Қоғамдық өндіріс теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 18:07, курсовая работа

Описание работы

Кіріспе
Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесіде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы ендіреді. Адам тамақтану процесінде өзінін тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - ендіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың — адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары — өзара іс-әрекеті аркылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі — өндіріс процесінін заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай жазған: «Қоғамдык өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын — жұмысшы мен өндіріс кұрал-жабдығы үнемі онын факторы болып калады».
Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.

Содержание работы

Кіріспе.............................................................................................................................1

І. Қоғамдық өндірістің теориялық негіздері
1.1 Қоғамдық өндірістің негізгі түрлері мен түсінігі.................................................5
1.2 Қоғамдық өндірістің негізделу концепциясы. Қоғамдық өндірістің даму кезеңдері........................................................................................................................ 8
1.3 Қоғамдық өндірістің негізгі факторлар...............................................................10

ІІ. Ұдайы өндіріс.
2.1 Жай ұдайы өндірістің дамуы……………………………………………………13
2.2Ұлғаймалы ұдайы өндірістің дамуы ……………………………………………14

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өндірістің қазіргі жағдайы
3.1 Қазақстан Республикасы қоғамдық өнеркәсіп саласын талдау……………….15
2.2 Өндірістік емес салалардың жағдайын талдау…………………………………18


Қорытынды……………………………………………………………………….19
Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………………..21
Қосымшалар………………………………………………………………………...…22

Файлы: 1 файл

курсовая работа.doc

— 483.00 Кб (Скачать файл)

Өндірістегі сияқты, ұдайы өндірісте әрдайым қоғамдық сипатта болады, өйткені, адамдар материалдық игіліктерді өндіреді және шығарады, оларды бірлесіп пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің дамуы.

 

Ұлғаймасы ұдайы өндіріс - бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың 6ip бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процес ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.

Ұдайы өндірістің ұлғаймасы түpi үшке бөлінеді:

интенсивті;

экстенсивті;

аралас. Кесте № 4.

Интенсивті  ұлғаймасы ұдайы өндіріс - техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде өндірістік әлеуетті ұлғайту болып табылады.

Экстенсивті  ұлғаймасы ұдайы өндіріс - өндіріс  қуатын пайдаланылатын өндipic факторлары санын көбейту нәтижесінде ұлғайту.

Аралас ұлғаймасы ұдайы өндіріс - өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлары санын ұлғайту және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту.

Ұлғаймасы ұдайы өндірістің жай ұдайы өндірістен айырмашылығы мынада: ол қосымша өндіріс құрал-жабдықтарын және қосымша жұмыс күшін сатып алу арқылы қосымша құнның белгілі 6ip бөлігін пайдаланудағы капиталға ұдайы қосып отыруды көздейді.

Ұлғаймасы ұдайы өндipic қоғамның жиынтық  капиталы ретінде, сондай-ақ жеке капитал ретінде егер нарықта: а) қосымша өндіріс құрал-жабдықтарының қажетті мөлшері болған жағдайда; б) қосымша тіршілік ету қаражаттары; в) басы бос жұмыс қолының  қажетті мөлшері болған жағдайда жүзеге асырылады.

Қосымша құннан пайда болған жаңа капитал өзгенің төленбеген еңбек ақысын иемденудің нәтижесі болып табылады.

Ұлғаймасы ұдайы өндipic, материалдық игіліктерді, жұмыс күшін және өндірістің  қатынастарды өскелең көлемде   ұдайы өндіру болып табылады.

Ұлғаймасы ұдайы өндipic кезінде қосымша құн қорлану қорына және  өндірістің  тұтыну қорына бөлінеді. Қосымша құнның қорланатын бөліп қосымша өндipic құрал-жабдықтарын сатып алуға және қосымша жұмыс  күшін жалдауына жұмсалады, яғни қорлану қоры тұрақты және өзгермелі капиталға бөлінеді.

Қорлану    қорының    мөлшepi    қосымша    құнның    жалпы    санасын анықтайтын бірқатар факторларға; біріншіден, жұмыс күшіне, екіншіден, еңбектің   өндіргіш    күшін    арттыруға,   үшіншіден,    жұмсалатын    және тұтынылатын    капиталдың    арасында    пайда    болатын    айырмашылыққа байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қазақстан  Республикасындағы қоғамдық өндірістің қазіргі жағдайы

3.1 Қазақстан Республикасы қоғамдық өнеркәсіп саласын талдау

 

Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп  және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс  құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы.

