Адвокатура және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 04:49, курсовая работа

Описание работы

Бүл дипломның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Дипломға адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.

Файлы: 1 файл

аиу диплом арстанов.doc

— 661.50 Кб (Скачать файл)

Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату лицензиардың талап-арызы бойынша:

1) адвокат өз кәсіби  міндеттерін орындау кезінде  Қазақстан Республикасының заңнамасын, адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі принциптерін өрескел не бірнеше рет бұзған;

2) біліктілігінің жеткіліксіздігі  салдарынан адвокаттың өз кәсіби  міндеттерін орындауы мүмкін  болмаған жағдайларда сот тәртібімен  жүзеге асырылады.

Адвокаттар алқасы төралқасының өтініші осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.

Аумақтық әділет органының  ұсынымы адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.

Лицензиар сот шешімі негізінде адвокаттық қызметпен  айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтатуды лицензиар:

1) заңды күшіне енген  сот шешімі бойынша адвокат  әрекет қабілеті жоқ немесе  әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс  болды не хабар-ошарсыз кетті  деп танылған;

 
      2) адвокат Қазақстан Республикасының  азаматтығын тоқтатқан; 
      3) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған; 
      4) қасақана қылмыс жасағаны үшін адвокатқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 
      5) адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жүзеге асырады. 
      6. Аумақтық әділет органының ұсынымы осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. 
      Лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі. 
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.08.28 N 192-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

  13-бап. Адвокаттың өкiлеттiктерiн куәландыру      

1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі, ал ол өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке жүзеге асырған кезде адвокаттар алқасының төралқасы берген ордермен куәландырылады. Ордердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі  бекітеді. Ордерлердің берілуін бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады.  
      Өзінің қызметін Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке басын, адвокат мәртебесін және заң көмегін көрсету өкілеттігін белгілейтін құжатпен расталады.  
      2. Адвокат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында, сондай-ақ, егер бұл қабылдаған тапсырманы орындау үшiн қажет болса және тиiстi мемлекеттердiң заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қайшы келмесе, оның аумағынан тыс жерлерде адвокаттық қызметпен айналысуға құқылы.  
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.03 N 425, 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

  14-бап. Адвокаттың құқықтары      

1. Адвокат көмек сұрап  келген адамға ол мұқтаж болған  кез келген заң көмегiн көрсетуге  құқылы.  
      2. Адвокат өзiне өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша шарт жасасады. 
      3. Адвокат, қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып, iс жүргiзу заңына сәйкес:  
      1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;  
      2) барлық мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;  
      3) заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;  
      4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;  
      5) iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;  
      6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;  
      7) өтiнiштер мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;  
      8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң актiлерiнде көзделген тәртiппен танысуға;  
      9) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;  
      10) заңдарға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.  
      4. Мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам адвокаттың заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның мүддесiн бiлдiру құқығын танудан бас тарта алмайды.  
      5. Адвокат соттардың, прокуратураның, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың әкімшілік ғимараттарына белгіленген тәртіппен өзінің адвокаттық куәлігін көрсетуі бойынша еркін кіру құқығын пайдаланады. 
      Адвокаттың ұсталғандар, тұтқынға алынғандар және жазасын өтеп жатқандар отырған орындарға кiруi белгiленген рұқсаттық режимге сәйкес жүзеге асырылады.  
      6. Адвокат мiндеттi сақтандыру қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қорғалуға құқылы.  
      Әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды адвокаттар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төлейдi.  
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.06.03 N 425, 2009.12.11 N 230-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.     

  15-бап. Адвокаттың мiндеттерi      

1. Адвокат: 
      1) өзiнiң кәсiптік мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын және Адвокаттардың кәсiптiк әдебі кодексiнiң нормаларын сақтауға; 
      2) өзiнiң кәсiптік қызметiнде адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң қағидаттарын басшылыққа алуға; 
      3) өзiнiң кәсiптік бiлiктiлiгiн үнемi арттырып отыруға; 
      4) заң көмегiн көрсетуге байланысты өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етпеуге; 
      5) адвокаттар алқасына мүше болып кіргеннен кейін, сондай-ақ коммерциялық ұйым құрылғаннан кейін бір ай ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті (акциялар топтамасын) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетін өзге де мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты нотариатта куәландыруға жатады. Адвокат өзіне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлікпен басқаруға бермеуге құқылы. Адвокаттың сенімгерлікпен басқаруға берілген мүліктен табыс алуға құқығы бар; 
      6) сенім білдірушінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша заңмен тыйым салынбаған кез келген іс-әрекетті орындауға міндетті. 
      2. Адвокат, егер: 
      1) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның мүддесiне қайшы келетiн iстiң нәтижесінде жеке мүддесi болса; 
      2) Қазақстан Республикасының процессуалдық заңнамасында көзделген негіздер болса, заң көмегiн көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға мiндеттi. 
      3. Адвокаттың іс бойынша көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық ұстанымда болуына, өз өкiлеттiгiн өзі мүдделерiн қорғайтын немесе бiлдiретiн адамға нұқсан келтiріп пайдалануына тыйым салынады. 
      4. Адвокаттың қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша сот төрелігіне сай емес үкiм шығарылған жағдайда, оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi. 
      5. Адвокаттың коммерциялық ұйымның байқау кеңесiнiң құрамына кіру, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметте болуына және кәсіпкерлік қызметпен айналысуына, өзге де ақылы лауазымда болуына тыйым салынады. 
      Адвокат адвокаттар алқасында, Республикалық адвокаттар алқасында және адвокаттардың халықаралық қоғамдық бірлестіктерінде ақы төленетін сайланбалы немесе тағайындалатын лауазымға сайлануға құқылы. 
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  16-бап. Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары      

 Адвокат заң көмегiн  көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк  ережелердi сақтауға тиiс:  
      1) көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс бiлдiру;  
      2) заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау;  
      3) өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, iстi негiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеу;  
      4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiне адал болу және оның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау.     

