Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 14:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау және оның дамыту перспективасын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін құрудың теориялық аспектілерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау;
- Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің мәселелері мен дамыту перспективасын анықтау.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін құрудың теориялық аспектілері
1.1 Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің мазмұны, мәні және міндеті...7
1.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізуді ұйымдастырудың заңнамалық базасы....................................................................
1.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізуші органдар.....................................................................................................................
ІІ. Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
2.1 Қазақстанның қаржылық бақылау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына сипаттама……………………………………………………………………………
2.2 Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2007-2008 ж.ж. жүргізген бақылау жұмыстарына талдау.................................................................................................
2.3 Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау комитетінің 2007-2009 ж.ж. жүргізген бақылау жұмыстарына талдау................................................................
ІІІ. Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің мәселелері мен дамыту перспективасы
3.1 Отандық қаржылық бақылау жүйесінің қызмет ету мәселелері мен дамыту перспективасы..............................................................................................
3.2 Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жөніндегі Есеп комитетінің келешектегі рөлі.........................................
Қорытынды................................................................................................................
Қолданылғын әдебиеттер тізімі...............................................................................
Қосымшалар...............................................................................................................

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі.doc

— 730.00 Кб (Скачать файл)

Сондай-ақ Қорытындының талдау бөлімінде қаржы активтерін сатып алу бойынша және оларды сатудан бюджетке түскен қаражат  бойынша бақылаудың нәтижелері бөлек  көрсетіледі.

Жекелеген заң бұзушылықтарды әлдеқайда толығырақ ашу үшiн талдамалық бөлiм қосымшалармен толықтырылуы мүмкiн. Қосымшалар Қорытындының негiзгi мәтiнiмен бiрге бiртұтас бүтiндi құрайды.

Қорытындының жиынтық  бөлімі "Бақылау барысында қабылданған  шаралар", "Бақылаудың нәтижелерi бойынша қорытындылар", "Бақылаудың нәтижелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар" сияқты бөлімдерден тұрады.

Қорытынды Есеп комитетiнiң  қаулысы жобасын дайындау үшiн  негiз болып табылады.

Қаулы Есеп комитетiнiң  отырысындағы талқылаудың нәтижелерi бойынша алқалы негiзде қабылданатын және бақылаудың нәтижелерi бойынша оның барлық басқа актiлерiнiң қолданысын растайтын құжат болып табылады. Қаулы Есеп комитетi туралы ережеге және оның Регламентiне сәйкес қабылданады.

Қаулы белгiлеушi және қаулы  шығарушы бөлiктерден тұрады.

Қорытынды және Есеп комитетi Қаулысының жобалары Есеп комитетiнiң Заң қызметiмен олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келу мәнiне келiсiледi.

Қаулының белгiлеушi бөлiгi оны қабылдауға болған негiздi, бақылау  объектiсiнiң республикалық бюджеттi орындау, мемлекет активтерiн, гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тиiмдi пайдалану бөлiгiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтауы туралы жалпы мәлiметтердi және анықталған заң бұзушылықтардың қысқаша сипаттамасын қамтиды.

Қаулының қаулы шығарушы бөлiгi мыналарды қамтиды:

  1. Есеп комитетi мүшесiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне және бақылау объектiлерiне нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi және республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне анықталған заң бұзушылықтарды жою, заң бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөнiндегi ұсынымдарды;
  2. бақылау объектiсiнiң және тиiстi лауазымды тұлғалардың анықталған заң бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жоюы жөнiндегi атқаруға міндетті тапсырмаларды;
  3. лауазымды тұлғалардың, бақылау объектiлерiнiң республикалық бюджет қаражатын пайдаланудағы iс-әрекетiнде құқық бұзу белгiлерi және Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де заң бұзу фактiлерi анықталған жағдайда қаулы шығарушы бөлiкке құқық қорғау органдарына және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайтын уәкiлеттi органдарға бақылау материалдарын тапсыру туралы тармақтар енгiзiлуi мүмкiн;
  4. Қаулының орындалуын бақылау жүктелген Есеп комитеті мүшесінің аты-жөнін қамтиды.

Жүргiзiлген бақылау нәтижелерi бойынша Қаулыны Есеп комитетiнiң  отырысында қарау және қабылдау талап  етiлмейтiн жағдайларда Төрағаның  шешiмi бойынша Есеп комитетiнiң ұсынымы дайындалады. Есеп комитетiнiң бақылау жүргiзуге жауапты мүшесi аппараттың бақылауды жүзеге асырушы қызметкерлерiнiң қатысуымен Ұсыным дайындайды, анықталған заң бұзушылықтардың тiзiлiмiн ресiмдейдi және оларды Төраға қарап, қол қоюы үшiн ұсынады.

Ұсыным - Төрағаның нұсқауы бойынша бес күн iшiнде Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң мемлекеттiк органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшiлiктердi жою үшiн, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелерi бойынша жiберетiн құжаты.

Ұсынымда бақылау нәтижесiнде  анықталған заң бұзушылықтар мен  кемшiлiктер, оларды жою және осыған жол берген лауазымды тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөнiндегi талаптар баяндалады.

Анықталған заң бұзушылықтар тізілімі Қаулыға немесе ұсынымға қол  қойылғаннан кейін толтырылады [7]. 

Есеп комитеті мен маслихаттардың ревизиялық комиссиялары салық және басқа мемлекеттік  органдардың республикалық және жергілікті бюджеттерге заңнамалармен қарастырылған түсімдерді толық және өз уақытында түсуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттерін бақылайды. Бұл арада тексеру мен талдау пәні болып тек қаржылық есептіліктер мәліметтері ғана емес, сонымен қоса есептіліктің басқа да тиісті түрлері табылады, себебі олай болмаса республикалық және жергілікті бюджеттер құралдарын мақсатты және тиімді пайдалануын бағалау мүмкін емес.

Қорытындылай  келе, есеп комитеті мен маслихаттардың ревизиялық комиссиялары тексеруді  бақылау объектісінің құралдары  арқылы емес, бюджет құралдары арқылы жүргізіледі. Сондықтан бұл органдардың тексеруі объективті, дәйекті, кешенді және жүйелі сипата болады. Негізінде Есеп комитеті мен ревизиялық комиссиялар өздерінің негізгі мақсаты мен функцияларын тексеру мен талдау барысында, оның ішінде ұлттық компаниялар мен мемлекеттік капитал үлесі бар басқа шаруашылық субъектілері бойынша аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдар жасаған аудиторлық тұжырымдар негізінде іске асады.

Қаржылық бақылау  Комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2-наурыздағы №235 Қаулысы «Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу ережесi» бойынша ішкі бақылауды ұйымдастырады. Ережеге сәйкес бақылау іс-шараларын ұйымдастыру жоспарлаудан басталады.

Бақылау мақсаттарына сапалы және уақытылы қол жеткiзудi неғұрлым үнемдi, өнiмдi және тиiмдi тәсiлмен қамтамасыз ету бақылау іс-шараларын жоспарлау процесiнiң негізiн қалаушы шарт болып табылады.

Жоспарлау процесi мынадай сатылардан тұрады:

    • тексеруге жататын бақылау объектiлерiнiң қызметiн алдын ала зерделеу;
    • бақылау ауқымын және бақылау мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажеттi еңбек ресурстары көлемiн мiндетті түрде көрсете отырып, бақылау iс-шараларының егжей-тегжейлi жоспарын әзiрлеу.

Бақылау iс-шараларын  жоспарлау бақылау объектiсiн  таңдау кезiнде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде көзделген тәуелсiздiк және объективтiк қағидаттарында жүзеге асырылады.

Кешендi бақылауды жоспарлау  Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде белгіленген кезеңділiк негізiнде жүзеге асырылады.

Тақырыптық бақылауды  жоспарлау тиiстi өкiлдi және атқарушы органдардың бастамашылық мәселелерi, тапсырмалары мен сұрау салулары, азаматтардың өтiнiштерi және басқа негіздемелердiң негізiнде жүзеге асырылады.

Бақылау iс-шараларының  жоспарларына өзгерiстер мен толықтырулар бақылау субъектiсi басшысының бұйрығымен ресiмделедi.

Жоспардан тыс бақылау  Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, оған уәкілеттік берiлген мемлекеттік  органдардың тапсырмалары немесе сұраулары, депутат сауалдары, жеке және заңды  тұлғалардың өтiнiмдерi, өтiнiштерi, шағымдары бойынша жүргізiледi.

Iшкi бақылау субъектілерiнiң  бақылау iс-шаралары жоспарларында  бақылау объектілерi, бақылау жүргізу  мерзiмi және бақылау материалдарын iске асыру нысаны көрсетiледi.

Бақылау объектiлерiн  бiрнеше iшкi бақылау субъектілерiнiң бақылау iс-шараларының жоспарларына бiр уақытта енгізген кезде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 143-бабының 4-тармағына сәйкес iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлетті органның басшылығымен бiрлескен бақылау жүргiзiлуi мүмкiн.

Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жоспарланатынның  алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн мыналардың:

  • республикалық және жергiлiктi бюджеттердi ат<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439_0020_0028_0432_0435_0431_0029_002c_0417_043d_0430_043a_0020_0417_043d_0430_043a1_002c_041e_0431_044b_0447_043d_044b_04

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі