Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)
Дипломная работа, 03 Сентября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Файлы: 12 файлов
1-ТИТУЛКА.docx
— 14.03 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)10-?ОСЫМША.docx
— 25.09 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)11-ГРАФИКА.docx
— 61.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)2-АННОТАЦИЯ.docx
— 15.90 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)3-ЖОСПАР.docx
— 12.32 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)4-К_Р_СПЕ.docx
— 19.62 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)5-1 Б?Л_М.docx
— 91.35 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)6-2 Б?Л_М.docx
— 127.14 Кб (Скачать файл)
Жалпы өтімділік коэффициенті ықшамды өтімділікке жету үшін банктің активті-пассивті саясатының баланстылығын сипаттайды.
Банктің баланс көрсеткіштерін тиісті агрегаттар бойынша жіктеп аламыз. Жіктелген көрсеткіштер 2.7 кестеде келтірілген.
Кесте 2.7.
«Цеснабанк» АҚ балансы көрсеткіштерін агрегаттарға жіктеу
Актив |
01.01.2009 жыл |
01.01.2010 жыл |
Пассив |
01.01.2009 жыл |
01.01.2010 жыл | ||||
cома |
% үлесі |
cома |
% үлесі |
cома |
% үлесі |
Cома |
% үлесі | ||
A I |
24711 |
18,2 |
19523 |
11,1 |
П I |
7858 |
5,8 |
14764 |
8,4 |
A II |
14409 |
10,6 |
15050 |
8,6 |
П II |
80313 |
59,2 |
119119 |
67,9 |
A III |
86467 |
63,7 |
129433 |
73,8 |
П III |
32411 |
23,9 |
25780 |
14,8 |
A IV |
10061 |
7,5 |
11309 |
6,5 |
П IV |
15066 |
11,1 |
15652 |
8,9 |
Жалпы |
135648 |
100 |
175315 |
100 |
Жалпы |
135648 |
100 |
175315 |
100 |
Енді есептелген агрегаттар
белгіленген нормативтерге
Кесте2.8.
«Цеснабанк» АҚ-ның баланс көрсеткіштерін агрегаттарға жіктеу
Норматив |
2008 жыл |
2009 жыл |
A I ≥ П I |
A I > П I |
A I > П I |
A II ≥ П II |
A II < П II |
A II < П II |
A III ≥ П III |
A III > П III |
A III > П III |
A IV ≥ П IV |
A IV < П IV |
A IV < П IV |
Банктің өтімділігі ортамерзімді кезеңде бұзылған, яғни ортамерзімді міндеттемелер жоғары өтімді активтерден көп. Бұл банктің тұтынушылар алдындағы депозит міндеттемелерін орындауға қиындық туғызуы мүмкін. Ал ұзақмерзімді өтімділік бойынша банктің төлемқабілеті бар.
Таратылатын жағдай бола қалған кезде банк өзінің акционерлері мен инвесторлары алдында міндеттемелерін жаба алмайды. Бұл норматив орындалмай тұр, яғни банктің өтімділігі қиын активтері тұрақты міндеттемелерден кем болып отыр.
Басқа жағдайлар бойынша өтімділік коэффициентінің орындалуы корреспонденциялық шотты қолдауға жұмылдырылған 115,0 млн. теңге мөлшеріндегі табыс сомасын алумен байланысты болып отыр.
Өтімділік қаражаттарының жетіспеушілігі
банк тұтынушыларының төлемді
Банктің табыстары мен шығыстарына талдау жасау үшін банктің жиынтық табыстары туралы мәлімет беретін 2.9 кестеге назар аударамыз.
Банктің жиынтық табысы туралы толық есеп Б қосымшасында келтірілген.
Кесте 2.9.
2010 жылдың 1 қаңтары бойынша «Цеснабанк» АҚ жиынтық табыстары туралы есебі
Көрсеткіштер |
01.01.2009 |
01.01.2010 |
Өзгеруі |
% |
Пайыздық табыстар |
17 067 328 |
17 801 078 |
733750 |
104,3% |
Пайыздық шығындар |
(11 642 236) |
(11 271 834) |
370402 |
103,2% |
Таза пайыздық пайда |
5 425 092 |
6 529 244 |
1104152 |
120,4% |
Комиссиондық табыс |
2333121 |
2501474 |
168353 |
107,2% |
Комиссиондық шығындар |
(162811) |
(197530) |
(34719) |
- |
Таза комиссиондық пайда |
2170310 |
2303944 |
133634 |
106,2% |
Операциялық пайда/залал |
(1002046) |
1817332 |
2819378 |
- |
Табыс/(залал) салық салуға дейін |
(5 035 864) |
819 925 |
5855789 |
- |
Табыс/(залал) кезең бойына |
(4 537 049) |
506 157 |
5043206 |
- |
Кезең бойынша жиынтық пайда |
(4 081 522) |
458 548 |
4540070 |
- |
Банк 2008 жылы теріс көрсеткішпен, яғни залалмен шыққан болса, 2009 жыл бойында сол залалды жауып қана қоймай, оның үстіне табыс алуға қолы жеткен.
Бұндай
көрсеткішке негізінен
2.3 «Цеснабанк» АҚ-ның депозиттік операцияларын талдау
Еліміздегі басқа коммерциялық банктер сияқты «Цеснабанк» АҚ-ы да «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 31 тамыз 1995 жылғы күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі және Қазақстан Республикасының заңдарына, нормативтік және құқықтық актілеріне сәйкес депозиттік саясат жүргізеді. Депозиттік саясат банктің құрылымдық бөлімшелеріне, барлық бөлімшелері мен филиалдарына, оның жергілікті және шетелдік еншілес ұйымдары үшін бірдей болып табылады.
«Цеснабанк» Акционерлік қоғамының депозиттік саясатының негізгі мақсаты қазіргі кезеңдегі депозиттік операцияларды ойластырып және баланстық түрде жүргізу болып табылады. Сонымен қатар республикалық нарықтағы мерзімді депозиттердің негізгі позицияларын ұстап қалумен бірге тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейі және сапасын жоғарылату.
Банк тарапынан жүргізіп жатқан депозиттік саясаттың ерекшеліктері мынада болып табылады:
- қабылданатын депозиттің максималды көлемі шектелмеген;
- депозиттер бір айдан бір жылға дейін және бір жылдан жоғары мерзімге қабылданады;
- депозитті келесі мерзімге ұзарту кезінде өткен циклға есептелген табыс салым қалдығына қосылады;
- банк ұтыс ойындары мен түрлі акцияларды жиі өткізеді;
- тұтынушылық несиені жеңілдіктер шартымен алу мүмкіндігі бар;
- тұтынушы өзіне ыңғайлы валютада (теңге, АҚШ доллары, евро) депозит аша алады.
«Цеснабанк»АҚ-ның шетел валютасындағы депозиттер қабылдауға құқығы бар. Банк еліміздің резиденттері мен бірге резидент емес тұлғалардың да салымдарын қабылдайды. Депозитті шетел валютасында қабылдауға валюталық кассасы бар филиалдар тартылады. Банкте тұтынушылар үшін әртүрлі валюталық және мультивалюталық депозиттер түрлері істеп шығылған. Бұл депозиттердің ерекшеліктері:
- депозиттер АҚШ долларында немесе басқа еркін айналымдағы валютамен қолма-қол және қолма-қолсыз жол арқылы қабылданады;
- депозит бойынша жарнаның минималды көлемі АҚШ-тың 50 доллары немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағамы бойынша басқа валютада эквивалентпен жүргізіледі;
- валюталық депозитті ашқан кезде салымшыға белгіленген үлгідегі салымшы кітапшасын береді;
- валюталық депозиттің пролонгациясына рұқсат етіледі;
- салымшы депозитті мерзімі жетпей талап етуге құқылы, ол кезде депозит бойынша сыйақы төленбейді;
- депозиттік цикл аяқталған соң бірінші күнтізбелік күнде шотта валюталық сыйақы есептеледі;
- валюталық депозит бойынша салымшы кітапшасы біткен кезде салым бойынша шотты жабу тәртібіне сай шот салымшының өтініші негізінде жабылады.
Қолма-қол валютамен жұмыс істеу құқылы филиалдар тізімі «Цеснабанк»АҚ-мен бекітіледі. Егер де филиал қолма-қол валютамен жұмыс істеуге құқығы жоқ болса, онда барлық кассалық операциялар қабылдау бойынша операция үшін берілген валютаны сату курсы бойынша, операция жасалған күнге шоттан ақша алу бойынша операция үшін берілген валютаны сатып алу курсы бойынша теңгеде жүргізіледі.
«Цеснабанк» АҚ өз бәсекелестеріне қарағанда салымшылар үшін бірқатар артықша қызметтер ұсынады және банк депозиттерінің басқа коммерциялық банк депозиттерінен ерекшеліктері мыналар болып табылады:
- алғашқы жылда қызмет көрсетуі тегін «VISA» төлем карточкасын алу мүмкіндігі;
- тұтынушыға лайықты формада, сондай-ақ карт-шотқа аудару арқылы сыйақыны алу мүмкіндігі қамтылған;
- аударылған сыйақыны капиталдандыру мүмкіндігі;
- тұтынушы шотты қолма–қол ақшамен де, қолма–қол ақшасыз да, сондай–ақ карт–шоттан немесе дербес шоттан ұзақ тапсырыс бойынша да толықтыра алады;
- шот бойынша көшірмені тұтынушыға ыңғайлы формада келісілген мерзімде алу мүмкіндігі;
- депозиттердің кейбір түрлері бойынша бір валютадан екінші валютаға конвертация жүргізу, сыйақыны жоғалтпай–ақ депозиттен ішінара ақша алу және аударылған сыйақыны сақтау мүмкіндігімен депозитті алдын ала бұзу мүмкіндігі қарастырылған;
- «VISA» төлем карточкасы бойынша депозит сомасынан 90%-ға дейін несие лимитін алу мүмкіндігі бар.
«Цеснабанктің» депозиттер бойынша сыйақыны есептеу және төлеу тәртіптеріне келсек, талап етілгенге дейінгі салым бойынша бастапқы және қосымша жарна сомасына сыйақы есептеледі және олар банктің бухгалтерлік балансында көрсетіледі. Депозиттер бойынша сыйақы сомаларын есептеу компьютерлік арнайы бағдарламада жүргізіледі. Филиалдарда есептелген сыйақы туралы жазуларды енгізу компьютерлік бағдарламадағы есептеулер туралы мәліметтермен сәйкестендіріледі және олар сәйкес келгенде салымшының салым кітапшасына тіркеледі. Кіріс операциялары кезінде есептелінген сыйақы сомалары "Есептелген сыйақы" деп аталады. Шығыс операциялары кезінде есептелген сыйақы "Есептен шығарылған сыйақы" деп аталады.
Пайыздық мөлшерлеме салымның толық теңге сомасына ғана сыйақы ретінде есептеледі. Салымшы келген кезде капитализацияланған сыйақы сомасы салым кітабына жазылады.
Депозиттік шоттың жекелеген түрлері бойынша табыс мөлшері салым мерзіміне, сомасына, шоттың қызмет ету ерекшелігіне, қосымша қызмет ететін көлеміне және сипатына, тұтынушының салым шарттарын орындауына байланысты болып келеді.
«Цеснабанк» АҚ-ның қолма-қолсыз жолмен түскен сомаларды салымға есептеу тәртібі төмендегідей:
- қолма-қолсыз жолмен салымға түскен сомаларды есепке алу бойынша барлық операциялар филиал операторымен жүргізіледі;
- салым бойынша шоттарға тұрғындардың ақшалай табыс сомаларын аудару (еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы және тағы басқа табыстар) өтініш негізінде жүргізіледі, әртүрлі жеке меншік формалы ұйым және кәсіпорын жұмысшыларының ұжымдық шешіміне сәйкес немесе төленген орны бойынша толтырылады;
- осы жұмысты орындағаны үшін филиалмен төленетін комиссиондық сыйақы көлемі, аудару мерзімі және тәртібі кәсіпорындар мен ұйымдар облыстық филиалмен жасаған келісім-шартта көрсетіледі.
Келісім-шартты кәсіпорын немесе ұйым жұмысшылары өздері жасай алады, бұл жағдайда комиссиондық сыйақылар олардың табысынан ұсталынады.
«Цеснабанктің» сырттан тартылған қаражаттарының негізгі бөлігі болып жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың депозиттері табылады. Депозиттік операцияларды ұйымдастыруға кететін шығындар мөлшері неғұрлым аз болса, соғұрлым банктің табысы көп болады. Әрине, банктің табысы тек осы шығынмен ғана емес, сонымен бірге несиелік сыйақының мөлшеріне де байланысты болады.
Банктің сырттан тартылған қаражаттарының құрылымы төмендегі 2.4 суретте көрсетілген.
Сурет 2.4. 2010 жылдың 1 қаңтары бойынша «Цеснабанк» АҚ-ның міндеттемелері құрылымы.
Суреттен көріп отырғанымыздай, сырттан тартылған қаражаттардың көп бөлігін – 74,6% немесе 119119,2 млн. теңгесін депозиттер құрайды. Бұның ішінде жеке тұлғалардың салымының үлесі 36639 млн. теңге, немесе барлық міндеттемелердің 22,9%.
«Цеснабанк» АҚ депозиттік қызметті жүзеге асыруда тұтынушылардың әр тобының ерекшелігін ескереді. Банк пен тұтынушы арасындағы тиімді қарым-қатынастар банк депозиттік саясатының нәтижелі жүргізілуінің кепілі болып отыр.
Енді «Цеснабанк» АҚ-ның соңғы жылдарындағы жеке тұлғалар депозит қалдықтарына назар салып, талдау жасап көрейік. 2.10 кестеде «Цеснабанктің» жеке тұлғалар салымдарының 2003 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықтағы жыл басына қалдық сомалары келтірілген.
Кесте 2.10.
«Цеснабанк» АҚ-ның жыл
басына жеке тұлғалардың депозит
түрлері бойынша салым қалдықтары
01.01.2003 |
01.01.2004 |
01.01.2005 |
01.01.2006 |
01.01.2007 |
01.01.2008 |
01.01.2009 |
01.01.2010 |
01.01.2011 | |
Барлық салымдар |
2391 |
3561 |
4594 |
6564 |
15991 |
27829 |
27478 |
36639 |
59401 |
Теңгеде |
409 |
1280 |
3082 |
4199 |
12559 |
20551 |
19062 |
21768 |
39585 |
шетел валютасында |
1982 |
2281 |
1512 |
2365 |
3432 |
7277 |
8417 |
14871 |
19816 |
Талап етілгенге дейін |
145 |
243 |
442 |
848 |
1518 |
2254 |
2405 |
3191 |
4847 |
Теңгеде |
89 |
177 |
381 |
776 |
1357 |
2043 |
2245 |
2909 |
4478 |
шетел валютасында |
56 |
66 |
61 |
72 |
161 |
210 |
160 |
282 |
369 |
Жинақ салымдар |
- |
88 |
47 |
604 |
1938 |
2815 |
1982 |
1477 |
3022 |
теңгеде |
- |
42 |
41 |
593 |
1846 |
2689 |
1844 |
1185 |
2889 |
шетел валютасында |
- |
47 |
6 |
10 |
92 |
126 |
138 |
292 |
133 |
Мерзімді салымдар |
2246 |
3230 |
4105 |
5113 |
12535 |
22761 |
23091 |
31971 |
51533 |
теңгеде |
320 |
1061 |
2660 |
2830 |
9356 |
15819 |
14972 |
17674 |
32219 |
шетел валютасында |
1926 |
2168 |
1446 |
2283 |
3179 |
6941 |
8119 |
14298 |
19314 |