  17-бап. Адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi     

  1. Заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын адвокаттық қызметке араласуға не осы қызметке қандай да болмасын тәсілмен кедергі жасауға тыйым салынады. 
      2. Адвокатты ол заң көмегiн көрсетiп отырған адаммен теңдестiруге тыйым салынады.  
      3. Адвокаттан өз кәсiби мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты оған мәлiм болған мән-жайлар туралы куәгер ретiнде жауап алуға тыйым салынады.  
      4. Адвокаттардан, олардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілерінен, адвокаттар алқасы төралқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң басшылары мен қызметкерлерiнен, заңмен белгiленген жағдайларды қоспағанда, белгiлi бiр адамға заң көмегiн көрсетуге байланысты қандай да болмасын мәлiметтер берудi талап етуге тыйым салынады.  
      5. Адвокаттық іс жүргізу, онымен байланысты өзге де материалдар мен құжаттар, сондай-ақ адвокаттың мүлкі, оның ішінде ұялы байланыс құралдары, аудиоаппаратурасы, компьютерлік техникасы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда, тексеруге, қарауға, алуға, алып қоюға және тексеріске жатпайды. 
      6. Адвокатқа өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға тыйым салынады.  
      7. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
      8. Анықтау және алдын ала тергеу органдары, iс жүргiзу заңында көзделген жағдайларда, адвокатпен келiсiлген мерзiмде тергеу және өзге iс жүргiзу әрекеттерiне оның қатысуы қажеттiгi туралы адвокатқа хабарлауға мiндеттi.  
      9. Мемлекеттiк қызметшiлер мен мемлекеттiк емес ұйымдардың басшылары адвокаттың нақты iс бойынша заң көмегiн көрсетуiне байланысты өтiнiшiне он күн мерзiмнен кешiктiрмей жазбаша жауап беруге мiндеттi. 
      10. Адвокаттардың қызметiне заңсыз араласуға жол берген немесе осындай қызметтi жүзеге асыруға кедергi келтiретiн адамдар заңға сәйкес жауапқа тартылады.  
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.03 N 425, 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

  18-бап. Адвокат құпиясы      

1. Адвокат құпиясын  адвокатқа жүгiну фактiсi, көмек  сұрап өтiнiш жасаған адаммен  және басқа да адамдармен жасалған  ауызша және жазбаша келiссөздердiң  мазмұны туралы, көмек сұрап өтiнiш  жасаған адамның мүдделерiнде  жасалатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.  
      2. Адвокаттардың, олардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілердің адвокаттар алқасы төралқасы, заң консультациясы, адвокат кеңсесi қызметкерлерiнiң заң көмегiн көрсетуге байланысты алынған мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе үшiншi бiр адамдардың мүдделерi үшiн пайдалануға құқығы жоқ.  
      3. Адвокат құпиясына жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады. 
      4. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтер мен ақпарат беру адвокаттық құпияны жария ету болып табылмайды. 
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау.  АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТI ҰЙЫМДАСТЫРУ      

  19-бап. Адвокаттық қызметтi ұйымдастыру нысандары      

 Адвокат өз қызметiн  заң консультациясы арқылы жүзеге  асыруға не дербес немесе басқа  адвокаттармен бiрлесiп, сондай-ақ  заңды тұлғаны тiркемей-ақ жеке дара адвокаттық кеңсе құруға құқылы.  
      Адвокат тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында құрылған және әрекет ететін адвокаттар алқасының мүшесі болуға тиіс. 
      Заңды тұлғаны тіркемей-ақ кәсіптік қызметін дара жүзеге асыратын адвокаттың азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға, адвокаттық іс жүргізуді сақтауды және адвокаттық құпияны сақтауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға қажетті қызметтік үй-жайы болуға міндетті. 
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.03. N 425, 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.      

  20-бап. Адвокаттар алқасы      

1. Адвокаттар алқасын  адвокаттық қызметпен айналысуға  құқығы бар адамдар құрады.  
      2. Адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға бiлiктi заң көмегiн көрсету үшiн, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, осы Заңда белгiленген өзге де мiндеттердi орындау үшiн құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсiби, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып табылады.  
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқығы жоқ. S 
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол осы Заңның 7-бабының талаптарына сәйкес келетiн кемiнде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады.  
      Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.  
      Адвокаттар алқасының атауы аумағында өзi құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң атауын қамтуға тиiс.  
      4. Адвокаттар алқасының негiзгi мiндеттерi:  
      1) адвокаттық қызметтi жүзеге асыру кезiнде алқа мүшелерiне жәрдемдесу, кәсiби көмек көрсету және оларды қорғау;  
      2) алқа мүшелерiнiң қызметiн материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;  
      3) адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға кәсiптiк бақылауды ұйымдастыру;  
      4) алдын ала тергеу және сот органдарының белгiлеуi бойынша тегiн заң көмегiн көрсету (осы Заңның 6-бабы) мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады.  
      5. Адвокаттар алқасы заң консультацияларын құрады. 
      6. Адвокаттар алқалары Республикалық адвокаттар алқасына бірігеді. 
      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.03 N 425, 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

Информация о работе Адвокатура және оның міндеттері