Қазақстан ежелгі заманда Vғ. дейін

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 21:24, лекция

Описание работы

Алыс замандарда өткен бабаларымыздың өмір-тіршілігі жайлы қазіргі түсінігіміз олар тұрған үңгірлер мен үңгіме қуыстарды зерттеп білуге негізделген, сол үңгірлер мен қуыстарда адам еңбегінің белгісі – тас құралдар, соларды дайындаудан қалған қоқыстар тамақ қалдықтары – жануарлардың сүйектері сақталған. Қазіргі заманның артта қалған халықтары дейтін жұрттар өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де маңызы аз емес. Мұндай мәліметтер ежелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің біраз қырлары мен сырларын анығырақ түсіндіруге мүмкіндік жасайды. Алайда ең басты хабарды алғашқы қауымның бәрінен де көбірек кездесетін материалы – еңбектің тас құралдары береді.

Файлы: 1 файл

1-дәріс.doc

— 71.50 Кб (Скачать файл)

Крейттер ұлысы. Керейттер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер Х ғ. бас кезіне жатады және ол цзубу орталық тобының тайпаларымен байланысты б.к. Керейттердің батысында – наймандар, солтүстігінде – меркіттер, шығысында – татарлар, оңтүстігінде – таңғұттар тұрады. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында және оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде тұрған.

1211 ж. Күшілік  және онымен одақ құрған хандар  гурханды тұтқынға алып, өкімет  билігінен айырады. Арада екі  жыл өткен шамада ең соңғы гурхан  Чжилигу дүние салады. Сөйтіп қарақытай мемлекеті өз тіршілігін тәмамдайды.

Қыпшақ  хандығы (ХІ ғ. басы – 1219 ж.). «Қыпшақ»  атауы ең бірінші рет 760 ж. ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады.

656 ж. Батыс  түрік қағанаты құлағанна кейін  Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін – өзі билеуге ұмтылған талабы VІІІ ғ. соңында оларды кимек федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай көшуіне апарып соғады.

Қазақстан Моңғол дәуірінде.

ХІІІ ғ. бас  кезінде Моңғол империясының құрылуы  Орталық және Орта Азия, Қазақстан  мен Шығыс Еуропа халықтары мен  мемлекеттерінің  тарихи тағдырына  орсан зор ықпал жасады.

ХІІ ғ. орта шенінде  Моңғол тайпалары Моңғол Алтайы мен  Ертістің  жоғарғы жағынан наймандар  мен қыпшақтарды ығыстырып, түріктілді топтарға сіңісіп, түріктерден материалдық  мәдениеттің көптеген элементтерін, шаруашылық пен тұрмыстың түрлерін, көпшіліктің әдет-ғұрыптарын, мал тұқымдарын ала отырып, Орхон мен Керулен бойларынан батысқа қарай жылжиды. Сол уақыттан бастап, түріктермен моңғолдардың, кейінгі уақытқа дейін сақталған, қоныстарының шекарасы анықталып қалыптасады. Моңғолдар жайлаған территория солтүстікте Байкалдан, Ертіс пен Енисейдің жоғарғы бойынан оңтүстікте Гоби шөліне дейін кең көсіліп жатыр.

Қазақ хандығы.

Жазба материалдарда  кейінгі ортағасырлық ірі мемлекет – Орталық Азия аймағында, евразия  халықтары мемлекеттері жүйесінде  елеулі роль атқарған Қазақ хандығы туралы сенімді деректер аз емес. ХV ғ. ортасынан бастап ХVІІ ғ. дейін Қазақ хандығы бірде берік, бірде босаң тұрақтылық дәрежесімен ерекшеленетін шын мәніндегі бірыңғай саяси жүйе тұрғысында тіршілік етті. ХVІІ ғ. жеке-жеке хандықтарға ыдырады. Бұл хандықтардың жерлері негізінен алғанда сыртқы саяси оқиғалардың ықпалымен өзінің нобайын талай рет өзгертті. Бірақ мұндай өзгерістер әрдайым дерлік қазақ этносы жайлаған жерлерде Ертім пен Қараталдан Сырдария мен Жайыққа, Алтай мен Тянь-Шаньннан Каспий мен Аралға дейінгі аралықта орын алып отырды.

