Адвокатура және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 04:49, курсовая работа

Описание работы

Бүл дипломның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Дипломға адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.

Файлы: 1 файл

аиу диплом арстанов.doc

— 661.50 Кб (Скачать файл)

  21-бап. Адвокаттар алқасының жарғысы      

1. Адвокаттар алқасының  жарғысы:  
      1) адвокаттар алқасының атауын, қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын;  
      2) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн;  
      3) адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру мен тоқтату тәртiбiн;  
      4) адвокаттар алқасының құрылымын, оның органдарының қалыптасу тәртiбi мен құзыретiн;  
      5) заң консультацияларын құру мен олардың жұмыс iстеу тәртiбiн;  
      6) мүлiк жинау көздерi мен оған иелiк ету тәртiбiн;  
      7) мүшелiк жарнаны төлеу тәртiбiн;  
      8) адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбiн және адвокаттар арасында сот, анықтау және алдын ала тергеу органдарының тағайындауы бойынша заң көмегiн бөлу тәртiбiн;  
      9) Адвокаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы қағиданың негізінде адвокаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін; 
      10) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң және адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлердiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мен оған тарту тәртiбiн;  
      11) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясының қолданысын тоқтату туралы талап-арызды дайындау туралы өтiнiш жасау тәртiбiн;  
      12) адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбiн;  
      13) адвокаттар алқасы таратылған жағдайда мүлiктiң тағдырын көздеуге тиiс.  
      2. Адвокаттар алқасының жарғысы заңдарға қайшы келмейтiн өзге ережелердi де қамтуы мүмкiн.  
      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

  22-бап. Адвокаттар алқасының органдары      

1. Адвокаттар алқасының  жоғары органы алқа мүшелерiнiң  жалпы жиналысы (конференциясы); оның атқарушы органы - төралқа; бақылаушы органы - тексеру комиссиясы болып табылады.  
      2. Жарғыда көзделген реттерде адвокаттар алқасында адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) қабылдайтын ережелер негiзiнде жұмыс iстейтiн басқа органдар құрылуы мүмкiн.     

  23-бап. Адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы  
               (конференциясы)      

1. Жалпы жиналыс (конференция)  адвокаттар алқасы қызметiнiң  кез келген мәселелерiн шешуге  құқылы.  
      2. Жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне мыналар жатады:  
      1) адвокаттар алқасының Жарғысын және Жарғыға өзгерiстер енгiзу туралы шешiмдер қабылдау;  
      2) төралқаны, төралқа төрағасын, тексеру комиссиясын, тексеру комиссиясының төрағасын сайлау;  
      3) Жарғыда көзделген басқа органдарды және олардың басшыларын сайлау, осы органдар туралы ережелердi бекiту;  
      4) адвокаттар алқасы органдарының, адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң қызметi туралы есептердi тыңдау және бекiту;  
      5) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
      6) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
      7) органдардың және адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң шешiмдерiне адвокаттардың шағымдарын қарау;  
      8) адвокаттар алқасының басшылары мен қызметкерлерiн мерзiмiнен бұрын керi шақыру; 
      9) адвокат өзін алқаға мүшелікке қабылдаған күннен бастап алты айдың ішінде төлейтін және тек қана адвокаттар алқасының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын нығайтуға жұмсалатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде есептелетін бастапқы нысаналы жарна ставкаларын белгілеу; 
      10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде есептелетін ай сайынғы мүшелік жарна ставкаларын белгілеу жатады, бұл ретте кәсіптік қызметін ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын не бір жылдан аспайтын адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттар белгіленген ставканың елу пайызы мөлшерінде ай сайынғы мүшелік жарналарды төлейді. 
      3. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi немесе, тиiсінше, конференция сайлаған делегаттар құрамы болған жағдайда шешiмдер қабылдауға құқылы.  
      4. Жалпы жиналысты (конференцияны) жылына кемiнде бiр рет адвокаттар алқасының төралқасы шақырады. Тексеру комиссиясының немесе алқа мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде төрттен бiрiнiң талап етуi бойынша алқа төрағасы отыз күн iшiнде жалпы жиналысты (конференцияны) шақыруға мiндеттi.  
      5. Адвокаттар алқасының Жарғысында жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне жататын өзге мәселелер көзделуi мүмкiн. 
      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

