Төтенше жағдай кезіндеші іс шаралар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 19:28, реферат

Описание работы

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Содержание работы

Төтенше жағдай түсінігі
Төтенше жағдайлардың жіктелуі
Төтенше жағдай кезіндегі шартты іс-шаралар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

обж срс2.docx

— 795.51 Кб (Скачать файл)

 

Көп таралған зақымданулар және алғашқы көмек көрсету.

Травматикалық шок: Көбінесе травма немесе күйіктен болады.

Керек:

  • Зардап шеккен адамды арқасымен жатқазып, құсқан кезде басын жанына қарату;
  • жүрегі соғып тұрғандығын тексеру керек. Егер соғып тұрса – реанимацияны бастау қажет.
  • қан кетуді тез арада тоқтатып, сынған жерлерді қауіпсіздендіру.
  • ауруды бәсеңдететін дәрі беру. Егер жоқ болса, 50-70г. ішімдік беру қажет.

 

Болмайды:

  • қатты зардап шегушіні таңусыз орнын ауыстыруға;
  • күйіктен кейін жабысып қалған киімін шешуге;
  • іші ауырған кезде су беруге.

Қатты қан кету

Керек:

  • зақымданған тамырды қолмен қысу;
  • зақымданған аяғын қатты бүгіп, тізесіне қою немесе мата орандысымен таңу;
  • қатты қан кеткен кезде, жараны стерильді салфеткамен жабу немесе бинтпен орау.

 

 

Естен танып қалу

Керек:

  • зардап шегушіні арқасымен жатқызу;
  • жағасын, белін босату (шешу);
  • қолын, арқасын, кеудесін спиртпен, арақпен, одекалонмен сүрту;
  • ыстық суға батырылған матаны маңдайына қою;
  • нашатыр спиртін иіскету.

Болмайды:

  • ауыстыруға, көтеруге, отырғызуға;
  • басын салқын матамен орауға.

Аяқ-қол саусақтарының сынуы

Керек:

  • таяқ, қамыс бөлігін қойып, орап тастау;
  • сынған қолды немесе аяқты жоғары көтеріп тастау;
  • салқын компресс қою;
  • ауруды бәсеңдететің таблетка беру.

Болмайды:

  • сынған сүйекті дұрыстаймын деп тырысуға;
  • сүйек шығып тұрған жерге таяқшалар қоюға;
  • керек емес жағдайда киімін және аяқ киімін шешуге.

Жүректің қатты ауыруы

Керек:

  • отыру немесе жату;
  • валидол немесе интроглицерин таблеткасын тілдің астына қою.

Болмайды:

         *дене қозғалысын қажет ететін жұмыстарды істеуге;

дәрі қабылдамастан ауруды жеңуге тырысуға.

Іштің қатты ауыруы

Керек:

  • жату;
  • ішке салқын нәрсе қою.

Болмайды:

  • ішке жылы нәрсе қоюға;
  • клизма жасауға;
  • су ішуге;
  • ауруды қойғызатын шараларды қолдануға.

Бастың қатты ауыруы

Керек:

  • отыру немесе жату;
  • бас аурудың таблеткасын ішу

Болмайды:

  • басты жылы орауға;
  • наркотик, седуксен, эленциум және т.б. транквилизаторларды қыбылдыуға.

Жара

Керек:

  • жараның жан-жағын иодпен немесе спиртпен  сүрту;
  • стерильді таңғыш қою;
  • зақымданған аяқ-қол сүйектерін байқау.

Болмайды:

  • қолмен жарақатты  сүйеуге;
  • жарақаттағы ұқыпты байланған шүберекті қозғауға.

Тынысты тоқтатуға:

Керек:

  • жарақаттанушының басын артқа шалқайту;
  • төменгі иектерді саусақтармен тарту;
  • жарақаттанушының аузына терең дем жіберу және шығару
  • минутына 12-14 рет терең дем  шығарып тұру.


Жүрекке сырттан массаж жасау:

 

Керек:

  • жараққаттанушыны арқамен сүйеу;
  • жарақаттанушының кеудесіне алақаныңды айқастыра қою;
  • кеудеге 3-4см төменірек 3-4 ретмикалық серпіліс жасау;
  • әр 15-30 секунд сайын жарақаттанушының аузына дем жіберу;
  • массажды минутына 50-60 ритімде жалғастыру;
  • жарақаттанушы өз-өзіне келгенше массажды тоқтатпау.

Жылы ( күннің) соққы.

Жылы күннің соққысы көп таралған апатты жерлерде өте қауіпті. Жылудан жарақаттанушының белгілері минутына 100 және одан да көп жүрек соққыларының жиілеуі, тері қабатының қызару, әсіресе бет, бас соққысының ұстауы, лоқсу, жүрек айнуы мүмкін. Құлақ шуы, бас айналу, ұйқышылдық пайда болады. Дене температурасы 40-41 көтерілуі мүмкін. Өте қауіпті жағдайда жарақаттанушы есінен танады.