ІІІ. Жаңа тарих  ХVІІІ ғ. – ХХ ғ.

Қазақстанның  Ресейге қосылуы ұзаққа созылды. Орыс мемлекеті өзінің мемлекеттік  шекарасын шығысқа қарай кеңейтуге  бұрыннан-ақ мүдделі болатын. Мұның  себебін осы елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму жағдайымен байланыстыруға болады.

Көшім хандығының ыдырауы және орыс елінің кең-байтақ Сібір жерін, Қазан (1552ж.), Астрахан (1556 ж.) хандықтарын бірте-бірте жаулап алуы, Кама сауда жолының құрылуына әкелді. Орыс мемлекеті ортаазиялық хандықтармен сауда-экономикалық және дипломатиялық қатынастарын кеңейткеннен кейін, ХVІ ғ. соңы – ХVІІ ғ. басында Қазақстанға қызығушылығы ерекше арта түсті.

ХVІІ ғ. соңында орыс мемлекеті Сібірдегі жергілікті ру-тайпаларды оңтүстікке ығыстырып, олардың күшін әлсіретіп, жаңа бекіністер салуға қолайлы алғышарт қалыптастырды.

І Петр айтқандай: « Барлық Азия елдері үшін Орда кілт пен қақпа, себебі Орда Ресейге тәуелді  болуы керек». Бұл Ресейдің Қазақстанмен қатынасындағы болашақ саясатын күшейтті. Жоғарғы Ертіс бойына салынған бірқатар әскери бекіністер: Жәміш (1716 ж.), Омбы (1716 ж.), Железинск (1717 ж.), Семипалатинск (1718 ж.), Павлодар, Өскемен (1720 ж.), Обинск, Осморыжск және басқалары қазақ жеріне Ресей әскерінің ішкерілеп енуін жеңілдетті.

Сұлтандар мен старшындар арасындағы билікке таласу барысында  қандй да болсын біріккен халық жасақтарын құруға қол жетті. Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресін ұйымдастыруда  белгілі қолбасшы көзге түсті. Ханның табиғи дарыны мен саясаткерлігі, көрші  елдермен түсіністік қатынаста бола білуі, қазақ қоғамындағы әр түрлі күштердің бірігіп, ұйымдасуына ықпал етті. Мақсаты үш жүздің бірлігін сақтау болған Әбілқайыр Тәуке ханның тікелей мұрагері Қайыптың билігін мойындағанымен, өзінің қабілеті, айлакерлігі арқасында көп ұзамай-ақ бақталасын ысырып, Кіші жүздің билеушісі дәрежесіне қолы жетті.

Жоңғар хандығы шапқыншылығының  күшеюі Орталық Азиядағы халықаралық  қатынастарды шиеленістірді. ХVІІІ ғ. 20-жылдарындағы бүкіл аймақтың саяси өмірін шарпыған күрделі оқиғалардың нәтижесінде елдің тәуелсіздігі әлсіреп, құлау алдында тұрды.

Қазақ елінің халықаралық  жағдайының шиеленісуі Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей имериясына үміт артуына себепші болды. Әбілқайыр  мен оның жақтастары Ресейден күткендері – қазақ жері арқылы шығысқа, шығыстан батысқа Ресей және  басқа елдерге өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 1730 жылы Кіші жүздің ықпалды билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен келіссөз жүргізуді тапсырды. Алайда хан билер мәжілісінің шешімін бұзып, Петербургке аттандырылған елшілерге әскери одақ құру емес, Ресейдің қол астына кіруді қуаттайтын құжатқа қол қоюды тапсырды.

Әбілқайыр ханның 1731 ж. Ресей  билігін мойындауы, әрине, Қазақстан  тарихындағы өзекті оқиға.


Информация о работе Қазақстан ежелгі заманда Vғ. дейін