  24-бап. Адвокаттар алқасының төралқасы      

1. Адвокаттар алқасының  төралқасы жасырын дауыспен төрт  жыл мерзiмге сайланады.  
      2. Адвокаттар алқасының төралқасы:  
      1) адвокаттар алқасының жеке және заңды тұлғаларға заң көмегiн, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегін көрсету жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады; 
      2) жалпы жиналыстың (конференцияның) шешiмдерiн орындауды ұйымдастырады, жалпы жиналысты (конференцияны) шақырады;  
      3) адвокаттардың кәсiби және өзге де құқықтарын қорғайды;  
      4) адвокаттар алқасының мүшелiгiне қабылдауды жүзеге асырады, алқа мүшелiгiнен шығарады, адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлерiн даярлауды ұйымдастырады; 
      4-1) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 
      4-2) адвокаттардың қызметі туралы олардың жинақталған есептерін Республикалық адвокаттар алқасына тоқсан сайын ұсынады; 
      4-3) адвокаттық қызметін ауылдық елді мекенде кемінде үш жыл міндетті түрде жүзеге асыру шартымен адвокаттар алқасына мүше болып қабылданатын адвокаттарды бастапқы нысаналы жарна төлеуден босатады; 
      4-4) жүктілігі және тууы бойынша не бала үш жасқа толғанға дейін оны күтіп-бағу бойынша демалыста болған кезеңінде адвокаттарды және уақытша еңбекке жарамсыздығы салдарынан қатарынан екі айдан астам адвокаттық қызметті жүзеге асырмаған адвокаттарды ай сайынғы мүшелік жарнаны төлеуден босатады; 
      5) адвокаттың әрекеттерiне жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдарды (ұсыныстарды) тексеру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;  
      6) адвокаттардың тәртiптiк терiс қылықтары туралы материалдарды қарайды және кiнәлi адамдарға тәртiптiк жаза қолданады;  
      7) адвокаттарды аттестациялауды өткiзудi және олардың кәсiби бiлiктiлiгін арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;  
      8) осы Заңда көзделген негiздер бойынша лицензиарға адвокатқа қатысты адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арызды дайындау туралы өтiнiш береді; 
      9) адвокаттардың кәсiби деңгейiн көтеру жөнiндегi шараларды жүргiзедi, оң жұмыс тәжiрибесiн талдайды, қорытады және таратады;  
      10) кодификациялық-анықтамалық жұмысты жүргiзудi ұйымдастырады, адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлейдi және басып шығарады;  
      11) заң консультацияларын құрады, олардың меңгерушiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;  
      12) адвокат куәлiгiн бередi, оның нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтедi;  
      13) адвокаттар алқасының қаражатына Жарғы мен жалпы жиналыс (конференция) белгiлейтiн тәртiппен иелiк жасайды;  
      14) бухгалтерлік есептің, қаржылық есептіліктің жүргізілуін, іс қағаздарын жүргізуді және алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыруды ұйымдастырады; 
      14-1) адвокаттар алқасының мүлкіне билік ету тәртібін белгілейді; 
      15) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретiне жатқызылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi.  
      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.03 N 425, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

