Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің дамуының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 13:14, реферат

Описание работы

Каротаж (французша сarottage – бұрғылау керні, латынша carota – сәбіз) – бұрғылау ұңғымаларында жүргізілетін арнаулы геофизикалық зерттеулер кешені.
ұңғыма оқпанының қимасындағы тау жынысы қабаттарын жіктеу және оларды өз шендестерімен сәйкестіру;
ұңғыма оқпанының қимасына тән мұнай, газ, көмір қабаттарын, радиоактивті, полиметалды, тағы басқа кендердің қабаттарын анықтау және барлау;

Файлы: 1 файл

Өзіндік жұмыс 5.doc

— 192.50 Кб (Скачать файл)

Өзіндік жұмыс №5

 
Тақырып атауы: Қазақстан  мұнай-газ өнеркәсібінің дамуының тарихы 
 
Тапсырма: Мұнай өнеркәсібінің басталу мезгілі, табиги газ өнеркәсібінің дамуы 
 
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақстандағы алғашқы кен орындары. Гравиметрия, электрокаротаж сияқты геофизикалык әдістер. Әр түрлі жылдарда мұнайды алу.

Гравиметрия әдісі жер қыртысының қалыңдығы, тығыздығы және пішініне байланысты ауырлық күшінің әр жерде әр түрлі болуына негізделген. Кен барлауда гравиметр аспабы қолданылады.

 

Каротаж (французша сarottage – бұрғылау керні, латынша carota – сәбіз) – бұрғылау ұңғымаларында жүргізілетін арнаулы геофизикалық зерттеулер кешені.

  • ұңғыма оқпанының қимасындағы тау жынысы қабаттарын жіктеу және оларды өз шендестерімен сәйкестіру;
  • ұңғыма оқпанының қимасына тән мұнай, газ, көмір қабаттарын, радиоактивті, полиметалды, тағы басқа кендердің қабаттарын анықтау және барлау;
  • жер қыртысындағы әр түрлі қабаттардың орналасу тереңдігін, қалыңдығын, құрылыс ерекшеліктерін анықтау үшін жүргізіледі.

Таужыныстар мен пайдалы қазбалардың қандай физикалық қасиеттері сарапталатындығына қарай, каротаж жұмыстарының электрлік, радиоактивтік, магниттік,акустикалық және т.б. әдістері сараланады.

Түрлері. Тау жыныстары мен кен байлықтардың сарапталатын физикалық қасиеттеріне қарай каротаждың: электрлік, радиоактивтік, сейсмикалық, акустикалық, магниттік,механикалық, газдық, тағы басқа түрлері бар.

Электрлік каротаж бұрғылау ұңғымасында өздігінен туатын немесе жасанды электр өрісін өлшеуге негізделген. Электр өрісінің сипатына (табиғи немесе жасанды, электрлік немесе электрмагниттік) және өлшенетін физикалық көрсеткіштеріне қарай, электрлік каротаж бірнеше әдістерге жіктеледі: табиғи электр өрісі әдісі каротажы, кедергі каротажы, өздігінен полюстену потенциалдарының каротажы, индукциялық және диэлектрлік каротаж.

Радиоактивтік каротаж тау жыныстарының табиғи немесе жасанды радиоактивтік қарқындылығын  өлшеуге негізделген. Оның түрлері  – гамма-каротаж, гамма-гамма-каротаж  және нейтрондық каротаж Гамма-каротаж ұңғыма оқпаны бойындағы тау жыныстары құрамындағы радиоактивтік элементтердің өздігінен ыдырауы нәтижесінде туындаған табиғи гамма-сәулелер қарқындылығын өлшеу шараларына негізделген. Гамма-гамма-каротаж ұңғыма оқпаны тесіп өткен таужыныстарындағы гамма-кванттар тудырушы заттармен сәулелену нәтижесінде қалыптасқан шашыранды гамма-сәулелер қарқындылығын зерттейді.

