Шәй обьектілеріне қойылатын жалпы талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 20:14, курсовая работа

Описание работы

Сынау деп объектінің сандық және сапалық сипаттамаларын экспери-менттік анықтау аталады. Объект бір бұйым, бұйымдар партиясы, бұйым макеті немесе моделі, өнім және оның жұмыс істеу және өндіру процестері.
Сынаудың негізгі белгілері мыналар болып табылады:
- объект бойынша белгілі шешімді, яғни оның жарамдылығы немесе ақауланғандығы туралы шешімді қабылдау;
- сынаудың талап етілетін нақты шарттарын беру.

Содержание работы

КІРІСПЕ...................................................................................................................
1 СЫНАУДЫҢ МӘНІ............................................................................................
1.1 Сынау жайлы түсінік........................................................................................
1.2 Сынаудың сипаттамасы..................................................................................
1.3 Сынау көрсеткіштерінің мәні мен жіктелуі.................................................
2 ШӘЙ ӨНІМІНІҢ САПАСЫН АНЫҚТАУ.................................................
2.1 Шәй өніміне сынақ жүргізу............................................................................
2.2 Шәйдың түрлері...............................................................................................
2.3 Шәй обьектілеріне қойылатын жалпы талаптар..........................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................

Файлы: 1 файл

курсовой шай333.docx

— 72.08 Кб (Скачать файл)

Бақылау шешімдерді өмірге енгізілгеннен кейін де бағалауда және де басқару жүйесінің өзінің тиімділігін бақылауда ролі зор. Кері байланыс каналын, жүйенің «шығуын» талдауға қажет мәліметтер ағынын, қызметтің нормалары мен нәтижелерін зерттеу мен талдау басқару жүйелерін үнемі жаңартып тұруға және жетілдіруге, оған икемділікті, бейімділікті, ішкі және сыртқы факторлардың өзгерістеріне тез карсы әрекет ойлау жағдайларын жасайды.

Сынау төрт негізгі элементген тұратын жүйеге айналады:

1. Бақыланатын процестер немесе  подсистемалардың шығуын анықтайтын  нормалар;

2. Процестердің нақты іске асырылғандығы  туралы мәліметті қабылдауға  арналған құрылғы;

3. Нақты және күтілген іс-әрекеттер  мен бағалардың салыстыру механизмі;

4. Түзету мақсатындағы әсер ету құралы.

Сынау механизмі жүйенің «шығуын» өлшейді және нормадан ауытқу жағдайы туындағанда мәліметті жүйенің «кіруін» реттейтін механизмге береді, сол арқылы өзін-өзі реттеу принципін және кері байланысты іске асырады. Бақылауға мұндай көзқарасты барлық салада қолдануға болады.

Басқару процесінің жүйелік түрде баян етілуі бақылау ролін көтереді. Бақылау күштеу немесе оқиғаларды жоспарға сай әкелу процесі ретіндегі классикалық ұғымына қарама-қарсы. Жүйелік көзқарас бақылауды өзін өзі реттейтін гомеостатикалық машина ретінде қарайды, бақылау барлық басқару функцияларын біріктіруші ролін атқарады.

Мәліметті-басқарушы жүйелері жағдайындағы бақылау. Жоспарлау және бақылау процесстерін іске асырудың негізгі шарты мәліметтер ағылысы болып табылатындықтан, бақылау жүйелері мәліметтер жүйесі ретінде қарастырылады. Жоспарлаумен бірге бақылау қажеттілігі басқарудың мәліметтер жүйесін жобалауда және құрудары негізгі фактор болып табылады. Қазіргі жағдайда ұйымның әр бөлімдерінің жоспардан және нормалардан ауытқуының жан-жақты және дәл талдауына мүмкіндік беретін автоматтандырылған мәліметтік қызмет орындарын құру үлкен роль атқарады. Оның көмегімен басты міндет-информация өңдеу уақытын мейлінше азайту және тез кері байланыс принципін іске асыру шешіледі; әртүрлі ауытқулар тез табылып және мүмкіндігінше тез және дәл талданады.

тиімділігін жоғарылату үшін қосымша резервтерін табуға мүмкіндік туғызады.

Жалпы экономикалық сынау жасайтын жоғарғы басшылар үшін керек мәлімет анығырақсыз болады, ол көбіне сыртқы және ықтималды факторларымен байланысты болғандықтан программаланбайды. Оны алу, жаңарту және өңдеу көптеген қиыншылықтар туғызады.

Сынау үшін мәліметтер жүйелерін дұрыс құру өте маңызды іс. Мәліметтерді автоматтандырылған түрде жинау және есеп беруге дайындау басшыларға шешім қабылдауды жеңілдетіп және түзетуді  енгізуді ұйымдастыруға арналған. Бірақ кейде бұл мақсатқа мәліметтерді талдаудың кемдігінен жете бермейді. Артық мәліметтер, есептің тым көп болуы, артық құжаттар және т.б. басшыларға қиындықты туғызған себепті анықтауға көп уақытын жіберуге мәжбүр етеді, керек мәліметті іріктеу процесін тежейді. Есеп берудегі әдістерге «ауытқулар бойынша басқару» принципі жарияланса да, мәліметтер жүйесін құруда басшыларға және шешім қабылдауға ЭЕМ-ң соңғы жетістіктері мүмкіндік беретіндіктен шамасы келгенше үлкен көлемді және ағынды мәліметтер жинау тенденциясы кең тараған. Сондықтан мәліметтер жүйелерін құрғанда оның маңызды функциясы ретінде, басшыларды маңызды емес мәліметтерден құтқару керек. информацияны сүзіп қойырту қажет.

Мәліметтер жүйесі құру кезінде басқарудың әр деңгейдегі мәліметтер қажеттілігін нақты анықтау керек. Бұл қажеттіліктер басшылардың өздері бақылау және жоспарлау функциялар көлеміне сай анықталу керек. Әр басшы бұл қажеттіліктерді анықтай алу керек. оның мазмұны және көлеміне сүйеніп информациялық жүйені жобалаушыларға өз талабын қою керек.

Басшылар әдетте мәліметтерді ұйымның есеп-бухгалтерлік аппараты жасайтын оперативті өндірістік ақпараттар, қаржы және бюджет есептері, баланстар, өнім өткізу есебі, ревизорлық тексеру нәтижелері және басқа да формалары ретінде алады. Бұл өз уақытында басқару бақылау функциясын атқаруда «счетоводтар» мен «финансистердің» басымдылығын белгіледі.

Дәстүрлі конторлық және есептік операциялар қайта ұйымдастырылуға ұшырап, басқару подсистемаларына айнала бастады. Ескі «есеп» орнына есептің әр түрлі функционалдық жақтарын біріктіретін және көптеген шешімдерді қабылдау мақсатына бағытталған мәліметтерді автоматтандырылған жүйесі келді. Мұнда бақылау орталығы бухгалтерлік есеп жүйесінен мәліметтерді автоматтандырылып өңдеу және талдауды іске асыратын басқарудың тиісті бөлімшелеріне ауысуда.

Сынауды орталықтандыру дәрежесі. Бақылау басқару жүйесінің барлық деңгейі мен барлық звеноларында іске асатындықтан, бақылауды ұйымдастырудың өзі орталықтанған немесе орталықтанбаған болуы мүмкін. Жалпы бақылау функциясы әрқашанда ұйымның жоғары басшыларының қолына жинақталған. Өндірістік оперативті басқаруы орталықтанбаған жағдайында бақылау функциясы ерекше маңызды роль атқарады.

Сынау басқаруда орталықтандыру және орталықтандырмау принциптерінің тиімді үйлесуіне жету үшін де маңызды құрал боп саналады.

Қаржылық сынаудың орталықтандыруы өте анық көрінуде, ал оперативті шығындарды алсақ орталықтандыру дәрежесі онша емес. Бөлімшелер басшылары өздеріне бекітілген смета мен қаржылық жоспарлар аумағында үлкен өкілеттілікке ие. Мамандар пікірі бойынша, жауаптылық центрлері бойынша есеп-жоспар және сметадан ауытқыған жағдайларда басшылардың қай жерде түзету әрекеттері қолданылу керектігін анықтаудың өте жақсы әдісі болып табылады.

Сынау функциялары басқарудың төменгі звено жұмыстарына сәйкес бөлімдер арасында сатылап бөлінеді, ал жалпы бақылау жоғары әкімшілікте орталықтандырып іске асады. Бірақ бақылауды орталықтандыруы төмен тұрған басшылардың қолындағы шешім қабылдауды орталықтандыру деп білуге болмайды. Басшы қол астындағыларына жұмыстар мен шешім қабылдауды олардың өзіне аударылған өкілеттер аумағында дұрыс әрекет жасай алатындығына көзі жетсе ғана сеніп тапсыра алады. Демек, неғұрлым бақылау құралдары тәуір болса, соғұрлым функцияларды табыстауға көбірек мүмкіндік болады.

Сынау жүйесі (яғни оның формалары, әдістері мен көрсеткіштері) басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандыру дәрежелерінің белгілі түрде үйлесуіне өз ықпалын тигізеді. Сонымен қатар ол бөлімшелердің дербестігі мен орталықтан тиімді басқарудың артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Тиімділікті арттыруда бір мезгілде, әрі үндесе әрекет жасайтын көптеген факторлар қатысады, осы себепті барлық басқару функциялары жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс. Осыған орай басқарудың өзінің тиімділігін бақылау ерекше орын алады. Әрбір жүйе кіші жүйелерге бөлінетіні сиякты, түпкілікті мақсат та көптеген иерархиялық шағын мақсаттарға, тіпті нақты атқарушыларға берілетін жекелеген тапсырмаларға дейін бөлінуі мүмкін. Көзделген мақсаттарға жетуді бақылау бұл деңгейлердің барлығында жүзеге асырылуы тиіс. Жоғарғы басшы жалпы мақсатқа жетуді бақылайды (бақылаудың жоғарғы деңгейі), бұл бақылау функциясы да шағын функцияларға бөлінуі мүмкін. Олардың әрқайсысы өз деңгейінде нақты жоспарлардың немесе бағдарламалардың орындалуын бақылайды.

Тиімділікті бағалауда екінші негізгі қорытындысы «динамикалық» басқару жүйелерінің икемділік пен өзгертіліп тұратын міндеттерге бейімділік концепциясы, икемді басқару механизмін жасау қажеттігі болып табылады.

Тиімділік мәселелерін талдауға деген көзқарасқа қазіргі заманғы басқару ғылымының әлеуметтік-психологиялық бағыттары тарапынан басқарудың дәстүрлі әдістерін сынау айтарлықтай ықпал етті.

Адам ресурстарының құндылығын әркім сезеді, бірақ соңғы уақытқа дейін еңбек ресурстарының сапасын өлшеу тәсілдері болмаған. Осыдан ұйым қарамағындағы еңбек ресурстарына қандай да бір сандық (құндық) бара беру қажеттілігі туған. Кейбір мамандар мұндай бағалау әдістерінің бірі ретінде басқару персоналын қалыптастыруға, оның ішінде жалдау мен бұл персоналды дайындауға кететін шығындардың жалпы сомасы есептеуді ұсынады.

Тиімді бақылауды қамтамасыз етуде бөлімше басшыларының жұмысын жоғарыдан тәптіштеп белгілеу, тіптен қарама-қайшы көрсеткіштердің көп болуына байланысты елеулі қиыншылықтар туады. Кәдімгі орта немесе төменгі буын басшысы өз ісінде бір-біріне қарама-қайшы келетін көрсеткіштер жиынын жиі басшылыққа алуына мәжбүр болады.

Есептеу мен бақылау деректеріндегі ақпарат сапасын талдаудың жоқтығы, қандай да болмасын белгілі жағдайларда бақылау функцияларын орындауға, бейімделген типтік ақпарат жүйелерін құруға мүмкіндік бермейді. Жоғарыда аталғандардың бәрі қосыла информациялық жүйелер мен басқарушылық бақылаудың тиімділігін төмендетуге әкеп соғады.

 

 

 

1.2 Сынаудың сипаттамасы.

 

Көпшілік тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар: қолдану жағдайы, қауіпсіздігі, экологиялылығы, сенімділігі, эргономикалылығы, ресурстарды үнемдеу мүмкіндігі, технологиялылығы, эстетикалылығы. Қолдану жағдайына байланысты талаптар: өнімнің орындалуға тиісті (өнімділік, дәлдік, калориялық, қызметтің орындалу жылдамдығы) негізгі функцияларын анықтайтын қасиеті, яғни функционалдық жарамдылығы, шикізат пен материалдардың құрамы мен құрылымы, сыйысымдылығы және өзара алмасымдылығы. Эргономикалық талаптар - қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін бұйым конструкциясын адам организмінің ерекшеліктерімен келістіру. Ресурстарды үнемдеу талабы - шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану. Қауіпсіздік талаптары - зиян келтіруі мүмкін қауіп- қатерді болдырмау. Сенімділік талаптары - белгіленген функцияларды берілген режимде және қолдану жағдайында, техникалық қызмет көрсетуде, сақтауда және тасымалдауда орындай алу қабілетін сипаттайтын барлық параметрлерге белгіленген шек аралығын әр уақытта сақтау. Экологиялық талаптар - өнімді өндіру, пайдалану және көдеге жарату кездерінде оның қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау. Технологиялылыққа қатысты талаптар - енімге сапа көрсеткіштері белгіленіп қойған жағдайда оны дайындауды, қолдануды, жөндеуді аз шығынмен жүргізуге бейімділігі. Эстетикаға қатысты талаптар - өнім мен қызмет көрсетудің көркемдік бейнені өрнектей алуына, адамның сезім мүшелері арқылы қалыптасатын форма белгілері негізінде (түсі, көлемдік конфигурациясы, бұйымды әрлеу сапасы) әлеуметтік-мәдениеттік құндылығын көрсете алуына қойылатын талаптар. Міндетті талаптардың құрамын анықтағанда мына жағдайларды ескеру қажет:

Заңдарға және стандарттарға сәйкес міндетті талаптардың тізімі кеңейіп отыруы мүмкін. Мысалы, функционалдық жарамдылық есебінен.Кейбір тауарлар түрлерінде сенімділік талабы қауіпсіздік талабымен үйлеседі (тамақ өнімдерінің сақталуы, жол көлігінің толассыз жұмыс істеуі).Орындалуға тиісті талаптарды қамтитын стандарттардың ережелері нормалар деп аталады. Егер норманың сандық сипаттамасы болса, оны норматив деп атайды.

Сынауды бағалау - объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру (ИСО 8402). Егер тексеру кезінде талаптардың орындалмауы себепті сәйкессіздік анықталған болса, онда оны жою үшін мекеме түзету шараларын жүргізеді. Кез келген тексеру екі элементтен тұрады:

Объектінің нақтылы жағдайы жөнінде ақпараттар алу (өнім үшін оның сапалық және сандық сипаттамалары);

Алынған ақпаратты бұрыннан белгіленіп қойылған талаптармен салыстыру, яғни екінші түрде ақпарат алу.Өнім сапасын тексеру - өнімнің сапалық және сандық сипаттамаларын тексеру.Сапаны тексеру жұмыстарына өлшеу, талдау, сынау операциялары кіруі мүмкін.

Өлшеу дербес жұмыс түрі ретінде метрологияның объектісі болып табылады. Өнімді талдау - материалдар мен шикізаттардың құрамы мен құрылымын талдау сараптамалық әдістермен (химиялық талдау, микробиологиялық талдау, т.б.) жүргізіледі. Сынау - сынау объектісінің сапалық және сандық сипаттамаларын эксперименттік әдіспен анықтауын білдіреді. Сынау кезінде негізгі қажетті заттар - сынау құрал-жабдықтары, ал көмекші заттар - қажетті реактивтер, материалдар, т.б. Сынау кезінде өнім мен қызметтің сипаттамаларын анықтаудың әр түрлі әдістері қолданылады: өлшеу, сараптамалық, тіркеу (тоқтап қалу санын, зақымдалған өнімдердің санын және т.б.) органолептикалық (сипаттамаларды адамның сезім мүшелерінің көмегімен анықтау). Өткізу орнына байланысты сынаулар зертханалық, полигондық, табиғи болып бөлінеді. Тауарларды сынаудың негізгі түрі - зертханалық сынау. Сынау жүргізудің сапа көрсеткіші - дәлдік және нәтижелердің қайталануы. Бұл талаптарды орындау метрология ережелерін сақтауға тікелей байланысты. Қажетті сынаудың сапасын дәлелдеу үшін зертханалар тіркеуден өтуі керек. Зертханаларды тіркеу - сынау зертханаларын орган ретінде белгілі салада жұмыстарды жүзеге асыруға мекеменің құқықтылығын өкілетті мемлекеттік органның ресми мойындауы (ҚР СТ.7.0. 99). Қазақстан Республикасында сынау зертханаларын тіркеуден өткізу жүйесі құрылды. Елімізде сертификаттауды жүргізу ережелері бойынша нақтылы өнімді сынау жұмыстарын жүргізу құқығы тек қана тіркеуден өткен сынау зертханаларына беріледі.

Сынауға философиялық тұрғыдан көзқарас. Квалиметрия 1960 жылдан бастап қолданысқа ене бастады. Профессор А.В. Бличевтің бастауы мен 1968 жылдан бастап «Сапа бағалаудың ұқсастық әдістерінің жалпы теориялық негіздерін» енгізді. Өнімнің сапасы туралы қазіргі заманның түсінігі тұтынушының талаптарын жəне ниеттерінің толық орындалу мақсатына негізделген жəне де бұл əрбір өнімнің жоба негізінде болу тиіс. Өнімнің тұтынушылары жеке адамдар да, адамдар ұжымы да бола алады: мекемелер, ұйымдар немесе жалпы қоғам. Замандас сапа кешенді  ұғым, оған əртүрлі анықтамалар беріледі.

Ағылшын ғалымы Аврама Маслоудің тұжырымы бойынша ең көп таралған теорияларға иерархиалы теория келеді. Тұтынушы қажеттілік деңгейлерің 5топқа бөлінеді деген тұжырым мен жиырмасыншы ғасырдың 50- шы жылдарында Маслоу мен тұжырымдалған. Төменгі деңгейге негізгі немесе физиологиялық тұтынушылар жатады, яғни, киімге, өнімге жəне де оларға биологиялық адам тұрғысында қажетті деп анықталынады. Жоғарғы деңгейінде – адам өміріне қауіпті жағдайларды яғни, кеңінен айтатын болсақ олар: мүгедектік, жоқшылық, денсаулығының жоқшылығы болып келеді, яғни, олар алдындағы физиологиялық тұтынушылықты қанағаттандырмайды. Ең жақсы деңгей - ол әлеуметтік тұтынушылық, яғни, басқа адамдар мен қарым қатынаста болу дегенді білдіреді.

Информация о работе Шәй обьектілеріне қойылатын жалпы талаптар