Казакстанның саяси ойдың дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 15:41, реферат

Описание работы

Қазіргі өркениеттің экономикалық тұрғыдан талдануы, адамдардың экономикалық мүдделерінің бастапқылығы, фундаменталдылығы жалпыға мәлім. Экономикалық қатынастар қазіргі таңдағы негізгі әлеуметтік концепциялардың методологиялық принциптері болып отыр. Сондықтан да, саясаттану пәнін ғылым ретінде қарастырғанда келесі мәселелерге баса назар аударуымыз керек.

Содержание работы

Кіріспе
Саясат пен қоғамның бір – бірімен қарым — қатынасы

Негізгі бөлім: Саясаттану пәні ғылым ретінде
а) Саяси шынайылықтың объективті әрекеті

б) Саясаттану пәнінің ерекшелігі

Қорытынды

Саясаттанудың рөлі

Файлы: 1 файл

саясаттану.docx

— 39.73 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

 

Кіріспе

Саясат пен қоғамның бір – бірімен қарым — қатынасы

 

Негізгі бөлім: Саясаттану пәні ғылым ретінде

а) Саяси шынайылықтың объективті әрекеті

 

б) Саясаттану пәнінің ерекшелігі

 

Қорытынды

 

Саясаттанудың рөлі

 

 

  ҒЫЛЫМ  РЕТІНДЕГІ   ПӘНІ,

 

ӘДІСТЕРІ  МЕН  ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

Қазіргі өркениеттің экономикалық тұрғыдан талдануы, адамдардың экономикалық мүдделерінің бастапқылығы, фундаменталдылығы жалпыға мәлім. Экономикалық қатынастар қазіргі таңдағы негізгі әлеуметтік концепциялардың методологиялық принциптері болып отыр. Сондықтан да, саясаттану пәнін ғылым ретінде қарастырғанда келесі мәселелерге баса назар аударуымыз керек.

 

«Экономика» және «саясат» ұғымдары қоғамдық өмірдің бір – бірімен өзара тығыз қарым – қатынастағы екі маңызды саласын бейнелейді. Атап айтқанда, саясатта, саяси тай қоғамның, сондай – ақ оның жеке жіктері мен топтарының экономикалық мүдделерінің мейлінше жинақталған қалпы көрініс табады. Сондықтан да, экономика мен саясаттың адамзаттың тіршілік әрекетіндегі өзара қарым – қатынасы принципті түрде дүниетанымдық және методологиялық мәнге ие. Экономикадан қол үзген саясат пен саяси іс — әрекет өзінің шынайы мазмұнын жоғалтып, нақты базистік негізінен ажырайды.

 

Саяси мәдениеттің мәнін экономикамен, экономикалық қатынастар мен мүдделерге тікелей байланысты адамзаттың жалпыөркениеттік дамуының элементі ретінде қарастырмасақ тұрпайы болар еді. Саясат – объективті байланыстар жүйесі мен даму логикасы, сондай – ақ негізі субъект пен субъектінің арасындағы қарым – қатынас болғандықтан маңызды субъективтік түсінігі бар қоғамдық қатынастардың дербес сферасы. Сол себептен де «саясат» термині жеткілікті түрде көп қырлы болып келеді.

 

Саяси шынайылықтың күрделі  әлемінде аталған терминді идеологиялық қағидаларды, маңызды билік шешімдерін, әлеуметтік институттарды, қоғамдық ұйымдардың формулаларын, әдістерін, әрекет ету құралдарын белгілеу үшін және саяси қатынас субъектілері өз мүдделерін іске асыру мақсатында билікке ықпал етуге, билікті қалыптастыруға қолданады.

 

Саясаттану пәні ғылым ретінде

 

Оқу пәні ретіндегі ғылыми білімдердің нақты жүйесін баяндау  ең алдымен оның пәнін қарастырудан басталады. Ғылым пәнінің бөлінуі, оның негізгі өлшемдерінің айқын белгіленуі қарастырылып отырған білімдерді біртұтас ғылыми – методологиялық негізгі ие тұтастыққа біріктіруге мүмкіндік береді. Ғылым пәні қарастырылып отырған ғылыми білімдер жүйесінің тәуелсіздігі мен дербес дамуының түпкілікті шарты болып табылады.

 

  Белгілі дәрежеде ғылым  пәнінің өзінде алдын ала анықталғандық пен тапсырыстық тұрғыдағы емес, дамудың рационалды – логикалық негізгі тұрғысындағы ғылыми білімнің нақты жүйесінің даму мүмкіндігі жасырынған қалыпта болады. Кез келген ғылыми пәнінің бірден дайын күйінде берілуі мүмкін емес, ол пайда болудың, қалыптасудың ұзақ жолынан өтуі керек, өйткені ол объектінің жай ғана бөлігі ғана емес, осы бөліктің идиалды конструкциясы да. Бұл процесс жаңа ғылымның өзінің жеке пәнімен бірге бөлінуінің, тармақталуының негізіндегі ғылыми білімдердің жалпы жүйесінің шеңберінде іске асады. Саяси білімдер де осындай жалпы жүйелердің бірі болып табылады.

 

Тарихи тұрғыда саяси білімдер қоғамдық ғылымдардың әрқили жүйелерінде қалыптасып ғылымдарда саяси қатынастардың даму тарихы ретінде қандай да бір елдегі мемлекеттік биліктің қалыртасуы мен қызмет етуінің тарихы мен саясаттың әрқилы субъектілерінің іс — әрекеттерінің тарихы қарастырылады; заң ғылымдарында мемлекеттік құқықты зерттейтін ғылыми іс — әрекет ретінде; философияда саяси қатынастар мен биліктің дүниетанымдық, моральдық – этикалық, әлеуметтік, психологиялық негіздерін көрсететін рефлексия ретінде қарастырылды.

 

Қазіргі кезде адамзат  проблемалық аспектірлердің көлемінің  кеңдігін ескере отырып саясатты, саяси  шешімдер мен іс — әрекеттерді  аса мол әлеуметтік маңыздылығына  және оған баламаның жоқтығына байланысты бірінші орынға шығады.

 

Біздің ойымызша, саясауттану  пәнінің анықтамасына осы кіріспе қажет, өйткені саясаттану ғылым ретінде өзінің жеке пәнін қалыптастыруды және методологиялық базаға, ғылыми аппаратқа және білім жүйесін қолдану ареалына ие дербес, теориалық тұрғыда жетілген ғылымға айналу процесін басынан кешіруде.

 

Саясаттану – саясат туралы, яғни мемлекеттік және қоғамдық істер туралы ғылым (гр. Politixa – мемлекеттік және қоғамдық істер). Бірақ бұл терминалогиялық анықтама саясаттану пәнініңмәнін толық аша алмайды. Бұл терминнің мазмұныіздену аясын көрсетеді.

 

Ғылым пәнінде объектінің басты, маңызды белгілері мен  қасиеттері ғана бейнелейтіндіктен  ғылым объектісі мен пәнінің арасындағы айырмашылық салыстырмалы сипатта болады, алайда ғылыми білімнің өзіндік сипатын түсіну үшін ғылым пәніне ғылыми ұғымдар мен түсініктерден көрініс табатын объектінің өзіндік бөлігі ретінде анықтама беру өте маңызды екендігін ескергеніміз жөн.

 

Саяси білімдердің басқа  да жүйелері секілді саясаттанудың  да зерттеу объектісі саяси шынайылық. Қазіргі қоғам – күрделі құрылым, көпбейнеліліктің бірлігі мен экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалардың өзара әрекеті ретінде қызмет ететін нақтылық. Бұл салаларды бөліп көрсету – қоғам өмірінің ғылыми – теориялық бейнесінің қажетті алғышарты.

 

Өркениеттің өне бойындағы  тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, қоғам өмірінің барлық садлаларының арақатынасы иерархиялық сипатта болады және ондағы басты рөлді экономика ойнайды. Бұл арада ескере кетер жайт, қоғамдық өмір – объективті, әлеуметтік – практикалық процесс. Қоғамдық өмірдің табиғаттан ерекшелігі, онда оның өзін жасаушы субъект әрекет етеді. Сондықтан да, социумда қоғамдық процестердің, олардың даму себептерінің тұрпайы экономикалық түсініктері қабылданбайды, өйткені адамнан, оның әрекетінен тыс ешқандай, өйткені адамнан. Оның әрекетінен тыс ешқандай тарих, ешқандай экономика болмайды. Анықтап айтсақ, субъект қалай болса, тарих солай болады.

 

Қоғамдық дамудың аталған  ерекшелігі тарихи процестің субъектілік  себеп байланысын қалыптастырады. Қоғамдық даму өндіріс тәсілдерінің қарапайым, бірізді алмасуы емес, бұл адамзат ұрпағына субъектілік сипат беретін, оны адам санатына қосатын тіршілік әрекеті. Тарих адам жасампаздығының, оның алдына қойған мақсаттарының тәжірибе жүзінде іске асуының нәтижесі. әлеуметтік даму мен тарихи өзгерістер – адамдар әрекетінің, әлеуметтік күштердің, қалың бұқараның өзара қарым – қатынасынан туындайды. Қоғам өмірінің осы тұсын «саяси шынайылық» ұғымымен белгілеуге болады.

 

Саяси шынайылық объективті, себебі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге  орай үлкен топтар объективті түрде  қатар өмір сүріп, өзара әрекет етеді. Бұлардың арасындағы осы қатынастарды саяси қатынастар деп атайды, өйткені топ мүдделерінің, қабылдаған шешімдерінің іске асырылуы үшін оларды өзара келістіру қажеттілігі пайда болады. Сонымен қатар саяси қатынастар адамдар арасындағы шынайы қатынастар болғандықтан субъектілер арасындағы шынайы қатынастар болып табылады, яғни субъект – субъектілік сипатта болады. Осы субъектілердің мүдделерін түйістіру және осының негізінде дамудың басты шарттары саналатын қоғам тұтастығын сақтау, әлеуметтік келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси шынайылықтың ең маңызды әлеуметтік проблемасы. Бұл үшін қоғамдық организмде басқару мен билік функцияларын атқаратын белгілі бір құрылымдық элементтер қалыптасады.

 

Тарихқа көз жүгіртсек қазіргі саяси жүйелердің өзегі болып отырған басқару мен биліктің мемлекеттік формасының кеш пайда болғандағын көреміз. Басқару мен биліктің негізін құрайтын саяси қатынастар рулық сипаттағы әлеуметтік қатынастардың бір түрі, ал таптық саяси қатынастар ретінде ауыспалы, өткінші болады. Бұл жағдай Аристотельдің «политика» атты еңбегінде жеткілікті түрде айқын көрсетілген: «Бір – бірімен үздіксіз байланыста болатын немесе бөлінген бірнеше бөліктерден құралған билік құру элементі мен бағыну элементі тұтастық құрайды. Бұл – табиғат заңы болғандықтан, оған жанды тіршілік иелерінің бәрі бағынады».

 

Өркениет тарихы беттерінен саяси шынайылықтың дамуын қарап  отырсақ, биліктің мазмұны мен формасының қалай өзгергенін, мемлекеттік биліктің сойыл ретінде қызмет еткен кездегі  ашық, тіке зорлық – зомбылық әдістері мен құралдарынан өзара келісім  жолымен мүдделер бірлігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдарға қалай өткенін байқауға болады. Сондықтан Аристотель билікті деспоттық (қожайынның құлына билігі) және  саяси (мемлекеттің азаматқа билігі) деп бөліп қарастырды. Міне, осыдан адамзаттың саяси мәдениетінің қалыптасу жолдарының қиындыққа толы болғандығын көруге болады.

 

Қазіргі заманда саяси  шынайылық – барлық бөліктері  бір – бірімен өзара әрекетте болып, тығыз байланысып жатқан құрылымданған күрделі бірлестік. Оның ең маңызды бөліктері мемлекет пен азаматық қоғам. Сол себепті жалпы түрде саяси ғылымды мемлекетті зерттейтін, яғни мемлекет ісін зерттейтін ғылым және азаматтық қоғамды (саяси қатынастар субъектілерінің өзара әрекет етуі мен қызмет етуінің мемлекеттік емес формалары мен тәсілдері), яғни қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың әрқилы түрлерін, сонымен қатар саяси қатынастар субъектісі адамды зерттейтін ғылым деп бөлуге болады.

 

Ұсынылып отырған бұл  классификацияда саяси ғылым  жеке пән ретінде айқын анықталған. Мемлекет ісімен қатар азаматтық қоғамды да зерттейтіндіктен саясаттану бұл жерде біріктіруші саяси ғылым ретінде көрініп отыр.

 

Саяси білімдер жүйесінде саясаттану ерекше орын алады және оның өзіне лайықты мәртебесі болуы керек.

 

Саясаттануда саяси шанайылықтың генетикалық негізі қоғамдағы орны, құрылымы, пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтары анықталады. Яғни, саясаттанудың пәні саяси шынайылық екен. Саясаттануда субъект – субъектілік саяси қатынастар проблемасы да айтарлықтай орын алады.

 

Бұл қатынастардың өзегі билік болып табылады. Саясаттанулық мәселелер мемлекеттік биліктің қоғам өміріндегі орнын, оның жүзеге асу функциясы мен тетігін, оның қалыптасуына әлеуметтік күштердің қатысуы мен тигізер ықпалын, сондай – ақ мемлекеттік билік формасының өзгеруін анықтаумен байланысты. Мұндағы ескеретін нәрсе, биліктік қатынастар субъектінің белсенділігі мен еркін білдіре отырып субъект – субъектілік қатынастар табиғатынан шығады. Мемлекеттік билік, оны ұйымдастырудың нақты формасы мен функциялары биліктік қатынастардың табиғатымен де, қоғамның әлеуметтік қажеттіліктерімен байланысты да анықталады.

 

Саясаттану пәнінің ерекшелігіне байланысты саяси білімдер жүйесінде саясаттану ерекше, біріктіруші функцияны орындайды деген қорытындыға келуге болады. Егер саясаттану саяси шынайылықты тұтастық ретінде қарастырып, оның пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтарын зерттесе, саяси білімдердің жеке элементтері бұл тұтастықтың жеке бөліктерін зерттейді. Саясаттанудың бұл элементтерге қатысты біріктіруші функциясы оларға жалпы теориялық және методологиялық негіз ретінде қызмет ете алады. Егер аналогия мүмкін болса, онда мұның орнына жалпы әлеуметтік теория мен нақты әлеуметтік пәндер арасындағы арақатынасты қолдануға болады.

 

Ұзақ уақыттар бойы кеңестік қоғамдық ғылымда ғана емес, барлық жерде саясаттану проблемалары мемлекет ісін зерттеумен байланысты қарастырылып келді. Мұндай қадам өркениеттің  даму деңгейімен, онда мемлекет ішінде де туындап отыратын экономикалық, әлеуметтік және саяси проблемаларды  шешуде жетекші рөл атқаратын қазіргі әлемде өтіп жатқан әлеуметтік – практикалық процестердің ерекшелігімен байланысты.

 

Қазіргі жағдайда саясаттанудың  дамуы қоғамның сапалы түрде жаңаруына  көмектесетін саяси мәдениеттің  қалыптасуы мен өркендеуі үшін қажет. Қоғамның сапалы түрде өзгеруі азаматтардың саяси белсенділігінің нәтижесінде мүмкін болады. Бұл белсенділік елде әрқилы саяси ағымдардың пайда болуына алып келеді. Бірақ азаматтардың белсенділігі бей – берекет схоластикалық сипатта емес, саяси және құқықтық мәдениет шегінен асып кетпеуі керек. КСРО халқы ұзақ уақыт бойы жеке басқа табыну мен тоталитарлық ррежим жағдайында өмір сүргендіктен, тариха процестің субъектісі ретінде қазіргі саяси мәдениеттің құндылықтарынан мүлдем тыс қалды деуге болады.

 

Қазіргі барлық саяси іс —  әрекеттерді сараптау мен бағалау  тұрғындардың жаңа саяси мәдениетті игеру мәселесінің өткірлігін көрсетіп отыр. Саяси мәдениетті игермей тұрып әлеуметтік прогрецсс жолымен жүру, оның негізгі құндылықтарын сақтау мүмкін емес.

 

Бұқара халық санасында, кейде ғылыми әдебиет пен публистикада «саясаттану» терминін саяси білімдердің  барлық жүйесі үшін жинақтап атауды пайдалану  әрекеттері кездесіп қалады. Саясаттануды бұлай түсіну оны өз орнынан айырып, оның қарастыратын төл мәселелерін саяси білімдердің ұшы – қиыры жоқ шексіз проблематикасымен араластырып жібереді.

 

Зерттеу барысында нақты  саяси білімдердің элементтері  саяси шынайылықты тұтастық ретінде  бейнелейтін жалпы заңдылықтарға, котегорияларға, түсініктерге, яғни саясаттанудың  заңдары мен котегорияларына  сүйенуі тиіс. Саяси білімдер элементтернінің  мазмұнында саясаттанулық мәселелердің болуы, оларды саясаттанудың  құрамына кіреді дегенді білдірмейді. Мәселен, жаратылыстану ғылымдарында дүниетанымдық мәселелер бар болғанымен, ол филасофияның — өзінің жеке пәні мен категориалық аппараты бар дүниетанымдық мәдениет. Осы тұрғыдан алғанда саясаттану ғылым ретінде өзінің жеке пәнімен және түсініктер жүйесімен мәдениетті құрайды.

 

Саяси шынайылықтың субъективтік детерминділігі саясаттанудың ғылым  ретіндегі пәнінде саяси шынайылықтың субъективтілігі проблемасы сипаттамаларының қамтылуы керектігін көрсетеді. Сол себептен саяси қатынастар субъектісі туралы мәселе саясаттанудың басты мәселесі болып табылады.

 

Бұқара халықтың, таптардың, әлеуметтік және этникалық топтардың, тұрақты және уақытша ассоциациялардың, индивидуумдардың субъект – субъектілік  қатынастардың әр түрлі деңгейдегі жүйелерінің субъектілері екендігі белгілі. Саяси ұйымдар, саяси іс — әрекет құралдары мен әдістері түрінде қоғамда жинақталған саяси мәдениетті оларды саяси іс — әрекет процесінде жүзеге асырады. Бұл реттегі субъектінің жүріс – тұрысы саяси мәдениетті игеру деңгейіне байланысты. Саясаттанудың ғылым ретіндегі маңызды міндеті саяси тұйықтық, оқшаулануды (мысалы, біздің қоғамның кеңес өкіметі тұсындағы саясимәдениетінің дамуында болған) терістеумен қатар, адамзаттың бүкіл саяси тәжірибесінің негізінде саяси мәдениет жүйесінің үздіксіз дамуына көмектесу.

Информация о работе Казакстанның саяси ойдың дамуы