдеқайда артты, сөйтіп 3-4 км тереңдікке дейін бұрғылау мүмкіндігінеқол жеткізді. Мұның өзі ең алдымен Каспий маңы ойысының аймақтық тұрғыдан терең, теректі және параметрлік ұңғымалар бұрғылау арқылы және эерттеудің барлық сатыларында барлаудың геофизикалық әдістері кешенін (сейсмобарлау, гравибарлау, каротаждың барлық түрлері) үнемі қолдана отырып зерттеуге мүмкіндік берді. Осы іс-шаралармен қатар саланы техникалық және технологиялық тұрғыдан түбегейлі түрде жетілдіру және мұнай алу қарқынын одан әрі жоғарлату (аумақтық су айдау, қойнауқатты гидравликалық жарғылау, ұңғыма оқпаны маңын химиялық өңдеу, сұйықты жеделдетіп алу, теспелеудің әртүрлі түрлерін қолдану, өндірудің жабық (тұмшаланған) жүйесін қолдану т.б. әдістер) шаралары іске асырылды.

Информация о работе Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің дамуының тарихы