Қазақстан ежелгі заманда Vғ. дейін

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 21:24, лекция

Описание работы

Алыс замандарда өткен бабаларымыздың өмір-тіршілігі жайлы қазіргі түсінігіміз олар тұрған үңгірлер мен үңгіме қуыстарды зерттеп білуге негізделген, сол үңгірлер мен қуыстарда адам еңбегінің белгісі – тас құралдар, соларды дайындаудан қалған қоқыстар тамақ қалдықтары – жануарлардың сүйектері сақталған. Қазіргі заманның артта қалған халықтары дейтін жұрттар өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де маңызы аз емес. Мұндай мәліметтер ежелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің біраз қырлары мен сырларын анығырақ түсіндіруге мүмкіндік жасайды. Алайда ең басты хабарды алғашқы қауымның бәрінен де көбірек кездесетін материалы – еңбектің тас құралдары береді.

Файлы: 1 файл

1-дәріс.doc

— 71.50 Кб (Скачать файл)

Дәріс №1.   Кіріспе

І. Қазақстан ежелгі заманда Vғ. дейін

Қазақстан тас ғасыры дәуірінде

Алыс замандарда өткен  бабаларымыздың өмір-тіршілігі жайлы  қазіргі түсінігіміз олар тұрған үңгірлер мен үңгіме қуыстарды зерттеп  білуге негізделген, сол үңгірлер мен  қуыстарда адам еңбегінің белгісі – тас құралдар, соларды дайындаудан қалған қоқыстар тамақ қалдықтары – жануарлардың сүйектері сақталған. Қазіргі заманның артта қалған халықтары дейтін жұрттар өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де маңызы аз емес. Мұндай мәліметтер ежелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің біраз қырлары мен сырларын анығырақ түсіндіруге мүмкіндік жасайды. Алайда ең басты хабарды алғашқы қауымның бәрінен де көбірек кездесетін материалы – еңбектің тас құралдары береді.

Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихы ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола мен темір және орта ғасырлар дәуірлеріне бөлінеді. Ал, өзінің рет-ретімен жоғарыда айтылған дәуірлер кезеңдер мен мәдениеттерге – палеолит (ежелгі тас дәуірі, оның өзі ерте (б.з.б. 2 млн. – 140 мыңжылдықтар), орта (б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар), соңғы палеолит (б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар) болып бөлінеді.), мезолит (орта тас дәуірі) (б.з.б.12-5 мыңжылдықтар) және неолит (жаңа тас дәуірі) (б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар) кезеңдеріне бөлінеді.

Көне тас  ғасырының дәуірі – адамзат және оның шаруашылығының қалыптасу кезі – өндіргіш күштердің төмен деңгейінде болуымен сипатталады. Арнайы шаруашылық қам-харакеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен ғана шектелген. Әуелгі адам жабайы өсетін дәндерді, жемістер мен жидектерді жинап, жануарларды аулаған. Адамдардың өзара қарым-қатынасы, мүшелерінің экономикалық теңдестігіне, еңбек-бейнеті жынысы мен жасына қарай, табиғи түрде бөлісуге негізделеді, және өзінің сипаты жағынан ұжымдық қатынастар болады.

Адамдардың  қоғамдық ұйымы палеолит дәуірінде дамудың күрделі де ұзақ жолынан өтеді. Оның бастапқы кезі алғашқы табын-тобыр – басқосып қорғану және бассалу үшін, аң аулау, жиінтерін үшін бірлесу болады. Осынау рулық қатынасқа дейінгі әлеуметтік құрылымның қоғамдық қарым-қатынасы мүлде дамымаған, қауымдастық – үйішілік шаруашылығы болмаған, дегенмен де оларда некелік байланыстардың біраз реттелгені байқалады.

Алғашқы тобыр  төменгі палеолиттің ертеректегі  екі басқышына – шелльге дейінгі  және шелль кезеңдеріне сәйкес келеді. Ашель заманында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымға қажетті  алғышарттар біртіндеп толысып  жетіле бастайды. Мустье дәуірінде отырықшылық, еңбекті жынысы мен жасына қарап, табиғи түрде бөлу жүзеге асады, қауымның бастапқы түрлері пайда болады. Кейінгі палеолиттің адами ұжымдары әлеуметтік жағынан жаңа бір қырынан сипатталады – оларда алғашқы рулық қауымның толысқан түрлері  құрылады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, осы бір сапалық секіріс неандерталдардың дене бітімі қазіргі адамдармен бірдей саналы жанға (Homo sapiens) айналуына сай келеді.

