Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2014 в 15:59, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда кәсіпорынды басқарудың ғылыми тәсілін дамыту қажеттілігі туындап, ақпараттық жүйелер кеңінен дамып, бухгалтерлік есеп және аудит мәліметтеріне талап күшеюде. Соның ішінде өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясына басты назар аударылуда. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмысында аталған учаскелердің бухгалтерлік есеп жүйесінде "басқару есебі" деп бөлінуі жай емес.

Содержание работы

1 Шығындар есебінің негізі.
1.1. Шығындар есебінің жалпы сипаттамасы.
1.2. Өндірістік шығындардың жіктелуі.
1.3. Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру.


2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
2.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы ролі.
2.2. Калькуляциялаудың принциптері және оның объектісі.
2.3. Калькуляциялаудың әдістері.

Файлы: 1 файл

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.docx

— 168.48 Кб (Скачать файл)

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің)өзіндік құнын калкуляциялауды шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде жалпы шығарылған барлық өнімнің өзіндік құны есептелінеді, екіншісінде - әрбір өнім бойынша нақты өзіндік құны (немесе «шығындарды тарату») , үшіншіде - өнім (орындалған жұмыс не көрсетілген қызметтің)  бірлігінің өзіндік құны. Осыдан «өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау,- деді Ф.П.Васин – ол жалпы шаруашылық субьектісі бойынша да , өнымның түрлері мен оның бірліктері бойынша да өндіріспен және оны сатуға байланысты шығындарды есептеп шығару» деп түсінджіреді.

Шын мәнінде калькуляциялау процесі күрделі болып табылады шығындардың есеп процесімен алмасады. Осыдан келіп, шығындар есебі мен өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің бөлінбейтіндігін  және ажыратылмайтындығын айтуға болады. Бірінші кезекте негізгі өндірістің шығындары таратылады, содан соң көмекші өндірістің өнімдері калькуляцияланады. Бұл кезеңде калькуляциялау қиындай түседі, өйткені өзара көрсеткен қызметтерді ескере отырып есептеу қажет.

Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау негізгі өндірісте де алмасуы мүмкін. Мысалы қайта өңдеу (попередельный) әдісі жағдайында алдымен бірінші бөліністе (өңделеді) жартылай фабрикаттардың өзіндік құны калькуляцияланады, сосын бұл екінші бөліністің шығындарына жатқызылып, біріншісінің есебі шығарылады және осыдан кейін екінші бөліністе жартылай фабрикаттардың өзіндік құны калькуляциялануы мүмкін.

  Сайып келгенде, калькуляция  шығындарды топтастыру мен құжаттаудан  басталады, бұл кезде өндірістік  есептің мәліметтері қолданылады, сосын алынған өнімнің саны (көлемі, мөлшері), содан соң ғана өнімді  нақтылы өзіндік құны бойынша  бағалау аяқталады. Яғни калькуляциялаудың  өндірістік шығындар есебімен  тығыз байлансыта болатыны алдын-ала  анықталып қойылған шаралары  бойынша жүргізіледі.

Сөйтіп, калькуляциялаудың түпкі нәтижесі калькуляцияны жасау болып табылады. Калькуляциялау мақсаттарына байланысты халықаралық тәжірибеде : сметалық, нақты (қорытынды) және жоспарлы калькуляция болып бөлінеді.

Сметалық калькуляция тапсырысты алғанға дейін және өндірісті бастамай тұрып жасалады. Бұл шығындарды бағалау көрсеткіштерімен  немесе жоспарлаудың негізінде жасалынады. Алдын-ала калькуляциялау әрқашанда клиенттердің сұранысы  бойынша немесе жекелеген тапсырмалар бойынша жасалады. Бірлік және жалпы тапсырыстар (позаказной) әдәсәмен жұмыс істейтін өндірістерде сметалық калькуляциясы ұсыныс бағаларын анықтау үшін, сондай-ақ тапсырысты қабылдау немесе бас тарту  туралы шешімдер үшін қажет. Келісім-шарттар бойынша тиісті дайындықтар жасау үшін, яғни жиыфнтық шығындарсыз – ақ  өзіндік құнның сметалық шегін анықтауғы және оның негізінде бағаның төменгі шегін есептеуге болады.

  Қорытында калькуляциясы  негізінен өндіріс процесі аяқталған  соң жасалады және онда өнім (тапсырыс) бірлігіне келетін барлық  нақты шығындар көрсетіледі. Бірлі  – жарым жеке тапсырысты әдісімен  жұмыс істейтін өндірістерде  қорытынды калькуляциясы сметалық  пен орындаудан алынатын табысты  анықтау үшін қажет. Одан басқа  қорытынды калькуляциясының ақпараттары  – болашықта ұқсас тапсырыстар  бойынша  сметаларды жасау үшін  нысана ретінде пайдаланылады.

Жоспарлы калькуляция аясында белгілі-бір жоспарлы кезеңде өнім бірлігінің шығындарын есептеуге  нақты (тура) келетіндер алдын-ала есептелінеді. Қажетті ақпараттар ШС –дегі жоспарлы шығындар жүйесінің есебінен алынады. Калькуляциялауға жататын  барлық шығындардың мәліметтері: өнімнің спецификациясы, қажет материалдар саны (көлемі, мөлшері) , технологиялық процестердің  графигі және т.б. жоспарлы кезең басталғанша белгілі болуы қажет. Сондықтан жоспарлы калькуляцияны жасау стандартты, сериялық өндірісте іске асырылады.  Бірлі –жарым тапсырыс бойынша жұмыс істейтін өндірісте мұндай калькуляциялар қолданылмайды, өйткені қажетті мәліметтер белгілі-бір жоспарлы кезеңге емес, жекелеген тапсырыстың әрқайсысына беріледі. Осыдан келіп, сметалық калькуляцияның жоспарлыдан айырмашылығы көрінеді.

  Жекелеген тапсырыстың  сметалық калькуляциясы белгілі-бір  кезге жасалады, ал жоспарлы калькуляцияда  белгілі-бір кезеңде стандартты  өнім бірлігіне сәйкес келетін  шығындарды есептейді. Жоспарлы  калькуляция мәліметтері бойынша  мезгіл ішінде нақты және жоспарлы  көрсеткіштер арасындағы айырмашылықты  өнім бірлігіне тарату жолымен  шығындардың қорытынды калькуляциясы  әрбір өнім түрлеріне жасалынады.

  Сөйтіп, өзіндік құнды  калькуляциялау өндіріс шығындарын  шоғырландыру мен оларды дайын  өнімге жатқызуды көрсетеді.

 

 

 

2.2. Калькуляциялаудың принциптері және оның обьектісі.

  «Триумф - Ач» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі қолданымдағы  Қазақстан Республикасы Азаматтық  Кодексіне (жалпы бөлім) және 22 сәуір 1998 жылғы «Жауапкершілігі шектеулі  және қосымша жауапкершілігі  бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде коммерциялық қызметтен табыс алу үшін ұйымдастырылады.

  «Триумф-Ач» жұмысшыларының  саны елуден аспайтын және  бір жалпы активтерінің құны 60 мың рет есептелген көрсеткіштен  аспайтын шағын кәсіпкерлік субьектісі  болып табылады.

       Серіктестіктің  құрылтайшылары:

  1. ҚР азаматы – Ахметова Нафиса Алтынбековна жеке куәлік № 011554433, ҚР ІШ-де 09.10.2000 ж. Берілген. Тұратын жері: Қазақстан Республикасы, Жамбыл ауданы, Тараз қаласы, Ташкентская көшесі 324.

  1. Ресей Федерациясының азаматы – Чжен Владимир Васильевич паспорт ҮІІ-4-С №702986. Андижан облысы, Бозск акиматының ішкі істер бөлімінен 1993 ж. 16.07. берілген. Тұратын жері: Ресей Федерациясы, Владимирская облысы, Локомотивная көшесі, 1-а үй.

Серіктестіктің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 273 үй, 52 пәтер. «Триумф-Ач» өзінің аты жазылған дөңгелек мөрі мен бұрыштама белгісі бар.

«Триумф-Ач» мақсаты: Қазақстан Республикасы нарығын тауарлармен және қызмет көрсетумен толықтыру және пайда табу.

Серіктестік қызметінің негізгі түрі:

  • Көтерме және бөлшек сауда.

  • Делдалдық сауда қызмет.

  • Жалпы коммерциялық қызмет.

  • Халық тұтынатын тауарларды өндіру, сатып алу, сақтау және сату.

  • Коммерциялық сауда нүктелерін ашу, сондай-ақ делдалдық сауданы ұйымдастыру.

  • Заңдарға сәйкес келетін сыртқы экономикалық қызмет.

  • Халық тұтынатын тауарлар және тамақ өнімдерін өндіру және сату.

  • ҚР заңдарында тиым салынған қызметпен: ойын және шоу бизнеспен айналысуға құқығы жоқ.

Өзіндік құнның тапсырысты калькуляциясы – өнімді арнайы тапсырыс бойынша орындау немесе уникальды (өте сирек) өнімді даярлау кезінде қолданылатын және өнімнің бірлігінің орташа емес, тек қана дербес (индивидуальды) өнім бірлігінің өзіндік құны туралы ақпаратты беретін әдіс. Шығындардың бұл тәсілінде өндірістік материалдар (1), өндірістегі жұмысшылардың еңбекақылары (2), жалпыөндірістік (жанама) шығыстар (3) әрбір индивидуалды тапсырысқа (П) немесе өнімнің партиясына (І) жатқызылады. / (1+2+3) – П (І) /. Бұйымның өзіндік құнын анықтау кезінде  әрбір тапсырысқа жұмсалған жалпыөндірістік шығыстарын осы тапсырыс бойынша дайындалған өнім бірлігінің санына бөледі.

   Осы тәсілдің кейбір  ерекшеліктері:

  • Барлық шығарылған шығындар туралы мәліметтерді шоғырландырып және оларды жеке жұмыс түрлері мен дайын өнім партияларына жатқызу;

  • Уақыт аралығындағы емес, аяқталған әрбір партия бойынша шығындарды шоғырландыру;

  • Тек бір ғана шоттарды жүргізу «аяқталмаған өндіріс» (батыс есебінде барлық өндірістік шығындарды жинақтау «аяқталмаған өндіріс» шотында көрсетіледі.) Осы шот өндірістегі әрбір тапсырыс бойынша  шығындар есебінің жекелеген карточкаларын енгізуді ұғындырады.

Тапсырыс бойынша шығындар калькуляциясы (немесе шығындардың тапсырысты калькуляциясы) өте жай процедура болып табылады, өйткені ол нақты физикалық өндірістік процеспен салыстыруға болады. Бірақ, тапсырыстар бойынша  шығындар калькуляциясы процестері бойынша шығындар калькуляциясына қарағанда мәліметтерді өңдеу, нәтижелерді салыстыру және бақылау бойынша жұмыстарының едәуір үлкен көлемін талап етеді.

Шығындардың тапсырысты  калькуляциясын мынадай әр түрлі өндірістік жүйелерде кең түрде қолдануға болады, мысалы:

  • Автокөліктерді жөндеу шеберханаларында;

  • Тапсырыс бойынша жиһаз өндіруде;

  • Кітаптар шығаратын басылымдық, өндірістік процестерде;

  • Химиялық өнімдерді өндіруде.

Бұл барлық келтірілген процестерді дискретті жұмыс деп санауға болады, өйткені олар уақыт диапазонымен реттелген, себебі басталуы мен аяқталуы белгіленіп қойылған. Осыдан әр түрлі өндірістік жүйелерде қолданылатын жоспарлы-есептік бірлігіне басты назар аударады, ал ол өнімді шығаруға кететін шығындарды топтастыру мен локализациялау арқылы анықталады.

  Тапсырыстар бойынша  шығындарды калькуляциялаудың басты  тетігі (құжаты) болып, белгілі бір  өндірісте немесе көмекші қызметтерде  орындалатын міндеттер немесе  әрбір жұмыс түрі үшін арналған  карточкасы (немесе тапсырысты ашу, наряд-тапсырыс) саналады. Жұмыс карточкасына  белгілі бір жұмыстарға жатқызылатын  шығындардың барлық элементтері  жазылады: запастан (қордан) алынған  материалдар, пайдаланылған жұмыс  күштері, басқа топтардың жұмыстары  және көп жағдайда машиналар  мен басқа да тұрақты құрал-жабдықтары  пайдылынуға кеткен тұрақты шығындар. Жұмыс карточкалары  толтырылғаннан  кейін олар жалпы жұмыстық  кестеге жиналады, онда оның әрбір  құн бойынша жасалған шығындардың  әр түрлі элементтері ажыратылып  беріледі.

  Сонымен кез-келген  өндірістік жүйеде белгілі бір  физикалық нүкте жүйесі бар, олар  арқылы ресурстар жүйеге келіп  түседі.  Шығындарды  калькуляциялау  кезінде бұл нүктелер «шығындар  орталығы» деп аталады. Дегенмен  де бұл қызмет (іс-әрекет)  әрқашан  табыс әкелмесе де, ол міндетті  түрде анықталуы және тіркелуі  тиіс, демек шығындарды талап  етеді.

  Кәсіпорынның қаржылық  қызметін жоспарлау міндетті  түрде шығындардың негізгі элементтерін  атап айтсақ: материалдарды, жұмыс  күшін, ғылыми және техникалық  білімін, бухгалтерлік қабілетін, әр  түрлі айнымалы мен тұрақты  шығындарын енгізеді. Мұндай шығындардың  жиынтығы жекелеген шығын элементтерін  біріктіру нәтижесінде пайда  болады  (материалдардың белгілі  бір күндерінің шығындары, жұмыс  күшінің  біліктілік деңгейі және  т.б.) және олар ШС ішіндегі  әр түрлі шығын орталықтарында  жұмсалады.

   Шығындардың осы  типін суреттеуде үлкен бір  автокөлік жөндеу шеберханасының  қызметін қарастырамыз.

   Автокөлік шеберханаға  келіп түскенде оған бірнеше  данада қажетті құжаттар толтырылады. Осы толтырылған құжаттардың  бір бөлігі жабдықтаушының счет-фактурасы  болады, ал екінші бөлігі жұмыстардың

дың калькуляциялық карточкасы ретінде қолданылады. Автокөлік автоматтандырылған жұмыс орнына келіп түссе, механик қажетті диагностикалық тексерулерді орындайды, сосын  жөндеуді немесе техникалық қызмет көрсетуді бастайды. Осы жұмыстарды орындау барысында механик қажетті қосалқы бөлшектерді, майлау материалдарын және т.б. заттарды алады. Әрбір алынған запастарға екі жазу қарастырылады.

  • Қорлар (запастар ) карточкасына кредиттік жазулар жазылады, онда осы субьектінің қорлар есебінің жүйесімен анықталып алынған қосалқы материалдар мен басқа да нақты деректер көрсетіледі.

  • Жұмыс карточкасына тиісті жазулар жазылады, онда осы жұмыс барысында қолданылған элементтер саны көрсетіледі (сөйтіп сәйкесінше  дебеттік жазулар алынады).

Демек, инженердің осы жұмысқа жіберген уақыты да екі жазу түрінде: біреуі — оның күнделікті жұмыс карточкасына, екіншісі — белгілі бір жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс карточкасында көрсетіледі.

  Шығындардың тапсырысты  калькуляциялау процедурасы жұмыс  карточкаларындағы жазуларға негізделеді. Қазіргі кездегі есептік жүйеде  шығындар элементтерін де, жұмыс  карточкаларын да кодтауға болады  және шығындарды талдаудың компьютерлендірілген  жүйесіне енгізуге болады —  яғни тиісті автоматтандырылған  жұмыс орындарында тікелей бекітілген  компьбтер терминалы арқылы да  іске асырылуы мүмкін.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау