Қаржының мәні және атқаратын қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 17:26, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан да оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Осы орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарынг көре білудің маңызы зор. Қазіргі біздің экономикада қаржы инфляциялық процеске үлкен әсерін тигізеді. Өйткені қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді.

Содержание работы

Кірісп………............……………………………………………………....................2
1 Қаржы категориясының теориялық негіздері………………..........................5
1.1 Қаржы ұғымы, мәні мен қажеттілігі………………………….............................5
1.2 Қаржының атқаратын қызметтері…………………………………...................13
2 Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы қаржылардың
рөлі.………………………….................................................................................19
2.1 Қаржылық қорлар………………………………............…...............................19
2.2 Инфляцияға қарсы саясат шаралары……………………...…..........................25
3 Қаржылардың инфляциялық процессті тежеудегі рөлі.................................26
Қорытынды.............………………………………………………….......................30
Қолданылған әдебиеттер тізімі…...................………………………..

Файлы: 1 файл

«Қаржының мәні және атқаратын қызметі».doc

— 159.50 Кб (Скачать файл)

Қаржы қатынастары  мен инфляциялық процестердің бір  бағыты келеңсіз сипаты, бірін бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.

Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың  түрлі деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда қаржы қатынастарының оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.

Инфляцияны  бағалау және өлшеу үшін бағалар  индексінің көрсеткіші – 1б пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары  мен қызметтердің «нарық себеті»  белгілі бір жиынтығының сатып  алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы ара қатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқынын былайша анықталады. Ағымдағы жылғы бағалар индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың бағалары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі.

 

                                          Іб1-Іб0

Инфляция қарқыны =--------------------*100

 

                                           Іб0

 

Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер  көрсетудің тарифтері өткен жылға  қарағанда былайша өсіп отырды:

1990-1;1992-2,5; 1993-30,6; 1994-22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17;1999-1,18; 2000-1,13.

Дүниежүзілік  практикада егер инфляцияның қарқынын жарты жыл ішінде және одан жағдайда көбірек айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құраса, онда мұндай деңгей әсіресе инфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда бұл деңгей 1992-1995 жж. Ішінде айтарлықтай асып түсті.

Инфляциялық процестің  қуаттылығын бағалауды және инфляцияның  түрлерін мынандай критерийлер бойынша  ажыратады:

бағалар өсуінің  қарқыны бойынша:

баяу – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде  ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;

өршімелі –  баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның  затталынуы өседі;

әсіреинфляция – баға жүздеген пайызға өскенде, баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;

теңдестірілген  және теңдестілірмеген инфляция; теңдестірілген инфляция кезінде  әртүрлі тауарлардың  бағасы бір біріне қатысты өзгерусіз  қалады, теңдестірілмеген инфляция кезінде  – олардың бір біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;

болжаулық дәрежесіне қарай:

күтілген, болжалды және күтілмеген;

Қаржы мен инфляцияның  өзара байланысын инфляцияның екі  типі бойынша бақылап отыруға  болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар  инфляциясы) және шығындар (өндірушілер инфляциясы).

Бірінші жағдайда, ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады.

Екінші жағдайда, кәсіпорындардың еңбекке ақы  төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшемелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т) тарифтердің  өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлдері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл инфляциялық шиыршық деп аталатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтынылатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырады, мұндай өінмді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өтуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді.

Нарықтық экономиканың механизмі – бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өнгдірістің жеке салларында ол тжоқ болғанда  инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның төмендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, нарықта тура алуға тырысады және бағалар мен  өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды. 

 Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, өның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады.

Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы  мүмкін, бұл – импортталатын және экспортталдатын инфляция. Бірінші жағдайда, ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкке дипозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пасивтері артады, мұнын өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиландырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

      Инфляцияның көріну нысаны – ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметьтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдылығының тиісінше төмендеуі.

Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшаландырылған  қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын – тауар, төлем айналымына қызмет көрсетуге отырып, тиімді орындауға,  қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік  береді. Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы тұратын құнның натуралдық заттай компоненттерінің сәйкестігі жағдайында көрінеді