Ерте  палеолит ірі-ірі үш дәуірге бөлінеді, олар: олдувай (2,6 млн. – 700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың – 150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың – 31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Күллі тас ғасыры бойына еңбек құралын жасау жолындағы басты ролді тас атқарады. Сол себепті де біз ежелгі тұрақтардан жануарлар сүйектерінен істелген бұйымдарда кездеседі. Материалды таңдап алу көп жағдайда құралдың неге айналатынына байланысты болған. Түрі мен ерекше сипатына қарай тас бұйымдар шапқыш, қырғыш, үшкіртас, соққыш, бұрғы пышақ, тескір т.б. бөлінген.

Мустье кезеңінде  тас өңдеудің өзге тәсілі пайда болды, бірақ кей жерлерде малтатас техникасы да бқрынғыша тірлік етіп жатты. Бір жағынан да, екі жағынан да өңделген балталар, қырнауыштар, оймалы құралдыр мен домалақ тастар жергілікті шикізат – сұр кварциттер дайындалған. Көптеген артефактілер – жасанды тастар кейінгі дәуірлерде екінші рет пайдаланылған, тас бұйымдардағы көптеген «соны» шұқырлар мен кетіктер мұның куәсі б.т.

Орта  палеолит (мустьер) бұл кезеңде жер бетінде бірқатар өзгерістер болды. Ауа райы едәуір салқындады. Қазақстан жерінде тау түзілу құбылыстары жүріп жатты. Мұз басуының нәтижесінде өзендер мен көлдердің бағыттары және аумағы өзгеріске ұшырады. Осы кезеңнен бастап үлкенді-кішілі өзендердің қазіргі араналары қалыптаса бастады. Мустьер дәуірі – ежелгі адамның дамуы мен мәдениетіндегі жаңа кезең болып саналады. Ежелгі адамдар жанған отты жанын сала қорғады, өйткені отты өшіріп алу зор қауіп төндірді, тіпті бүкіл тобырдың қырылып қалуы мүмкін еді. Осындай қиыншылықтарға қарсы күресе жүріп олар даму үстінде болды, еңбек құралдарын жетілдіре түсті. Осы кезеңде тас өңдеу әдістері жетілдіріле бастады.

Еңбек әрекетін жетілдірген сайын, ой-толғанысы  арта түскен адам табиғат жұмбақтарына: жаңа адамның пайда болуы, өлім құпиясына да ой жүгіртіп, назар аудара бастады. Осыдан келіп, алғашқы діни сенім қалыптасты. Ежелгі мустьер кезеңіндегі адамды неандертальдық д.а.

Соңғы палеолит дәуірінде адамзаттың жердің барша климаттық зоналарына тарап қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың құрылған кезі.

Соңғы палеолит дәуірінде саналы адамның пайда болуы мен адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің ілгері дами беруі арасында тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың прогресті  дамуымен, рулық қауымның құрылумен, рудың, адамдар ұжымының ең алғашқы қоғамдық ұйымының өзгеше бір түрі ретінде пайда болуымен тура табысып жатыр. Рулық ұйым барлық жерде де матрилиниялық (ана жағынан тұйықталған), ал әйелдің қауымдағы жай-жағдайы өте мықты болған.

Мезолит дәуірі. Кейінгі палеолит дәуірін мезолит алмастырды. Ол ежелгі тас дәуірі мен жаңа тас дәуірі – неолит арасын жалғастыратын көпір сияқты. Бұл кезең аз зерттелген. Сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек. Мезолит ауа райының күрт жылынуымен, мұздардың шұғыл еруімен ерекшеленеді. Ауа райындағы бұл өзгерістер 12-14 мың жыл бұрын басталды. Өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі өзгерістер керісінше болды. Шөбі мол далалар мен шалғындардың көлемі азайды. Көптеген жануарлар құрып кетті немесе саны азайып, селдіреп қолды.

Неолит – тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Еңбек құралдарын жасау ісінде уақыт еткен сайын мамандандыру әрекеті күшейе түседі. Қыспа ретушь техникасының жетілуімен бірге, тасты өңдейдің  жаңа технологиялық тәсілдері: тегістеу, бұрғылау, аралау пайда болады, тастың қиын өңделетін түрлерінің бәрі қажетке асырылады, тас балталар, кетпеншоттар, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасалады.

Малшаруашылығы  мен егіншаруашылығының тууы, табиғаттың даяр өнімдерін иемдене қою –  жинау, аң аулау орнын өндіруші шаруашылықтың келіп басуы – сол дәуірдің аса маңызды белгісі б.т.

