Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 00:42, курсовая работа

Описание работы

Түркия, яғни Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара,Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен жәнеАрмениямен,батысында Болгариямен, Грекиямен,оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Содержание работы

1. Қазақстанның тәуелсіз ел атануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастар бастауы
1.1 Қазақстан Республикасының Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы негіздері.
1.2. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері.
1.3. Қазақстан Түркия бірлескен кәсіпорындардың құрылуы және оның қызметі.
2. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.
2.1 Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы дамудың жаңа көкжиегіне бет бұрды.
2.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесінің маңыздылығы.
2.3. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

туркия.docx

— 181.94 Кб (Скачать файл)

Сондай-ақ Түркия Премьері тарихи Жібек жолын жандандыру мақсатында «Баку-Тбилиси» теміржолы жобасын 2013 жылы іске қосу жоспарланып отырғанын, бұл желінің құрылуы Қазақстан, Қапқаз және Оңтүстік Азия елдерін жалғайтынын, Түркияда үлкен темір жол пайдалануға берілетінін, жақында Мармара теңіз асты темір жолы іске қосылатынын атап өтті. Бұл магистральдар Түркиядан Қытайға дейінгі жол қатынастарымызды үздіксіз жалғастырудың бір үлгісі болмақ. Каспий арқылы мұнай, бидай және өзге тауарларды тасымалдаудағы мүмкіндіктер ашылады.

Қазақстандық іскерлер көбінесе туризм саласына инвестиция салуда. Қазба байлықтарға ғана инвестиция салушы өзге мемлекеттерге қарағанда түрік инвесторлары экономиканың барлық салаларына, әсіресе, жеке кәсіпкерлік пен құрылыстың дамуына инвестиция салуымен ерекшеленеді. Түрік құрылыс компаниялары салған жобалардың жалпы құны 15-17 миллиард доллардан асады. Соңғы кезде ауыл шаруашылығы, мұнай-химия саласы, энергетика мен атом өндірісі, құрылыс материалдарын өндіру, фармацевтика мен тыңайтқыштар жасау, инфрақұрылымды дамыту, телекоммуникация, тас жолдар мен темір жол құрылысы, темір өңдеу мен түрлі түсті металлургия сияқты тиімді салаларға түрік инвесторлары мен кәсіпкерлерін тартуға көбірек көңіл бөлінуде. 49

Түркияның индустриялық базаны дамыту тәжірибесін Қазақстан лайықты бағалап отыр. Металлургия, тоқыма, тамақ, химия өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы, энергетика, логистика салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін әлеует жеткілікті. Бұл мүдделердің барлығын шетел инвесторларының қатысумен кеңейтуге болады. Сондықтан да, Қазақстан инвестицияларды қорғау жөнінде қажетті шараларды қабылдауда. Түркияның Түрік ынтымақтастығы мен даму министрлігі – TIKA ұйымының Қазақстанмен бірлесіп, бірқатар экономикалық, сауда, техникалық, білім беру, мәдени іс-шараларын атқарғаны жеке атап өту керек.

Қазақстан мен Түркияның халықаралық беделі және экономикалық мүмкіндіктері, Каспийдің энергетикалық қорларын Түркия арқылы Еуропаға жеткізудің мүмкіндігі, құрлықтың ішінде орналасқан Қазақстанның Түркия арқылы теңізге шығу мүмкіндігі, қос елдің «Жібек жолы» жобасының көліктік және тасымалдық ресурстарын пайдалану мүмкіндігі, Түркия мен Еуропаның тауарларын «Жібек жолы» арқылы Қытайға жеткізудің мүмкіндігі, Түркияның білікті жұмыс күшін пайдалану және Түркия мен Еуропаның нарығына шығу мүмкіндігі сияқты факторлар екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың болашақ әлеуетін көрсетеді. Келешекте Түркия мен Қазақстанның мәдени және экономикалық қатынастарының синергиялық әлеуеті мен мультипликативтік әсерін іске қосу арқылы тиімді де нақты нәтижелерді қамтамасыз етуге болады. Түркі мемлекеттері арасында жүріп-тұру, сауда жасау, инвестиция салу, виза алу, сатып алу, фирма құру, жұмыс істеу, азаматтық алу, білім алу, турист ретінде қыдыру, кәсіпкерлікпен немесе ғылыммен айналысу салаларында көпжақты деңгейде заңдық жеңілдіктер мен жағдайлардың қамтамасыз етілуі сияқты бірқатар келелі мәселелер бірте-бірте өз шешімін тауып отыр. Екі елдің арасында қызмет жасайтын іскер адамдар үшін құжат алу, пасспорт алу, тасымалдау процедуралары жеңілдетіліп, арзандауы шарт. 50

Мәдени ынтымақтастық. Қазақстанның Түркиямен тығыз ынтымақтасуының астарында саяси және экономикалық себептермен қатар, геомәдени және геостратегиялық мақсаттар да жатыр. Қазақстан мен Түркияның мәдени ықтымақтасуының басты негіздеріне екі елге де ортақ түркі дүниесінің мәдени, рухани мұрасын сақтап, оны жетілдірудің қажеттілігі, екі елдің өзара мәдени алмасып, бір-бірін ресурстық түрғыдан байытуының қажеттілігі, әртүрлі геомәдени күштер тоғысқан Еуразияда түркі әлемінің, екі елдің ортақ мәдени-адами мүдделерін бірлесе қорғау мүмкіндігі жатады.

Екі ел басшылары саяси және экономикалық қатынастармен қатар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа да баса назар аударады. Қазақстан мен Түркияның мәдени қарым-қатынастарды дамытудағы бастамалары мен жетістіктері өте көп. Екі бауырлас елдің туыстық әрі достық қатынастары мәдени-гуманитарлық саладағы тығыз ынтымақтастыққа негізделген. Қазақ- түрік мәдени байланыстары жоғары қарқындылығымен сипатталады. 2012 жылдың аяғында Ыстамбұл қаласында Қазақстанның мәдениет күндері өткізіліп, бұл іс-шараның аясында «Алтын адам» экспозициясы, қазақ киносының классикасы саналатын «Тақиялы періште», «Қыз Жібек» секілді фильмдер түрік тіліне дубляж жасалып, түрік көрермендердің назарына ұсынылды. Сондай-ақ Қазақстан өнер шеберлерінің гала-концерті ұйымдастырылды. Маңызды шаралардың қатарында Нұрсұлтан Назарбаевтың таңдамалы туындыларының түрік тілінде шығарылған тұңғыш бес томдығының, түрік тіліндегі «Балалық шағымның аспаны» фильмінің тұсаукесері жасалды. Бұл шаралар түрік жұртшылығына Қазақстан Президентінің қазіргі заманғы аймақтық және әлемдік үдерістердің мәнін түсіндірудегі үлесін көрсетіп, оны әлемдік деңгейдегі саясатшы, түркі әлемінің көшбасшысы ретінде терең тануға мүмкіндік берді.

Түркияда Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы кең ауқымда атап өтілді. Бұл бағытта бірнеше жүзден астам іс-шара ұйымдастырылды. Түркияның 20-дан астам провинциялары мен аудандарында тәуелсіз Қазақ еліне арналған сурет және картина көрмелері, түрлі семинарлар мен дөңгелек үстелдер, конференциялар мен отырыстар өтті. Түрлі кезеңдерде Қазақстанның белгілі өнер адамдары Ыстамбұл, Анкара, Адана, Ескішехир, Денизли сияқты  және т.б. бірнеше қалалары мен аудандарының жұртшылығын қазақ өнерімен таныстырды. Қазақстанда түрік мәдениеті мен тіліне деген үлкен қызығушылық бар. Түркияда да қазақ мәдениеті мен тіліне қызығушылар саны өте көп. Осы орайда, 2010 жылдың мамырында Астана қаласында Юнус Эмре атындағы мәдениет орталығының ашылғанын атап өткен жөн. Қазақ тарапы түрік халқына деген шынайы құрметі ретінде Астанада Есіл өзенінің жағасында Мұстафа Кемал Ататүрікке еңселі ескерткіш орнатты. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының ұсынысы бойынша Астана қаласы 2012 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Түркістанда Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, KATEV Қазақ-түрік білім қоры, Түркі дүниесі зерттеулер қоры, Орталық Азия мәдениет қоры сияқты ұйымдар екіжақты мәдени қатынастардың дамуына түрткі болуда. Енді, Түркия Қазақстанмен құқықтық жағынан ынтымақтасуға ниет танытуда.

Түркия үшін мәдениет саласы тіпті туризмді де қамтиды. Ердоғанның айтуынша, мәдениет болмаған жерде туризм дамымайды. Туризмнің экономика үшін үлкен маңызы бар, өйткені, ол – мәдени инвестиция саласы. Өйткені, Түркия туризмнің арқасында барлық жәдігерлері мен тарихи ескерткіштері, мәдени байлығы мен құндылықтарын әлем жұртшылығына танытып, Түркияны ірі туристік елге айналдыра алды. Түркия мен Қазақстан арасындағы бауырластық, мәдени және тарихи байланыстарды нығайту үшін екі туыс ел арасындағы барыс-келісті жиілету керек. Екі халықты бір-біріне жақындата түсетін шараларды көптеп атқару да маңызды. «Сонда екі арадағы туыстықты, мәдени және адами қатынастарды жақындата түсуге жол ашылады». Түркиядан Қазақстанға және кері бағытта жүріп-тұру үшін әуе қатынастары құнын арзандату жөнінде Түркия тарапы Қазақстанға ұсыныс жасап, осылайша, түрік әуе жолдары мен қазақ әуе жолдары бағытындағы билет құны төмендемек.