Керек:

Жылы және күннің соқысынан күдіктенген жағдайда жарақаттанушыны көлеңкеге апарып киімін шешу, су шашып, шашықпен немесе киіммен желпуді неғұрлым жиілету керек. (көлеңке жоқ жағдайда қалың киіммен басын көлеңкелеп, өз көлеңкесімен кеудесін міндетті түрде жабу керек). Жарақаттанушыны, жеткілікті мөлшерде сусындату керек. Кеуде, басқа суық сумен компрресс жасауды да ұмытпауға тиіс. Кез-келген жағдайда шара қолдануға дайын болуы керек (жасанды тыныс алдыру, жүрек массажы).


 

 

 

 

 

 

Улы шөптермен улану:

Улы шөптер мен улы емес шөпттердің ұқсастығынан улану байқалады. Көп жағдайда балалар межде секілді ақжелкенмен ұқсас, белладон жесісімен, шиеге ұқсастығынан меңдуана дәнімен, макқа ұқсастығынан кене дәндеріне уланады. Әсіресе балалар борщевик қайыңынан (және т.б. түрлерінен) үрлегіш жасап, қатты күйікке тап болады.

Керек:

Егер сіз улы шөптермен уланып қалсаңыз, сізге құсқыңыз келгенше жеткілікті түрде су ішу қажет (ауыз суы). Егер жақсармасаңыз «Жедел жәрдем» қызметін шақыртыңыз.

ЖАРАҚАТТАНУШЫНЫ ТАСЫМАЛДАУ

Есінен айырылған жарақаттанушыны тасымалдау өте қауіпті. Қатты қан кету, ашық сынық кезенде бірінші медициналық көмек көрсету, естен танған адамды тасымалдау қауіпті.


Жарақаттанушыны тасымалдау түрлері

  • Екі футболкадан немесе палтодан жасалған тасымалдағыштар. Түймелерін қадап, жеңін теріс қаратып қадаға таңылады. Жарақаттанушы үстіне жатқызылады.
  • Шанамен, шаңғымен тасымалдау;
  • Отырғызып, тасымалдағыштармен тасу;
  • Жіппен таңып тасу;
  • Кесілген қолдорбамен тасу;
  • Ағаштан жасалған сүргілермен мата, терімен тасымалдау;
  • Жарақаттанушының тасымалдану барысындағы қалпы:
  • жарақаттанушы естен танып қалған жағдайда, арқасы және аяқ-қолы сынған жағдайда – арқамен жатқызып тасымалдау;
  • жарақаттанушы естен танып қалған жағдайда, арқа жауырыны сынғанда – ішімен жатқызу;
  • жамбас сүйектері  сынып, ішкі құрсақ ашық жарақаттанғанда, буын тізелері қисайғанда – арқамен жатқызып тасымалдау;
  • жарақаттанушы есінен танып қалған жағдайда және қансырағанда – басты төмен және аяқты жоғары көтеріп арқамен жатқызу;
  • жарақаттанушы есінен танып, басқа амал болмаған жағдайда бір жанымен жатқызу;
  • дененің жоғарғы жағы немесе мойын жарақаттанғанда жартылай отырғызып, аяғын алдына созу;
  • кеудесі жарақаттанып және іш құрылысы басқа да жерлері кенеттен аурып немесе қуық органдары жарақаттанғанда (тізенің астындағы жағына тіреуіш қою) – тіземен жантайып отырғызу.

 

КӨПШІЛІК ТОБЫРЫНАН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

  • Ешқашан көпшілікке қарсы жүрмеу керек;
  • Көпшіліктің ортасынан және темір тор, сөрелерден, қоршаулардан, бағаналардан, қабырғалардан аулақ жүру қажет.
  • Қолмен ешнәрседен ұстамау керек – қолыңызды сындырып кетуі мүмкін;
  • Есіңізде болсын, киімді түймелеп, мүмкіндігінше өкшесі биік аяқ киім кимеңіз;
  • Ешқашан жерге түсіп кеткен сөмкеңізді немесе қолшатырыңызды жерден көтеруге тырыспаңыз - өмір қымбатырақ;
  • Арттан келген соққылардан құтылу үшін, шынтағыңызды бүгіп алыңыз;
  • Егер сіз құлап қалсаңыз басыңызды соққыдан қорғаңыз және тұруға ұмтылыңыз – бір аяғыңызға сүйене отырып, көпшілік қозғалысының бағытымен тез тұрып кетіңіз.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ә.Т.МЕЙІРБЕКОВ «ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ» Алматы,  2010 жыл.
  2. http://reftrend.ru/984513.html
  3. Арпабеков С. «Өмір-тіршілік ќауіпсіздігі». Алматы, 2004 жыл.
  4. Безопасность жизнедеятельности (медицинский раздел) Лекционный курс, Караганда, 1997.
  5. www.google.kz
  6. www.yandex.kz
  7. www.nigma.ru

 

 

 


Информация о работе Төтенше жағдай кезіндеші іс шаралар