Қола  дәуірінің ерекшелігі. Тас дәуірі аяқталды. Б.з.б. 2 мыңжылдықта Еуразияның далалық аймақтарында маңызды оқиға болды – қола алу тәсілі ойлап табылды. Металдан жасалған құралдар тасты ығыстырып шығара бастады. Бұл кезең тарихта қола дәуірі д.а. Бұл ғасыр адамзаттың жаңа сапалық сатыға көтерілгендігін көрсетті. Тас ғасырында адамдардың қажырлы еңбек пен ізденіске толы баяу дамуы аяқталып, экономика мен мәдениет екпінді ырғақпен дамуға көшті. Жабайы өсімдік тамыры мен жемістерін теріп жеуден дақылдарды қолдан өсіруге көшу, құнарлы жерлерді таңдай білу, су жетіспеген жағдайда канал қазып суаруды үйренуге дейін мыңдаған жылдар уақыт өтті. Өндірушілі шаруашылық  дамып, металл қорыту қалыптасты. Рулық қатынастар ыдырап, олардың орнына қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.

Қола дәуірінің  ең басты ерекшелігі – түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілуі болды.

ІІ. Қазақстан орта ғасырда V-XIII ғ.ғ. бас кезі

Түрік қағанаты.

Халықтардың ұлы  қоныс аудару дәуірі (ІІ – V ғғ.) Қазақстан мен Орта Азия және Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір мөлшерде өзгертті.  V ғ. түріктілді теле (тирек) тайпаларының хисапсыз көп тораптары Солтүстік Моңғолиядан бастап, Шығыс Еуропаға дейінгі ұланғайыр далаға кең жайылып қоныстанады, оңтүстікте олардың қоныс – өрісі Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетеді.

VІ ғ. Қазақстан жері аса қуатты мемлекет – Түрік қағанаты өкіметінің қоластына қарайды, олардың билеушілері түрік тайпасының Ашындар әулетінен шығып отырған. 

«Түрік» атының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінен кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар д.а. 546 ж. Алтайда теле тайпасы қыруар әскерінің талқандалуы салдарынан түріктерге 50 мың үйдің келіп қосылуы себепті олар кәдімгідей күшейеді. 552 ж. көктемінде түріктердің бастаушысы Бумын өздерінің билеушісі аварларға қарсы шығып, оларды ойсырата жеңеді. Осы мемлекеттің ойрандалған орнында олар Түрік қағанатын құрады. Бұл этникалық – әлеуметтік Бірлестіктің атасы – Бумын қаған.

Түрік қағанатындағы өзара қырқыс кезеңі  (582-593жж.). 603 ж. Батыс түрік қағанатының бөлініп шығуымен аяқталады, Шығыс Түркістанның көгалды аймақтарынан бастап Амударияға,  Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейін созылып жатқан байтақ жер осынау Қағанат қарауына көшеді.

Батыс Түрік қағанаты (603-704 жж.). Қағанаттың этникалық саяси өзегі «он тайпа» болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер тұрып жатты. Суяб қаласы елдің астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы  Мың бұлақ. 610-618жж. Жегуй-қаған мен оның інісі Түн-жабғы қаған (618-630жж.) билеген кезде қағанаттың күш-қуаты таси түседі.

Алайда ішінара  өзара тартыс үздіксіз жүріп,  билеушілер жиі-жиі ауысып жатты, бұл ыдыраушылықты асқындырып жіберді. Оналты жылға созылған тайпалар арасындағы соғыс пен әулеттік ішкі қырқыстар Жетісуға Тан империясы әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеліп соқты. Тан губернаторлары Батыс түрік тайпаларын қаған әулетінен өздері қалап қойған сыбайластары арқылы басқаруға тырысты. Алайда түріктердің Тан басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізілген тынымсыз күресі түргештердің күшейіп көтерілуіне, сөйтіп 704 ж. Жетісуда олардың саяси жетекші күш болып шығуына себепші болды.

Түркеш  қағанаты (704-756жж.).  Арабтар жаулаушылығы басталған кезде Қазақстан және Орта Азияның басым бөлігі Батыс түрік қағанаты өкіметінің билігінде болатын. Арабтарға қарсы күрес жүргізу ісінде Жетісуда өкімет басына келген түргештер бірінші орынға шықты, олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706жж.) болды. Ол Жетісудан Бөрі-шадты  қуып шығып, Ташкенттен бастап, Тұрфан мен Бесбалыққа дейін байтақ жерде өз өкіметін орнатты. Астанасы Суяб қаласы болды.

Сырдарияның төменгі  және орта ағысының бойын, Арал өңірі  даласын Оғыз мемлекеті жайлады, ал Қазақстанның Солтүстік, Шығыс және Орталық аймақтарында, астанасы орта Ертісте болған, Қимақ мемлекеті дүниеге келеді, Батыс түрік қағанатының байырғы жері – Жетісудың мұрагері болып қарлұқтар қала береді.

Қарлұқ  мемлекеті (756-940жж.).   Қарлұқтар туралы «бұлақ» деген атпен мәлім болған алғашқы деректер Vғ. жатады. Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері «үш қарлұқ» атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалардың қуатты одағына да таратқан. VІІғ.орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш тайпа – бұлақ, шігіл және ташлық кірген. Қарлұқ тайпаларының көсемдері Елтабар д.а.

Дегенмен қарлұқ қағанаты өз қолына баянды экономикалық байланыс жүйесін қондыра алмаған. Ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс оның береке-құтын қашырады. Міне осындай қиын жағдайда шын мәніндегі қауып-қатер Қарлұқ қағанатына Қашғар жағынан келеді. 940ж.олар Баласағұнды басып алады да, қарлұқтар мемлекеті құлайды.

Оғыз  мемлекеті (ІХ-ХІ ғ.ғ.басы). VІІІ ғ.орта кезінде түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, тау баурайлары мен Шу алқаьына кетіп қалған болатын. ІХ ғ.бас кезінде оғыздардың көсемдері қарлұқтар мен қимақтармен одақтасып, қаңғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірі даласын басып алады. ІХ ғ.соңғы кезінде олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.

Салжықтармен  жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар мен соқтығысулар оғыздар жабғысының бірлестігін қатты қансыратады. Ішкі терең қайшылықтардан қатты әлсіреген жабғы мемлекеті қыпшақ тайпалары көсемдерінің соққысынан біржолата құлайды.

Кимек қағанаты (ІХ-ХІ ғ.ғ.).  VІІ ғ. орта тұсында кимектер Алтай тауының теріскей аудандары мен Ертіс өңіріне көшіп келеді.  656 ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпаның оқшаулануы басталады. Расына келсек, тап сол кездері кимек тайпалар одағының  өзегі пайда болады. Кимектер тайпаларының басшысы «Шад-тұтұқ» д.а.

ХІ ғ.бас кезінде  Кимек қағанаты күйрейді. Оның құлауының  екі себебі бар: өздерін өздері  билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, қағанатта  ішкі талас-тартыстың күшеюі және Орталық  Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі. Олар бұл жаққа ХІғ.бас кезінде қоныс аударады.

Қарахан әулетінің мемлекеті (942-1210 ж.ж.). Қарахан әулетінің атасы Сатұқ Бограхан (915-955 ж.ж.) б.е.  Саманилердің қолдауына сүйеніп, ол өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне қаратады. 942 ж. Сатұқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялады. Осы кезден бастап, Қарахандар мемлекетінің өз тарихы басталады.

Тұтас алғанда  Қарахандар дәуірі сапалық жағынан  қоғамның барша саласындағы жаңа кезең б.т. Тек моңғол жаулаушылығы тұсындағы ауыр күйзеліс қана қоғамның дамуға бет алған табиғи процесін үзіп тастайды.

Қара  қытайлар мемлекеті (1128-1213 ж.ж.). Наймандар  мен керейіттер ұлыстары.

Қара  қытайлар мемлекетінің құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар  б.з. ІV ғ.жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 

1208 ж. қарақытайларға  Моңғолиядан Шыңғысхан тықсырып  қуып шыққан, Күшілік бастаған наймандар қашып келеді.

Наймандар ұлысы. ХІІ ғ. керейлер мен меркіттер қосылған Наймандар конфедерациясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылым болады. Наймандар батыс жағында – Ертіс бойын мекендеген қаңлылар мен қыпшақтар, солтүстігінде – Енисей қырғыздары, шығысында – Шығыс Моңғолияда көшіп-қонып жүрген керейттер, ал оңтүстік жағында – Орталық Азияның басқа да көптеген халықтары мен тайпалары  сияқты, қидандарға тәуелді вассал болған ұйғырлар, көрші-қолаңы ретінде, қарым-қатынас жасап тұрған. 1125 ж. Қидан мемлекеті қирағаннан кейін, оның Орталық Азиядағы ойрандалған орнында бірқатар мемлекеттік бірлестіктер құрылады, олардың арасынан жетекшілік рөлі керейт хандарының қолына көшеді.

Информация о работе Қазақстан ежелгі заманда Vғ. дейін