2010 жылы өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi қолданыстағы бағада 12 105 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы деңгейден 9,6%-ға жоғары. Өндірістің өсуі республиканың 15 өңірінде байқалды. Төмендеуі Батыс Қазақстан облысында тіркелді.

Ақмола облысында өнеркәсіп  өнімінің нақты көлем индексі 130,1% құрады. Уран, торий, құрамында алтыны бар кендерін  өндіру,  мойынтіректер және өңделмеген алтын шығару өсті.

Астана қаласында локомотивтер,  пластмасса құбырлар, түтіктер, есіктер  мен терезелер, преформалар, жылу энергиясы  және ауыз су шығару өсті (124,7%).

Алматы қаласында өңделмеген тазартылған мыс, сыра, шырындар, телевизиялық қабылдағыштар және бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялар шығарылымы өсуі есебінен өндіріс көлемі 22,5%-ға артты.

Павлодар облысында  мұнай өңдеу өнімдері өндіру, феррохром, ферросиликохром, өңделмеген алюминий, электр энергиясының шығарылымы өсуі есебінен өндіріс көлемі 15,2%-ға артты.

Оңтүстік Қазақстан  облысында өнеркәсіптік өнімдерінің  нақты көлем индексі 113,5% құрады. Уран және торий кендері, газойльдер, мотор отыны, мазут,  цемент, ұн шығарылымы артты.

Атырау облысында мұнай және мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің өсуі есебінен өндіріс көлемі 13,2%-ға өсті.

Қостанай облысында  біріктірілген темір кені, темiркендi шекемтастар және қойыртпаларды  шығару, сыра, сүт өнімдерінің өндірісі өсті (112,6%).

Жамбыл облысында фосфор, фосфатты шикізат, мотор отыны, құрама құрылыс металл конструкциялары, жылу энергиясы  шығарылымы өсті (110,8%).

Алматы облысында алкогольсіз  сусындар, сыра, шырындар, аккумуляторлар,  ғанышкартон, бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялардың және электр энергиясы шығарылымының өсуі есебінен өндіріс көлемі өсті (110,4%).

Ақтөбе облысында мұнай, мыс қорытпалары өндірісі, хром кендері, хром тотығы,  сұйытылған пропан және бутан, электр энергиясын өндіру артты (108,9%).

Шығыс Қазақстан облысында нақты көлем индексі 107,3% құрады. Тазартылған алтын және күміс, күнбағыс майы, тракторлар, жеңіл автомобильдердің өндірісі жоғарылады.

Маңғыстау облысында  мұнай, газ және электр энергиясын өндірудің  артуы есебінен өндіріс көлемі 5,9%-ға өсті.

Қарағанды облысында нақты көлем индексі 104,3% құрады. Тас көмір, мыс және марганец кендері мен қойыртпалары,  тазартылған өңделмеген мыс, мыстан жасалған сым өндіру артты.

Қызылорда облысында  уран және торий кендері, күріш, пропан және бутан  өндірісі артты (101,1%).

Солтүстік Қазақстан  облысында тазартылмаған күнбағыс майы, ұн, сорғыштар, жүк вагондарының өндірісі өсті (100,2%).

Газ конденсаты, табиғи газ  өндіру және газойльдер өндірісінің  төмендеуі есебінен Батыс Қазақстан  облысында нақты көлем индексі 97,4% құрады.

 

2010 жылы кен өндіру  өнеркәсібінде және карьерлерді  қазуда нақты көлем индексі  107,2% құрады. Шикі мұнай (105,8%), табиғи  газды (106,2%) және металл кендерін (107%) өндіру өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде  өндіріс 13,9%-ға  өсті, тамақ өнімдері және сусындар, құрылыс материалдары, қара, түсті металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі өнімдерінің шығарылымы өсті.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда электр энергиясын өндіру, беру және бөлу көлемінің 5,3%-ға,  бу беру және ауа баптауы 7,3%-ға артуы есебінен нақты көлем индексі 104,9% құрады.

Сумен жабдықтауда 2010 жылы нақты көлем индексі 109% құрады.

2011 жылғы қаңтар-қазанда  2010 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда  өнеркәсіп өнімінің нақты көлем  индексі 104%-ды құрады. Өндірістің  өсуі республиканың 13 өңірінде байқалды.  Ал Қостанай, Қызылорда облыстарында өндіріс көлемі өткен жылдың деңгейіне сәйкес. Төмендеу Маңғыстау облысында тіркелді.

Жамбыл облысында 2011 жылғы  қаңтар-қазанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 132,3%-ды құрады. Цемент және цементтерге арналған қосымшалар, фосфор, фосфор қышқылы, натрий үш полифосфаты және ферросилико марганец шығарылымы артты.

Астана қаласында локомотивтер, преформалар, тауарлық бетон, цемент, бетоннан жасалған тақталар және қара металдан немесе алюминийден жасалған конструкциялар шығарылымы өсті (130,5%).

Ақмола облысында нақты  көлем индексі 117,9% құрады. Тас көмірі, құрамында алтыны бар, және уран кендер өндіру, өңделмеген алтын, мойынтіректер және жүк автомобильдердің шығарылымы жоғарылады.

Алматы қаласында мыс негізіндегі қорытпалар, дәрі-дәрмектер, сүт, шоколад, бетоннан жасалған құрылыстық құрама конструкциялардың және есептеуіш машиналар шығарылымының  өндіріс көлемі 15%-ға артты.

Жиһаз, шылым, алкогольсіз  сусындар, сыра, ұн және аккумуляторлар шығарылымы Алматы облысында артты (110,5%).

Шығыс Қазақстан облысында  мыс кенін өндіру артты, тиындар  мен медальдар, цемент, тазартылған  алтын, күміс және жеңіл автомобильдердің шығарылымы жоғарылады (109,1%).

Батыс Қазақстан облысында  газ конденсаты, табиғи газ өндіру және газойльдер өндірісі артты (109%).

Нақты көлем индексі  Ақтөбе облысында 107,9%-ды құрады. Мұнай, мыс және хром  қойыртпаларының  өндірісі артты.

Жүк вагондар, пластмасса құбырлар, түтіктер, электр энергия, рапс май, макарондар және  жануарларға арналған дайын азықтарын артуы есебінен Солтүстік Қазақстан облысында нақты көлем индексі 105%-ды құрады.

Оңтүстік Қазақстан  облысында уран кендерін өндіру, электр трансформаторлар, цемент,  оттық  мазут және бензин өндірісі артты (101,9%).

Көмір, болат, өңделмеген алюминий, болат құбырлар және электр энергиясы өндірудің өндірісі Павлодар облысында артты (101,8%).

Қарағанды облысында  көмір және көмір қойыртпасын, теміркенді агломерат өндіру, болат, жазылған илек өндірісі өсті (101,6%).

Атырау облысында нақты көлем индексі 100,9% құрады, негізінен мұнай өндіру және өнеркәсіптік сипаттағы қызметтердің өндірісі артты.

Мұнай және  газ конденсатын  өндірудің төмендеуі есебінен нақты  көлем индексі Маңғыстау облысында 99,3%-ды құрады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 Өндірістік емес салалардың жағдайын талдау

 

Өндірістік емес сала, бейөндірістік сала – материалдық  игіліктерді тікелей өндірмейтін  салалар кешені; тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушы көлігі, байланыс (өндірістік емес ұйымдар мен халыққа қызмет көрсету жөніндегі), денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, ағарту, мәдениет, көркемөнер, ғылым мен ғылымдық қызмет ету, басқару және т.б, қарекет түрлері.[2]

Көбінесе ол адамның бейматериалдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты салалар. Оларға өндірілу үдерісі уақыт жағынан тұтынылуымен сәйкес келетін қызметтер көрсету (кино, театр, монша, саябақ, аттракцион, шаштараз, т.б.), әлеуметтік сипаттағы қызмет көрсету (әлеуметтік қызметтер), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрмыстық қызмет көрсету, халық пен бейөндірістік салаға арналған көлік пен байланыс, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, ағарту, мәдениет, өнер, ғылым және ғылыми қызмет көрсету, баспасөз, басқару саласы, қоғамдық ұйымдар, т.б. жатады.

Кеңестік дәуірде бейөндірістік  салалар тұтыну қорының тек шығыс  бөлігінде ғана көрсетілді; бұл салалар  табыс әкелмейді деп есептеліп, мемлекеттік жәрдем қаражатқа сүйенді, өйткені олардың көбісі тегін немесе оны төмен бағамен қызмет көрсетті. Қазіргі кезде бұл салалар өндірісінің көлемі елдің жалпы ішкі өнімі мен жалпы ұлттық өнімнің жалпы құнына кіреді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Нарықтық экономика  жағдайында өндірістік-экономикалық және қаржылық тұрақтылық рынокта қалыптасқан  бағалармен, өндіріс пен өнім сату көлемдерімен өндірістің өзіндік құны деңгейімен, кәсіпорынның пайда алу  шамасымен анықталады.

Ресурстарды пайдаланудың оңтайлы саны (ең жоғары пайда) егер қосымша бірлік ресурстар пайдаланудан алынған түсім шегі ресурс бағасына тең болғанда ғана шығады.

Өндірісті басқару үшін бір бірлік өнімге есептелген шығындар шамасын білген маңызды. Осыған байланысты шығындарды барлық алынған өнімдер бірлігіне (кәсіпорын өндірген) бөлу арқылы орташа шығын бір бірлікке есептеледі. Сондай-ақ орташа тұрақты және өзгермелі шығындар есептелінеді, себебі кәсіпорынның жұмыс жасау мақсатының өзі пайданы барынша көп алу.

Сонымен, әр түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін әр түрлі аудандар шамасы жағынан бірдей емес, құрылым жағынан да біртекті емес материалдық және ақшалай шығындарды талап етеді. Ол шығындар тек кездейсоқ жағдайда ғана бірдей болып шығуы мүмкін. Сондықтан да өнім өндіру де әр түрлі болады. Қандай да болмасын қоғамдық-экономикалық формацияда өндіріс фундаментін негізінен үш түрлі ресурстар құрған: еңбек заттары, еңбек құралдары және еңбектің өзі. Олар тек бірлесе отырып бірыңғай жүйе ретінде жұмыс жүргізеді. Олардың типті біреуі болмай қалса жұмысты жоққа шығарады, жұмыс жүйесі мүмкін болмайды.

Оған қосымша, бұл ресурстар  шектеусіз емес, керісінше олар шектелген  және бәрі бітіп қалуы мүмкін. Әсіресе  мұндай жағдай ауыл шаруашылығында көрініс  табады, бұл ең алдымен, негізгі еңбек құралы ретінде жерге қатысты. Егер жерді еңбек құралы ретінде қарастыратын болсақ, онда жердің аумақтық шектеулігі, оған машиналар мен механизмдерді, құрылыстар мен ғимараттарды шексіз көп орналастыруға мүмкін емес.

Нарықтық принциптеріне  мыналарды жатқызу керек: рыноктағы сұраныс пен ұсыныстың көлеңкесі; бағаның өзіне тең, рыноктағы біркелкі бағаға жетуге әрекеті, сондай-ақ толық шығындарды қайтару және әрбір нормалы түрде жұмыс жасап отырған кәсіпорын орташа пайда нормасын алуға ұмтылады; баға арқылы қоғамдық – қажетті шығындар анықталады және тауардың тұтыну құны көрсетіледі; бағаның нақтылығы мен атаулығы, мұнда әрбір жекелеген тауардың өзінің белгілі бір бағасы болады; бағаның көмегімен мемлекеттің орталықтандырылған табысын, оларға салықтарды, алымдарды және аударымдарды қосу жолымен анықтау; шаруашылық жүргізу субъектерінің және жалпы алғанда мемлекеттің шаруашылық, әлеуметтік, саяси проблемарын шешу; оларды мемлекет қолданысындағы бағалар тәртібі мен саясатына бағындыру қажеттілігі.

Дамыған қоғамда мына төмендегі бағалар түрі жұмыс жасайды: қызмет көрсету сипаты, мемлекеттік әсер етуі, тәсілін белгілеу және тіркелуі бойынша; уақыт факторын ескере отырып, ақпарат алу тәсілі бойынша; рыноктың түрлеріне тәуелді бағалар жеткізіп беру және сату жағдайлары бойынша; әлемдік бағалар – тауар өндірушілерге дифференциалды рента түрінде, топырақтарды құнарлығы орташа болған жағдайда, қосымша табыс алуға мүмкіндік береді, әдетте өндірушінің бағасы бойынша.

Мемлекеттің араласуы әдетте төрт негізгі формада жүреді: бәсекелерді қолдау, экономиканы тұрақтандыруға жағдай жасау, халыққа қоғамдық игіліктерді және трансферттік төлемдерді беру, ережелер мен шектеулерді белгілеу.

Баға теңсіздігі экономиканың аграрлық секторындағы қаржылық проблемалардың басты себебі деп қарастырылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі баға теңсіздігінің жоғары болуы, яғни аграрлық өндіріске керек ресурстардың бағасы ауылшаруашылық өнімдерінің бағасына қарағанда тез өсуі – нарықтық экономика үшін жай ғана процесс деп көрсетеді.

Информация о работе Қоғамдық өндіріс теориялық негіздері