Қаржылық менеджменттің қажеттілігі мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 12:43, лекция

Описание работы

1.Қаржылық менеджменттің мәні.
2.Қаржылық менеджменттің мақсаты.
3.Қаржылық менеджменттің теориялық негізі

Файлы: 1 файл

лекции.doc

— 252.00 Кб (Скачать файл)

 Жоғарыда қарастырылған  ақша  құралдарының қалдығының түрлері  кәсіпорынның  ақша құралдарын  қалыптастыруының тек қана экономикалық  мотивтерін мінездейді.

 

18 тақырып. Корпорцияларды  қайта  ұйымдастыру: қосылу, сатып  алу, бөлшектену, банкроттау және  тарату.

 

Бірігу деп екі немесе одан да көп  ұйымдардың  қызметтерін тоқтатып өзінің барлық  құқықтары менміндеттемелерін  жаңа ұйымға беруі сипатталады. Бірігу  үрдісіне қатысатын  заңды тұлғалар бір-бірімен келісімшартқа отырады. Келісімшартта жаңа ұйымның акциясындағы  әр ұйымның  акцияларды конвертациялаудың тәртібін және бірігудің шарты мен тәртібін анықтайды. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі  бірігуде  қатысатын  әр ұйымның  акционерлерінің жалпы жиналысының шешімін шығарады,  бірігу  формасындағы қайта ұйымдастыру,  ұйымның жарғысы мен  келісішартты бекітеді.   Қалыптасушы ұйымның органдары  бірігуге қатысатын  акционерлік қоғамдардың жиналысында жүзеге асырылады.  Акционерлердің жалпы жиналысындағы дауыс беру тәртібі бірігу туралы шартта қарастырылған.

Қосылу деп бір немесе одан да көп  ұйымдардың қызметтерін тоқтатып барлық қызметтері мен құқытарын  басқа акционерлік қоғамға беруін айтады.Ұйымның қосылу туралы құқықтық қатынастарын  арнайы шартпен  қадағаланады. Шартта  қосылу шарты мен тәртібін орнатады және  қоғам акцияларына  қосылушы  ұйымның акцияларын    конвертациялау тәртібі  қарастырылады.  Әр қоғамның директорлар кеңесі    бірігуге  қатысатын акционерлердің жалпы жиналысына қайта ұйымдастыру туралы сұрақтар мен бірігудің шарттарын бекітеді. Акционерлердің жалпы жиналысынла  жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдайды.

Бір ұйымның екіншісіне қосылу жағдайында соңғысына актіне сәйкес қосылатын ұйымның барлық құқықтары мен міндеттемелері жүктеледі.

  Бөліну деп  қоғамның өз қызметін тоқтатып барлық құқықтар мен міндеттемелерді  жаңа құрылатын ұйымға беруін айтады.  Бөліну негізінде  қайта құрылған  қоғам акционерлердің жалпы жиналысына бөліну формасындағы  қоғамды қайта ұйымдастыру сұрақтары, бөлінудің шарттары мен тәртібін  және жаңа қоғамдарды құру ,  қайта ұйымдастырылушы қоғамның акцияларын   конвертациялау тәртібін және бөлінуші балансты бекітеді. Әр жаңа ұйымдастырылушы қоғамның акционерлер жиналысында   жарғыны бекіту және органдарды қалыптастыру туралы шешімді  қабылдайды.  Қайта ұйымдастырылушы қоғамның әр акционері  қоғамның ұйымдастырулуы жөніндегі сұраққа  қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге қатыспаған  акционер  бөліну нәтижесінде қалыптасқан   әр қоғамның акциясын сатып алуға тиісті болады.  Қоғамды бөлуде  оның барлық құқықтары мен міндеттемелері  бөлінушілік балансқа сәйкес  екі немесе одан да көп  қоғамдарға беріледі.

Ерекшелену деп соңғысының  қызметін сақтап  жаңа ұйымдастырылатын ұйымға өзінің  міндеттемелері мен құқықытарының бір бөлігін беруі арқылы  бір немес бірнеше ұйымдардың құрылуын айтады. Жаңа ұйымдасқан ұйымның  директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысында келесідей мәселелерді қарастырады: ерекшелену формасындағы ұйымның қайта құрылуын, жаңа қоғамды құру жөнінде,  ерекшеленудің тәртібі мен шарттарын, қайта ұйымдасқан қоғамның акцияларын  ұйымдасушы қоғамға конвертациялау, бөлінушілік балансты бекіту жөніндегі мәселлерді  қарастырады. Әр жаңа ұйымдастырылушы қоғамның акционерлер жиналысында   жарғыны бекіту және органдарды қалыптастыру туралы шешімді  қабылдайды. Ерекшелену формасындағы  қайта ұйымдасушы ұйымның шешіміне сәйкес ұйымдасушы қоғамның  жалғыз акционері болып  қайта ұйымдасушы қоғам болатын болса, онда, қоғамның жарғысын бекіту және оның органдарын қалыптастыру жөніндегі шешімдерді  қайта ұйымдастырушы қоғамның акционерлер жиналысы жүзеге асырады.Ерекшелену формасындағы  қайта ұйыдастырылушы қоғамның шешімі бойынша  қөайта  ұйымдастырылушы қоғамның акцияларын  ұйымдасушы қоғамның акцияларына конвертациялауды қарастырады немесе  ұйымдасушы қоғамның акцияларын  қайта ұйымдасушы ұоғамдар арасында  бөліп алады, соіғысының әр бір акционері  қоғамды қайта ұйымдастыру жөніндегі сұраққа қарсы дауыс берген немесе мүлдем дауыс беруге қатыспаған  ерекшелену нәтижесінде пайда болған әрбір ұйымның акциясын сатып алуға мәжбүр болады.  

 

 

 

 


 



Информация о работе Қаржылық менеджменттің қажеттілігі мен мәні