Қазақстанның да түркілік және мәдени мәселелердегі саяси, қаржылық, ұйымдастырушылық, гуманитарлық рөлі артып келеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Түркі әлемінің көшбасшысы» ретінде танылуы Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін берілген жоғары баға екені рас. Түркия мен Қазақстанның жалпы қатынастарының рухани негізін тілдің, тарихтың және дәстүрлердің ортақтығына негізделген мәдени ынтымақтастық құрап отыр. Осы орайда, Түріксой (Түркітілдес елдердің мәдени ынтымақтастығы ұйымы) ұйымының атқарып отырған істері өте маңызды.

Келешекте Түркі халықтарының рухани, мәдени және тілдік туыстығы тиімді де сенімді экономикалық ынтымақтастыққа алып келуі тиіс. Ең бастысы, екі елді жақындастыратын біртұтас мәдени және ақпараттық кеңістік қалыптастыру қажет болып тұр. Қазақстан және Түркия арасындағы тарихи тамырластық, ортақ мәдени және рухани құндылықтар екі ел қатынастарының негізі болып қала береді. Түрік және қазақ халықтары арасындағы ортақ тіл, дін, тарих, және мәдени құндылықтардан қуат алатын стратегиялық әріптестік дәрежесіндегі қатынастарды барлық салада нығайта түсу қажет. Тіліміздің, дініміздің, тарихымыздың және мәдениетіміздің ортақтығынан туындайтын мәдени қатынастар екіжақты мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылуына, шығармашылық делегациялармен алмасу практикасына, екі ел қалалары мен аймақтарының арасындағы бауырластық байланыстарды дамытуға бағытталған.

Түркия мен Қазақстан арасындағы жер шалғайлығына және бір-бірлерінен ұзақ жылдар ажырап қалғандарына қарамастан тілдері бір, өткені мен мәдениеті ортақ екендігін ешқашан ұмытпай, әрдайым бір-біріне тілектес болғаны жасырын емес. Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар әртүрлі салалар бойынша дамуда. Десек те, бұл туыс екі елдің екіжақты қарым-қатынастары кез келген екі елдің қатынастарынан тереңдігі мен шынайылығымен ерекшеленуі тиіс.

Ұлы Түрік мемлекетінің халықаралық қатынас саласында қолы жеткен табыстары туралы айтқанда ең алдымен оның Қазақстан Республикасымен арадағы одақтастық саяси және достық қарым-қатынастары, сауда-экономикалық әскери-техникалық ынтымақтастықтары және ғылым, білім беру, мәдениет салаларындағы жемісті байланыстары ауызға ілігеді. Бұл түсінікті де. Бұрыннан-ақ Қазақстанмен ортақ тарихи және этнолингвистикалық терең тамырлы бауырластығы бар Түркия мемлекеті Қазақстанды ол егемендігін жарияласымен-ақ, екінші күні таныды. Мүмкін, сондықтан да, мемлекеттің арасындағы қатынастарда ортақ саяси және экономикалық мүдделердің кең ауқымы орын алып отырғандығы да болар, олардың    арасындағы    қатынастар    өте    қарқынды    дамып    келеді.

Осман мемлекетінен Республикаға   өтісімен Ататүрік бастаған Түркия басшылығы, сонау 1923-жылдың өзінде-ақ барлық түрік халықтарының олардың этникалық, мәдени, тарихи ортақтықтарына байланысты бірігу идеясына негізделген өзінің сыртқы саясатының жаңа бағытын белсенді түрде әзірлеуге кіріскен  болатын.   Сол  кезде-ақ  құрамына   Қазақстан да  кіретін.

Дербес дамуының алғашқы қадамдарында-ақ тәуелсіз тең құқыктылық негізде дүниежүзілік қауымдастыққа ену үшін,- деп түсіндіреді Қазақстан - Түркия қарым-қатынастарын Түркия мемлекетінің Қазақстанның егемендігін таныған алғашқы күндерден-ақ үзбей өз бақылауында ұстап келе жатқан қазақстаңдық ғалым М.Б.Мұхамедов, - Түркияның саяси қолдауына аса зәру болды. Оған күштер байланысын құру мен Ресей патернализмінен босану үшін мүмкіндіктер алуға сыртқы байланыстарды диверсификациялау қажет еді. Әрине, қазақ пен түрік халықтарының рухани, тілдік, мәдени және тарихи ортақтығы үлкен роль атқармай қойған жоқ. Осының бәрін ескерген Қазақстан үшін дүниежүзілік қауымдастықта беделі өте жоғары Түрік мемлекеті Батыстық мол қаражат көздерінен несие алуға кепілдік ете алатын иесіндей көрінді.