  25-бап. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы      

1. Өзі сайланған күнге дейін кемiнде екi жыл тiкелей адвокаттар алқасының мүшесi болған адвокат адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы болып сайлана алады. 
      Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады. 
      Бұл ретте бір адам қатарынан екі мерзімнен артық адвокаттар алқасының төрағасы лауазымында бола алмайды. 
      2. Алқаның жарғысына сәйкес адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы: 
      1) төралқаның жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарында төрағалық етеді және төралқа, алқа мүшелерiнiң жалпы жиналыстары (конференциялары) шешiмдерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады; 
      2) төралқа аппаратының жұмысына басшылық жасайды, алқа аппаратының қызметкерлерiн жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады; 
      3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдар мен мекемелерде адвокаттар алқасы атынан өкілдік етеді; 
      4) адвокаттық қызметті ұйымдастырудың адвокат таңдаған нысанын және заңды мекенжайын көрсетіп, адвокаттар алқасына мүше болып кірген лицензиаттар туралы, сондай-ақ шығарылу себебін көрсете отырып, адвокаттар алқасы мүшелігінен шығарылғандар туралы мәліметтерді лицензиарға ұсынуды қамтамасыз етеді; 
      5) адвокаттар көрсеткен заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді қоса алғанда, адвокаттар алқаларының қызметі туралы есепті Республикалық адвокаттар алқасына ұсынуды қамтамасыз етеді; 
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу туралы және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінімді тиісті республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің аумақтық органына уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді; 
      7) адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерінің тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етеді; 
      8) адвокаттарды кәсiптік оқыту бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз етедi. 
      Адвокаттар алқасының төралқасы төрағасының басқа да өкілеттіктері адвокаттар алқасының жарғысында айқындалады. 
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  26-бап. Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы      

1. Адвокаттар алқасының  тексеру комиссиясы оның бақылау-тексеру органы болып табылады.  
      2. Тексеру комиссиясы, оның төрағасы алқа мүшелерiнiң жалпы жиналысында (конференциясында) төрт жыл мерзiмге сайланады.  
      3. Тексеру комиссиясы адвокаттар алқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң қаржы-шаруашылық қызметiне, сондай-ақ жеке дара жұмыс iстейтiн адвокаттардың қаржылық қызметiне тексеру жүргiзедi.     

  27-бап. Адвокаттар алқасына мүшелiк      

1. Адвокаттар алқасына  мүшелiк мiндеттi болып табылады. 
      Осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлардың бірінің анықталуы адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. 
      Адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдаудан бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. 
      2. Кiсi алқадан шығарылған, бiрақ адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясын сақтап қалған жағдайда ол шығарылған сәттен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн алқаға қайта қабылдануы мүмкiн. Бұл кезеңде адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi. 
      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.     

  28-бап. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң құқықтары      

1. Адвокаттар алқасы  мүшесiнiң:  
      1) алқаның, оның органдары мен лауазымды адамдарының жәрдемiн, кәсiби көмегiн және қорғауын пайдалануға;  
      2) адвокаттар алқасының органдарына сайлауға және сайлануға;  
      3) адвокаттар алқасы органдары алдына алқа қызметiне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның органдарының жұмысын жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге, шешiмдердi талқылау мен қабылдауға қатысуға, адвокаттар алқасы органдарынан олардың қызметi туралы құжаттар мен материалдар берудi талап етуге;  
      4) алқа органдары оның қызметiн немесе мiнез-құлқын тексерген және талқылаған барлық жағдайларда өзi қатысуға;  
      5) алқаның жарғысында белгiленген тәртiп пен шарттарда адвокаттар алқасының мүлкiн пайдалануға;  
      6) өз бастамасымен алқа құрамынан шығуға құқығы бар.  
      2. Адвокаттар алқасының мүшелерi өзiнiң құқықтары мен мiндеттерi жөнiнен тең болады.     

