Қазақстан Республикасының әлеуметтік стратификация мәселесі
Реферат, 03 Ноября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымдар өзгерістер Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі(1999) ҚР Президентінің 1999 ж. 22 қаңтардағы Жарлығымен құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 31 желтоқсандағы қаулысымен агенттік туралы жаңа ереже бекітілді. Агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін ҚР орталық атқарушы органы болып табылады.
Файлы: 1 файл
Алеуметтану.docx
— 26.15 Кб (Скачать файл)Қазақстан Республикасының әлеуметтік стратификация мәселесі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымдар өзгерістер Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі(1999) ҚР Президентінің 1999 ж. 22 қаңтардағы Жарлығымен құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 31 желтоқсандағы қаулысымен агенттік туралы жаңа ереже бекітілді. Агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін ҚР орталық атқарушы органы болып табылады.
Агенттіктің негізгі міндеттері: мемлекеттік саясат жүргізу және мемлекеттік статистиканы басқару;
Fылыми әдіснама және халықаралық стандарттардың негізінде бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін және жетілдіруді қамтамасыз ету;
Mемлекеттік, коммерциялық құпиялардың сақталуын және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;
Cтатистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, дұрыстығы мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
Eлімізде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті түрде зерделеу, қорыту және талдау.
Агенттік облыстарда,
Астана және Алматы қалаларында
аумақтық органдары және ведомстволық
бағынысты ұйымдары бар. ҚР Үкіметінің
2005 жылы 18 қаңтардағы қаулысымен агенттіктің
ақпараттық-статистикалық орталықтары-мемлекеттік
мекемелері оларды ақпаратты жинау жөніндегі
функциясын агенттікке бере отырып, оның
аумақтық органдарына қосу арқылы қайта
ұйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2005 жылы
10 қазандағы қаулысымен агенттіктің мемлекеттік
мекемелерінің тізбесінен ақпараттық-статистикалық
орталықтар-мемлекеттік мекемелері шығарылды.Ғылыми
және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік
құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы
бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы
құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері
арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ,
бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың
түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың:
әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық,
әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін
сипаттайды. Әлеуметтануда «әлеуметтік
құрылым" ұғымы "әлеуметтік жүйе"
ұғымымен тығыз байланысты. "Әлеуметтік
құрылым" түсінігі "әлеуметтік жүйе"
түсінігінің бір бөлігі болып табылады
және 2 компоненттен тұрады – әлеуметтік
құрам және әлеуметтік байланыстар.
"Әлеуметтік құрам" – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, "әлеуметтік құрылым" ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.
Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.
Әлеуметтік қауымдастық – бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер денгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі.Әлеуметтік қауымдастық әлеуметтік байланыс арқылы біріккен адамдар топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың негізгі екі түрін бөлуге болады: әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі бір қарым-қатынастарды жүзеге асыруы. Мұндай қауымдастықтар байланыстың тұрақтылығы мен осы қарым-қатынастар жүзеге асырылатын саланың маңыздылығына байланысты үлкен немесе кіші ынтымақтастық импульсына, конформизм элементтеріне ие болады. Өзара әрекет түріндегі (мысалы, жіктелген, реттелген әрекеттер жүйесімен алмасу сияқты) бірігу, ынтымақтастық, бірлесе еңбек етудің келісілгендігі сияқты байланыстар негізінде жатқан қауымдастықты әлеуметтік топ деп атауға болады.Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері адамның іс-әрекеті жүйесінде жасырулы. Адамдар тіршілік ету үшін белгілі бір қоғамдық, ең алдымен өндірістік қатынастарға түседі, топтарға бөлінеді, кооперацияланады, функцияларын бөледі. Топтардың қалыптасу процесі үшін әлеуметтік айырмашылықтардың терең көзі ретіндегі еңбектің қоғамдық бөлінуі маңызды болып табылады. әлеуметтік құрылым – бұл адамдардың беделіндегі, өмір сүру жағдайындағы және өмір сүру тәсілдері ретінде бейнеленген жүйе.Әлеуметтік құрылымның дамығандығының көрсеткіші болып оның әртүрлілігінің дәрежесі, яғни байланыс тәсілдерінің әртүрлілігі табылады.
Сонымен, қандай да болмасын құрылым немен сипатталады?
Осыған байланысты
түрлі көзқарастар бар, бірақ
ең алдымен, өндірістік қатынастар
үстемдік ететін қатал детерминацияланған
әлеуметтік құрылым туралы айтуға
болады. Бірақ әлеуметтік құрылымдар
өндірістік күштермен де сипатталатындығын
айтуға болады, техникалық прогресс
өнімі болып табылады. Қазіргі
социологиялық теория әлеуметтік
құрылымның адамдардың мамандығына,
жасына, біліміне байланысты ие
болатын әртүрлі әлеуметтік позицияларына
тәуелділігін анықтайды. Сондықтан,
белгілі бір қоғамның әлеуметтік
құрылымын анықтайтын факторлар өте көп,
социолог олардың барлығын әлеуметтік
процесс диагностикасы кезінде ескеруі
керек.
Сонымен әлеуметтік құрылымды анықтайтын негізгі, шешуші белгі, критерий қандай?
Біздің ойымызша әлеуметтік құрылым әрқашан бір де бірінің басымдылығы жоқ көптеген факторлардың нәтижесі болады. Нақты жағдайларды кейбір белгілер алдыңғы шетке шығады, немесе, маңыздылығынан айрылады. әлеуметтік құрылымды қалыптастыруда ең маңызды ретінде өндіріс тәсілінің басымдылығын мойындай отырып, біз оны абсолюттендіре алмаймыз.Социологиялық ойдың жетістігі болып, әлеуметтік құрылымды қозғалмайтын құрылыс ретінде емес, динамикалық бүтіндік ретінде қарастыруға көшу табылады. Бұл әлеуметтік құрылымның теориялық концепцияларын түрлі критерийлер негізінде қалыптастыруға мүмкіндік берді.Біздің әдебиеттерімізде қоғамның келесі әлеуметтік жіктелуі кең таралған:
адамдардың бөлінуі нәтижесінде қалыптасатын әлеуметтік–таптық құрылым (таптар, касталар, сословиелер, әлеуметтік топтар, олардың қабаттары);
әлеуметтік–этникалық құрылым, яғни адамдардың белгілі бір территорияға, экономикаға, мәдениетке, дәстүрлерге, психологиялық ерекшіліктері және т.б. арқылы бірігуі негізінде пайда болған адамдардың тарихи қауымы – тайпа, ру, халық, ұлт, этностар.
мекендердің негізгі түрлерін құрайтын (қала, макрополис, агломерация, ауыл, т.б.) территориялық құрылым;
жаспен, жыныспен белгіленетін (ерлер, әйелдер, жастар, балалар, «жұмыс жасындағы» адамдар, зейнеткерлер) демографиялық құрылым;
отбасылық-тұрмыстық құрылым, көрші қауымдастықтар, ата-аналар мен балалар, сондай-ақ, некелік пен некесіз байланыстар мен қатынастар. Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіби, білім беру, діни және т.б. құрылымдарды бөлуге болады.