Нарыққа негізделген мемлекет құруды мансұқ тұтқан Қазақстан үшін өзіне дейін осындай жолдан қауіп-қатерсіз өткен Түрік елінің тәжірибесі нұсқалық үлгі. Сондықтан да болар осыны терең түсінген Қазақстан басшылығы нарықтық қоғам құрудағы "Түрік үлгісіне" айрықша назар аударады. Дегенмен, шаруашьшық жүргізудің ұлттық түріне қатысты, сондай-ақ Қазақстан экономикасының Ресейдің және көршілес елдердің шаруашылығымен тығыз байланысты болуы себепті Қазақстан сияқты алып мемлекеттің нарықтық қатынастар жүйесіне өту процесінің өзіндік өрнегі болатындығы анық. Оның үстіне халқының 40% жуығы түрік тектес емес халықтардан тұратындықтан Қазақстан демографиялық жағдайларды да ескере отырып, этникалық және діни мәселелерде  сақтық жасап, жан-жақты ойластырылған салиқалы саясат жүргізуге мүдделі.

1992 жылдың  қазан айының 30-ы және 31—1 күндері  Анкара қаласында түркі мемлекеттердің  бірінші басшыларының кездесуі  болды. Оған Түрік Республикасының  сол кездегі Президенті Түрғыт  Озал, Әзербайжан Республикасының  сол кездегі Президенті Абулфайз  Элгібей, Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Рсспубликасының Президенті  Асқар Ақаев, Өзбекстан Республикасының  Президенті Ислам Каримов және  Түркменстан Республикасының Президенті  Сапармұрат Ниязов қатысты. Кездесу  барысында оған қатысушыларды  Түркия басшылығы кезінде Кемал  Ататүрік қолдаған барлық түркі  тілдес халықтарды біріктіру  идеясымен еліктіруге тырысты.

Бұл идеямен басқа мемлекеттер басшылары өздерінің келісе алмайтындықтарын жасырмады. Туындаған осындай қиындықтарға, өзара келіспеушіліктерге қарамастан, кездесуге қатысушы мемлекеттердің бірінші басшылары түркі тілдес мемлекеттердің ортақ рыногін құру идеясын қуаттады. Түрік жағы оларға экономикалық және мәдени салаларда қолдау жасайтын ниеттерін аңғартты, өзара қатынастардың оң дамуына қанағаттанып отырғандарын білдірді және әрі қарай ынтымақтастық пен іс-қимылдарды үйлестіріп отыруға шақырды.

Кездесуге қатысушылардың аймақтағы жағдайды тұрақтандыру мен тұтастай алғанда Азия құрлығында қатынастардың жарастығы жолында осы бағьпты жалғастыра беру туралы ұйғарымға келулері түркі тілдес мемлекеттердің бүгіні үшін ғана емес, болашағы үшін де аса маңызды болды. Түркі тілдес мемлекеттердің бірінші басшыларының мұндай кездесулері кейінгі жылдары да арасына жыл аралатып тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мұның жақын мысалы ретінде 1994 жылдың қазан айының 19-ында Стамбулде, 1995 жылдың тамыз айының 28-інде Бішкекте, 1996 жылдың қазан айынын 21-інде Ташкентте болып өткен түркі тілдес мемлекеттердің бірінші басшыларының кездесулерін атауға болады.51

Американдық ғалым Дж.Сакстың пікірінше, «қандай да бір ел болмасын оның экономикалық  тұрғыдан ірі жетістіктерге жетуі көбіне-көп сыртқы сауда-саттықты дұрыс жүргізе білуіне тікелей байланысты. Дүниежүзілік экономикалық байланыстар шеңберіне тартылмайынша еш бір ел оқшау қалып жөні түзу экономикалық  құрылым жасақтай алмайды». Олай болса, Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық та өзінің салмағына қарай өзара сауда-саттықтың жетекші позициясына ие болуы орынды да. Мысалы, Түркия Республикасы сыртқы экономикалық байланыстар кеңесінің есептеріне қарғанда, екі ел арасындағы өзара сауда айналымының жалпы сомасы 2001 жылы 1 млрд. АҚШ долларынан асқан.

Ал, 1999 жылы Қазақстанға Түркия Республикасынан әкелінген тауарлар экспортының жалпы сомасы 96 миллион АКШ долларын құраған болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 116 миллион АҚШ доллары болғанды. Ал, Қазақстаннан 1999 жылы Түрік еліне апарылған тауарлар экспортынын жалпы сомасы 296 млн. АҚШ долларын құраған болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 346 млн. АҚШ долларына жеткен болатын.

Информация о работе Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа