Шағын бизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 13:43, курсовая работа

Описание работы

“Бiздiң елiмiздiң болашағы – оның интелектуалдық қоры, ғылым және инновация жетiстiктерiнде”. Бұл сөздер елбасымыздың халыққа арналған “Қазақстан – 2030” Жолдауында айтылған болатын.

Содержание работы

КIРIСПЕ ................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ ...........................................5
1.1 Шағын бизнес түсінігі және оның экономикадағы орны мен маңызы ..5
1.2 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің даму деңгейi және қазіргі кездегі жағдайы ...................................................................................................9
2 ШАҒЫН КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ «PERFECT» ЖШС МЫСАЛЫНДА .................................................................17
2.1 «PERFECT» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметін талдау ..............17
2.2 «PERFECT» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау әдістері ................22
3 ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................36

Файлы: 1 файл

ALUA_kursovaya.doc

— 423.50 Кб (Скачать файл)

Сонымен қатар мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған бағдарламалардың болуы және оның нәтижесі болып табылады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы. Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр. Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенінің және металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту Мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.

 

Осыған байланысты кредиттерге  кепілдік беру және кредиттер бойынша  пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді. Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет. Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген. Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:

  • қаржыландыруға қол жеткізу және қарыз алу құнының жоғары болуы;
  • индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
  • кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.

Бұдан басқа, осының алдындағы жылдары құрылған  кәсіпорындарда  үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық белсенділігін шектейді.

     Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында  экономиканың шикізат емес секторларында  экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

    Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік экономикалық әлеуметті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, шағын және орта бизнесті дамытып, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген қызметтер атқаруда.

     Экономиканы басқару жүйесін радикалды түрде қайта құру, яғни нарықтық қатынастарға өту елімізде жүргізіліп жатқан реформалық бағдарламаның ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Кәсіпорын деңгейінде бұл проблеманың маңыздылығы ерекше, себебі, нарықтық экономикада оның жағдайы түбегейлі өзгеріске ұшырайды.

     Экономикалық белсенділіктің негізгі факторы ретінде шағын кәсіпкерліктің дамуы көптеген мемлекеттерде орын алған. Шағын бизнестің үлесіне барлық жұмыспен қамтылған адамдардың 50-60%, жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді, ал өндірілген өнімдер мен қызметтер ЖҰӨ-нің тең жартысын құрайды. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы - капитал салымдарының тез орын толтыруы, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағытталуы, жұмыспен қамту деңгейінің жоғарылығы, сұраныс өзгерісіне икемділігі.

   Бұл сектор экономикалық қатынастар жағдайында дамыған елдердің маңызды құрылымдық звеносы болып табылатындығы, әлемдік тәжірибеде айқын көрсетілуде. Шағын бизнес кәсіпорындарының ынталы түрде жұмыс атқару қажеттілігі бірқатар белсенді тенденцияларға байланысты туындап отыр, оның ішінде еңбек күшінің мамандандырылуы мен бөлінуі, өндірістің диверсификациялануы, жоғары сапалы тауарларға деген сұраныстың артуы, демографиялық факторлардың өсуі және т.б. Конституциялық ережеге сай: «Әрбір тұлға кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысуға, жеке мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік іс үшін пайдалануға құқылы». Сондықтан мемлекет кәсіпкерлік ісімен еркін айналысуға кепілдік береді және оны қорғап, қолдап отырады.

   Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді.

 Оңтүстік Қазақстан  Облысының шағын және орта  кәсіпорындарының жұмысына әсер  етуші кедергілердің арасында  бірінші орында дайын өнімді  өткізу мәселелері алып тұр.  Бұл мәселенің пайда болуы  келесі факторларға байланысты болып табылады:

 • шетелдік тауарларға  қарағанда отандық тауар өндірушілер  тауарларының бәсекеге қабілеттілігінің  төмендігі;

 • жалпы тұрғындардың, әсіресе сауда және өндіріс  орталықтарынан шалғай орналасқан  аймақтарда тұратын тұрғындардың  төлем қабілеттіліктерінің төмендігі;

 • отандық нарық  сыйымдылығының төмендігі және  отандық кәсіпкерлердің жақын  не алыс шетел нарықтарына  шығу қиындығы.

    Екінші орынды салық жүйесінің жеткілікті дәрежеде орындалмауы орын алған. Соңғы жылдары бұл проблема басты орындарды алуда және шиеленіскен есеп беру жүйесі, салық ставкалары мен жиындарының жоғарылығы, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктердің жоқтығы және салымдар мен төлемдерді жинау жүйесінің күрделілігі тәрізді түрлі кемшіліктерге ие.

     Кәсіпкерлердің тұжырымы бойынша үшінші орында несие алу қиындығы, оның ішінде-микрокредиттерге (жоғарғы пайыздық ставкалар, несие мерзімінің қысқалылығы, кепілдік мүліктің жоқтығы және несиеге құжаттар толтырудың күрделілігі) қол жеткізу қиын.

      Келесі мәселе бұл шикізатпен қамтамасыз ету, оның пайда болу себептері: жоғарғы баға, сапа төмендігі, сапалы отандық шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың болмауы және транспорттауға тарифтердің жоғарылығы.

      Бесінші орынды мемлекеттік органдардың араласуы мен бақылауы бойынша мәселесі орын алған, оның пайда болу себептері уәкілдік құқықтарын асыра сілтеушілік, күштеушілік және қайырымдылық жасауға мәжбүрдеушілік.

    Бұдан басқа кедергілердің саны көп, солардың ішінде нарықтық және өндірістік инфрақұрылымның дамымағандығы. Көптеген кәсіпкерлердің ескертуі бойынша олардың өз кәсіпорындарын ашу барысында ақпараттың жетіспеушілігі тәрізді кедергілер көп кездескен. Кәсіпкерлер нарық конъюнктурасы, бәсекелестер саны туралы ақпараттарды көп қажетсінеді. Бірақ мұндай ақпараттардың болмауы салдарынан шағын кәсіпорындар өздерінің бастапқы стадиясында шығындалуына тура келеді.  Сонымен қатар:

   «Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» АҚ. Орталықтың негізгі мақсаты Қазақстан экономикасының нақты сектор салаларының жаңа технологиялар трансферті және республикадағы инновациялық іс-әрекетті белсендіру арқылы бәсекеге жарамдылығын арттыру болып табылады ;

  "Kaznex" экспортты дамыту және ілгерілеті к орпорациясы» АҚ - үкiметке мемлекеттiк саясатты, соның iшiнде кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты, құру саласында ақпараттық-талдау жағынан қолдау көрсетеді ,;

  «Даму» Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ - қаржылық, консалтингтік қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен бірге Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдеседі;

  «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ - кәсіпкерлік бастамаларға инвестицияларды тарту және жобаларды қаржылау арқылы қаржылай қолдау көрсетеді ;

  «Қазақстанның инвестициялық қоры» - жаңа және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданып, шикізат пен материалдарды тереңдетіп қайта өңдейтін кәсіпорындардың жарғылық капиталына инвестиция құю арқылы қаржылай қолдау көрсету;

  «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ - қаржылық қолдау көрсетеді;

 

 

Ұсыныстар :

1. отандық тауар өндірушілерге  немесе қызмет көрсетушіге мемлекет тарапынан жарнамалауға көмектесу-15%;

2.    несие алушыларға  алғашқы 2 жылда еш төлемсіз  несие беру;

3.    сыбайлас  жемқорлықпен күресудің жаңа  әдістерін құру,қатаң жаза қолдану;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытындылай келе, еліміз экономикасының нарықтық қатынастарға көшуi барысында және мемлекеттiк меншiктi жеке меншiкке айналдыруда шағын бизнестің алатын орны ерекше. Жаңа тәй-тәй басқан экономикамыз қазiрде бiрталай оң жетiстiктерге жеттi деп айтсақ болады. Қазiр шағын бизнестің үлесi елдiң ЖIӨ 30%-тi құрап отыр,  бұл бiз үшiн үлкен жетiстiк.  Бiрақта бұл жоғары өсу көбiнесе отанымыздың әлi де шикiзаттық бағытында орындалып отыр, дамыған елдер тәжiрибесi бойынша экономиканы индустриалды – инновациялы дамытпай дамыған елдер қатарына қосылу мүмкiн емес, ал осы шараны iске асыруда шағын бизнестің қосар үлесi жоғары.

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан іскерлік қызметтiң мемлекет  тарапында және экономика өмiрiнде атқаратын ролiнiң ұшан теңiз екенi дәлелдеудi қажет етпейдi.  Қазiр дамыған өркениеттi елдердiң қайсысын алып қарасақ та кіші және орта іскерліктi дамыта отырып,  айтарлықтай жоғары дәрежеге жеткенi баршаға мәлiм.

Бүгiнгi Республикамызда  экономиканы нарықтық қатынаста  қайта құру жолында оның негiзi болып  табылатын іскерлік қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi. Қазiргi кезде кіші кіші бюджеттi толтыруға және іскерлік қызметтi дамытуда мықты үлес қосып отыр. Сондықтан да кіші кішіке жан-жақты қолдау көрсету маңызды болып табылады.

Шағын бизнестi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi түрлерiн келесiдей топтастыруға болады:

  1. Құқықтық және заң жүзiнде қолдау және қорғау;
  2. Шағын бизнестi несие және инвестициялық қолдау;
  3. Салықтық қолдау;
  4. Инновациялық қолдау.

Осылардың iшiнде кіші кішітi инновациялық қолдау елiмiздегi бүгiнгi таңдағы өзектi мәселелердiң бiрi. Себебi, әлемдiк экономикада жоғары бәсекелестiкке қол жеткiзу үшiн дамудың индустриялық-инновациялық сатысына өту керек. Ал шағын бизнестің дамуы осы аталған инновациялық өндiрiске алып келер бiрден-бiр жол. Елiмiзде кіші кішітi дамыту арқылы бәсекеге қабiлеттi сапалы өнiмдер мен қызметтердi ұсынуға болады. Бұның өзi бәсекелi күрестiң негiзгi шарты болып табылады.

Сондықтан экономикамыздың шикiзат  бағытынан ғылыми-техникалық шикiзат бағытына өтуi үшiн “2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын”  қабылданған.  Осы стратегияны жүзеге асыруда іскерлік қызмет  арасында   кіші  инновациялық  іскерлік  ерекше  орын  алады. 

2011 жылы «PERFECT» ЖШС-нің тежелген әлеуметтік – болжалды тарифтік саясатты жүргізді. Саладағы баға белгілеу Ұлттық операторға – «PERFECT» ЖШС-нің артылған міндеттемелер мен әлеуметтік аспектілер есебінен және Компанияға қатысты қолданылатын мемлекеттік реттеу шараларымен анықталды.

Жұмыс процесінде «PERFECT» ЖШС-нің қаржылық тұрақтылығына баға берілді.  Бұл жерде айтып ескертілді:

  • ұйым, қаражаттың қарыз көздеріне біршама қаржылық тәуелділікте, бұл негізгі қорлардың жаңғыруының жоғары деңгейлерімен байланысты;
  • меншікті капитал үлесі 55% - ті құрайды, бұл қаржылық жағдайдың тұрақтылығын көрсетеді.

Талдау барысында айқындалған  кейбір негативті құбылыстарды ескере отырып, бірқатар ұсыныстар мен пікірлер беруге болады:

  • мүлік құнындағы меншікті айналымды капитал үлесін жоғарылату қажет және меншікті айналымды капиталдың өсу қарқыны қарыз капиталының өсу қарқынынан барынша жоғары болуына қол жеткізу керек;
  • ұйымның қаржылық дербестігін қайта құру мақсатында, қысқа мерзімді қарыз қаражаттарын тартуды қысқарту бойынша шаралар қабылдау қажет;
  • негізгі қаражаттарды жаңғыртуға бағытталған, қаржыландырудың меншікті көздерін көбейту мақсатында, қызмет көрсету тарифтерін өзгерту бойынша негізделген есептеулермен және ұсыныстармен табиғи монополияларды реттеу Агенттігіне сүйену керек.

Осы ұсыныстарды жүзеге асыру «PERFECT» ЖШС-нің қаржылық жағдайын жақсартуға, жеке қаржылық мүмкіндіктерін жұмылдыруға және қаржылық ағымды тиімді қолдануды жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Информация о работе Шағын бизнес