Экономическоие отрасли хозяйства

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 00:00, реферат

Описание работы

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев туризмнің дамуына үлкен назар аударып отыр. 2005 жылғы өзінің Жолдауында-ақ Н.Ә.Назарбаев туризмді ел экономикасының орнықты дамуының басымдықты саласының бірі ретінде атап көрсеткен болатын. Туризмді дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, құрылыс бизнесі және тағы басқа салаларға оң ықпалын тигізеді.

Файлы: 1 файл

реферат тур индустрия.docx

— 53.74 Кб (Скачать файл)

2. «Қазақстанның туристік  маркетингтік стратегиясын қалыптастыру».

Мемлекеттік инвестициялық саясаттың барлық ықтимал тетіктерін пайдалана отырып, елдің туристік кластерін дамыту үшін базалық жағдай жасау мақсатында жеке инвестицияларды ынталандыру және мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөнінде шаралар кешенін әзірлейді.

Сектораралық және ведомствоаралық кедергілерден өту үшін мүдделі мемлекеттік органдардың бизнес-құрылымдармен тығыз серіктестіктегі іс-қимылын үйлестіру бөлігінде заңнамалық және экономикалық шаралар арқылы теңгерімді мемлекеттік саясат жүргізіледі.

Жеке инвестициялар тарту процесін ынталандырудың экономикалық тетіктері ретінде инвестициялық салық жеңілдіктерін, мемлекеттік заттай гранттар жүйесін пайдалану, туристік кешендерге арналған құралдар мен жабдықтарды кедендік баж салығынан босатуды, жобаны іске асырудың алғашқы 5-10 жылдарында қызметтің басым түрлеріндегі кәсіпорындардың тіркелген активтеріне салымды жүзеге асыратын инвесторларға «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 Заңына сәйкес берілген жер салығынан босату жоспарлануда. Сондай-ақ жабдықтар мен технологияны лизинг бойынша сатып алу және франчайзингтік қатынастарды кеңінен тарату тетігін кеңінен пайдаланады.

Туроператорлар инклюзив-турлар (inclusive tour) немесе пэкидж-турлар (package tour) деп аталатын турларды сату арқылы толық қызмет көрсету кешенін қамтамасыз етуі қажет. Бірақ бұл үшін ISO 9000 және ISO 14000 халықаралық қызмет көрсету стандарттарын енгізу қажет, адал бәсекені дамытуға және туристік қызметтердің өркениетті нарығын қалыптастыруға жағдайлар жасау қажет. Бұған қоса, туристік қызмет тарифтерін қайта қарау қажет, тұтастай алғанда, ұлттық туристік өнімді қалыптастыру жолдарын өзгерту қажет, себебі Қазақстан үшін алдын-ала жарнамаланған бағдарлама бойынша пэкидж-турларды (турпакеттерді) сату сипаты тән.

 

Міндетті іске асыру жөніндегі шаралар:

саяси тұрақты мемлекеттердің азаматтары үшін визалық және тіркеу рәсімдерін, кедендік бақылауды жеңілдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

туризмді дамыту жөнінде халықаралық шарттар жасасу;

сырттан келушілер туризмін де, ішкі туризмді де дамыту үшін инвестицияларды, салық салуды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

туристік ағынды тарту мақсатында жолаушылар тасымалы саласындағы тарифтік саясатты жетілдіру мәселелерін пысықтау;

туристік статистика мен есептілік жүйесін жетілдіру және ұлттық шот жүйесінде туризмнің қосымша шотын одан әрі енгізу;

қазақстандық туристік өнімді ішкі де, сыртқы да нарықта қолдау және жылжыту.

Туристерге қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында:

туристік операторларды ірілету үшін заңнамалық жағдайлар жасалатын болады;

Алматы қаласында Экскурсияшылар бюросын ашу және туристік әлеуеті бар өңірлерде туристік ақпараттық орталықтар құру мүмкіндігі қаралады.

Туризм саласында көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделген мемлекеттік стандарттарды әзірлеп, енгізу қажет және менеджмент жүйесі стандарттарын енгізуге жәрдем көрсету қажет, бұл көрсетілетін қызметтердің санын біршама арттырады.

Аталған міндет шеңберінде көрсетілген шаралар Салалық бағдарламаның барлық қолданылу кезеңінде іске асырылатын болады және ұзақ мерзімді перспективаға (2020 жылға дейін) есептелген.

3. «Кадрлық әлеуетті дамыту».

Міндетті іске асыру жөніндегі шаралар:

14 мамандық бойынша туристік  сала үшін кадрларды даярлау  оларды жоғары оқу орындарында  және техникалық және кәсіби  білім 77 оқу орнында даярлау есебінен  қанағаттандырылатын болады;

«WTO-TedQual» туристік білім беру сапасын сертификаттау бойынша мемлекеттік ЖОО аудитін жүргізу;

туристік сала мамандықтары бойынша біліктілікті сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін енгізу.

Қажетті ресурстар

Туристік саланың еңбек ресурстарына 2010 - 2014 жылдарға арналған болжамды қажеттілігі 34 мың адамды құрайды, соның ішінде құрылыс мамандықтары бойынша 13 мыңға жуық адам, туристік сала мамандары 21 мыңға жуық адамды құрайды, ал оқу орындары - 1,2 мың адамды (гидтер, аудармашылар, агенттер, метрдотельдер, швейцарлар, қонақ үй және мейрамхана шаруашылықтарының қызметкерлері) дайындайтын болады.

 

Кадрлар тапшылығы Еуропа одағы ТЕМПУС бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан жоба түріндегі 4-жоғары қонақ үй мектебін, туристік индустрияға қызмет көрсету бойынша менеджерлер мен мамандықтарды дайындау орталығын (мектебін) және Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында халық қолөнері мен кәсіпшілік мектебін ашу есебінен, сондай-ақ Швейцария халықаралық қонақ үй менеджменті институтымен бірлесе Астана және Алматы қалаларында франчайзинг жүйесі бойынша екі кәсіпорын/колледж ашу есебінен толтырылатын болады.

Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен және шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаны 2010 - 2014 жылдары іске асыруға барлығы 4 252 108 966,8 мың теңге:

республикалық бюджеттен: 2010 ж. - 757 564,0 мың теңге; 2011 ж. - 2 767 881,0 мың теңге; 2012 ж. - 269 625,0 мың теңге*; 2013 ж. - 269 625,0 мың теңге*; 2014 ж. - 268 825,0 мың теңге*;

жергілікті бюджеттен: 2010 ж. - 8 766,8 мың теңге; 2011 ж. - 361 180,0 мың теңге;

инвестициялар есебінен: 4 247 405 500,0 мың теңге талап етіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстанда ішкі туризмді дамытудың негізгі міндеттері инфрақұрылымның дамуын және ұсынылатын қызметтер сапасын жақсартуды қамти­тын, бәсекелестікке қабілетті туристік сала құру болып табылады. Сонымен бірге, республикада жыл сайын ішкі туризмді дамыту мақсатында «Сарқылмас саяхат» атты қазақстандық туристік жәрмеңке (биылғы жылы ол Өскемен қаласында өткізіледі), «Ер­тіс меридианы» атты республикалық Қазақстан мен ТМД елдері туристерінің достығы слеті (Павлодар облысында), Іле-Балқаш регатасы (Алматы облысында), «Туризм есірткіге қарсы» атты республикалық туристік саяхат (Батыс Қазақстан облысында), «Туризм есірткіге қарсы» ұранымен республикалық туристік слеттер және тағы басқа іс-шаралар өткізіледі. Жыл сайын Алматы қаласында «KITF» қазақстандық халық­аралық туристік жәрмеңкесі мен Астана қаласында «Астана демалыс» халықаралық туристік көрмесі өткізіледі. Бұлар Орталық Азия өңіріндегі басты оқиғалардың біріне айналған. Бұл іс-шараларды Қазақстанда өткізу әріптестік байланыстар орнату үшін және өзара тиімді келісімшарттар жасасу үшін қолайлы жағдайлар туғызады, себебі жыл өткен сайын қатысушылардың ғана емес қатысушы елдер саны да артып отыр. Қазақстанның аса бай және алуан түрлі туристік әлеуетін ескере отырып, туризмнің барлық түрлерін дамытуға біздің бірегей мүмкіндіктеріміз бар. Мәдени-тарихи объек­тілерге барумен байланысты танымдық туризмнен бастап, туризмнің басқа түрлерін дамыту үшін де барлық мүмкіндіктер бар. Осы тәуелсіздік жылдары ішінде қазақстан­дық туристік индустрияның бірқатар өкілдері өңірлік, республикалық және халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруда, туризмнің материалдық-техникалық базасын дамытуда және нығайтуда, көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуда едәуір жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда республикада туристік нарықтың 1 901 кәсіпорны, оның ішінде 683 туроператор, 1218 турагенттер туристік қызметті жүзеге асырумен айналысады. Қазіргі кезде тиісті инфрақұрылым жасау жолымен, ақпараттық имидждік жұмыстар жүргізу және ішкі туризмді дамыту жөніндегі күш салулар біріктірілуде, бұның өзі біздің отандық туристік өнімге сұраныстың көбеюіне әкеледі. Туризм саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері тиімді іске асырылғанда, таяу жылдары туризм шикізат ресурстарына тәуелділікті қысқарту саясатында елеулі факторға айналып, еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ететіндігіне сенім мол.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. http://dmk.kz/?p=8965

 

  1. http://www.e-gov.kz/wps/wcm/connect/

 

 

  1. Государственная программа Республики Казахстан "Возрождение исторических центров Шелкового пути, сохранение и преемственное развитие культурного наследия тюркоязычных государств, создание инфраструктуры туризма// САПП. - 2008. - №6.

 

  1. Разработка перспективных схем развития туризма в республиках, краях и областях и задачи их совершенствования в XII пятилетке: Тезисы Всесоюзной научно-практической конференции 23-24 апреля 2007. – 214 с.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Экономическоие отрасли хозяйства