Шығындардың ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 22:49, курсовая работа

Описание работы

Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.
Шығындардың берілген пайда болу орнында барлық шығындар жинақталатын нұсқасы кезінде, шығындарга бақылау жүйесінде бюджетті-сметалық әдісті пайдалану шындыққа жакынырақ болады.
Экономикалық әдебиет пен тәжірибеде шығындардың пайда болу орны бойынша таңдалатын шығындардың құрамын топтастырудың екі тәсілі қарастырылады:
- кәсіпорынның қызметімен байланысты тікелей және жанама шығындар;
- өнімдердің барлық түрлері үшін жалпылама сипатқа ие болатын және жекелеген өнім түрлеріне тікелей жатқызбайтын кәсіпорында туындаған жанама шығындар. Тікелей шығындар өнімдердің жекелеген түрлері бойынша есептеледі.

Файлы: 1 файл

Дипломная мунай газ есебі мен аудит.docx

— 114.16 Кб (Скачать файл)

Түгендеу кезінде  аяқталмаған өндірістің нақты барының  бухгалтерлік есептің көрсеткіштерінен алшақтығы: артығы – табыс болады, ол кіріске алынады, ал жетіспеушілігі – шығыс болады.

Тәуелсіз өндірістегі  жетіспеушілік және шығындар кінәлі адамдар табылса, солардың мойнына  ілінеді.

Аяқталмаған өндіріс  қалдығы шығындар баптарының калькуляциялық қиындысында ақшалай бағалауға (негізінен  нақтылы өндірістік өзіндік құн  бойынша) жатады. Шығарылатындарды құрайтындар  ақаудан болған шығындар (жеке және ұсақ сериялы өндірістерден басқа, егер шығын нақты бір тапсырысқа қатысты болса), өндірісті дайындау және меңгеру шығыстары, басқа да арнайы шығыстар.

Бөлшектерді дайындауға  және өнімдерді өндіруге жұмсалған  шикізаттар және материалдар құны, егер өндіріс аяқталмай қалса, онда толығымен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына енгізіледі. Өндіріс  жұмысшыларының негізгі еңбекақысы екі жолмен есептелінеді: өңдеудің сәйкес операциясы бойынша есептеудің жинақталған жиынтығынан, болмаса, сол цехтағы бөлшектерді өңдеуге есептелгеннен 50 пайыз көлемінде және оған алдыңғы цехтардағы бөлшектерді өңдеу үшін есептелген еңбекақы қосылады.

Еңбекақыдан аударылатын  аударымдар сомасы негізгі еңбекақысы белгіленген аударым пайызына көбейту  жолымен анықталады.

Аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына үстеме  шығыстардың  сәйкес үлгісі қосылады. Оларды дайын  өнім және аяқталмаған өндіріс арасында бөлу сол ұйымда қабылданған, үстеме шығыстарды тарату әдістемесі бойынша  жүзеге асырылады. Сондықтан аяқталмаған  өндіріске қатысы жоқ шығындар алдын-ала  үстеме шығыстардан шегеріледі.

Аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына енгізілетін үсиеме шығыстар: үнемдеу кезінде – нақты  өндірістік шығыстар көлемінде, ал қайта  шығын жұмсауда – жоспарда белгіленген  көлемде болады. Аяқталмаған өндірістің қалдығы үлкен болмайтын, өнеркәсіптің жеке салаларын ұйымдастыру, олардың  тікелей шығын сомасы бойынша, болмаса, шикізаттардың, негізгі материалдардың және шалафабрикаттардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

Аяқталмаған өндірісті  бағалай техникасы өндірістік шығындар есебінің қабылданған әдістеріне (шалафабрикатты және шалафабрикатсыз) байланысты болады.  Шалафабрикатсыз вариантта ол нормативтік  калькуляция немесе технологиялық  карта негізінде жүзеге асырылады. Мұнда бөлшектерді (бұйымдар) белгіленген  шығын баптары бойынша дайындау шығындарындағы әрбір цехтық қатысу үлесі есепке алынады.

Аяқталмаған өндірісті  бағалау ондағы нақты бөлшектер  негізінде әрбір цех бойынша  жүргізіледі. Цехтар бойынша аяқталмаған  өндіріс қалдығының өзіндік құны жөніндегі көрсеткіштер тұтас ұйым бойынша жинақталады. Олар жалпы  ұйымдар бойынша аяқталмаған  өндіріс шығындарын және олардың  әрбір цехындағы үлестік қатысуын көрсетеді.

Шалафабрикатты  вариантта бөлшектерді бағалау  цехтар бойынша жүргізіледі.

Аяқталмаған өндіріс  қалдығы есепті кезеңнің соңында  өндірістік шоттардың кредитінен «Негізгі өндіріс», «Меншікті өндірістің шалафабрикаттары», «Көмекші өндіріс» шоттарының дебетіне апарылады.

Өндірістегі шығындардың  жиынтық есебі. Дайын өнімдердің және аяқталмаған өндірістердің  және өнімдердің өзіндік құнын есептеу  арасында барлық өндіріс шығындарын тарату үшін барлық шығындарды қосу керек. Шығындарды бұлай жинау өндірістегі  шығындардың жиынтық есебі деп  аталады. Жоғарыда айтылғандай, егер жеке және ұсақ сериялы өндірістерде калькуляция  және есеп объектісі –өнімнің жеке түрлері болып табылса, ал жаппай және ірі сериялы өндірістерде калькуляция  объектісі тек ғана дайын өнім болуы мүмкін, снымен бірге әр түрлі  бұйым түрлерін жинақтау үшін немесе бөлшектеп сыртқа сатуда пайдаланылатын шалафабрикатты. Сондықтан жиынтық  есеп шалафабрикатты және шалафабрикатсыз  вариантта жүзеге асырылуы мүмкін.

 

2.4 Көмекші өндірістердің есебі

 

Негізгі өндіріс тұтынатын  өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Көмекші өндіріс - негізгі өндірісті энергиямен, құралдармен, ыдыстармен, жөңдеу жұмыстарымен, көлік құралдарымен және басқа қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге арналған өндіріс ұйымының басқа бөлімшелері.

 Көмекші өндірістің  шығындарын есептеуге 8310 шоты арналған және ол "Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан  алып жазылады.

Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын ңоменклатурасы өндірістік күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектестігі  немесе біртектес еместігі көмекші  өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік  құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.

Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен  тығыз байланыста болады және тұрақты  түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.

Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу үшін автомашинамен  тасымалданатын жүктің өзіндік құнын  білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық, не есептік өзіндік құн бойынша (немесе өткен айдағы қызмет керсетудің құны бойынша) есептелінеді. Математикалык әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі кеңінен пайдаланылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сондықтан онда қалдық қалмайды.

Тек жөндеу-механикалық пен аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бүндай қалдықтарды есептік кезеңнің соңында өндірістік (басқарушылық)бухгалтериядан  қаржылық бухгалтериясына беріледі, ол кезде 1340 - "Аяқталмаған өндіріс" шоты дебеттеледі де, 8310 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі — бұл операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудін көмекші өндірісіне жатқызылады.

Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік (басқарушылық) бухгалтерияға беріледі, ол кезде  8310 - "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеліп, 1340 - "Аяқталмаған өндіріс" шоты кредиттеледі.

Көмекші өндірістің көрсеткен  кызметін және аткарған жұмысын тұтынушылар  бойынша тарату үшін "Көмекші  өндірістің көрсеткен қызметін тарату" деп аталатын талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір көмекші цехтардың  жиынтық шығыңдары, өндірілген өнімнің  саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша — будың тоннасы, компрестік қондырғы - қысылған ауаның куба метрі, электростанция — киловатт/сағаты, автотранспорт - тонна/километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықтадады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынғандарға таратады.

Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің көрсеткіштері  бойынша немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды.

"Көмекші өндіріс қызметін  таратудың" талдамалық кестесі  үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің және көмекші өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есептелініп  шығарылады және олардың жоспарлы өзіндік құны келтіріледі, Қабылданған және көрсетілген қарама-қарсы кызметтердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың кұны көрсетіліп, өнімнің, жұмыстармен көрсетілетін қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады.

Екінші бөлімнің деректері  "Цех шығындарының" негізінде ведомосқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 8310 шоты кредиттеледі.

Үшінші бөлімде көрсетілген  қызметтің жабдықтаушысы болып  саналмайтын бөлімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.

Көмекші өндірістің есебін ұйымдастыру олардың түрлеріне  және олардың орындайтын функцияларына, технологиялық процестің сипатына, өндірілетін өнімдерге, өндіріс  көлеміне және басқарудың ұйымдастыру  түріне байланысты болады. Көмекші  өндіріс түрлері мен орындайтын функциялары бойынша келесідей  топтарға бөлінеді:

  • инструменталды, аспапты (құралдарды, құрылғыларды жасау мөрлерді, модельдерді жөңдеу және қайта қалпына келтіру);
  • жөндейтін (негізгі құралдарды, жабдықтарды монтаждау жөңдеу және модернизациялау, қосалқы бөлшектерді дайындау және қалпына келтіру);
  • энергетикалық (энергетика, жылу және басқа энергия өндірісі және оларды бөлу, сумен қамтамасыз ету, су көздерін ашу, желдету, монтаждау, жөндеу және электр желісіне қызмет көрсету.)
  • транспорттық (тиеу-түсіру және транспорттық жұмыстар, көлік құралдарын жөндеу және оларға қызмет көрсету);
  • ыдыстық (ыдыс өндірісі және оларды жөндеу);
  • шаруашылықтың қызмет көрсетуі (өндіріс аумағын және ғимараттарын тазалау, арнайы киімдерін жуу және жөндеу және т.б.).

Технологиялық процестің  қызметіне байланысты көмекші өндіріс  мынандай топтарға бөлінеді:

  • жеке (стандартты емес жабдықтардағы өте сирек болатын инструменталды жабдықтарды жеке тапсырыс бойынша дайындау; негізгі құралдардың жеке объектілерін жөндеу және модернизациялау);
  • сериялық (қосалқы бөлшектерді, инструменттерді және басқалардың сериясын дайындау);
  • массалық (энергияны өндіру және бөліп тарату, транспорттық, тиеу-түсіру жұмыстары және т.б).

Біркелкі өнімдер  шығару бойынша көмекші өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Шалафабрикаттар мен аяқталмаған өндірісі жоқ, үнемі  күрделі емес біркелкі өнімдер (энергетикалық, транспорттық, шаруашылық қызмет көрсету) өндірумен айналысатын өндіріс қарапайым  болып табылады.

Ал, шалафабрикаттар  мен аяқталмаған өндірісі (инструменттік, жөндеу, механикалық ыдыстық) бар, әр түрлі өнімдерді шығарумен айналысатын  өндіріс күрделі болады.

Шығаратын өнімнің (жұмыс, қызмет) көлеміне байланысты көмекші  өндіріс ірі және ұсақ болуы мүмкін.

Көмекші өндіріс  шығындарының есебі типтік шоттар жоспарының 8310 «Көмекші өндіріс» кіші бөлімінде  көмекші өндірістің түрлері бойынша  активті шоттарда жүргізіледі.

8310- "Көмекші өндірістер (қорытушы шот)";

8311- "Материалдар";

8312- "Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу";

8313- "Енбекақыдаң қаржы бөлу";

8314- Үстеме шығындар

8311 «Материалдар»  шотының дебеті бойынша көмекші  өндірістерде технологиялық мақсаттарға  жұмсалған материалдық құндылықтардың (нақты өзіндік құны көрсетілсе  материалдар, отын, энергия, атып  алынған өнімнің және шалафабрикаттың  құны, арнайы ұйымдардың қызметі  және басқалары) ал бұл шотпен  корреспонденцияланатын шоттар, типтік  шоттар жоспарындағы 1310-1350 «Қорлар»  шоттары.

8312 «Еңбек ақы»  шотының дебеті бойынша көмекші  өндіріс жұмысшыларының негізгі  және қосымша еңбекақылары, ал  кредитінде 3350 «Еңбек ақы төлеу  бойынша қысқа мерзімді берешек»  шоты көрсетіледі.

Көмекші өндіріс  шығындарының есебі калькуляциялық шығын баптары және цехтар бойынша  жеке ведомостарда жүргізіледі. Қарапайым, біртекті өнімдерді өндіретін көмекші  өндірістерде шығын есебі, аналитикалық бөлімшелерге бөлінбей, шығын баптары  бойынша жүргізіледі.

Күрделі көмекші  өндірісте де шығындар мен өнімнің  өзіндік құны калькуляциялау есебі  тапсырыстық тәсілімен ұйымдастырылады.

Көмекші өндірістерде өнімдерді шығару және қызмет көрсетудегі  негізгі, бастапқы құжаттарға мыналар  жатады: құралдарды, құрылғыларды, қосалқы  бөлшектерді, ыдыстарды беру накладнойы, күрделі жөндеуден өткен, модернизацияланған және қайта құрылған объектілерді қабылдау-тапсыру  актісі; автотранспорт жұмысшыларының жол қағаздары, көлікке жүк тиейтін  жұмысшылардың есеп ведомостары  және т.б.

Кәсіпорынның  өзінде өндірілген және сырттан алынған  жылудың, энергияның түрлері, суық су және басқаларды тұтынушыларға босату, өлшеу  аспаптарының көрсетілуі бойынша жүргізіледі, ал олардың жоқ болуы, жабдықтардың қуаттылығы және оның жұмысының ұзақтығына байланысты есептеу жолымен анықталады.

Өлшеу аспаптарының көрсеткіштері немесе бөлімшенің  бас энергетигінің (энергетиктік) есептеуі  бойынша натуралды көріністе  тұтынушылар бойынша энергетикалық  ресурстарды бөліп-тарату ведомосы жасалады. Мұнда, сонымен бірге олардың  қандай мақсаттарға жұмсалғаны көрсетіледі: технологиялық, жабдықты қозғалысқа келтіру, жалпы өндірістік және басқалар.

Информация о работе Шығындардың ұғымы