 
Алғашқы кезең

Халық жадында  Әукетай-Шағыл маңындағы (Еділ-Жайық  аралығы) «Қасиетті от» туралы аңыз сақталған, бұл өңірден кейінірек  расынан-да жанғыш газ кенорны ашылды. XIX ғасырда Мәтенқожа деген әйгілі дін қайраткері және емші Ойыл өзенініңтөменгі ағысы өңіріндегі құм-саздар астынан сыздықтай көтерілген қара маймен мал мен адамның қышыма ауруларын емдеген. Саяхатшыларлдың деректеріне сәйкес, Қытайдан Үндістанға әйгілі Жібек жолы бойымен жол тартқан керуеншілер Зайсан қазанойпатындағы Қарамай деп аталатын шатқалда ұшырасатын қара маймен арбаларының доңғалақтарын майлайтын болған.

Патшалық Ресей XVII ғасырдың аяғы – XVIII ғасырдың бас  шенінде Қазақстанның ауқымды аумағында  ерекше назар аудура бастады, сөйтіп өзінің шығыс шекараларын нығайту және оңтүстіктегі елдерге шығатын сауда жолдарын кеңейту мақсатында біздің еліміздің әр түрлі аймақтарына саудагерлерді, әскери топографтар мен табиғат зерттеушілерін мезгіл-мезгіл жіберіп тұрды. Атырау облысының ауқымында мұнай бар екендігі жайлы алғашқы дерек Бекович – Черкасский жазбаларында көрсетілген, ол, І Петр патшаның Жарлығына сәйкес,1717 жылы Хиуа өңіріне Ембі өзенінің төменгі ағысы арқылы жол тартқан әскери-топографиялық экспедицияны ұйымдастырушы болаты. Мұндай деректер географ Н.Северцевтің 1860 жылы жариялаған есепнамасында да бар (Ш.Есенов және басқалар, 1968).

1768 жылы ұйымдастырылған ғылыми экспедициясының есепнамасында (С.Гмелин, И.Лепехин, П.Паллас) Батыс Қазақстанның геологиясы мен пайдалы қазбалары жайлы кейбір деректер бар, онда көмір, мұнай, жаңғыш тақтатастар, өзге де кейбір минералдық шикізаттар туралы айтылған. 1874 жылы Қарашұңғылдағы, Доссордағы және Иманқарадағы мұнай шығымдарын зерттеген ресейдің Геологиялық комитетінің тау-кен инженері Д.Кирпичников былай деп жазған: «Мұнайдың мол шоғырлары бар екендігі ешбір күмән жоқ, алайда бұл байлыққа қол жеткізу оңайға түспейді, себебі мұнда ауыз су жоқ, елді мекендермен қатынас, шабындыққа қолайлы шалғындар мен далалар жоқ».

Өз кезенінің  өте білімдар адамдардың бірі болып  саналған Григорий Силыч Карелин 1827 жылы Қазақ даласының батыс аймағын аралаған, осында топографиялық түсіру жұмыстарын жүргізіп, аймақтың флорасы мен фаунасын зерттеген. Ол мұнда Бөкей ханның ұлы Жәңгір ханмен кездескен. Г.С.Карелин Жәңгір ханға қатты әсер еткен, сондықтан хан оған өзіне кеңесші болып қызмет қылуды өтінген. 1832 жылы Г.С.Карелин Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын зерттейтін ірі экспедицияның бастығы болып тағайындалған. Экспедиция журналының алғы сөзінде Г.С.Карелин былай деп жазады: «Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалаулары өзінің географиялық жағдайы тұрғысынан өте маңызды аймақ, алайда ол өзінің осы мәртебесіне сәйкес келетін дәрежеде зерттелмеген. Теңізшілердің кейбіреулері ғана бұл шөлді аймаққа бас сұққан, онда да тиіп-қашып қана. Табиғат зерттеушілерінің ешқайсысы да Гурьев пен Көне Маңғыстау аралығында 900 шақырымнан астам қашықтыққа созылып жатқан жағалауларда болып көрмеген. Бұл аумақ шынында да ауқымды аймақ, ал оның біздің болашақ саудаларымыз бен Орталық Азия елдерімен саяси қатынастарымыздың шын мәніндегі кілті екендігін ескерсек, оның мәртебесі бұрынғыдан да биік түседі» (Жалпы география бойынша Орыс географиясы қоғамының жазбалары, 1883 ж.).

