Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 14:10, дипломная работа
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктерінің қазіргі заманға сай басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
-	банк ісіндегі басқаруға қатысты теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі заманға сай банкті басқарудың мазмұнын анықтау және жасау;
-	банктің активі мен пассивін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;
-	банк құнын арттырудағы және банк тұрақтылығын қамтамасыз етудегі банкті басқару стратегияларының орны мен рөлін анықтау;
-	банкті басқарудың банк бәсекелестігін арттыруға тигізетін ықпалын зерттеу;
-	екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;
-	банктердің несиелік саясатының шегінде жасалған көрсеткіштер көмегімен отандық коммерциялық банктердің несиелік қоржындарының сапасын бағалау әдістемесін жасау;
-	проблемалық активтерді басқарудың банктің табыстылығын арттыруға ықпалын көрсету;