Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндіріс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2014 в 20:30, реферат

Описание работы

Экономикалық дамудың экстенсивті әдістерінің басымды- лығы қоршаған ортаның нашарлауы мен халық шаруашылығын ресурспен қамтамасыз етудің шиеленіскен проблемасына алып келеді. Табиғат байлықтарын ұтымды түрде пайдалану, әсіресе, табиғи ресурстардың тапшылығы үдеп отырған кезде ресурстардың сарқылуының абсолютті және салыстырмалы жағы пайда болып жатқанда, айналымдағы шикізат ресурстары массасының қолдағы барынан өнімнің санын көбірек алумен қорытындыланады. Сондықтан, өндірістік емес жұмыстарда және өндірістің өзінде өндірістік тұтынудың соңғы сатысында пайда болып, қалатын қайталама ресурстарды өндіріске әкелу керек.

Файлы: 1 файл

Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндіріс.docx

— 45.80 Кб (Скачать файл)

Жоба авторларының есебі бойынша сол аймақтағы барлық антропогендік қалдықтарды өңдеуге осындай комбинаттың мүмкіндігі бар және 80%-тен 100%-ке дейін өңделген қалдықтардың «биосфералық заттектердің қайталама табиғи ресурстарына» айналады. Ресурстарды жаңартатын зауыттардың гео-химиялық, физика-химиялық және өндіріс қалдықтарын биотехнологиялық өңдейтін және тұтынатын тораптары бар. Өңдеудің нәтижесінде кұрылыс материалдарын, металды, биоотынды және өзге де пайдалы өнімді алуға болады. Экополигондардың құрылысына қомақты капитал салынуына қарамастан, қалдықтардың проблемасын шешуде ұсынылып отырған осы шешім нұсқасының шүбәсіз экологиялық және экономикалық ықпалы болады.

Өндірісті экологияландырудың маңызды бағыттарының бірі тірі организмдер және пайдалы өнімдер алу мен қоршаған ортаны тазарту үшін биологиялық процестер жұмысының негізінде биотехнологияны барынша кеңінен қолдану болып табылады. Адам баласы биотехнологияны  ықылым заманнан бері карай пайдаланып келеді. Ауыл шаруашылығының барлығы соларға негізделген деуге болады. Нан пісіру мен шарап жасау - өз мәні бойынша микробиологиялық технологиялар. Химияландыру, механикаландыру мен электрлендірудің өсуі, ауыл шаруа- шылығы мен оған қызмет көрсететін салалар табиғат ортасын ластаушы көздерге айналуда.

Өндірісті экологияландыру шаралары мыналарды талап етеді: табиғи биологиялық процестер басып-жаншылмай және техногенезбен шығарылып тасталмасын, керісінше, түрлі салаларда көп орын алсын, соның ішінде кәсіпорын өндірісінде, — деп айтқымыз келеді. Табиғат негізіне жазылып қойылған өндірістік кезеңсіз табиғи-техникалық жүйенің техногендікпен салыстыру бойынша барынша экологиялық та емес, ойлағаннан гөрі өте тиімді биотехнологияның мүмкіндігі әлдеқайда кең. Өнеркәсіптік биотехнология мал азығын және тамақ өнімдерін өндіруде, оны көбейтуге, топырақтың құнарлылығын арттыруда, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресуде айтарлықтай үлес қосуда. Кейбір өсімдіктер мен жануарлардың мәдени формасын өсірумен биотехнологияның үйлесімділігі, бағалы биопрепараттардың синтезі, витаминдер мен дәрілер, биоауыстырғыш ұлпаларды (ткань) өндіру, синтетикалық бөгде зат қалдықтары мен және коррозиямен күресі, өнеркәсіп шығарындыларын тазалауға қосқан үлесі - бұл биотехнологияны қолдану мүмкіндіктерінің әлі де болса толықтай атаулары емес. Тектік инженерия, биохимия, микробиология саласында ғылыми қол жеткен табыстармен оларды қолдану ауқымы кеңейе түсуде. Биологияландыру шаралары ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісінде сапалы өсудің мүмкіндік деңгейіне жаңа жол ашып отыр.

Қоршаған ортаның проблемаларын шешу жолында экологиялық биотехнология бүгінгі таңда қарқынды даму үстінде.

Экологиялық биотехнологияның келесі саласының негізгі бағыттарына жататындар:

  • қатты қалдықтарды биологиялық өңдеу (ағынды лас сулардың балшығын пайдаға асыру. ҚТҚ өңдеу, қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын зарарсыздандыру);
  • ағынды лас сулар мен ауаны иісті заттектерден биологиялық тазарту;
  • мүнай және органикалық химия қалдықтарының ластануынан жерді биологиялық тұрғыдан қайта құнарландыру;
  • химиялық пестицидтерге (барабар) баламалы ауылшаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы тұратын, қауіпсіз, биологиялық күрестің тиімді құралын жасау.

Биоыдырағыш пластиктерді жасаудың алғашқы қол жеткен табыстары микроорганизмдердің көмегімен іске асты. Әлемде тұңғыш рет американ компаниясы биоыдырайтын «бионол» термопластигін жасады. Олар пленкалар, тоқыма емес орауыш материалдар, үлкен сыйымды ыдыстарды шығару өндірісінде пайдаланатын болды. Пластмасса өндірісіндегі ары қарай ілгерілеу түрлі қасиеттері бар полимерлік материалдарды дайындаудың іргелі биотехнологиясын құрумен байланысты.

Демек, адамзат қоршаған ортаның ластануын техиикалық құралдардың көмегімен қорғаудың жетістіктеріне талпынып қанша тырысқанымен, олар биосфераның қоршаған ортаны тазалау және қоршаған ортаны реттеу қызметімен салыстырғанда болмашы ғана. Адамзат бұл механизмдерді басып тастамай, барынша ол «технологияның» принциптерін өзінің іс-тәжірибе қызметінде пайдалануы керек.

Табиғи және материалдық ресурстарды толық пайдаланбау келеңсіз салдарға әкеледі. Ол табиғат пен қоамға келтірілген әлеуметтік экологиялық-экономикалық зияннан көрінеді. Қоршаған ортаға түсетін әр түрлі катты қалдықтар, лас ағын сулар мен газ тәрізді шығарындылар экологиялық нормативтер шеңберінде болуы керек. Бұлар аймақтағы өндіріс салалары тұрғысынан жасалуы тиіс. Қазіргі уақытта осы коэффициентті шартты түрде қабылдап, былай есептеу 0,8-деп 0,9 мөлшеріне дейін болса, онда өндіріс қалдығы аз, ал коэффициент 0,9-дан жоғары болса, онда қалдықсызға жатқызылады.

Қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті дамытудың жекелеген бағыттары бойынша шараларды бағалауға мүмкіндік беретін бірқатар нұсқаулар бекітіліп дайындалды. Сонымен қатар, қалдықсыз, қалдығы аз технологиялық процестер мен өндірістерді енгізу кезінде алынған экологиялық әсерді құрайтын экономикалық есептемелерді жасау керек.

Экономикалық әсердің енгізілуі мен олардың экономикалық тиімділігін анықтаудың көптеген көрсеткіштері мен бірқатар критерийлері ұсынылды. Бұл әдістемеде әсер келтірілген шығынның айырмаларына негізделеді.

Нұсқалардың салыстырмалы бағалау критерийін бар нұсқалар бойынша қоршаан ортаға зиянды ықпал жасауынан экономикалық зиянды есепке ала отырып, интегралды шыгындар айырмасы бойынша анықтауға болады:

 

Э - (К2 + С2- А2 + У2) -(К1 + С1 – А1 + У1)

 

Мұнда С1 мен С2, К1 мен К2 - нұсқалар бойынша капитал салымдары мен ағымдағы шығындар;

А - амортизациялық аударылым;

У1 мен У2 қоршаған ортаға келтірілген ластаудың салыстырмалы нұсқаларындағы экономикалық зиянның қалған шамасы.

Интегралды шыгындардың ең аз шамасының критерийі шеңберінде пайда түріндегі алдын алған экономикалық зиянды, капитал салымын пайдалану есебінен халық шаруашылығынан алынатын алымдар, халық шаруашылығындағы ысыраптың өтемақысына шикізаттарды тиімсіз пайдалану кезінде шығатын шығындар:

 

Э-[(К1 + С1 – А1) - (К2 + С2 - А2)] W2 - ∆Ппх

 

мұнда С1, С2 қалдықсыз технология мен ортаны ластайтын базалық технология бойынша сәйкес өндірілген өнім бірлігінің өзіндік құны;

К1 мен К2 салыстырмалы нұсқалардың үлестік капитал салымдары;

 W2 жаңа технология бойынша өндірілген өндіріс өнімдерінің жылдық көлемі;

∆Ппх = Ен Кэ кәсіпорынға енгізілген технологияның экономикалық зиянды алдын алудан үнемделген, капитал салымдарын пайдалану нәтижесінде халық шаруашылығындағы жылдық өсімнің пайдасы;

Ен - капитал салымдары тиімділігінің нормативті коэффициенті;

Кэ - табиғатты қорғау қызметінің қалдықсыз технологиясының нәтижесінде босатылған бір жолғы шығындар.

Қалдыктарды өңдеудің халық шаруашылық экономикалық әсері халық шаруашылығында өнім өндіруге арналған бастапқы шикізаттар орнына қалдықтарды қолдану арқылы, сондай-ақ, олардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерінің шамасын қысқарту немесе алдын алу есебін апатын барлық өндірістік шығындардың жиынтық үнемін көрсетеді.

Байқағанымыздай, қалдықтарды өңдеудің халық шаруашылық экономикалық әсерін анықтаудың негізгі әдістемелік тәсілі өндірістің интегралды шығындарын және бастапқы шикізат пен қалдықтан өндірілген өнімді салыстыру болып табылады. Нақты өнім өндіруде қалдықтарды өңдеудің нұсқаларын таңдау келтірілген шығынның ең аз шамасы бойынша жүеге асырылады.

Нақты өнім өндіруде қалдықтарды өндеудің халық шаруашылық экономикалық әсері түрлі салаларда туындайтын, формула бойынша кейінгі анықтау мен жиынтықтың келесі үш әсерінің негізінде жүзеге асырылады:

 

Энх = Э1 + Э2 + Э3

 

мұнда Э1 - түйіндес салалардың барлық шегі бойынша ұқсас өнім түрлерін өндеуге және өндірістік тұтынуға оны дайындауда, табиғи шикізаттың пайдасына шығатын шығындармен салыстырғанда қалдықтардан өнім өңдеуге және өндірістік тұтынуға дайындауға кететін ең төмен шығын есебінен қалдықтардан өнім өндіруші-кәсіпорындарда туындайтын экономикалық әсер;

Э2 өнім қалдықтарынан жасалған тұтынушы алатын экономикалық әсер, формула бойынша анықталады:

 

Э2 = (З1 - 32)W2

 

Мұнда, 31 мен 32 — тұтынушы үшін бастапқы шикізаттан немесе қалдықтан өндірілген өнімнің W2 жылдық шығарылымындағы өнім бірлігіне шығындар.

Қоршаған ортаға қалдықтардың жағымсыз әсерінің шамасын қысқарту немесе алдын алу есебінен алынган Ээ экономикалық әсерді анықтайды: 

 

Ээ=(З1 - 32) W + У0+У1+У2

 

мұнда, У1 мен У2 - бастапқы және қайталама ресурстардан өндірілген өнім шамалары кезінде қоршаған ортаға келтірілген экономикалық зияндар;

W- қайталама ресурстардан алынған өнімнің жылдық көлемі;

У0 - пайдаға асырылмаған жағдайда шығарынды калдықтардың қоршаған ортаға келтірген экономикалық зияны.

Ресурстарды пайдалану дәрежесі бойынша өзгешеленетін технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін анықтаған кезде өндірілген өнімнің түр-түрі бойынша бұл процестер соншалықты тікелей оның мерзіміне, сонымен қатар. қоршаған ортаға әсер етуі бойынша да салыстырмалы емес.

Сондықтан, көп жағдайда қалдықсыз технологиялық процестерді экономикалық негіздеуде шығынның ең аз шамасы критерийін пайдалану мүмкін болмайды.

Қалдығы аз технология тиімділігінің экономикалық жағынан бағалау жүйесі ретінде барынша экономикалық әсерді анықтау деп түсіндіріледі. Белгіленген уақыт кезеңінің ішінде қоршаған ортаны ластаудан болатын экономикалық зиянды болдырмауды есепке ала отырып, қалдықтарды пайдаға асыру нәти жесінде алынған қосымша өнімдер, басты және жолай ілескен бағалы компоненттердің толық алынуын камтамасыз етеді. Қалдығы аз технологияны енгізудің экономикалық бағалануынан алынған өнімнің бағалылыгының арасында өзгешелігімен, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау шығынын қосумен де анықталады. Ең көп экономикалық әсерден тұратын қалдығы аз технологияның нұсқасы жақсы деп танылуда. Өнімнің құндылығы көтерме баға негізінде немесе ең дұрысы осы өнімді өндіруге кеткен шығындардың тұйықталуы бойынша анықталады.

Қалдықсыз және қалдығы аз өндірістің қалыптасуын бағалаудың көптеген экономикалық және технологиялық критерийлері бар. Минералдық шикізаттарды өңдеудің қалдықсыз үлгісінің калыптасу кезіндегі экономикалық әсер көтерме баға бойынша есептеледі, сонымен тұйықтанған шығындардың формуласы бойынша:

 

Эіц = |∑ Аij Ці + (∆Уіж + ∆Уir + ∆Уim) – (∆Сij+Сicз+Сimpp)|→max

Эіз = | Аij Зі-з + (∆Уіж + ∆Уir + ∆Уim) – (∑Зij+Зicз+Зimpp)|→max

 

Мұнда, Аij - тауарлы өнімнің j-түрінің массасы j нұсқасы бойынша қалдықсыз схеманың технологиясымен өндірілген;

Ці, Зj - тауарлы өнімнің  j түрінің тұйықтанған шығыны мен көтерме бағасына байланысты;

∆Сi, Сicз, Зi, Зicз, Зimpp - өндірісіне кеткен интегралды шығындар мен ағымдағы шығындарға байланысты ортаны қорғау шараларына і-нұсқасының қалдықтарын тасымалдау мен j-өнім түрінің қалдықсызтехнологиясын қалыптастыру;

Уіж , Уir, Уim - Қалдықсыз үлгінің і-нұсқасы бойынша газ тәрізді қалдықтар және сұйық, қатты қалдықтарға байланысты қоршаған ортаның ластану деңгейін қысқарту нәтижесінде алды алынған экономикалық зиян.

Қайсысында экономикалық әсер барынша көп болса, қалдығы аз және қалдықсыз өндірістің сол нұсқасы ең тиімді ретінде танылуы мүмкін. Дегенмен, соншалықты барлық әсерді түгелге дерлік есептей алмайсың және де таза күйінде де белгілеп бөле алмайсың.

Өндірісте тікелей көрінетін экономикалық әсердің бейта- раптандыруға байланысты шығын арасындағы үнемділік айыр- машылығын анықтайды. Қалдықсыз технология бойынша өндірістегі өнім шығындарының бастапқы табиғи шикізатын өңдеу, оны шығаруға орай пайдаланылмаған үйінді қалдықтарының ішіндегі пайдалы заттектерді алу мен бейтараптандыруға орай шығынның үнемділігі байқалады.

Табиғи ресурстарды ұдайы өндіру шыындары үнемі артып отыр және қоғамдық өндірістегі олардың үлесі де күрт өсуде. Сондықтан, ресурстарды ұдайы өндіруге кеткен шығынды үнемдеу ісі, қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті құрған кезде өте маңызды болады. Жекелеген кен орындарында барлау жұмыстарының шығындары ондаған, жүздеген млн теңгемен есептеледі. Соңғы он жылда 1 т мұнайдың қорына шыққан шығынның өсімі 2 есеге артып отыр. Сонымен, бұл дегеніңіз барланған басы артық қордың теренде жатуының өсуімен түсіндіріледі.

Соңғы жылдары тау-кен саласында да капитал сыйымдылығының өндірістегі өсімі асып түсіп отырғаны байқалады. Мәселен, өнеркәсіпте - 25%, ал отында 75% артып отыр. Тау- кен өнеркәсібіндегі қордың жарақтандырылуы нәтижесінде қордың қайтарылымына қарағанда, өндіріс анағұрлым тез арта түсуде. Бұл бағалы қазындыларды шығару пайдалылығының төмендеуіне алып келді. Сонымен мұнай шығаруда табыстылық 2,5 есеге, газ өндіруде - 3,6 есеге азайып, көмір өндіру ісі қазіргі бағада шығынды болуда. Мұнай өндіру кезіндегі қор сыйымды- лығының деңгейі өзге өнеркәсіп өндірісінің салаларымен салыстырғанда артып отыр.

Бұның барлығы кен-геологиялық ахуалдың нашарлауы, әсіресе, алынатын кеннің тереңде жатуы мен кен өндіру өнеркәсібінің нашар игерілген алыс аудандарға қоныс аударғанына байланысты болуда.

Табиғатты қорғау шараларының шығындары маңызды қымбаттау факторлары болып табылады. Табиғатты пайдалану саласындағы табиғатты қорғау шығындарының үлес салмағы барлық күрделі қаржы шығындарының 10%-тен 50%-ке дейін, ал пайдалану шығыңдары 10%-тен 20%-ке дейін өнім шығару бойынша ағымдық шығынды құрайды. Тасымалдау шығындары да қымбаттау факторына қатысты болып отыр. Атап айтқанда, әсіресе шикізат ресурстарын тасымалдау (руда. көмір, мұнай, газ) едәуір қымбаттады.

Информация о работе Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндіріс