Үстіміздегі жылдың 30 қазаны Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 18:16, реферат

Описание работы

Үстіміздегі жылдың 30 қазаны Қазақстан журналистикасының тарихында айтулы даталардың бірі болып қалары анық. Кішкене кейінге шегінер болсақ, еліміз журналистер қауымы үшін этика кодексін қабылдау туралы ұсыныс Елбасы Н.Ә.Назарбаев тарапынан айтылып, одан кейінірек бұл идеясын өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: “Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты» бағдарламалық мақаласында нақтылай түсуімен қатар, аталмыш құжат жобасын әзірлеуді Мәдениет және ақпарат министрлігіне міндеттеген еді. Кодекс жобасы дайындалып, көптеген талқылаулардан да өтті.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 15.68 Кб (Скачать файл)

Үстіміздегі жылдың 30 қазаны Қазақстан журналистикасының тарихында айтулы даталардың бірі болып қалары анық. Кішкене кейінге шегінер болсақ, еліміз журналистер қауымы үшін этика кодексін қабылдау туралы ұсыныс Елбасы Н.Ә.Назарбаев тарапынан айтылып, одан кейінірек бұл идеясын өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: “Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты» бағдарламалық мақаласында нақтылай түсуімен қатар, аталмыш құжат жобасын әзірлеуді Мәдениет және ақпарат министрлігіне міндеттеген еді. Кодекс жобасы дайындалып, көптеген талқылаулардан да өтті. 
  

 

30 қазан күні Астанада бас қосқан бір топ БАҚ өкілдері – Қазақстан журналисінің этикалық кодексінің жобасын және бір рет жан-жақты талқылаудан өткізіп, қабылдады. Жалпы мұндай құжат бүгінде әлемнің көптеген дамыған мемлекеттерінде қабылданған. Құжат журналист қауымының кәсіби шеберлігін шыңдауға, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге ықпалын тигізетіндігі айдан анық.  
Қазақстан Журналистер одағы мен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі дайындаған жобаның алғашқы нұсқасына журналистер тарапынан жасалған сын-ескертпелер, ұсыныстар айтылып, өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгендігі белгілі. Сонымен қатар, авторлардың айтуынша, аталмыш этикалық кодексті дайындау барысында ЕҚЫҰ тарапынан да әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетілгені көрінеді. 
Айта кетерлік жәйт, қабылданған журналистің этикалық кодексі заңды күші бар құжат емес. Бұл аты айтып тұрғандай, тек қана этикалық тұрғыдағы құжат. Алдағы уақытта журналистер қауымы осы құжатқа негізделіп іс-әрекет жасаулары тиіс. Ендігі жерде “Журналистер этикасы кодексін қабылдауда қандай мақсат көзделді?”, деген сұрақтың туындауды заңдылық. 
Елбасының жоғарыда айтылған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамасында отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңашаландыру жоспарын әзірлеу туралы тапсырма бергендігі жайы айтылды. Ондағы мақсат қоғамда бұрмаланған және жалған ақпараттардан сақтандыру мәселесі еді. Шындығында да бұндай ақпараттардың қоғам арасында әлеуметтік, ұлтаралық, дінаралық т.б. мәселелерде алауыздық туындатып жүргенін күнделікті өмірден көріп жүргендігіміз жасырын емес. Бұл тұрғыда басқасын былай қойғанда, жалпы әлем халықтарын дүр сілкіндірген оқиғаларды еске алсақ та жеткілікті. Сөз бостандығын желеу етіп, күллі мұсылман қауымының намысын қорлайтын аты шулы фильмнің түсірілуі немесе Пайғамбарымыздың карикатурасының баспасөз бетінде жария етілуі сөзіміздің дәлелі. 
Қалай десек те ауыз толтырып айтарлықтай үлкен іс жүзеге асырылды. Елімізде «төртінші билік» өкілдері саналатын Қазақстан журналисінің этикалық кодексін қабылдау – үлкен тарихи маңызы бар елеулі оқиға. Бұндай құжаттың қажеттілігін өмірдің өзі көрсетіп отыр, бұл уақыт талабы.  
Халықаралық қоғамдастықтың назарын өзіне аударған бұл тарихи құжат еліміздегі журналистика саласының мәдениетіне игі әсерін тигізері, отандық журналистиканың деңгейін халықаралық деңгейге көтерері сөзсіз. 
Менің түсінігімде журналистика саласын үлкен кіші деп бөліп-жаруға болмайды. Олай дейтінім, қай деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері болмасын олардың заңды құқықтарымен қатар, қоғам алдындағы жауапкершіліктері бірдей. 
Сондықтан да әрбір қағаз бетіне түсірілген, эфирге шығарылған сөздің орынды-орынсыз, сәтті-сәтсіз қолданылуы мән-мағынасының оқырман мен көрерменге (тыңдарманға) тиер әсері жайын үнемі қаперінде ұстау, әрбір баспасөз өкілінің кәсіби де, азаматтық та парызы екендігін ұмытпағаны абзал. 
Бір сөзбен айтқанда, дайындалу үстіндегі материалдың моральдық-психологиялық әсерлігі, көздеген бағыт-бағдары, мақсаты автордың ар-ожданы, ұят-намысына тығыз байланысты. Елім, Отаным, туған жерім деп жүрегі елжіреген қаламгер қаламынан оң дүниелердің туындауы заңдылық. 
Қорыта келе айтарым, аудандық басылымның шығармашылық ұжымы, аталмыш құжаттың заңдылық күшінің жоқтығына қарамай, шығармашылық дүниелерін іс-әрекетін өз арымен салыстыра отырып салмақтайтынына сенім мол. 
  

 


Информация о работе Үстіміздегі жылдың 30 қазаны Қазақстан