  29-бап. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң мiндеттерi      

1. Адвокаттың осы Заңның 15-бабында көзделген жалпы мiндеттерінен басқа, адвокаттар алқасының мүшесi: 
      1) адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын сақтауға; 
      2) адвокаттар алқасы мен оның органдарының жалпы жиналысының шешiмдерiн орындауға; 
      3) бастапқы нысаналы және ай сайынғы мүшелік жарналарды төлеуге; 
      4) адвокаттар алқасының төралқасына өз жұмысы туралы статистикалық есепті ұсынуға; 
      5) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болғанда) өзгерген жағдайда, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензиялау туралы заңнамада белгiленген тәртiппен және шарттармен лицензиарға беруге; 
      6) өзінің заңды мекенжайының өзгергені туралы адвокаттар алқасының төралқасына хабарлауға; 
      7) ол көрсеткен заң көмегiнiң сапасына жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша тексеру үшiн қажетті материалдарды адвокаттар алқасының төралқасына ұсынуға міндетті. 
      2. Адвокаттар алқасының мүшесі бастапқы нысаналы және ай сайынғы мүшелiк жарналарды төлеу мiндеттемесiнен басқа, адвокаттар алқасының алдында өзгедей біржақты мүлiктiк мiндеттемелер алмауға тиіс. 
      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  30-бап. Адвокаттардың тәртiптiк жауапкершiлiгi      

1. Қазақстан Республикасы  заңнамасының, Адвокаттардың кәсiптік  әдебі кодексiнiң, адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын бұзғаны үшiн адвокат мынадай тәртiптiк жауапкершiлiк шараларының бiрiне тартылады: 
      1) ескерту; 
      2) сөгiс; 
      3) қатаң сөгiс; 
      4) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арызды дайындау туралы лицензиарға өтiнiш бере отырып, адвокаттар алқасынан шығару. 
      2. Тәртiптiк iс жүргiзу адвокаттар алқасы төралқасының құзыретiне жатады. 
      3. Адвокаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының, Адвокаттардың кәсiптік әдебі кодексiнiң, адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын бұзғанын көрсететін жеткілікті деректердің болуы тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау үшiн негіз болып табылады. 
      4. Әділет органдары тәртiптiк iс жүргiзу туралы ұсыныс енгізген жағдайда оны қарау әділет органы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қараудың уақыты және орны тиісті түрде хабарланған әділет органы өкілінің келмеуі тәртiптiк iсті қарауға кедергі болмайды. 
      5. Тәртіптік жазалар қолданудың, оларды алып тастаудың және оларға шағым жасаудың тәртібі адвокаттар алқасының жарғысында айқындалады. 
      Адвокаттың тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн бiр тәртiптiк жаза ғана қолданылуы мүмкiн. 
      6. Адвокаттар алқасы төралқасының тәртiптiк жаза қолдану туралы шешiмiне адвокат сот тәртiбiмен шағым жасауы мүмкін. 
      7. Егер тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай iшiнде адвокат жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, ол тәртіптік жазаға тартылмаған болып есептеледi. 
      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  31-бап. Адвокаттар алқасынан шығару      

1. Адвокатты алқадан  адвокаттар алқасының төралқасы  мынадай жағдайларда:  
      1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясынан айырылған немесе қолданылуы тоқтатылған;  
      2) адвокат өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен нормаларын, адвокаттар алқасының жарғысында бекітілген адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметінің принциптерін, адвокаттардың кәсіби әдебі ережелерін өрескел не бірнеше рет бұзған; 
      3) бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан адвокаттың өз кәсiби мiндеттерiн орындай алмайтыны анықталған;  
      4) мүшелiк жарнаны ұдайы төлемеген;  
      5) кәсiпкерлiк қызметпен, сондай-ақ өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысқан;  
      6) өз тiлегi бойынша;  
      7) алқа Жарғысында көзделген өзге де жағдайларда шығарады.  
      2. Осы баптың 1-тармағының 2), 3)-тармақшаларында көзделген негiздер бойынша адвокатты алқадан шығару адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясының қолданысын тоқтатуға әкеп соғады.  
      3. Алқадан шығаруға алқа төралқасының шығару туралы қаулысының көшiрмесi адвокатқа берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.  
      Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.03 N 425, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

Информация о работе Адвокатура және оның міндеттері