Сталиндік жеке билік кезеңі (1945—1953 жж.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 15:37, реферат

Описание работы

Партиялық басшылықты қайта қүру және қуғын-сүргін саясатының жалғасы. Соғыс аяқталғаннан кейін И. В. Сталиннің билігі жалғасты. Кеңес халқының жеңісі жөне ерлігі, отансүйгіштігі жоғары бағаланды. И. В. Сталин бүрынғысынша партия жөне мемлекет басшыларына деген сенімсіздігін жалғастырып, партия басшылығын қайта қүруға кірісті. 1945 жылы 5 қыркүйекте Мемлекеттік қорғаныс комитеті (ГКО) таратылды. Ел бейбіт өмірге көшіп, өскери басшылық бүрынғыша партия иерархиясының қолына берілді.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 29.46 Кб (Скачать файл)

Сталиндік жеке билік кезеңі (1945—1953 жж.)

 

   Партиялық басшылықты  қайта қүру және қуғын-сүргін  саясатының жалғасы. Соғыс аяқталғаннан  кейін И. В. Сталиннің билігі жалғасты. Кеңес халқының жеңісі жөне ерлігі, отансүйгіштігі жоғары бағаланды. И. В. Сталин бүрынғысынша партия жөне мемлекет басшыларына деген сенімсіздігін жалғастырып, партия басшылығын қайта қүруға кірісті. 1945 жылы 5 қыркүйекте Мемлекеттік қорғаныс комитеті (ГКО) таратылды. Ел бейбіт өмірге көшіп, өскери басшылық бүрынғыша партия иерархиясының қолына берілді.

29 желтоқсанда ВКП(б) саяси бюросының отырысында Л. Берия өз өтінішімен Ішкі істер халық комиссариаты қызметінен босатылып, оның орнына С. Н. Круглов тағайындалды.

1946 жылы наурыз айында соғыстан кейін түңғыш рет ВКП(б) Орталық комитетінің пленумы болды. И. В. Сталин сөз сөйлеп, жаңа жағдайға байланысты партия жөне мемлекет басшыларын ауыстыру керектігін айтты. Сталин 1919 жылдан бері КСРО Жоғарғы кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келген М. И. Калининді денсаулығына байланысты ауыстыру керек деп шешті. М. И. Калининді Сталин “біздің Президент” немесе “Бүкіл Одақтың старостасы” дейтін. Калинин көп кешікпей 1946 жылы маусымда қайтыс болды.

Наурыз пленумында Сталин халық комиссарларын ауыстыру керектігін айтып, Министрлер кеңесін қүруға шешім қабылдады. Министрлер кеңесінің төрағасы болып И. В. Сталин тағайындал- ды. Сталиннің орынбасарлары — В. М. Молотов, Л. П. Берия, А. А. Андреев, А. И. Микоян, А. Н. Косыгин, Н. А. Вознесенскии, К. Е. Ворошилов жөне Л. М. Каганович болды. Л. П. Берия Үкімет басшысының орынбасары ретінде атом бомбасын жасау жобасына жетекшілік етіп, Ішкі істер министрі жөне Мемлекеттік қауіпсіздік мекемелерінің жүмысына бақылау жасады. И. В. Сталин мен Л. П. Берия бүкіл елдің билігін өз қолдарына алды. Авторитарлық билік осылай жалғасты

ВКП(б) Орталық комитетіне жаңа адамдарды жүмысқа ала бастады. 1938—1945 жылдарда Ленинград облыстық комитетінің екінші хатшысы, 1945—1946 жылдарда Ленинград облыстық комитетінің бірінші хатшысы болған А. А. Кузнецов Орталық комитеттің кадр бөлімін басқаруға тағайындалды.

Орталық комитеттің үгіт-насихат бөліміне А. А. Ждановты қой- ды. Партия жөне кеңес үйымдарының үгіт-насихат жүмыстары: баспасөз, кино, радио, ТАСС, мөдениет саласына басшылық жасау жүктелді. 1948 жылға дейін Германиядан көшірілген өндіріс қүрал- жабдықтарын орналастырумен айналысқан Г. Маленков Орталық комитеттің хатшысы, өрі үйымдастыру бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Партиялық иерархия баспалдағын Н. С. Хрущев Орталық комитеттің хатшысы, өрі Мөскеу қалалық партия үйымының бірінші хатшысы қызметінен бастады. 1952 жылы қазан айында ВКП(б)- ның ХІХ съезі өтті. Съезде Орталық комитеттің қызметі туралы баяндаманы Н. С. Хрущев пен Г. Маленков жасады. И. В. Сталин 7 минут сөз сөйледі. Съезде партияның аты өзгертілді. Бүкілодақтық коммунистік партия Кеңес Одағының коммунистік партиясы (СОКП) болып өзгертілді. Саяси бюро Орталық комитеттің президиумы деп аталды. СОКП-ның Орталық комитетіне 236 адам, 36 адам мүшелігіне сайланды. И. В. Сталин соғыстан кейін партия жөне мемлекет басшыларын жаңадан тағайындап, өзінің жеке билігін (тоталитарлық) күшейтті. Билік үшін күресте И. В. Сталин өз төңірегіндегілерден қорқып, соғыстан кейін өртүрлі сылтаулар- мен “халық жауы”, “үлтшыл” жөне “зиянкестердің” соңына түсті.

40—50 жылдары Үлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, Кеңес өскерлеріне қолбасшылық жасаған Г. К. Жуков, А. А. Новиков, И. С. Юмашев, К. А. Вершинин, Н. Н. Воронов жөне И. В. Шикинге айып тағылып, түрмеге жабылды, ешқандай кінөсі жоқ адамдар атылды. Г. К. Жуков Кеңес Одағының төрт мөрте батыры, маршал, адмирал жөне генерал-полковник болатын.

1948 жылы тамызда А. Жданов қайтыс болғаннан кейін, Г. Маленков Сталиннің өзінің айналасындағы адамдарға сенімсіздігін пайдаланып, “Ленинградтықтар ісі” дегенді ойлап тапты. Ол Ленин- градта бір топ адам СОКП басшыларына қарсы топ қүрып, өрекет жасауда деп, байбалам салды. 1949 жылы 15 ақпанда ВКП(б)-ның саяси бюросында А. А. Кузнецов, РСФСР Министрлер кеңесінің төрағасы М. И. Родионов, Ленинград облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы П. С. Попков қызметтерінен алынды. 1949—1951 жылдарда “Ленинград ісі” бойынша 2000 адам қуғын-сүргінге үшы- рады. Сондай-ақ көрнекті ғалымдар, жоғары оқу орындарының бас- шылары, жазушылар мен ақындар қудалауға тап болып, олардың жазған еңбектеріне тыйым салынды.

1950 жылы 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ленинград қаласында сот процесі өтті. 1 қазанда сот үкімімен А. А. Кузнецов, М. И. Родионов, Н. Вознесенский, П. С. Попков, Я. В. Капустин жөне П. Г Лазутин атылды. 1951—1952 жылдарда “Ленинград ісі” бойынша

29 адам атылды. 1951—1952 жылы Грузияда Мингрел үлттық үйымы өшкереленді. Қауіпсізідк министрі В. С. Абакумовқа айып тағылып, жүмыстан босатылды, партиядан шығарылы, ісі сотқа берілді. 1949—1951 жылдарда басталған процесс КСРО-ның басқа республикаларында кең етек алып, қуғын-сүргін қайтадан басталды. Г Маленков пен Л. Берия бүл науқанды бастауға жөне одан өрі жалғастыруға, өздерінің жауларынан қүтылу үшін Сталиннің келісімін алды. Олар қүғын-сүргін саясатының дем берушісі болды.

1952 жылы Мөскеу қаласында бір топ дөрігерлерге айып тағылды. Олар шет елдермен байланыста болып, мемлекет басшыларына жөне өскери басшыларға дүрыс дөрігерлік көмек көрсетпеді деген сылтаумен өлтірілді. 1953 жылы 13 қаңтарда дөрігерлер В. Виноградов, М. Вовси, Б. Коган, А. Гринштейн жөне А. Фельдман үсталып, түрмеге жабылды. Оларға еврейлердің халықаралық “Джойнт” үйымымен тығыз байланыста болды деген айып тағылды. Кейіннен бүл дөрігер- лер А. Жданов пен А. Щербаковты дүрыс емдемей, қайтыс болуына себепші болды. “Дөрігерлер ісі” бойынша 37 адам сотқа тартылды. Бүл еврейлерге қарсы жүргізілген антисемитизмдік іс еді.

Соғыстан кейінгі КСРО-ның экономикалык дамуы. Бейбіт өмірге өту кезеңі Кеңес елі үшін өте ауыр болды. КСРО халқының саны 196,8 миллионнан 162,4 миллионға азайып, азаматтар саны 18 %-ға кеміді. 1946 жылы соғыс мүгедектерінің саны 2 575 694 болды. Соғыста 1700 қала, 70 мың ауыл, 6 миллион түрғын үй қирады. 25 миллион адам баспанасыз қалды. Германияға 7 миллион жылқы, 17 миллион бас ірі қара мал айдалды. КСРО-ның материалдық шығыны 2 триллион 169 миллиард рубль, яғни үлттық байлықтың үштен бірін қүрады. Соғыста 27 миллион адам өлді. Халық шаруашылығын қалпына келтіру оңайға түспеді, АҚШ жөне басқа капиталиста елдер “қырғи-қабақ” соғыс саясатын жүргізіп, КСРО-ға қаржылық көмек көрсетпеді. Экономиканы қалпына келтіру кеңес халқының ерлігі, болашаққа деген сенімі арқылы ешқандай сыртқы көмексіз жүзеге асырылды.

1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы кеңесінің сессиясында ха- лық шаруашылығын қалпына келтірудің төртінші бесжылдық жос- парын (1946—1950 жж.) бекітті. Бесжылдық жоспар туралы КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы Н. Вознесенский баяндама жасады. Төртінші бесжылдық жоспардың негізгі міндеттері: ауыр өнеркөсіпті қалпына келтіру жөне дамыту, темір жолды қалпына келтіруді жедел аяқтау, өндіріс салаларын модернизация- лау, қарулы күштерді нығайту жөне жаңа қару-жарақтарды жасап шығару. Ауыр өнеркөсіп өнімдерін шығаруды 48 %-ға, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді 27 %-ға өсіру көзделді.

Ауыр өнеркөсіп салалары қайтадан жабдықталып, бейбіт өмірге көше бастады. Челябі ауыр машина жасау зауыты соғыс кезінде танк жөне артиллерия қару-жарақтарын шығарса, қайтадан жаб- дықталып, өнеркөсіпке қажетті станоктар мен эксковаторлар, мүнай өнеркөсібіне қажетті қүралдар шығарды. Үшақ жасау өндірісі халық шаруашылығына қажетті үшақтар жасай бастады. Машина жасау өнеркөсібі қайтадан модернизациялаудан өтті. Жаңа өнеркөсіптерде жүмыс жасайтын мамандар дайындалды. Социалистік экономика қайтадан қүрылып, 1946 жылдан бастап өнімдерін шығара бас- тады. Төртінші бесжылдықта көмір өндірудің бестен бірін, болат қорытудың 40 %-ын жөне шойынның 39 %-ын жаңа өнеркөсіп орындары берді.

Өнеркөсіптің жаңа салалары — электротехника, машина жасау, химия жөне тамақ өндірісі дамыды. Бесжылдықта 3200 өнеркөсіп орындары жаңадан салынып, жүмыс істеді.

Орта Азия жөне Қазақстанда жаңа өнеркөсіп салалары дамыды. Өзбекстанда Сырдария өзенінде Фархад су электр станциясы іске қосылды. Қазақстанда Мойынты-Шу теміржол қүрылысы салынып, Петропавл, Оңтүстік Қазақстан аудандары қосылды. Сібір-Орта Азия арасы темір жол арқылы байланыстырылды. Әзірбайжанда, Каспий теңізінде мүнай өндіру қалпына келтіріліп, бірінші орынға шықты. Донбасс, Қарағанды, Кузбасс көмір шахталары жаңадан жабдықталып, көмір өндіру артты. Қиыр Шығыста үзындығы 442 шақырым Комсомольск на Амуре қаласы мен кеңестік Гавань арасында темір жол қүрылысы аяқталды. 1946—1950 жылдарда төртінші бесжылдықтың негізгі міндеті — халық шаруашылығын қалпына келтіру кеңес халқының еңбектегі ерлігі арқасында мерзімінен бүрын орындалды. Төртінші бесжылдықта 6200 ірі өнеркөсіп орындары қалпына келтіріліп, жаңадан салынды.

Төртінші бесжылдықтың алғашқы кезеңінде қиындықтар туды. 1946—1947 жылдарда Украина, Молдовия, Төменгі Еділ, Орталықтың қара топырақты аудандарында егін шықпай қалды. 1940 жылы соғыс басталар алдында 95,5 миллион тонна астық жиналса, 1946 жылы 47,3 миллион тонна астық өндірілді. Азық- түліктің жетіспеуі, карточка жүйесінің жойылмауы аштыққа өкелді. Ашаршылық пен ауру Ресей, Украина жөне Орта, Төменгі Еділ жерлерінде 3 миллион адамды қамтып, 1 миллион адам өлді. 1947— 1948 жылдарда астықтың жетіспеуіне қарамастан, соғыстан кейінгі социализмге өткен елдерге астық беруге мөжбүр болды. 1,7 миллион тонна астық шетелге шығарылды.

Қаржы жүйесін түрақтандыру үшін ақша реформасын жүргізуге кірісті. “Соғыстан кейін кеңес халықтарының жинақ ақшалары 66 миллиард рубль болды” дейді Қаржы министрі А. Зверьев. КСРО- ның мемлекеттік банкі ақшаны 10:1 қатынасында ауыстырды. Ақша реформасы 1947 жылы 16—29 желтоқсанда жүргізілді. Мемлекеттік жинақ кассалары жоқ ауылдарда жиналған ақшалар тартып алынды. Ауыл еңбекшілері көп зиян шекті.

Ақша реформасы соғыстан кейінгі қаржы-бюджет саясатының түрақтануына өкелді. Ақша реформасымен бірге карточкалық жүйе енгізілді. Азық-түлік жөне өндіріс тауарлары дүкендері ашылып, та- уарлар мемлекеттік бағамен сатыла бастады. Азық-түлік тауарлары- ның бағасы төмен болды. Бидай үнының 1 килограмы 7—9 рубль, түз 1,60—1,80 рубль, сиыр етінің 1 килограмы 28—31 рубль, қант 2,80—3,20 рубль, ерлер костюмі 450 рубль, аяқ киім 288 рубль, қол сағат 900 рубль болып белгіленді. Соғыстан кейін Үкімет жыл сай- ын тауарлардың, киімдердің бағаларын арзандатып отырды. Алғашқы рет 1949 жылы 1 наурызда 48 миллиард рубль арзандатылды.

1950—1952 жылдарда жыл сайын 1 наурызда, 1952 жылы 1 сөуірде 130 миллиард рубльге арзандатылды. Арзандатылу саясаты ауыл шаруашылығындағы шаруалар арқылы жүргізілді. Соғыстан кейін де көп жылдар бойына ауылдағы шаруалар ақшалай жалақы алмады, еңбек күні арқылы есептелді. Ақша реформасы мен карточкалық жүйенің жойылуы социализмнің ірі жеңісі деп жарияланды.

1952жылы ВКП(б)-ның ХІХ съезінде Мемлекеттік жоспар (госплан) төрағасы М. З. Сабуров баяндама жасап, 1951—1955 жылдардағы бесінші бесжылдық жоспарының жобасын бекітті. Халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспарында өнеркөсіп өнімдерін шығаруды 1,8 есе, халықтың түтыну тауарларын шыға- руды 11 %-ға өсіріп, өнеркөсіпті дамытуға 12 % қаржы бөлу белгі- ленді. Электр энергиясын өндіру екі есеге арттыру

КСРО-ның сырткы саясаты. Екінші дүниежүзілік соғыстың басты қорытындысы фашистік Германия мен милитаристік Жапо- нияның талқандалуы болды. Халықаралық қатынас та фашизмді талқандауда одақтас болған КСРО, АҚШ, Үлыбритания жөне Франция елдері арасындағы қарым-қатынастың өрі қарай жалғасуына байланысты болды. КСРО соғыстың негізгі ауыртпалығын көтеріп, Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерін фашизм- нен азат етті. АҚШ-тың соғыстан кейін атом бомбасына ие болуы сыртқы саясатын өзгертуге өкелді. Соғыс жылдарындағы достық қатынастар үзаққа бармады. Соғыстан байып шыққан АҚШ Үкіметі өлемді билеу үшін күрес жүргізуге бағыт алды. КСРО-ға қарсы күш көрсету, тежеу саясатын жүргізді.

АҚШ-тың КСРО-ға жөне социалистік елдерге қарсы саясаты “қырғи-қабақ” соғыс саясаты деп аталды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өлемде екі қоғамдық жүйенің қалыптасуы, екі идеология — АҚШ пен КСРО елдерінің бір-біріне қарсы саясат жүргізуіне себеп болды. Негізгі мақсаттары бір-бірін соғыс арқылы жою еді. ВКП(б)-ның ХІХ съездінде сөйлеген сөзінде Сталин “Екі жүйе арасында соғыс сөзсіз болуы мүмкін” деген болатын. Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі шындыққа айнала бастады.

