Экономиканы реттеудің шетелдік тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 19:38, реферат

Описание работы

Нарыққа өту жағдайында қысқа мерзімді реттеулер бағаның шамадан тыс өсуімен күрес немесе инфлцияны тоқтату үшін қолданылады. Қысқа мерзімді реттеудің бұндай бағыты дефляциялық сасат деп аталады.
Шет елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу тәжірибесін зерттеу, оның заңдылығы мен тенденциясын түсінуге, Қазақстан экономикасының нарыққа өту кезіндегі баға механизмін қалыптастыруда алған білімді пайдалануға мүмкіндік береді. Олар тәуелсіздігін бізден бұрын алған және олардың экономикасы көптеген ерекшеліктерге ие, сонымен қатар шет дамыған еледрдің баға белгілеу механизмін білу артықшылық етпейді. Сондықтан төменде даыған елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу үлгілеріне тоқталмақшымыз.

Файлы: 1 файл

экономиканы реттеудің шетелдік тәж..docx

— 28.78 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік реттеудің ғылыми тұжырымдамасын анықтайтын негізгі  ережелер:

  1. Меншіктің мемлекеттік және жеке түрлерінің болуы сондай-ақ макро және микроэкономиканың болуы обьективті түрде шаруашылық қызметін үйлестірудіңжоспарлы және нарықты модельдерін пайдалану қажеттілігін білдіреді. Жоспарлы модельді қолдану келесі шарттарды сақтаған жағдайда мүмкін болады:

-  жоспардың әкімшілік-әміршілдік  мазмұны жойылады;

- жоспарлардың үйлестіруші,  теңестіруші және реттеуші функциялары  күшейе түседі;

- бағдарламалық-мақсатты  жоспарлаудың рөлі мен тиімділігі  артады;

- жоспарлау нарықтыққатынастар  өрісі кеңейе түсетін жағдайларды  анықтайды және шаруашылық жүргізудіңнарықтық  моделі жалпы мемлекттік мүдделердің  басыңқылығыжағдайында әрекет етеді;

  1. Макроэкономикалық реттеу барысында үкімет қызметінің бағыттары, қағидалары айқын қадағаланып отыруы керек, өйткені, олай болмаған жағдайда бұл істің тікелей және болашақтағы нәтижесін болжау қиынға түседі. Егер, бүл нәтижелер жағымсыз сипатта, яғни, қанағаттанарлықсыз болса, онда іті түзетугеайтарлықтай көп уақыт қажет болады. Үкімет қызметі мен іс-әрекеттері республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының әрбір болашақтағы кезеңі үшін ғылыми негізделген мемлекеттік реттеу концепциясымен кепілдендірілген болса дұрыс болар еді.
  2. Құрылымдық-инвестициялық саладағы әрлайым халық шаруашылықтың интеграцияның ең жоғары деңгейінде жүзеге асырылатындықтан, ол макроэкономикалық тиімділік көрсеткіштерінің жоғарлауына бағытталғандығы өте маңызды. Мұндай бағыттар соңғы жылдары зерттеушілердің ғана емес, сондай-ақ ,жоғары дәрежелі басшылардың да назарына н тыс қалып қойған қоғамның өндіргіш күштерін тиімді орналастыру мәселесін де қамтиды.Мұның бәрі де аталған сала бойынша мемлекеттік шараларды анықтау мен жүзеге асырыдағы қоғамның жиынтық табыстары жиымтық шығындардан артық болуы,жайлы консепциямен алдын ала керектігін  дәлелдейді.
  3. Осыған байланысты шетел инвестициялары жөніндегі мәселе де жекелей қарастырыду қажет етеді.Егер,мәселе республикаға шет елдің ғылыми-техникалық жетістіктері мен алдынғы қатарлы технологияларының ағылуы туралы болса,ол-1мәселе.Ал,көптеге жағдайларда тиімсіз,әрі мақсатты бағыттан тіс қолданылатын шетелдің қаржы капиталы сөз болса,ал-басқа мәселе.Сондай-ақ, Еуропалық халық аралық даму банкі Президентінің айтуы бойынша оны қолдану, ақыр соңында,осы мақсаттарға өз қаржымызды пайдаланудан екі есеге қымбатқа тусетіндігін ескеру керек.Осыдан келіп,құрылымдық-инвестициялық саланы макроэкономикалық реттеу тужырымдамасының негізін тек қана өз қорымыздан емес,сондай-ақ,шетелдік технологиялық инвестициялар есебінен республика халық шаруашылығының ғылыми-техникалық базасын сапа жағынан жетілдіруге бағытталу қурайтын болу керек.
  4. Сонымен,макроэкономикалық тәсіл ұлттық республикалардың (КСРО  республикалары үшін)әлемдік шаруашылық жүйесіне кіру мәселесін щещү үшін қажет. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын жалпымемлекеттік  деңгейде реттеуде басымды, артықшылықты сипаттағы мәселелер төмендегідей болып табылады:
  • Сырттай әкелінетін өнімді алмастыратын өндірісті әсіресе «технологиялық» инвестицияларды тартыду ынталандыра отырып кеңейту;
  • Табиғи (әсіресе, қайта өндірілмейтін) шикізаттарды сыртқы шығарудың ұлғаюының болашағы жоқтығын ескере отырып, бәсекелестік қаблеті бар дайын өнімді сыртқа шығару ісін мемлекеттік қолдаудың тұрақты жүйесін жасау.

