Заңды білу- заман талабы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 23:55, реферат

Описание работы

1.Оқушыларға заңды әркім білуге міндетті екендігін, адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру;
2.Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар- ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;
3.Оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып,өз іс- әрекетіне жауап беретіндей ой- өрісін кеңейту

Файлы: 1 файл

заңды білу.docx

— 22.82 Кб (Скачать файл)

Сабақтың тақырыбы:Заңды білу- заман талабы

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға заңды әркім білуге міндетті екендігін, адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; 

2.Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар- ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;

3.Оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып,өз іс- әрекетіне жауап беретіндей ой- өрісін кеңейту

Сабақтың түрі: сыныпаралық топтық сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасып,түгендеу,топтарды ойын тәртібімен таныстыру.

  Кіріспе

  Сабақтың жоспары:

1.Тікелей сұрақ

2.Тапқырлық кезеңі

3.Өз құқығыңды білесің бе?

4.Тіл- өнер

5.Шытырманды шешу(ситуациялар)

6.Даналық сөздер

7.Қорытынды 

  Сайыстың әділ төрелігін  беретін әділқазылар алқасын  сайлап алайық.

  Кіріспе: Құрметті оқушылар,ұстаздар!Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет,оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары»деген қастерлі сөздерді кіргізеді. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс.Заңды аттамай, тура жолмен жүріп,еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.Сондықтан заңды білу- заман талабы.

  Тікелей сұрақ

 «1» тобының сұрақтары:

1.Конституция сөзінің аудармасы қалай?(латынның «құрылым, «өкілім»)

2.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы(халық)

3.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?(Президент қол қойғаннан кейін)

4.Егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша рет қабылданды?(2рет; 1993 28.01; 1995 30. 08)

5.Республикадағы жоғарғы заң шығаушы орган(Парламент)

6.Қазақстан Республикасының азаматтары еңбек етуге міндетті ме?(міндетті емес)

7. «Қасым ханның қасқа жолы»қанша бөлімнен тұрады?(5 бөлімнен)

8.Қазақстан Республикасы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады?(демократиялық,зайырлы,құқықтық,әлеуметтік)

9.Біреудің меншігіндегі мүлкін жасырын жолмен алу не деп аталады?(Ұрлық)

10.Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды?(1991ж 16 желтоқсан)

 «2» тобының сұрақтары:

1.Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей нормалар жүйесі(құқық)

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?(9бөлім, 98бап)

3.Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол беріле ме?(жоқ)

4.Азаматтық туралы шешімді кім қабылдайды?(ҚР Президенті)

5.Заң жүзінде танылған,қоғамға қауіпті іс- әрекет(қылмыс)

6. «Жеті жарғыда»бір құнның мөлшері қанша?(1000қой)

7.Конституциялық кеңес неше мүшеден(адамнан) тұрады?(жеті)

8.ҚР-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқығы бар?(ешкімнің құқығы жоқ)

9.Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары қай орган арқылы қорғалады?(сот)

10.Мына мақалды аяқта «Ұры байымайды,...» (сұқ семірмейді)

 «3» тобының сұрақтары:

1.Бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі(Конституция)

2.Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесің?(Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады)

3.Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым(БҰҰ)

4.Заң шығарушы орган қалай аталады және неше палатадан тұрады?(Парламент;сенат және мәжіліс)

5.Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет ету дегеніміз не?(Заң бұзушылық)

6.ҚР Мемлекеттік рәміздерін ата(Ту,елтаңба,әнұран)

7. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?(Тәуке хан)

8.Халыққа заң көмегін көрсететін тұлға(Адвокат)

9.Біреудің меншігін ашықтан-ашық алып кету не деп аталады?(Тонау)

10.Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар?(Президент пен парламент)

  Тапқырлық кезеңі

Еліміздің кез келген заңынан қате мәтін беріледі,сол қатені тауып, қай заңнан алынғанын және қай  бап екенін айту керек.

-ҚР парламеттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет(ҚР президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.ҚР Конституциясы 2- бап)

-Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең емес(Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. ҚР Конституциясы 14- бап)

-Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік берілмейді. Орта білім алу міндетті емес(Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. ҚР Конституциясы 30- бап)

-Әркім республиканың Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті емес(Әрбір республиканың Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. ҚР Конституциясы 34- бап) 

-Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылады(Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды.ҚР Конституциясы 17- бап )

-ҚР-сын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті парызы,бірақ міндеті емес(ҚР-сын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. ҚР Конституциясы 36-бап)

-Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болмайды(Неке мен отбасы,ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. ҚР Конституциясы 27-бап)

  Өз құқығыңды білесің  бе? 

Қазақстан Республикасындағы баланың  құқықтары туралы заңнан сұрақтар қойылады.

1.ҚР-ғы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?(2002 ж 8-тамыз)

2.ҚР-ғы баланың құқықтары туралы заң неше тарау және қанша баптан тұрады?(10тарау, 53 бап)

3.Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі?(18жасқа)

4.Әрбір баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.Нешінші бап?(8- бап;1-тармақ)

5.Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады?(туғаннан)

6.Бала құқығы жөніндегі халықаралық шарт.(Конвенция)

7.Қай жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балалар құқығы»туралы конвенцияны қабылдады?(1989ж, 20қараша)

8.БҰҰ-ң Бала құқықтары туралы Конвенциясы неше баптан тұрады?()

9.Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?                  (16   жастан;өте ауыр қылмыс жасаса 14 жастан)

10.Неше жасқа толмаған баланы Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге шақыртпайды?(18жасқа)

  Тіл-өнер  

 Бұл бөлімде сіздерге мақал айтылады,ішінен бір сөз,яғни құқықтық термин жасырылады.Сол сөзді тауып,орыс тіліне аударып айту керек.

1.Бір қазаға екі _______  жоқ.(жаза-наказание)

2.Куәсіз істі күмән табар,куәлі істі______ табар.(куә-свидетель)

3.Мен_______ қылған күні ай жарық болды.(ұрлық-кража)

4.Би екеу болса, _______төртеу.(дау-спор)

5.Әр елдің ________басқа,иттері қара қасқа.(заң-закон)

6.Елшіге________жоқ(өлім-смерть)

7.Тақыр жерге су төксең,жүруге тайғақ болар,                                                                        Жаманға сырыңды айтсаң,тар жерде_______болар(айғақ-доказательства)

8.Анық достың қадірін______болғанда білерсің(жала-клевета)

9.________істің арты игі(әділ-справедливый)

10.Қыдырып ішкен көженің кернеуі жоқ,                                                             Қыдырып айтқан_______керегі жоқ.(билік-власть)

11.У ішкен бір өледі,_____ ішкен мың өледі.(ант-клятва)

  Шытырманды шешу(ситуациялар)    

Бұл бөлімде әр түрлі оқиғалар айтылады.Осы  болған оқиғаның ішіндегі қылмыс түрін  табу керек және ол кімге(неге) бағытталған?

1.С.деген адам басқа жердегі туысқанының үйінде сеніміне кіріп,біраз уақыт өткен соң үйінен ақша алып кетіп,өз пәтерін жөндеуге жұмсады.(Алаяқтық,жеке адамға қарсы бағытталған)

2.Әскери азамат,өзіне әлімжеттік жасалған соң,қолына қару алып,басқа жаққа кетіп қалған.(Әскери,өз міндетін орындаудан бас тарту)

3.Автобусқа ауыр сөмкесімен қарт адам отырды.Жанында отырған жас жігіт сөмкеден әмиянды алып, келесі аялдамадан түсіп қалды.(Ұрлық,жеке адамға қарсы бағытталған)

4.Бір топ оқушы қарсы кездескен оқушыны таяққа жықты.Ол қатты жарақаттанып,ауруханаға түсті.(Бұзақылық,жеке адамға қарсы)

5.Түнгі сағат 12-де көп қабатты үйдің бір бөлмесінде жиын болып жатыр.Дабырлап сөйлеу,өлең айту,қатты музыка дауысы құлақты жарады.Көршілер бірнеше рет ескерту жасады.Қалай баға бересіңдер?(Қоғамдық тәртіпке,қоғамның қауіпсіздігіне қарсы іс-әрекет)

 Даналық сөздер     

Қазақ-елдің елдігін,кемеңгер кеңдігін сөз арқылы жеткізіп,бірауыз сөзге тоқтаған халық.Ойға қонымды сұлу да көркем,нақышты да нұсқалы сөздердің иелері-шешен-билер мен ақын-жазушылар болған.Қазақтың шешен-билері мен ақын-жазушылары туындатқан ұлағатты сөздері қаншама десеңізші.Сіздер берілген ұяшықтың біреуін таңдайсыңдар,сол ұяшықта берілген даналық сөздердің кімдікі екенін табуларыңыз керек.

5.Ақылды жігіт адал жүр,

    Ұрлықты қылып мақтанба!  Майлықожа

5.Кімде кімнің әділеті жоқ болса,оның ұяты жоқ. Абай

10.Әр іске баға берерде сол кезеңнің қатал шындығы мен кедергісін ескермеген адам-әділетсіз.  М. Шаханов

10.Дүниеде ең қорлық та,зорлық та аяққа басылып келе жатқан нағыз қымбаттымыз-ар,ұят,әділет,шындық. Ғ.Мүсірепов

20.Жақсылардың белгісі сол емес пе,

      Қара қылды қақ  жарған әділ болса.  Әйтеке  би

20.Әділет пен шындықты,әуелі өзімізден,сосын бірбірімізден талап ете білейік.Дүниені түзеткіміз келсе,әуелі өзіміз дұрысқа жығылуға үйренейік. Ә.Кекілбайұлы

  Қорытынды  

 

 


Информация о работе Заңды білу- заман талабы