КСРО сыртқы саясатта АҚШ-тың агрессиялық саясатына қарсы түру үшін соғыс өнеркөсібін модернизациялау, атом бомбасын жасау мақсатын қойды. Черчилль Фултон қаласында сөйлеген сөзінде КСРО-ның сыртқы саясаты агрессияға бағытталғандықтан, Батыс өркениетін “кеңестік қауіптен” қорғау керектігін айтқан болатын. Соңғы кездерде кейбір батыстанушылар “қырғи-қабақ” соғыс сая- сатын КСРО-ның саясатымен байланыстырады.

Соғыстан кейін КСРО-ның сыртқы саясатының негізгі принцип- тері бейбітшілікті сақтау, қару-жарақты қысқарту, социалистік интернационализм, пролетарлық интернационализм, бейбіт қатар өмір сүруді қалыптастыру болды. Бүл принциптерді іс жүзіне асыру өте күрделі еді. Оның негізгі себептері, АҚШ-тың аргессиясына қарсы түру көп күшті талап етсе, КСРО-ның дүние жүзіне өз ықпалын жүргізу ниеті социалистік елдерді қорғау міндетін жүктеді. Соғыстан кейін өлемге ықпал жүргізе алатын екі держава — АҚШ пен КСРО қүрылды. Халықаралық қатынаста екіполюстік саясат орнады.

Халықаралық қатынастағы негізгі қиындықтардың бірі герман мөселесі болды. КСРО өз жағынан бүл мөселені халықаралық Тегеран, Ялта жөне Потсдам конференцияларының шешімдеріне сөйкес шешу үшін күрес жүргізді. АҚШ жөне басқа капиталистік елдер арасындағы КСРО-ға қарсы саясат екі герман мемлекетінің қүрылуына өкелді. 1949 жылы АҚШ жөне Батыс Еуропа елдерімен бірге КСРО-ға қарсы НАТО соғыс үйымын қүрды. Саяси бақталас- тық тереңдей түсті.

“Қырғи-қабақ” соғыс саясаты жылдарында КСРО-ның негізгі мақсаты атом бомбасын шығару болды. КСРО 1949 жылы 28 та- мызда Қазақстандағы Семей полигонында атом бомбасын сынақ- тан өткізді. Бүл жөнінде ТАСС (Телеграф Агенство Советского Союза) арнаулы мөлімдеме жариялады. Дүние жүзінде екі атомдық держава қүрылды. АҚШ қарудың жаңа түрлерін шығарып, жаппай қарулана бастады. Бүл елдің соғыс бюджеті 13 миллардтан 50 миллард долларға өсті. 1950 жылы АҚШ-та 400 атом бомбасы болды. Американың соғыс күштеріне теңесу үшін КСРО Үкіметі қарсы шараларды жүргізді. Кеңес елі де қарулана бастады.

“Қырғи-қабақ” соғыс саясатының шарықтау шегі 1950—1953 жылдардағы Корей соғысы болды. Бүл соғысқа КСРО мен АҚШ ел- дері қатысты. 1953 жылы Корей соғысы аяқталып, Корей түбегінің 38-інші параллелінде екі мемлекет қүрылды.

КСРО-ның сыртқы саясатындағы негізгі принциптердің бірі соғыстан кейінгі Азия елдеріндегі үлт-азаттық соғыстарды қолдау болды. 1945 жылы Вьетнам халқының француз отарлаушыларына қарсы күресіне көмек көрсетті. 1949 жылы Қытайда халық азаттық соғыста Қытай коммунистік партиясының басшысы Мао Цзе Дун жеңіске жетіп, 1949 жылы 1 қазанда Қытай Халық Республикасы қүрылды. 1950 жылы 14 ақпанда ҚХР мен КСРО елдері арасында өзара көмек жөне достық келісімдерге қол қойылды. КСРО-ның Қиыр Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ықпалы өсіп, нығайды. Бүл елдер социализм қүру жолына түсті. 1948—1949 жылдарда КСРО-ның басшысы И. В. Сталин мен Югославия Үкіметінің басшысы И. Б. Тито арасында өртүрлі мөселелерде келіспеушілік туындап, 1949 жылы екі ел арасындағы байланыстар үзілді. 1949— 1953 жылдар арасында Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа ел- дерінде Сталиндік диктат орнады. Бүл елдерде Кеңес өскері қалдырылып, халықтық-демократиялық революция кезінде тап күресіне көмектесті.

Информация о работе Сталиндік жеке билік кезеңі (1945—1953 жж.)