Батыс Қазақстан аймағын зерттеушілер әсіресе Маңғыстау түбегіне баса назар аударды. Бұл өңірді зерттеу 1846 жылы басталды, бұл жылы М.И.Иванкиннің экспедициясы Маңғыстау түбегінде алғаш рет мұнай белгілерін тапты. 1887 жылы геологтар Н.И.Андриусов пен М.В.Баярунас маршруттық түсіру жұмыстарын бастады (М.А.Мирзоев, «Маңғыстау: ғасырлар дауысы», Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1994 ж.).

1851-1853 жылдары Бозащы түбегін зерттеу жұмыстары жылғастырылды. Экспедицияның материалдары 1855 жылы Ресей Географиялық қоғамының хабаршысында жарияланды. Бұл еңбекте Үстірттің, Маңғыстау және Бозащы түбектерінің жер бедері, гидрографиясы, өсімдік жамылғысы жан-жақты талданған, осы аймақтарға геологиялық шолу жасалған, олардың грунт сулары, топырағы және климаты сипатталған.

Аймақты геологиялық  тұрғыдан бағдарлы түрде зерттеуде  және оның мұнай байлықтарын ашуда 1892 жылы геолог С.Никитиннің басшылығымен осы өңірге әдейі жіберілген арнаулы экспедицияның маңызы зор болды, оның негізгі мақсаты Түркістанға тартылатын темір жол трассасын және аймақтың табиғи байлықтарын зерттеу болатын. Бұл экспедиция мұнай шығымдарын зерттеу барысында алғаш рет қолмен бұрғылау станоктарын пайдаланды. Экспедиция, сонымен қатар, ауыз су көздерін іздеумен де пәрменді түрде шұғылданды, кейінірек фосфориттер мен көмір көздерін іздеу шаралары да жүзеге асырылды. 

С.Никитин экспедициясы анықтаған және жағымды бағалаған Қарашүңгілдегі, Доссордағы және Ескенедегі мұнай белгілері сол кездегі мұнайшы жұртшылықты елең еткізді. Мұның нәтижесінде, 1892 жыл аяқталмай жатып-ақ кәсіпкерле тарапынан Доссордың кейбір бөлікшелерінде барлау жұмыстарын жүргізуге деген алғашқы сұраныстар да түсе бастады. Көп кешікпей-ақ Жайық-Ембі өңірінде, Батыс Қазақстанның өзге де аймақтарында мұнай көздерін іздеу және барлау мақсатын көздеген көптеген қоғамдар, серіктестіктер және фирмалар пайда болды. Олардың ішіндегі ең ірілері Жайық-Каспий мұнай қоғамы, «Ембі-Каспий», «Ағайынды Нобелдер серіктестігі», «Ембі», «Орал мұнайы» т.б. деп аталды. 1894 жылы Петербор кәсіпкерлерінің тобы мұнай кенорындарын іздеуге және барлауға концессия иеленді. Мұнай барлаудың алғашқы нысандары Доссор, Қаратон, Қарашүңгіл және Ескене өңірлері болды. «Ембі-Каспий» концессиясын иелікке алған С.Леман компаниясы Қарашүңгілде тереңдігі 38 м-ден 275 м-ге дейін 21 ұңғыма бұрғылады. 1899 жылдың қараша айында осында бұрғыланған №7 ұңғыманың 40 метр тереңдігіндегі карст қуысының гипстенген таужыныстарынан жеңіл мұнайдың біршама қарқынды бұрқағы алынды.

Осы оқиға көне қазақ жерінен  мұнай көзі ашылуының бастауы  деп есептелінеді. 1906-1909 жылдары Қаратонның жоғарғы бор түзілімдерінен өнеркәсіптік емес мұнай ағымдары 3-4 ұңғымада байқалды. 1910 жылы С.Леман компаниясы, «Орал-Каспий» қоғамына ағылшын кәсіпкерлерінің қаржысын тарта отырып, Доссор өңірінде терең бұрғылау шараларын ұйымдастырды. 1911 жылдың 29 сәуірінде Доссорда 225-226 метр тереңдіктегі ортаңғы юраның түзілімдерін аршыған №3 ұңғымадан қарқынды мұнай бұрқағы алынды. Бұрқақ 30 сағат бойы толастамады, сөйтіп 16700 пұт мұнай берді. Орал облысының 1913 жылғы Шолуында (Әскери губернатор есепнамасының тіркемесі) былай делінген: «...Орал облысының Гурьев уезінде бірталайдан бері жүргізілген барлаулар оң нәтижесін берді.

Орал-Каспий Мұнай Қоғамына Доссор әрбіреуі 10 десятиннен тұратын 5 бөлікше, Мақат деп аталатын жерден 10 десятиннен тұратын 1 бөлікше, Ескенеден 10 десятиннен тұратын 1 бөлікше берілді. 1914 жылдың 1-қантарына Гурьев уезінің әртүрлі аймақтарынан мұнай өндіру үшін бөлінген жер 29 бөлікшені құрады. 1913 жылы Орал-Каспий Мұнай Қоғамы Доссордан 4450615 пұт мұнай өндірді» (Орал облысының 1913 жылғы Шолуы. Мәртебелі Әскертһи губернатор есепнамасына Тіркеме». Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архиві, Архив кіиапханасы).

1900-1917 жылдар аралығында іздеу-барлау жұмыстарымен Ембі ауданы ғана емес, Еділ-Жайық аралығы (Новобогат, Қара Өзен), Батыс Мұғалжар маңы (Мортық, Итассай), Каспий маңының орталық бөлігі (Мәтенқожа) және Ақтөбелік Орал өңірі (Жуса) де қамтылды. Барлауға 20 құрылым мен алаңшарлар тартылды, оларда 166 барлау және 117 игерім ұңғымалары бұрғыланды. Барлау жұмыстары Мақат және Солтүстік Ескене өңірлерінде, өзге де алаңшаларда жүргізілді. Солтүстік Ескенеде 7 ұңғыма, Қарашүңгілде 19 ұңғыма бұрғыланды. Доссорда жалпы ұзындығы 30 мың метрден астам 32 барлау және 100 игерім ұңғымалары, ал Мақатта 10 (5800 п.м.) бұрғыланды. 1915 жылы Мақатта сынама игерім жұмыстары басталды. Өнеркәсіптік мұнай ағымы юра түзілімдерінен алынды, ұңғымалардың бірінен 18,5 сағат боцы бұрқақтап тұрды, сөйтіп 250 тонна мұнай атқылады. С.Леман компаниясы Қаратонда 20 барлау ұңғымасын бұрғылады, бұлардың барлығында дерлік мұнай көздері анықталды, мұнай өнімі тәулгіне 8 тоннадан 160 тоннаға дейін жетті. 1912 жылы барлау жұмыстары Новобогат кенорындарында басталды, мұнда 23 ұңғыма бұрғыланды, олардың жалпылама ұзындығы 6195 м болды. 1913 жылы Қара Өзен, Білеулі, Жаңғылды, 1914 жылы Ақаткөл, Сатыбалды, Теген, 1915 жылы Мәтенқожа, Мортық, Итассай, 1916 жылы Кейкебас, Жоса, 1917 жылы Иманқара, Дөңгелексор, Жалтыр алаңшалары игерілді. Алғашында мұнай бұрқақтық әдіспен өндірілді, кейінірек, ұңғыманың өздігінен мұнай бұрқағы толастағаннан кейін, оны ұңғыма ернеуі маңында әдейі орнатылған шұңқырлардан желонкамен тартандау әдісімен сорғылап өндірді. Бұл өте қарапайым әдіс Ембіде 20 жылдан астам уақыт бойына қолданылды.

Мұнай өндіру тарихында «Ембі» Мұнай өндіру және сауда акционерлік  қоғамының (1911-1919 ж.ж.) орны ерекше. Бұл қоғам үкімет актісіне сәйкес 1912 жылдың сәуірінде құрылған, оның құрылтайшылары толық статтық кеңесші Э.Л.Нобель, статтық кеңесшісі Т.В.Белозерский жәене дәстүрлі құрметті азамат И.И.Стихеев болды (ҚР Орталық Мемлекеттік архиві, 681-і қор, 1-і жазба, 13-і іс). Бұл мұнай өнеркәсіптік акционерлік қоғамға қатысты бүкіл қаржылық операциялар Ресей-Азия банкі арқылы жүргізіліп отырды.

1924 жылы болып өткен  Халық шаруашылығының Жалпы Ресейлік Кеңесінде жасалған «Орал-Ембі ауданы және оның дамытудың перспективалары» атаулы баяндамада «Доссор мен Мақат – осы екі бүкіл ауданның мұнай өнеркәсібінің бастамасы» деп аталып көрсетілді. «Бұл кенорындарды пәрменді түрде барлау шаралары 1924-1925 жылдарда басталып, 1926-1927 жылдарға дейін жалғасты, мұның нәтижесінде перспективалы белдем анықталды, олар: 1. «Доссор» белдемі, оған Сағыз өзенінің атырабында орналасқан бүкіл кенорындар, солтүстіктегі ең қашықта орналасқан Мәтенқожа кенорны, сол сияқты өнеркәсіптік маңызы бар екі кенорын – Доссор және Мақат – кенорындары енгізіледі. 2. «Оңтүстік белдем» Ембі өзенінен оңтүстікке қарай орналасқан бүкіл кенорындарды және осы өзеннің төменгі ағысындағы кенорындарды біріктіреді, бұлар – Қаратон, Қарашұңғыл, Стартөбе, Мұнайлы, Қосшағыл, Жыланбасты т.б. 3. «Новобогат белдемі» Жайық өзенінің батыс жақ жағалауларына қарасты кенорындарды біріктіреді (Новобогат және Қара өзен кенорындары). Айтқандай-ақ, бұл кенорындарды барлау ұнғымаларынан ағайынды Нобелдер фирмасы революцияға дейін-ақ 60000 пұт жеңіл мұнай алған болатын. 4. «Иманқара белдемі» аттас аудан ауқымындағы кенорындарды біріктіреді, олар – Иманқара, Қойқара, Қызылкөл, Жосалысбай, Күлжан, Жаңқабақ, Қарамұрат, Ұшақ күмбезі және Шұбан-таме. 5. «Терісаққан белдемі» Сағыз өзенінің жоғарғы ағысы мен Ембі өзенінің ортаңғы ағысы аймағындағы кенорындарды қамтиды. Мұндағы кенорындардың жалпы саны 15-ке жуық, аудан нашар зерттелген. 6. «Темір белдемі», оған Жанағаш, Кейкібас, Исатай, Мортық, Құрсай және т.б. кенорындар жатқызылады. Орал-Ембі ауданының потенциялық мүмкіндіктері өте жоғары, ол болашақта мұнайдың мол қорымен қамтамасыз ете алатын болады».

Мұнайкәсіптік сипаттағы зерттеулердің, яғни мұнай  жатындары мен жинауыш таужыныстардың астасу жағдайларын анықтаудың өзіндік  полигоны іспетті Мақат кенорындағы 105-ші ұңғыма 1915 жылы мұнай беріп тұрды. 1916 жылы «Ағайынды Нобелдер» серіктестігі тарапынан Жосалы құрылымында тереңдіктері 238 м және 132 м екі ұңғыма бұрғыланды. Осы ұңғымалармен аршылған тұз қабаты Жосалы мұнай білінімін Орал-Ембі аймағының кенорындармен салыстыруға мүмкіндік берді.

Орал-Ембі ауданын  өнеркәсіптік тұрғыдан кеңінен игеру  мәселесін В.И.Ленин 1920 жылы, осы  өңір ақ гвардияшылардан азат етілгеннен кейін, күн тәртібіне қойды. Оның пәрменімен Александров-Гай – Ембі темір жолы салына бастады, бұл жолды тұрғызудын мақсаты осы қашық та шөлді аймақты ел орталығымен байланыстыру болатын. Темір жол тарту шаралары қуатты мұнай өнеркәсібін құруға және оны қарыштата дамытуға қажетті бірден-бір шарт болатын (Б.Сағынғалиев, «Үлкен Ембі» тарихы, Алматы, 2002 ж.).

XX ғасырдың 20-ы  жылдарында мұнай өндіру Орал аймағынын индустриясын дамытудағы негізгі анықтаушы сала ретінде бағаланбады. «Орал губерниялық жерлік отряд жұмысының 1922-23 операциялық жылға жасалған қысқаша жоспарының алғы сөзінде», оның «Пайдалы қазбалар» атаулы тарауында былай деп жазылған: «Орал губерниясы пайдалы қазбаларға онша бай емес. Мұнда әзірше мұнай мен тұз ғана өнеркәсіптік маңызды иеленеді. Мұнай жатындары губернияның шығысында, ал бір бөлегі оңтүстік-батыс бөлігінде, Каспий теңізінің маңында орналасқан. Орал губерниясында 1914 жылы, біздің мұнай өнеркәсібінің ең табысты жылы 16 654 700 пұт мұнай өндірілді, бұл мөлшер Ресейдің бүкіл өндірісінің 1/34 бөлігін, ал дүниежүзілік өндірістің 1/225 бөлігін құрайды» (Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік архивы, 24-і қор, 101-і іс).

Мұнайды іздеу  жұмыстары кейбір қайта құру шараларын  жүзеге асыру қажеттілігін туындатты. Кеңес кезінде мұнай саласы мемлекет меншігіне өткізілді, отандық және шетел ұсақ серіктестіктер, кәсіпорындар және фирмалар таратылды. Бұлардың орнына әр түрлі трестер ұйымдастырылды, оларға мұнай кенорандарын іздеу және өндіру құқығы берілді. 1920 жылы мұнай кенорындарын өнеркәсіптік тұрғыдан игеру мақсатында Мәскеу қаласында Орал-Ембі ауданы мұнай кәсіпшіліктерінің Басқармасы құрылды, 1922 жылы бүкіл игерім және іздеу бұрғылауларын өз билігіне алған «Ембімұнай» тресіне ауыстырылды. Бұл трест, Доссор мен Мақатты игерумен қатар, өзге де бұрынырақ анықталған күмбездерде іздеу жұмыстарын жүргізді, мұның жатындары 1930 жылы Байшонаста, 1931 және 1932 жылдары Сағыз бен Ескенеде табылды. Мұнайды жинақтау, тазарту және тасымалдау шаралары Доссор мен Мақатта жүзеге асырылды, мұнда конструкциясы тіпті бүгінгі инженер-конструкторларды да таңдандыратын алып сыйымдылықтар (көлемі 2-3 мың м3 –ге дейін) орнатылды.

Информация о работе Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің дамуының тарихы