Ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және аудит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 21:37, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкескелуін қамтамасыз етеді.

Содержание работы

Кіріспе
3
1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
5
1.1 Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қазметі
5
1.2 Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
10
1.3 Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу
14
2. Ұйымдарда аудит өткізуді ұйымдастыру
16
2.1 Аудит туралы түсінік
16
2.2 Аудиттің негізгі құрамдары.
19
2.3 Аудиттің негізгі принціптері
20
2.4 Аудит және тексеру
22
Қорытынды
25
Қолданылған әдебиеттер тізімі
27

Файлы: 1 файл

Ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және аудит.doc

— 201.50 Кб (Скачать файл)

 

Аудит   екшқашанда    белгілі   бір   сыңар  жақ    мақсатымен    жүргізілмейді    және    өзінің   алдына   клиеиенке    зиян   келтіру     мақсатымен   негативті   материалды    жинау    және   толтыру    міндетін      қоймайды. Ал   ревизия     көп  жағдайда   сыңар  жақ    бағытта    болып   өзінің  алдына   ұнамсыз   тұлғаларға  қатысты,  оның  беделін  түсіретін  материалдар  жинауы   міндет   етіп   қояды.   Тексеруге (орынан   дабыл)  деп  аталған   сылтау   болады,  яғни  қарапайым  тілмен   айтқанда   кәсіпорын   басшылығының   сыртынан  сөз  тасу   немесе  жоғары  тұрған  ұйымдарға    жеткіліксіз  силамшылық   сылтау   болады.   Болашақ    қаралаушы  бола   отырып,  ол  өзіне  тән  қылықтармен     айыптаушы болады . Кейбір  аса ақылды   емес  тексерушілер  өзінің   түрімен   және  мінез-құлқымен   тексерушіліге   көбірек   қорқыныш   ұялатуға   тырысады;  талап етпей керіліп,  минут   сайын есеп  жұмыстарын   олардың   ағымдағы  жұмысынан   аландаттырады.  Мұндай  тексерудің  салдарымен   аудиторлар  әлі де   соқтығысуда,  есеп  жұмысшыларының   көздерінде  тексерушінің     алдындағы   қорқыныш    ұялап    тұрады.

Аудитордың   тексерушіден  ерекшелігі   тексерушінің  тексерілумен  серіктестік  қалпына  тән.  Мұнан   өзге,  оның  жұмысында  көп   орынды   клиентке        коммерциалық  қызыметтің   түрлі  қиын   сұрақтарына  жауап  табуға  кеңес  беру  қызыметі   алады. Ол  клиентке  кеңес  беріп  көмектесуі  қажет. Аудитордың  тексерушіден    өзгешелігін түсіндіре отырып  аудиторды   адвакатпен, тексерушіні кінәләушімен  салыстыруға болады.

Қазіргі  кезде   елімізде   аудитор  мамандығының  қалыптасуы  жүріп  жатыр. Былаиша  айтқанда, барлығын  нөлден  бастауға  тура   келеді. Тексерушілердің   бар  қадірлері  кейбір белгілер   бойынша   аудитор  мамандығына  қойылатын   талаптарға  сәйкес  келмеуі  мүмкін. Мәселе  олардың  кәсіпорындарының  өндірістік  - шаруашылық   қызметін  қатаң  реттейтін  және  жауапты  басқарушылық  шешімдерді  өз  бетінше қабылдауға  жол бермеитін әкімшілік -конандалық  жүйе  жағдайында  қалыптасуына да.  Сондықтан, кәсіби  тексерушілер  аудиторлық  жұмысқа ауыса отырып  қалыптас-қан әдет   бойынша тексерушілік   кінәлаушылық   көзқарастан арыла алмай келеді . Сондықтан, дәстүрлі  тексерушінің  ойлау  пікірі  аудиторларға   тіпті  сай  келмейді. Аудитор,  бірінші  кезекте  тексерілетін  кәсіпорынға  ақыл-кеңес  беруші,  көмекшісі, анықталған   кемшіліктерді  қалай  жоюды  үйретіп  және  комерциялық  жақсарту  үшін  не  істеуі  керектігін  айтушы  тұлға. Өзінің  орындауға  керекті  кеңесін, тілектерін  ресми  түрде  емес,  барынша  биязы  түрде   жеткізіледі . Әрине, кәсіпорындардың  аудиторлық  ұсыныстарын  есепке  алуы  да  алмауы  да  мүмкін. 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен  оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда  бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.

Нарықтық қатынастар жағдайында құжаттарға жазылған кейбір маңызды экономикалық ақпараттарды бәсекелестердің пайдаланып кетпеуі  үшін оны құпия сақтау керек. Маңызы жағынан аса жоғары дәрежедегі ақпараттарды құпия сақтау үшін құжаттар қозғалысының айрықшы айналымын жасап, құжат жасаушы міндетті адамдарды арнайы нұсқаудан өткізіп, бұларды материалды жағынан ынталандыру шаралары белгіленгені жөн. Құжат жасауға байланысты адамдар ақпараттардың ұрланып немесе сатылып кетпеуін қамтамасыз етуге міндетті. Ұйым бухгалтерлері мен басшылары арасында жасалған келісім-шартта осы ұйымның коммерциялық құпиясын сақтау жөнінде бухгалтерлерден жазба түрде міндеттеме талап етіліп, құпия сақталатын құжаттар тізімін белгілеу шаралары іске асырылып отыруы керек.

Ұйымдардағы бухгалтерлік есепті компъютерлік технологиямен жүргізілуіне байланысты ақпараттар құпиясын сақтау мақсатында компъютерге басқалардың кірмеуі керек. Компъютерлік ақпараттарға бөлек адамдардың кірмеуі үшін арнайы кіліттер, парольдер (атқарушының дауыс ерекшелігі, саусағының таңбасы) қолданылуы керек. Ақпараттар құпиясын сақтау барысында шаруашылық операцияларын компъютерге енгізу алдында бұларды арнайы шифрлармен белгілеп, шығару кезінде шифрларды жою керек.

Сонымен ұйымдарда жасалынатын  құжаттардың коммерциялық құпиясын сақтау үшін компъютерлік арнайы бағдарлама құрылады. Мұндай бағдарлама ұйым экономикасының қауыпсіздігін қамтамасыз етеді. Коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз ету шараларына ақпараттар ағынын тексеру мен пайдаланушылардың тізімін арнайы категория мен уәкілдік етуші топтарға бөлу керек. Ұйым басшысы мен бас бухгалтері ақпараттар жүйесіне кірушілер мен уәкілдік етушілердің қыэметін тексеріп, қажет болған жағдайда шектеу шараларын белгілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

   

  1. Әбдіғали Әбдіманапов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері». Халықаралық стандарт.  Алматы-2006 жыл.
  2. Баймұханова С. Б., Балапанова Ә. Ж. «Бухгалтерлік есеп».- Алматы: Қазақ университеті, 2002.
  3. Баймұханова С.Б. «Шаруашылық субъектілердің бухгалтерлік есебі». – Алматы: Бағалы қағаздар, 2002 жыл.            
  4. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003г.). – А. : Ержанов и К, 2003.
  5. Қ.К. Кеулімжаев, Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері». Алматы «Экономика» - 2006 жыл.
  6. ҚР-ның “Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі” туралы заңы. 24. 06. 2002.
  7. ҚР-ның Қаржы министрлігінің 18. 09. 2002 жылғы №438 бұйрығымен (ҚР Қаржы министрлігінің өзгертулер енгізілген 21.10.2003 жылғы № 372 бұйрығымен) бекітілген Бухгалтерлік есеп типтік шот жоспары.
  8. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии.- А. : Центраудит- Казахстан 2002.
  9. С.Б. Баймұханова,  Ә.Ж. Балапанов. «Бухгалтерлік есеп».  Алматы-2001 жыл.
  10. Сәтмырзаев  Асан  Абдасбекұлы,  Уқашев  Бақыт  Еркінбекұлы. «Аудит  теориясы»  оқу  құралы – Алматы  Р.Б.К  2000ж-145 бет.
  11. Сәтмырзаев  Асан  Абдасбекұлы,  Уқашев  Бақыт  Еркінбекұлы. «Аудит  теориясы»  оқу  құралы. Ұлағат университеті,  Алматы                                      1998жыл-155 бет.

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және аудит