Экономиканың циклдық дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 16:52, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың циклдық дамуы тақырыбы - жалпы экономикалық циклдарды және қазіргі Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайын зерттеуде өте маңызды және қызықты тақырып болып табылады. Экономикалық циклдың дүниеге келуі көп ғасырларды қамтитын өте күрделі процесстердің бірі. Экономикалық циклдар теориясы, экономикалық өсу теориясымен қатар, халық шаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экономикалық динамика теорияларына жатады.

Файлы: 1 файл

курсовая новая.doc

— 206.00 Кб (Скачать файл)

Егер, өндіріспен, жұмыспен қамтуға келетін болсақ, кейде  экономиканың (спад) төмендеуінен ұзақ қолданылатын тұтынушы тауары мен өндіріс қаражаттарын шығаратын өнеркәсіп салалары зардап шегеді. Әсіресе осалдылық танытатын құрылыс өнеркәсіптері. Ал қысқа мерзімді уақытқа қолданылатын тұтынушылық тауарларды шығаратын өндірістер циклдан еш әсер ала қоймайды.

Ауылшаруашылық өндірістер, тұрғын-үй құрылысымен байланысты жұмыс және өндіріс салалары мұндай кезде ауыр жағдайды басынан кешіреді. Осылардың барлығы экономика фазасы көтерілу (подъем) кезінде даму үшін максималдық ынта алады. Осы үлгілердің барлығы циклдік тербелістен салалық өндірістердің осалдылығын көрсетіп отыр.

Құлдырау туған кезде  және жанұя бюджетін қысқартуға керек  болғанда біріншіден, ұзақ мерзімдіге қолданылатын автокөлік, тұрмыстық  техника секілді тауарларға жасалған жоспарлардың барлығы өз мәнін жоғалтады. Ондай тауарларды сатып алуды көпке дейін кейінге қалдыруға болмайды. Өйткені қандай да бір деңгейде барлық тауарлардың саны төмендей бастағандықтан сапасы да төмендей бастайды. Ұзақ мерзімді қолданылатын тауарлар мен инвестициондық тауарларды өндіретін өнеркәсіптердің көптеген салалар жоғары шоғырланумен ажыратылады. Ал нарықта ірі фирмалардың бірнешеуі билік етіп жатады. Сондықтан, мұндай фирмалар монопольды билікке толығымен ие бола отырып, нақты бір кезең аралығында сұраныстың төмендеуінен өнім шығаруды шектей отырып, бағаның төмендеуіне қарсы тұрады. Сондықтанда, сұраныстың төмендеуі жұмыспен қамтылу мен өндіріске маңызды әсер етеді. Қысқамерзімді уақытта пайдаланылатын тауарларды шығаратын салалар көп жағдайда бәсекеге қабілетті және төмен концентрациямен ерекшеленеді. Олар сұраныстың өсуі мен бағаның жоғарылауына қарсы тұра алмайды. Жоғары деңгейлі концентрациясы бар өндіріс салалары бағаның лезде төмендеуі мен өндірістің төмендеуін сынап көреді, осыған қатысты өнім көлемінің төмендеуі жоғары концентрациялы салаларда байқалады.

Өндірісті кеңейту және жандандыру кезеңі бір мезетте бола алмайды. Сондықтан да дағдарыс орнын  басуға құлдырау кезеңі келеді. Дағдарыста экономиканы қарқындату үшін жағдайлар  жасалады. Құлдырау жолында барлық жағдайлар біріктіріліп, қарқынды даму кезеңі басталады, яғни барлық фазаларды алып кететін фаза, ол – жандану (оживление). Жандану фазасының соңында жандандыру ынтасы өзін сызып тастайды. Одан кейінгі келетін келесі фаза – көтерілу (подъем) қайтадан экстенсивті даму қолға алынады.      

Экономика дамуындағы циклдардың пайда болатын себептері өндірістердің өз арасындағы қайшылық, яғни төлемқабілет сұранысына жете алмаса да өндірістерін кеңейтуге ұмтылған өндіріс пен іске асыру жағдайындағы дау дамаймен жабылады. Циклдық қозғалыстың механизмі болып, (жалақының төмендеуі мен негізгі капиталдың құнсыздануына сәйкес) бағаның төмендеуі танылады.

Экономикалық дағдарыстың  ұзаққа созылуының тағы бір себебі, ол инвестиция тербелісі. Біріншіден, дағдарыс негізгі капиталды құнсыздандыра  отырып, сонымен қатар өндірістік аппараттарды жандандыру үшін жағдай жасайды. Екіншіден, дағдарыс өндіріс шығындарын төмендетуге әкелетін жаңа техникалық базамен негізгі капиталды жандандыруға мәжбүрлейді. Дағдарыспен келген негізгі капиталдың жаппай рухани тозуы барлық кәсіпкерлерді жаңа техника қолдануға мәжбүрлейді. Сондықтан да, дағдарыс экономиканы жаңа фазаға көшуді көмектесе отырып, жаппай инвестиция үшін жолды кеңейтеді. Негізгі капиталды жандандыру циклдың жалғасуы мен кезеңділік дағдарыстың жаппай негізі болып танылады. Осыған орай, осындай экономикалық цикл жолында өндіріс динамикасы негізгі капитал қозғалысымен үздіксіз байланысты және осы қозғалыс кеңістігінде жүзеге асырылады.

Дағдарыс жеке капитал  айналым кезеңін аяқтай отырып, осы  уақытта жаңа цикл айналымына бастама береді. Осыған орай, келесі экономикалық цикл үшін жаңа материалды-техникалық база құрылады. [1, 450-454 б.]

 

   

1.2. Экономикалық циклдардың негізгі концепциялары

 

Цикл теориясының баршаға  ұнамды классификациясы осы күнге  дейін жасалған жоқ. Аз емес зиялы теоретиктер жасаған классификация кестеде көрсетілген.

Цикл теориясының классификациясы

 

Роберт А.Гордон

Готфрид Хаберлер

Алвин Х.Хансен

    Вислей К.Митчел

1.«Баға шығындар» қатынастарының  өзгерістеріне және күтімдердегі  өзгерістерге назар 

 

аударатын теориялар.

2.Ақша табиғатына негізделген теориялар.

3.Жинақтау мен инвестициялардың  рөліне мән беретін теориялар:

а) капитал тапшылығының теориялары;

б) инвестициялық мүмкіндіктер теориялары;

в) түпкі өнімге инвестициялардың әсер етуіне мән беретін теориялар

4. Аграрлық және метеорологиялық теориялар.

1.Таза монетаристік  теория.

2.Артық қорлану теориялары:

а) ақшалай артық 

инвестициялар;

б)ақшалай емес артық инвестициялар;

в)акселератор теориялары.

3.Шығындардың көлденең  диспропорциялардың және өзара берешектердің өзгерістері.

4.Кем тұтыну теориялары.

5.Психологиялық теориялар.

6.Ауыл шаруашылық дақылдарының  түсімдігі теориялары.

1.Жиынтық сұраныс теориялары.

2.Сенім және несие.

3.Артық 

инвестиция жасау:

а)монетарлық

б)монетарлық емес.

4.Ақшалай тепе-теңдік еместік.

5.Импульстардың тарауы.

6.Ауыл шаруашылығы.

1.Ауа райы.

2.Болжамсыздық 

3.Іскерлік шешім қабылдаудағы  эмоционалдық фактор.

4.Инновациялар.

5.Жинақтар және инвестициялар.

6.Құрылыс жұмыстары.

7.Жалпы ортақ өндіру.

8.Банктік операциялар.

9.Өндіріс және ақша  табыстарының ағыны.

10.Пайда табуға салыну.

 


 

 

Сыртқы факторлар теориялары. Осы бағыттың негізін қалаушы  ағылшын экономисі У.С.Джевонс (1835-1882жж.). Бұл экономикалық циклді 11жылдық күннің белсенділік циклмен байланыстырады. Осының еңбектерінде күн табының астықтың түсіміне, оның бағасына әсері және сауда циклі зерттеледі.

Джевонс күннің белсенділік  циклін көбінесе ауыл шаруашылығымен және саудамен байланыстырады. Бұның  әріптестері күн циклінің әсері  барлық экономикаға тарайды деді. Осылай Х.С.Джевонс (баласы) күн циклін жұмысты болудың ауытқуларымен байланыстырады, ал Х.М.Мор күн белсенділігінің жалпы экономикалық теориясын жасады.

Жапониялық экономист  Симанака Юдзи 1885-1984жж. Жапония экономикасының циклмен дамуын зерттеді. Бұның зерттеуі бойынша, осы мерзімде 11-жылдық тоғыз күн циклдары болды, бұлар Жуглардың циклдарына сәйкес болды. Симанака айтуы бойынша Кузнецтің циклі күннің екі цикліне (22 жылға) тең, Кондратьевтің циклі – күннің бес цикліне (55 жылға).

Троцкийдің және осы замандағы «неомарксистер» теориясы. 1921 ж. Л.Троцкий өзінің ұзын толқындар теориясын ұсынды. Оның айтуы бойынша, ұзын толқындар капитализмнің тез немесе баяу дамуының тарихи кезеңдері болып табылады және ол 1787-1921 жылдарды бес әр түрлі кезеңге бөлді. Ұзын толқындар экономикалық жүйеге имманентті емес, оларды дүниеге экзогендік циклдік емес факторлар әкеледі: таптық күрестің күшеюі және бәсендеуі.

Артық қорлану теориясы. Осы теорияның басты мәселесі – ол тұтыну тауарларын өндіретін салаларға қарағанда, өндірістік тауарларды шығаратын салалардың тым артық дамуы: өндірістік тауарлар жасайтын салалар экономикалық циклдің ықпалына, күнделікті сұраныс тауарларын өндіретін салаларға қарағанда, көбірек ұшырап отырады. Циклдің жоғарылау фазасы кезеңінде өндірістік бағытталған тауарлардың шығарылымы өседі, циклдің төмендеу фазасы кезеңінде қысқа мерзімді қолданылатын тауарлардың өндірісінің қысқаруынан да елеулі шапшаң төмендейді.

Кем тұтыну теориясы. Осы теорияның негізін қалаушы швейцариялық экономист Ж.Сисмонди (1773-1842жж.). Бұнда «кем тұтыну» термині «тым артық жинақтау» мағынасында пайдаланылады. Депрессияны дүниеге әкелетін – ол ағымдағы табыстың тым үлкен бөлшегінің жинақталуы және оның тым аз бөлшегінің тұтынулық тауарларға жұмсалуы. Жеке адамдар мен компаниялардың өздерінің еркімен жасайтын жинақтары өндіріс пен өткізудің арасындағы теңдікті бұзады. Тым артық жинақтаудың себебі – табысты бөлудегі теңдіктің болмауы. Жинақтың басым көбі ірі табыс алушыларға келеді. Егер жалақының дәрежесін көтеру мүмкін болса және осымен бірге ұлттық табысты осыдан гөрі бірқалыпты бөлу мүмкін болса, онда жинақтың үлесі қауіп әкелетіндей үлкен болмас еді.

Циклдің марксистік теориясы. Марксистердің айтуы бойынша, циклдіктің мүмкіндігі (капитализмде), сатып алу – сатудың ажыратылғанында ақшаның айырбас құралы мен төлем құралы функцияларынан жабайы тауар өндірісінде пайда болады. Бірақ осы мүмкіндік дамудың тек белгілі сатысында – машиналық кезеңде, ақиқатқа айналады.

Марксизм теориясында  аграрлық дағдарыстар капиталистік дағдарыстың ерекше көрінісі болып табылады. Олардың себебі ортақ: капитализмнің негізгі қайшылығы, бірақ кейбір ерекшеліктер бар:

жерге шаруашылық объекті  ретінде монополияның болуы;

  • аграрлық секторда баға белгіленудің ерекшеліктері;
  • табиғи фактордың әсері;
  • ауыл шаруашылығының даму дәрежесінің өнеркәсіптігінен төмен болуы.

Неоклассиктер және неокейнсшілер  циклдік ауытқулар механизмі  туралы. Неоклассиктер мен неокейнсшілерде циклдік механизмнің фундаменталдық себебіне, өздері кезегімен осы бейімделудің әсерімен және оның барысында өзгеретін, капитал запасының өндіріс шарттарына үйлесу процесін жатқызады. Жыл сайын ұдайы өндірілетін («ағынның») көлемімен, бір жақтан және оның осы мезгілге дейінгі жинақталған запасының арасында «небір» немесе тепе-теңдік пропорция бар деп жорамал жасалады. Осы тепе-теңдік пропорция бұзылмағанша, циклдік ауытқулардың болуы мүмкін емес. Егер де бұлар бола қалған болса, онда бұл нақты ағын / запас пропорцияның өзінің қалыпты шамасынан бір жаққа немесе басқа жаққа ауытқығаны болады.

Бұл ауытқулар өндірістің де, капиталдың да ауытқуы болып табылады. Капиталмен реттеу оңтайландыру бұнда алыстап қолдан шығып бара жатқан мақсат көздейді – ұдайы өндірістің жыл сайын болатын шамасымен салыстырғанда, «қалыпты» шамаға жету.

Цикл теориясының неоклассикалық және неокейнстік бағыттарының айырмашылығы ағын / запас пропорцияның сипаты мен себептері туралы сұраққа жауап берумен айқындалады. Неокейнсшілер аталған пропорциядағы өзгерістерге белсенді қатысатын запастың қозғалысы дейді, ал неоклассиктер біріншілікті ағынға береді.

Кейнстік бағыттың басында  Дж. Хикс, П.Самуэльсон, Э.Хансен және т.б. болды, неокейнсшілердің негізгі гипотезасы: кәсіпкерлердің нақты капиталын К оның теңсалмақты дәрежесімен К теңестіруге тырысуы. Осы барлық циклдік механизмді әрекеттендіретін ең басты біріншілік себеп. Неокейнсшілер үшін капиталдың тең салмақты дәрежесі «оптималдық» шама К капиталының экономикалық агенттері үшін «ұнатымдылығы» оның К капиталдың нақты дәрежесін өзіне тартып алуға қабілеттілігі. Циклдің неоклассиялық концепциясы. Бүгінгі күнге дейін неоклассиктер дағдарыстардың заңдылық болып тұрақты қайталанып тұруын жоққа шығаратын. Бұны олар сыртқы түрткіштердің экектикалық жиынтығымен дәлелдейтін. Неокейнсшілер сияқты, циклдің мәні «қалыпты» немесе теңсалмақты ағын / запас пропорциясының бұзылуымен сипатталған. Бірақ неокейнсшілдік теориядан өзгеше, (бұнда тең салмақты пропорция сонымен бірге экономикалық агенттер үшін ұнамды, сондықтан бұлардың тәртібін белгілейтін деп есептелінеді). Неоклассиктер тепе-теңдікті ерекше өзіне тарту күші бар құбылыс деп есептемейді. Тепе-теңдік, бұлардың айтуы бойынша, экономикалық даму барысында, басқа маңызы жоғары біріншілік факторлардың өзара әсер етуінің нәтижесінде пайда болады немесе жоғалады. Неоклассиктер капиталдың қорлануының тікелей себебіне пайданы жатқызады. Ұнамды және нақты капиталдың бір-бірінен алшақтатылуы туралы мәселе көтерілмейді.

Циклдің психологиялық  теориясы. Психологиялық теориялардың дамуынан үш бағыттар барын бөліп айтуға болады. Бірінші бағыт ХIХ-ХХ ғғ.тоғысуында дүниеге келген. Бұның көрнекті өкілдері У.Джевонс және В.Парето (1848-1923жж.) циклдық ауытқулардың жаратылуындағы басты рөлді тауар нарықтарындағы және қор биржасындағы кәсіпкерлердің операцияларының алып-сатарлық мотивтерімен байланыстырады, яғни бағаның және құнды қағаздардың бағамының одан әрі өсу күтімдерінің мотивтерімен.

Осы жағдайда бумаға бастапқы импульсты стихиялы пайда болған – оптимистік көңіл-жай береді. Банкілік несиені кең пайдалануға негізделген, сұранысты алып-сатарлықпен жандандыру, экономиканы тепе-теңдік траекториядан тайдыратын, өндірістің дәлелсіз өсуіне әкеледі. Бұл, ссуда процентінің мөлшерлемесінің өсуінің және бағаның өсу тенденциясында байқала бастаған өзгерістердің пайда болуының нәтижесінде тоқталады. Дағдарыс үйренудің өріс алып келе жатқан банкроттықтың нәтижесі екендігі белгіленеді. Күйзелтетін дағдарыс ұзақ мерзімге созылып кететін депрессияға әкеледі, бұдан экономиканы процент мөлшерлемесінің төмендеуі құтқара алады. Циклдің психологиялық теориясының екінші бағыты ХХ ғ. 20-30-жылдары пайда болған және ол А.Пигудың (1877-1959 жж.), жартылай Дж.М.Кейнстің теориясымен байланысты. Осы концепцияның авторлары басты себепті өндірушілердің бытыраған жағдайында жасалатын өндірістік капитал салымының ерекшелігінен іздестіреді. Экономикалық субъектің қасиеттерінен экономиканың циклдік ауытқуларын шығаратын теорияның үшінші түрі Р.Лукастың экономикалық циклдің тепе-теңдік теориясы. Бұл теория өндіріс мүшелерінің психологиясының нақты ерекшеліктерін талдауға негізделмейді. Бұнда басты рөл шаруашылық субъектілерінің тәртібі және олардың экономикалық информацияны қабылдауының ерекшеліктері туралы гипотеза атқарады. Тепе-теңдік теорияның басты, орталық идеясы – ол ақшалай талықсытпалармен байланысты (ақша массасының күтпеген өсуі және осымен байланысты бағалардың өсуі) акселерациялық механизмнің өзара әсері.

Егер неоклассик Вальрас (Сэй) тепе-теңдік заңын ақиқат деп  циклмен дамуды мойындамаса, марксистер тап жоқ қоғамда құлдырау мүмкін емес, даму тек өрлеп жүріп отырады  деп, социлоизмде циклмен дамудың болуын жоққа шығарады. Ал экономиканың циклмен дамуын мойындамайтын экономистердің өздерінің арасында циклдың табиғаты туралы бірлік жоқ. Жалпы келгенде циклмен даму туралы үш тұжырым орын алып отыр: экзогендік, эндогендік және эклектикалық. Экзогендік бағытты жақтаушылар циклмен дамуды тек сыртқы себептермен байланыстырады, эндогендіктің жақтаушылары – ішкі заңдылықтармен дәлелдеуі қажет деп түсінеді. Ал эклектиктер айқындап біріктірген дұрыс дейді.

Информация о работе Экономиканың циклдық дамуы