       Осы  мәселелерді шешү барысының ұзақ  мерзімдік сипаты кез-келген деңгейдегі  экспорт-импорт операцияларын реттеу  жөніндегі мемлекеттік шаралар  негізі болып табылатын тұжырымдаманы  мазмұнын анықтайды.

       Сонымен,  ЭМР концепциясы тұтастай алғанда,қоғамның  шаруашылық іс-әрекетін уйлестірүдің  жоспарлы және нарықтық модельдерінің  артықшылықтарын тиімді пайдалана  отырып, макроэкономикалық, құрылымдық  инвестициялық  және сыртқы  экономикалық саясаттарды тиімді  жүзеге асыру жөніндегі мемлекет  қызметінің негізгі бағыттарын  қабылдағанын білдіреді.

      Егер, мемлекттік  реттеудің тұжырымдамасы барынша  айқын аңықталған болса, онда  осы қызметті жүзеге асырудың  механизмдері туралы сұрақ туындайды.  Оған болжау мен индикативтік-реттеуші  жоспарлауды; қаржылық-бюджеттік  , салықтық, ақша-несие, баға, кедендік-салықтың, мөлшерлі-тарифтік, әкімшілік-құқықтық  және нарықтық  реттеулерді жатқызуға  болады. Әрине, бұл механизмдерді   әрқайсысының өз қолдану әдістері  бар.

Бағаны және табысты реттеу саясаты.  Фискалдық және несие саясаты көп жағдайда баға мен табыстарды реттеудің құралы бола алмайды. Сондықтан мемлекет барынша түкелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы шегін белгілейді, кейде олардың өсуіне тыйым салынады. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда немесе дивиденд сияқты түрлеріне тартылмайды.

  Нарыққа өту жағдайында  қысқа мерзімді реттеулер бағаның  шамадан тыс өсуімен күрес  немесе инфлцияны тоқтату үшін  қолданылады. Қысқа мерзімді реттеудің  бұндай бағыты дефляциялық сасат деп аталады.

Шет елдердегі баға белгілеу мен  бағаны реттеу тәжірибесін зерттеу, оның заңдылығы мен тенденциясын түсінуге, Қазақстан экономикасының нарыққа өту кезіндегі баға механизмін қалыптастыруда алған білімді пайдалануға  мүмкіндік береді. Олар тәуелсіздігін  бізден бұрын алған және олардың  экономикасы көптеген ерекшеліктерге ие, сонымен қатар шет дамыған  еледрдің баға белгілеу механизмін білу артықшылық етпейді. Сондықтан төменде  даыған елдердегі баға белгілеу мен  бағаны реттеу үлгілеріне тоқталмақшымыз.

Алпауыт ел АҚШ- тағы баға белгілеу мен  баға реттеуге келер болсақ, АҚШ- та 70- жылдары көтерме және бөлшек сауда  бағалары қарқынды түрде өсті.Инфляция деңгейі жоғарылай берді. Мемлекеттің  жасаған алғашқы қадамы осы инфляция ны бағаны тура реттеу арқылы жеңу болды. 1971 жылы тамызда АҚШ президенті Р.Никсонның  ұсынысымен бағаға орталықтандырылған бақылау орнатылды. Ең күрделі экономикалық жағдайды қоғамдық пікірлердің қысымы президентке шұғыл шешім қабылдауға ықпал етті. Инфляцияның күрт түсуі  ауыр жағдайға – жұмыссыздыққа әкелу  қаупі болды. Қысқа мерзімді жоспарда АҚШ- тағы бағаны тікелей реттеу экономиканы  тұрақтандыруға көмектесті. 1972 жылы күзде  көтерме және бөлшек сауда бағасы төмендеп, жұмыспен қамтамассыз ету  біраз өсіп, ЖІӨ тез өсе бастады.

Алайда орталықтандырылған реттеудің  кейбір жағымсыз салдарлары да көрініс  берді. Баға мен жалақыны тоқтату  капиталдың салааралық құйылуын шектеді, инвестицмя әрекеті тоқтап, іскерлік белсенділік деңгейі төмендеді, табыс өсімі азайды.

1972 жылы мамырда АҚШ бағаны тура бақылаудан бас тартты. Қазір Америка әкімшілігі бағасын тура реттеудің кейбір түрлерін және мемлекет тұрғысынан қаржыландыруды шектей отырып, жанама реттеу әдісі мен нарық тұтқасын белсенді пайдаланды, себебі елдегі жалпы экономикалық жағдайды жақсарту керек болды.

Бағаны жанама реттеудің негізгі бағыттары:

- рестрикциондық несие- ақша саясаты, федералды резервтік жүйенің есептік мөлшерлемесін реттеу,

- тауарлар мен қызмет көрсетуді федералды сатып алуды кеңейту

- мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту

- рационалды салық саясаты

Мұндай мемлекеттік макроэкономикалық саясатты жүргізу арқасында АҚШ ішкі нарықтағы ұсыныс пен сұраныс арақатынасына белсенді түрде өзгерістер енгізді және баға деңгейі мен базалық айырбастау пропорциясын анықтады. Елде соңғы жылда тұрақты және жоғары қарқынды өсу байқалды, елеулі профицитпен сөзсіз қосылатын мемлекеттік бюджеттің тапшылық мәселелері жойылды.

Қазір бағаны тікелей мемлекеттік реттеу тек жоғары монополияланған салаларда ғана қолданылады. АҚШ- та мемлекет тұрғысынан бағалық 5%- дан 10%-ға дейін ғана реттеледі.

Франция экономикасындағы баға мәселесіне тоқталар болсақ, Франция өнеркәсібі дамыған елдердің бірі болып табылады. Бұл елде ұзақ уақыт бойы баға мемлекеттік реттеудің қатаң тәртібінде болды. 40 жыл бойы(1947- 1986) бағаны жартылай мемлекеттік реттеу, осы уақытқа дейін сақталған «дирижизм» саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

Бағаны либеризациялау 1973 жылдан 1980 жылдың екінші жартысына дейін созылды. 1986 жылы мемлекеттік бақылаудан өнеркәсіп өнімі бағасының 90%- ы босатылды.

Қазір француз үкіметі монополист- салалар кәсіпорындағры өнімінің бағасын реттейді: газ, электр энергиясын, көлікті, ауыл шарушылық өнімдерін. Тауарлар мен қызмет көрсетудің және реттеу бағалары арасындағы арақатынас мынадай: бағаның 20%-ын мемлекет реттесе, ал қалған 80%- ы еркін баға белгілеу тәртібінде реттеледі.

Бағаны реттеу ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге мемлекеттік әсер етудің, фермерлер мен өнеркәсіп, сауда қызмет көрсету жұмысшылары табыстарындағы паритетті сақтаудың басты аспабы болып табылады.

Ауыл шарушылық өнімдерінің бағасының 90%- ы реттеледі. Сонымен мемлекет азық- түлік өнімінің бөлшек бағасы динамикасына және деңгейіне жанама ықпал етеді.

Бағаны реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік құүрылым, экономика және жоспарлау министрлігінің бәсеке бойынша департаменті болып табылады.

Швеция. Бұл елде бағаны бақылау мен тексеруді – Азаматтық әкімшілігі министрлігіне бағынатын бәсеке мен бағаны мемлекеттік басқармасы сияқты арнаулы орган іске асырады. Швецияда бағаны реттеу заңы мен бәсеке шартымен баға туралы мәліметтерді ұсыну міндеттігі туралы заң қабылданған және әрекет етеді.

Қысқа мерзімді бағаны тоқтату- бұл инфляцияның көтерілмеуіне жол бермеу және нарықтағы күрт дисбаланстарды қалпына келтіру үшін қолданылады. Бағаны реттеу туралы заң мемлекетке соғыс , не оның шығу қаупі ,не бағаның жалпы өсу қаупі кезінде бағаға тікелей әсер ету жөніндегі шараларды іске асыру құқын береді. Жекелеген тауарлар үшін максималды баға деңгейін қою, тәртіп орнату мүмкіндігіне ие. Бұл кезде бағаны жоғарлатуға, осы жөнінде алдын ала ескерту берілгенннен кейін және бағаны жоғарлату мөлшері дәлелденгеннен соң ғана рұқсат беріледі.

Баға деңгейіне ықпал ету, мемлекеттік монополия және мемлекеттік кәсіпорындар арқылы ғана іске асырылады.

Швецияның ауыл шаруашылығына бағалық субсидиялаудың маңызды көзі- импорттық шикізаттарға қойылатын кедендік алымдар. Олар ішкі нарықпен сыртқы нарықтың ең жоғарғы бағалары арасындағы айырмашылық мөлшерінде орнатылады.

Баға белгілеуді мемлекеттің тұрғысына реттеудің маңызды сферасы- тұрғын үй бағасы. Үйлердің өте қымбат екенін ескере отырып, мемлекет тұрғын үй субсидиясы мен қарыздар береді.

Мемлекеттің сектордағы масштабы үлкен  емес бағалар мен тарифтерді мемлекеттік және муниципалдық өкімет, фолькетинг(парламент) орнатады. Тікелей мемлекет орнататын немесе реттелетін бағалардың үлкен салмағы 6%- ға жуық болады.

Даниядағы баға белгілеудің негізгі заңды актісі, 1989 жылы 1 маусымда фолькетинг қабылдаған бәсеке туралы заң болып табылады.

Баға белгілеу облысындағы монополияның қызметін қадағалайтын мүшелер, өнеркәсіп министрі төрт жылдық мерзімге тағайындайтын мүшелерін бәсеке мәселелері бойынша кеңес іске асырады. Ауыл шаруашылық өнімдеріне баға белгілеу процесі, Дания мүше болып енетін ЕО(ЕС) ауыл шаруашылық саясаты механизмінің ықпалымен құрылады. Сонымен қатар фермерлерге мемлекет тарапынан күрделі құрылыс үшін, суландыру жұмыстарын жүргізуді, энергия сақтаушы жүйені негіз үшін қарыз беру мен жеңілдетілген ренталық жағдайлар ұсынылады.

Норвегия . Елдегі бағаны мемлекеттік реттеудің , 1995 жылғы бекітілеген баға пайда мен бәсекені шектеудің негізі сонымен қатар осы заң негізінде жарық көрген бірқатар корольдік бақылау заңы, резолюциялар болып табылады.

Кәсіпкерлік пен баға белгілеу сұрақтарын реттеуші заңдардың орындалуын бақылауды баға белгілеудің мамандандырылған органдары іске асырады. Оның ішіндегі маңыздылары: Баға бойынша кеңес, Баға бойынша директорат, Баға бойынаша мемлекеттік инспекция.

Мемлекет максималды және минималды баға деңгейін анықтап, бағаны тоқтатуды жүргізеді, баға белгілеу облысындағы баға жеңілдіктер мен үстемелерді, пайданың максималды деңгейі мен басқа ережелерді орнатады.

Норвегия ішкі бағаны белгілеудің негізі әлемдік баға болып есептеледі. Норвегия экономикасының сыртқы нарыққа тәуелді болуы үкіметті өз экономикасын қорғау саясатын, соның ішінде ішкі және сыртқы бағалар деңгейлері мен арақатынастарының сәйкестігін бақылауды жүргізеді. Егер импорт ішкі нарықтағы қажетсіз өзгерістерге әкелсе, онда үкімет импортты шектеуге ұмтылады.

Австрия. Бағаны мемлекеттік реттеу ьаға туралы заң, картель туралы демпингке қарсы заң негізінде жүзеге асады. Мемлекет бағаның 10%- ын реттейді. Парламент темекі, темекіден жасалатын бұйымдар, тұз бағаларын, пошталық алымдарды, телефонға, телеграф және темір жолдары тарифтерін орнатады. Қаржы министрлігі спирт ішімдіктеріне баға белгілейді.

Австрияның экономика министрлігі кез келегн тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге 6 айға дейін бағаны реттеуді енгізуге құқылы. Егер бір немесе бірнеше кәсіпорындар бағаны заңсыз көтерсе, не өнімді өндіруге жұмсалған шикізат пен материалдар бағасы төмендегеніне қарамастан, кәсіпкерлер дайын өнім бағасын түсірмесе 6 айға дейін олар бағаны орната алады. Бағалардың экономикалық дәлелі жеке алған кәсіпорын өнімнің нақты өзіндік құны тұрғысынан емес, тұтынушылар мен экономиканың даму позициясынан қарастырылады.

Швейцария. Ауыл шаруашылық өнімдері, бағаның тең жартысының жуығына заңды түрде реттеледі. Мемлекеттік реттеу тамақ және жем бидайы, қант қызылшасы, сүт бағаларын қамтиды. Етек анықтама баға белгіленеді. Тоқыма тауарларын, киімді, ойыншықтарды, музыкалық аспаптарды бақылау арқылы бағаны шекті реттеу жүзеге асырылады.

Информация о работе Экономиканы реттеудің шетелдік тәжірибесі