Қаржылық есепті құру және ұсыну

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 22:46, реферат

Описание работы

Қаржылық есеп беру - өткен кезең жұмыстарының нәтижелері мен шарттарын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі болып табылады. Негізінен, бұл белгілі бір кезеңдегі шаруашылық қызметінің, оның бөлімшелерінің нәтижелері мен жағдайы туралы жиынтық мәліметтер беретін ағымдағы есептің қысқаша үзіндісі болып табылатын есептік жазбалардың ерекше түрі.
Қаржылық есеп беру (financal reporting) ұйымның қаржылық жағдайымен жасалаған операциялардың реттелген сипаттамасы. Оның негізгі мақсаты – экономикалық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушылардың үлкен тобына ақпарат ұсыну.

Файлы: 1 файл

Қаржылық есепті құру және ұсыну.doc

— 50.50 Кб (Скачать файл)

Қаржылық есепті құру және ұсыну

 

Қаржылық есеп беру - өткен кезең жұмыстарының нәтижелері мен шарттарын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі болып табылады. Негізінен, бұл белгілі бір кезеңдегі шаруашылық қызметінің, оның бөлімшелерінің нәтижелері мен жағдайы туралы жиынтық мәліметтер беретін ағымдағы есептің қысқаша үзіндісі болып табылатын есептік жазбалардың ерекше түрі.

Қаржылық есеп беру (financal reporting) ұйымның қаржылық жағдайымен жасалаған операциялардың реттелген сипаттамасы. Оның негізгі мақсаты – экономикалық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушылардың үлкен тобына ақпарат ұсыну.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабында берілген анықтамасы бойынша қаржылық есептілік кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қаржылық жағдайындағы қызмет нәтижелері мен өзгерістері туралы ақпарат болып табылады. Мемлекеттік мекемелердің есептілігін қоспағанда қаржылық есептілікке келесілер кіреді:

1)бухгалтерлік баланс;

2)кірістер шығыстар туралы есеп;

3)ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;

4)капиталдағы өзгеріс туралы  есеп;

5)анықтамалық хаттама; түсіндерме жазба;

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңды жүзеге асыру

мақсатында қаржылық ұйымдардан басқа  ұйымдарды жұрт назарына ұсыну мақсатымен жариялымдарын жарыққа шығару үшін 2007 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасы Қалжы министірінің №184 бұйрығымен жылдық қаржылық есептілік формаларының тізімі бекітіледі.

Қаржылық есептілік келесі тұтынушыларға  ұсынылған («Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 19-бабы):

─Құрылтайшыларға, құрылтайшылық  құжаттарына сәйкес

─Қазақстан Республикасының мемлекеттік  статистика мекемелеріне, Қазақстан  Республикасының статистика мекемелерінде  тіркелу орнына байланысты

─ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау мекемелеріне, олардың компетенциясына сәйкес.

Қаржылық есептілік Қазақстан  Республикасының ұлттық валютасында, есептік

жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен  кешіктірмей ұсынылады.

Есептілік жасау алдында «Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелеріне» сәйкес (2007 жылғы 22 маусымдағы ҚР-сы қаржы министірінің № 221 бұйрығы), мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін субъектілер мүліктері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргезу міндетті.

Есеп беру кезеңіндегі түгендеу үрдісінің саны, оның жасалған күні, мүлік тізімі, әрбір түгендеу субъектімен жүзеге асырылады және қажетті деп саналатын уақытта міндетті түрде жүргізіледі:

● материалды жауапты тұлғалардың  ауысуы кезінде (жұмысты қабылдау-өткізу кезінде);

● ұрлау немесе қиянатшылық және басқа да құндылықтарға зиян келтірілген жағдайда міндетті түрде түгендеу жасалынады;

● өрт немесе табиғи апаттар, авария басқа да төтеншене жағдайларда, экстремалды жағдайларда, осындай жағдайлар аяқталғаннан кейін жүргізіледі;

● қаржылық есеп берудің алдында, бірақ қараша айынан ерте емес уақытта;

● субъектінің мүлігін жалға  бергенде, сатып алу, сату, сонымен  қатар, шаруашылық субъектінің қайта  құрылу кезінде;

● субъектінің таратылуы (қайта құрылу) кезінде жойылу балансы (бөлу) құрылғанның алдында;

● Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарастырылған, субъектінің есептік саясатымен анықталған мерзімде, негізгі құралдармен тауарлы материалды қорларды қайта бағалау кезінде.

Аяқталмаған өндіріске түгендеу жүргізгенде, оның нақты көлемін, сонымен қатар, құрамында монтажға есеп шығарылған кезде, бірақ монтаж басталмаған құралдар болған жағдайда; құрылыс монтад жұмыстарының құрамында – жоспарда жок жұмыстарды тексеру; құрылыс тоқтатылған объектілерді және консервіленген объектілердің күйін анықтау.

Аяқталмаған толықтай жөндеу жұмыстарының түгендеу үрдісі нақты өндірістің нақтылығы, оның көлемі мен құнын орнату арқылы жүзеге асырылады.

Кассадағы ақша қаражатты түгендеу кассадағы ақшалай қаражатты санау жолымен орнатылады және қатал есеп беру бланктердің негізінде есеп жүргізу арқылы болады. Түгендеу үрдісі жекелеген «Ақшалай қаражатты түгендеу актісі» (форма Инв-10) және «Қатал есеп берудің түгендеу бланктерінің тізімдемесі» (форма Инв-9а) негізінде рәсімделеді.

Кассаны түгендеу 2007 жылдың 22 маусымында бекітілген №221 бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Кассаны, құжаттар мен қатал есеп берудің бланктерін (авиатеміржол билеттері, талондар, бензин) түгендеу, әдетте аяқ астынан жүргізіледі және тәртіпке сай кассадағы басқа да құнды заттарды санау арқылы, кассир мен бас бухгалтердің көзінше жүзеге асырылады. Түгендеу жұмысына дейін (бірнеше касса болған жағдайда) оларға мөр басылады. Кассир түгендеу үрдісі басталған кезде, кассалық есеп беруді дайындауы тиіс және кассалық кітап бойынша ақшалай қаражаттың қалдығын есептеп шығуы тиіс. Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттардың есеп беруге енгізілуі туралы және кіріске алынбаған және есептен шығарылмаған соманың жоқтығы туралы жазбаша қолхат алынады. Ақшаны санағаннан кейін кассадағы ақшалай қаражат туралы акт құрылады. Түгендеудің нәтижелері кассалық кітап бойынша бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырылады. Актіде болған бұзушылық туралы түсініктеме және түгендеу нәтижелері бойынша, субъект басшысының кейінгі шешімдер туралы қарары (резолюция) айқындалады.

Түгендеу жұмысын жүргізгенде  кассирмен толық материалдық  жауаптылық туралышарттың болуын, «Кассирде міндеттері», кассаның қажетті талаптарға сай келуін, сейф кілттері көшірмелерінің сақталу жерлерін анықтап, тексеру қажет.

Мысалы, Кассаны түгендеу кезінде 150 теңгедей артық ақша анықталды, бұл жағдайда кіріс кассалық ордер ресімделеді және ол субъект қызметінің нәтжесіне енгізіледі, ол төмендегідей рәсімделеді:

Дебет 1010 «Кассадағы ақшалай қаражат»

Кредит 6280 «Басқа да табыстар»    -150теңге

Егер түгендеу кезінде  кассада 5000 теңге жетіспей тұрса, бұл  жағдайда:

●жетіспеген сомаға шығыс  кассалық ордері рәсімделеді:

1252 шот дебеті «Жұмыскердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы (материалдық залал келтіргені үшін)»

1010 шот кредиті «Кассадағы ақшалай қаражат»-5000 теңге

Банктегі шоттар, несиелер бойынша  банкпен есеп айырысу, бюджетпен  салық бойынша, персоналдың еңбекақысын  төлеу, жабдықтаушылар мен мердігерлермен және басқа да несиегерлермен, түгендеу үрдісі бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі, осы кезде нақты қалдықтар белгілі болады және осы шоттардағы барлық сомаларды тексеруден өткізеді. Қарыздың пайда ьолу мерзімін, оның нақтылығын, рұқсатнаманың мерзімі өткен жағдайда кінәлі адамдарды табу болып табылады. Кәсіпорын барлық қарызгер мен несиегерлермен жеке шоттардың үзінді көшірмелерін айырбас жасап отыру қажет және оларды түгендеу комиссиясынаөткізулері тиіс.

3 жыл бойы өтеу мүмкіншілігін  іске асыру мақсатында, баланстан  шығындарды есептен шығарылуын  тексеру қажет. Есеп айырысуларды түгендеу, негізділік мақсатымен және дебиторлар мен кредиторлардың сомаларын қысқарту үшін, төлем тәртібіне бақылау жүргізу, отырған шарттар бойынша өзара есеп айырысуды бақылау, айыппұл санкциялары,  тұрақсыздық төлемдерге жол жол бермеу үшін, олардың төлем мерзімдерін анықтау.

Тексерілген тізім:

●есеп беруге жауапты тұлғамен есеп айырысу – Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, іссапар және өкілдік шығындардыөтеу нормалары, субъектінің кассалық операцияларын жүргізу Ережелеріне сәйкес, іссапар, өкілдік, шаруашылық шығындарына төленген ақшалай қаражаттың негізділігі мен дұрыстылығы тексеріледі. Шағын кәсіпорындарда есеп айырысуды рәсімдеу жәнеақшалай қаражаттантың берілуі «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі және есеп беруі» 24 Бухгалтерлік есеп  стандартына сай тексеріледі;

●несиені алу мен жабу бойынша банктермен есеп айырысу – растайтын түсініктеме құжаттары бар, жинақтау, корреспондеттік немесе ағымдық шоттардың үзінді көшірмелері тексеріледі. Қатысты бухгалтерлік шоттардағы ақшалай несие сомаларының аударылу тәртібі, қайтару мерзімі және пайыздардың есептелуі тексеріледі (несиелік шартпен анықталады);

●сатып алушылар мен тапсырыс берушілер, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу – субъектінің таңдап алынған есептік саясатына байланысты. Салық міндеттемелері мен талаптары бойынша қуыным мерзімі бес жылды құрайды (ҚР СҚ 46-бабы). Қуыным мерзімінің ағымдық мерзімі қатысты салық мерзімінің аяқталуына байланысты болады. Қуыным мерзімі (ҚР СК 177-бабы) – заңмен қорғалатын мүдде немесе белгілі бір тұлғаның құқығы бұзылған жағдайда, қуыну талаптары қанағаттандыру мерзімінің бар болуы кезеңі. Қуыным мерзімінің жалпы мерзімі үш жылда орнатылады (ҚР АК 178-бабы).

Қуыным мерзімі қарызды төлеу  мерзімі асқан уақыттан асқан уақыттан басталады, ол шарт талаптарына негізделіп белгіленеді. Қуыным мерзімі біткен дебиторлық қарыз субъект басшысының шешімі бойынша, құрылған резерв есебінен есептен шығарылуы тиіс (ҚР СК 240-бабы, ҚЕХС/IAS 18 «Табыс», егер резерв құрылмаған жағдайда, онда салық салу кезінде түзетулер енгізіліп, шаруашылық қызметтің нәтижесіне аударылуы тиіс);

●субъектінің еңбекақыны төлеу бойынша персоналдыңалдындағы қарызы – комиссия істелген және істелмеген жұмыс уақытына есептелген сомаларды тексереді.

●еңбекақы түрінде уақытылы төленбеген сомалар – және олардың «еңбекақыны депонирлеу» ретінде айқындалуы, сомалар мен артық төлемдердің туу себебтері;

●салықтың дұрыс есептелуі, мөлшерлеменің мөлшері және салықты төлеу мерзімінің дұрыстығы (ҚР СҚ 161-бабы, 2-тармағы) – жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар, сонымен қатар, олардың бухгалтерлік есеп шоттарында айқындалуы;

●болашақ кезеңдегі шығындар – құжаттар негізінде шотта айқындалуы тиіс сомалар анықталады, және шығындарға жатқызылатын сомалар анықталады;

●жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу – жолдағы тауарлар сомаларының бөлігі және фактурасыжоқ тауарлар бойынша.

Қаржы инвестицияларын түгендеу кезінде, құнды қағаздарға салынған өндірістік шығындарды растайтын құжаттардың бар болуы, олардың дурыс рәсімделуі, баланстағы құнды қағаздардың нақты құнының ескерілуі, құнды қағаздар бойынша алынған табыстардың бухгалтерлік есепте толықтай айқындалуы және «Қаржы инвестицияларының түгендеу тізімдемесіне»сәйкес құрылуы (Форма Инв-9).

Материалды емес активтерді түгендегенде, олардың дұрыс және уақытында есепте айқындалуы, субъектілердің оларды пайдалануға құқылы екендігін растайтын құжаттардың болуы (патенттер, лицензиялар, тауарлық белгілер және т.б.) және «Материалды емес активтердің түгендеу тізімдемесі» құрылады (Форма Инв-3).

Материалды емес активтердің қабылдау – табыстау туралы актінің бар болуы мен оның уақытындақұрылуы тексеріледі, олардың бастапқы құны, амортизациялық аударымдарын анықтау мен есептелуі, және т.б. қажетті мәліметтер тексеріледі.

Мысалы. Түгендеу нәтижесінде  артық қалған материалды емес активтер табыс деп кіріс ретінде рәсімделеді:

2700 Дебет шоты  «Материалды  емес активтер»

6280 Кредит шоты «Басқа да табыстар»

Мысалы. Жүргізілген түгендеу нәтижесінде құндылықтардың жетіспеушілігі анықталды, ол материалды жауапты тұлғаның мойнына жазылады:

а)жетіспеген құндылықтардың баланстық құнына:

1281 Дебет шоты «Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыз (жетіспеушілік, құндылыққа зиянның есебінен болған жоғалтулар)»

2700 Кредит шоты «Материалды емес  активтер»-10000теңге

б)жетіспеушілік жауапты тұлғаның мойнына жазылған уақытта:

1252 Дебет шоты «Жұмыскерлердің  қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары  (материалдық зиян келтіргені  үшін орнын толтыру есебі)»

1281 Кредит шоты «Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыз (жетіспеушілік, құндылыққа зиянның есебінен болған жоғалтулар)» - 10000 теңге

Материалды жауапты тұлғалар жоқ болса, жетіспеушілік кезең  шығындарына есептеледі:

7210 Дебет шоты «Әкімшілік шығындар»

1281 Кредит шоты «Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыз (жетіспеушілік, құндылыққа зиянның есебінен болған жоғалтулар)».

 

 


Информация о работе Қаржылық есепті құру және ұсыну