         Қазақстан қазір 167 әлем елдерімен сауда серіктестіктеріне қол жеткізді. Сыртқы сауда көрсеткіші көңілде күй ойнатып, еліміздің байлығын бар әлемге паш етіп тұр. Экспортқа шығаратын тауардың дені ішкі мұнай мен газ конденсанты оның үлесі 2000 жылы - 48,2 пайыздан 2005 жылы 62,5 пайызға, ішкі жалпы өнімдегі салмағы 23,2 пайыздан 31,0 пайызға дейін өсіп отыр. Бұл көрсеткіштер ел экономикасының өсімі минералдық өнімдерге, соның ішінде, мұнай мен газ өндіруге тікелей тәуелді екендігін және осы тәуелділік жылдан-жылға азаймай, ұдайы өсу жолында екендігі көрініп тұр. 
Теңге тұңғыш айналымға түскен жылдары Ұлттық банкте де, Үкіметте де инфляцияны ауыздықтаудың тетіктері бар еді. 
Елдегі инфляциялық процесс, оның себеп-салдары, оған қарсы күрес нәтижелері, алдағы мақсат-міндеттемелер. Инфляция дегеніміз – айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп, құнсыздануы, осының салдарынан өндірістік (тауар-қызмет) және тұтыныс тауарларының, қызмет бағасының жылдам қарқынмен қымбаттауы. Әрине, инфляциялық процестер – кез келген елдің экономикасына тән құбылыс. Бірақ қайсыбір елдерде оның даму үрдістері экономиканың даму талаптарына сай жүргізілетін мемлекеттік қаржы саясатының арқасында ырықтандырылған. Қайсыбір елдерде қаржы саясатының әлсіздігінен қажетті деңгейде ырықтандыруға шамасы жетпейді. Ал біздің еліміз инфляцияны толық тұншықтырмағанымен, оны белгілі бір стратегиялық көрсеткіштер шеңберінде ұстау саясатын жүргізетін елдердің тобына қосылады. Олай дейтініміз, кәсіби сараптамаларға сенсек, елде инфляция болмауы тиіс еді. Қаржы саясатының қырсыздығынан инфляция орын алып отыр деуге аузымыз бармайды. Өйткені инфляцияның бір ғана әкімшілік шешіммен тоқтауға көне бермейтін көптеген себептері бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Бұл себептер – бюджет шығыстары, инвестиция, соның ішінде шетелдік борыштар, ағымдағы операциялар шотының теріс көрсеткіші, сыртқы сауда балансы, ұлттық валютаның бағамдық өзгерістері – ақшалай несие саясаты, экономиканың негізгі даму бағыттары, оның құрамдастық өсу баланстары, өнімнің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі жатады. Инфляция деңгейі осы мақсаттарда жүргізілетін іс-шаралардың жиынтық көрсеткіші іспетті. Аталған инфляциялық әсер көздері, әрине, бірімен-бірі тығыз байланыста өрбиді, сондықтан оның бірді-екілі түрінде оң шешім тапсақ, экономиканы толық сауықтырамыз деу жақсы нәтижеге жеткізбейді, негізінде, қоздырғыш көздерімен кешенді түрде күресу қажет.

Бюджет шығыстары саясатында тағы да бір көңіл аударатын жағдай – мұнай түсімдерінен басқа түсімдерден құралатын бюджет тапшылығына Ұлттық қордан берілетін кепілді трансферттерді шектеу. Егер кепілді трансферттер тегеурінді түрде шектелмесе, мұнайсыз бюджет саясаты құр қиял болып қалады. Сондықтан келешекте мұнайсыз бюджетті шын мәнінде іске асырып, ұлттық қордың өз көлемін сақтай отырып, оның қауқарын экономиканың өсім қажеттілігіне демеу беретін қаржы құралы ретінде пайдалансақ, ұтқан үстіне ұтамыз. Осы мәселе бойынша, қалыптасып отырған керенаулық теріс көзқарасты түбегейлі өзгерту үшін Үкімет Норвегия тәжірибесіне сүйеніп, келешекте кепілді трансферт көлемін Ұлттық қордың инвестициялық табыс көлемін шектеуді қолға алмақшы. Бұл – әрине, құптарлық талпыныс, бірақ ол қашан өмірге келмек? Міне, соған жетуді жылдамдату үшін осы бағытқа үндес нақтылы қадамдар қазірден бастап жасау керек сияқты. Мысалы, жергілікті бюджеттің шығындарын қаражат жетіспеушілігіне кепілді бюджеттік несие беріп, кепілді бюджеттік трансфертті жергілікті бюджеттің түсім базасын ұлғайтатын әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының мұқтаждарына жұмсалса, елдегі кедейшіліктің құрсауынан бастау ала алмай отырған кәсіпкерлікке жол ашуға себебі болар еді.

Сыртқы сауда, инвестиция, төлем балансы, ақшалай  несие саясаты, ұлттық валюта бағамдық өзгерістерінің инфляцияға тигізер әсері: 2000-2005 жылдары сыртқы сауданың көлемі 326 пайызға өскен, жылдық орта өсу жылдамдығы 30,8 пайызды құраған. Сыртқы саудада жалпы ішкі өнімнің үлесі 2000 жылы 75,7 пайызға, 2005 жылы 80,5 пайызға жеткен. Осы жылдар аралығында экспорт көлемі 316,0 пайызға, импорт 344,3 пайызға өскен, экспорттың орта жылдық өсімі 17,6%, импорт 30,0 пайыз өсім жылдамдығына жеткен.  
Сыртқы саудадағы экспорттың импорттан басым көлемде дамуының нәтижесінде (2000 жылы млн АҚШ долларымен есептегенде экспорт көлемі 8812,0, импорт – 5040,0, 2005 жылы экспорт – 27849,0 импорт – 17352,5) оң сальдо қалыптасып, 2000-2005 жылдары экспорттың артықшылығы 311810,0 млн АҚШ долларын құрады, ол тек 2005 жылы 10497,0 млн доллар болған. Осы жылдардың ерекшеліктері 2006 жылда да өз жалғасын тауып, елімізге миллиардтаған доллар тасқындап келуде.

Егер кен  орындарын инвестициялау, жабдықтау, барлау, игеру саласында отандық  үлесіміз көбеймесе, төлем балансындағы теріс сальдо теңгенің бағамын тұрақтандырмай, инфляция қатерін төндіретін негізгі факторлардың бірі болып қала береді. Себебі теңге бағамын тұрақтандыру арқылы инфляциямен күрестің тура жолы отандық (мұнай мен газдан басқа) тауар және қызмет экспортының үлес салмағының өсуі, шикізат және өңдеу өндірістерін қаржыландыруға отандық инвесторларды көбірек тартуды қолға алу қажет.

Сыртқы қарыздардың  екінші деңгейдегі банктер қарыздарының инфляциялық процестерге, теңгенің бағамына әсері: 
сыртқы қарыз 2000-2005 жыл аралығында үш еседен артық өсіп (327,3 пайыз), 2005 жылдың соңында 41516,0 млн АҚШ долларына жетті, ол жалпы ішкі жалпы өнімнің 73,9 пайызын құрайды. Сыртқы қарыздағы екінші деңгей банктер жүйесінің үлесі 33,5 пайызын -13901,0 млн АҚШ долларына тең. Екінші деңгейдегі банктер үлесі тек соңғы үш жылда сыртқы қарыздарын төрт есе өсірді, осы жағдай 2006 жылы да өзгермей, өз жалғасын тапты. Бұдан шығатын қорытынды сыртқы саудада орнаған оң баланс (2005ж+10,322 млрд АҚШ доллары) елімізде тұтыну тауарларына сұранысты молынан қанағаттандыратын қаражат бар екенін көрсетеді, бірақ теріс қызмет көрсету балансы (2005 жылы 5,215 млрд АҚШ доллары), теріс түсім (пайда) балансы (2005 жылы 5,180 млрд АҚШ доллары), теріс ағымдағы трансферт (ақшаның қарсы тауарсыз ағымы) балансы (0,412 млрд АҚШ доллары) қызметке деген сұраныстың қызмет ұсынысынан ішкі мүмкіншілігінен әлдеқайда жоғарылығын көрсетіп, ағымдағы шот операцияларының теріс балансына әкеліп отыр (-0,485 млрд АҚШ доллары).

Осыған байланысты бізде шет ел инвестициясына зәрулік  күшті, бұл біздің сыртқы қарызымыздың негізгі өсу себептері болып табылады. Сондықтан біз барлық ақша-қаражат саясатындағы кейбір кемшіліктерге сын көзбен қарағанымызбен, шет ел инвестицияларын тарту және екінші деңгейдегі жүйесінің дүниежүзілік ақша нарығына шығып, кредиттік қаражат әкеліп жатқанына біршама түсіністікпен қарауымыз керек сияқты. Әрине, тек қана шет ел инвестициясына тәуелді болып қалмауымыз керек, бірақ біздегі мұнай мен газ кен орындарын игеру үшін әлі де 40,0-50,0 млрд инвестиция таяу арада керектігі белгілі.

Инфляциялық қауіпті  сейілту, тауар-қызмет ұсыныстарын  ілгерілету және қазақстандық даму институттары мемлекеттік бағдарламалар аясында  құрылған. Сол бағдарламалардағы  республикалық нысанды көрсеткішке  олар қаншалықты үлес қосып отыр, сол  бағдарлама бойынша нарық сегменті қаншалықты өзгерді, ондағы даму институттарының үлесі қандай, міне, осылайша ғана олардың жұмысына баға беруге болады. Қазіргі уақытта жоба санымен ғана жұмыс нәтижесін өлшер болсақ, бұл бағытта да ілгерілеушілік бары байқалады. Қазақстанның даму банкі, инвестициялық, инновациялық қорларының жұмыс істегендеріне төрт-бес жылдай уақыт болып қалды. Егер олардың әрқайсысы көрсетілген уақыт аралығында жылына он шақты жобаны қаржыландырса, кемінде 100-120 өндіріс орны салынып, көбі өнім шығара бастайтын еді. Еліміздегі даму институттары "жылына 10-12 жобаны іске асырдық" дейді, бұл – мемлекеттік дәрежедегі даму институттары үшін сын көтермейтін күлкілі жағдай. "Қаржыландырылған жобалар неге аз?" деген сұраққа "Қазақстанда біз қаржыландыратын жобалар жоқ" деп жауап береді...

Информация о работе Қаржының мәні және атқаратын қызметі