Қазақстан Республикасы салық саясатының даму келешегі мен орта мерзімді жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 15:07, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық салу механизмi зор рол атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi.

Содержание работы

КIРIСПЕ .......................................................................................................................3

1 САЛЫҚ САЯСАТ ҮКІМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ ..................................................................................................5
1.1 Салық саясаттың экономикалық мәні, рөлі мен бағыттары .......................5
2.2 Салық саясаттың құралдары мен негізгі түрлері ........................................10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ ............................21
2.1 Қазақстан Республикасы салық саясаты құралдары, жүргізетін органдары және құқықтық негізі ..................................................................21
Нарықтық тепе-теңдiктi салық саясат арқылы реттеу .................................24

3 Қазақстан Республикасы салық саясатының даму келешегі мен орта мерзімді жоспары ..........................................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................................35

Файлы: 1 файл

Saly_1179_sayasaty_1178_R_MAB_2014-0.docx

— 166.81 Кб (Скачать файл)

Оңайлатылған салық режимінің қолданылуы жағдайында шағын бизнес субъектілерінің қызметін жүзеге асырудың оң тәжірибесін ескере отырып, патент негізінде АСЖ-дағы салық ставкасының мөлшері 3-тен 2%-ға дейін төмендетілді, оңайлатылған декларация негізінде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған бөлетін прогрессивтік негіздегі 3%-дан 5%-ға дейінгі ставкалар тиісінше 3% деңгейінде біріңғай ставка белгіленеді. [13]

Салық саясатының 2011-2013 жылдарға арналған негізгі бағыттары әділ, әрі сыннан өткен құрал, экономиканың қажетті бағыттарының дамуын ынталандырушы және мемлекеттік функцияларды толық орындауды қамтамасыз етуші ретінде әлеуметтік маңызы бар салықтарды нығайту қажеттігін ескере отырып, салық саясаттың міндеттерін шешуге бағдарланған шаралар келесілермен тұжырымдалады:

  • ҚҚС ставкасын одан әрі төмендету;

  • Экономиканың нақты секторындағы жеңілділіктердің тиімділігін арттыруды және ынталандыратын әсерін ескере отырып, оларды оңтайландыру;

  • Бюджеттің кірістерін қалыптастырудағы негізгі рөлді кәсіпкерліктен біртіндеп халыққа ауыстыру шеңберінде жеке тұлғалардың пассивті кірістері бойынша жеңілділіктерін жою.

Қосылған құн бойынша шартты шығындар 2011 жылы 67,9 млрд. теңгені (ставканы 14%-дан 13%-ға дейін төмендету) қарастырылған. 2012 жылдан бастап арнайы салық режимдері реформаланады – біржолғы талондарды қолдану аясы тарылады, патенттер жойылады, оңайлатылған декларация бойынша жеке кәсіпкер және жеке тұлғалар ғана қызметін жүзеге асыратын болады.   Ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер арнайы салық режимдерінен шығарылатын болады.  [13]

Орта мерзімді кезеңде жүргізілетін шығыстар саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың ұзақ мерзімді және орта мерзімді басымдықтарына сәйкес, жоспарланатын нәтижелерге байланысты және салықтық жоспарлау сапасын жақсарту және өнімсіз шығыстарды қысқартуес ебінен бюджеттің инвестициялық құрамдас бөліктерін күшейте отырып, мемлекеттік міндеттемелерді толық орындауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрылымында 2011-2013 жылдары келесілер басым бағыттар болып табылады:

  • Адами капиталдың өсуін қамтамасыз ететін шығыстар – білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қолдау, республиканың мәдени деңгейін жақсарту, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту,  халықты сапалы сумен жабдықтауды қамтамасыз ету, тұрғын үй саясатын одан әрі дамыту;

  • Экономиканы одан әрі әртараптандыруды ынталандыратын шығыстар – инфрақұрылымды, аграрлық және индустриялық секторларды, иновацияларды дамыту;

  • Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат  және денсаулық сақтауды қаржыландыру тетіктері Қазақстан халқының денсаулығын сақтау жөніндегі жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету және қаржыландыру болып табылады. [13]

3. Бюджет жүйесін жетілдіру

Орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігіне мұнай емес түсімдердің есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.

2010 жылы Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мұнай және мұнай емес кірістердің ара жігін нақты ажыратуға мүмкіндік береді.

Ұлттық қорға жіберілетін түсімдер өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерімен және мұнай операцияларынан және шикі мұнай мен газ конденсатынан түсетін басқа да түсімдермен, оның ішінде бұрын бюджеттік бюджеттік кіріс бөлігіне түскен мұнай келісім-шарттың талаптарын бұзудан түсетін түсімдермен толықтырылды.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, оларың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларын қабылдауды талап етеді. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары ұлғаюда, бұл 2000-2009 жылдар бойы жүргізіліп келген бюджет процесін (Бюджет кодексі, бюджеттік бағдарламалардың паспорттары, тиімділікті бағалау және т.б.) жетілдіру бір жағынан бюджет жүйесін ретке келтірді, екінші жағынан мемлекеттік органдардың жауапкершілігін шектеуге әкеп соқты және олардың мемлекет қаржысын басқару икемділіктерін тудырды. Қазіргі ережелер, нормалар мен нормативтер қиындықпен немесе бюджет қаражатын пайдаланудың нақты нәтижелілігін төмендету есебінен формальды түрде орындалуда.

Бюджет процесін егжей-тегжейлі регламенттеу қажеттілігі бюджет қаражатының жетіспеушілігімен қатар жүрген кең ауқымды құрылымдық қайта құрылулар кезеңінде орынды болды, ел қаржысын басқару кредиторлық берешектің өсуімен және қаржы көздерімен қамтылмаған мемлекеттік міндеттемелер салдарынан сипатталған. Берілген проблемаларды реттемей экономиканы тұрақтандыру және одан әрі өсіру мүмкін емес.

2009 жылға қарай қалыптастырылған рәсімдер бюджетті қалыптастыру мен атқарудың ашықтығы мен есептілігін, сондай-ақ бюджет есептілігінің жеделдігі мен сенімділігінің белгілі бір деңгейіне жетуге мүмкіндік берді. Алайда, бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды бақылаудың қазіргі жүйесі бюджет шығыстарының ресурстарға қажеттілікке сәйкес толық қамтамасыз етеді, бұл бекітілген көрсеткіштер мен нақты кассалық шығыстардың арасындағы максималды дұрыс сәйкестікті қамтуды білдіреді.

Сонымен қатар, бұл ұстаным бюджетті қалыптастыру және оны атқару кезінде жүргізіліп отырған мемлекет саясатының мақсаттарына жету дәрежесін толық көлемде қадағалауға мүмкіндік бермейді және қолда бар ресурстарды тиімді әрі нәтижелі пайдалануға кепілдік бермейді.

Бұл ретте, әкімшілердің жекелей алғандағы көбіне мемлекеттік органның ішкі міндеттерін шешуге тұтастай, елдің және қоғамның міндеттерін шешпеуге бағытталған өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілігіне қатысты шын мәнінде маңызды нормаларды орындаудың формальдылығы байқалады.

Мұндай ұстаным бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелілігінің орнына, қаржы ағындарына бақылауды қалыптастыру мен сақтауға мүдделілігі көрінетін “бюджеттік шектеулердің босаңдығын” айқындап берді.

Аталған жүйелі кемшіліктерді жоюға бюджеттік ресурстарды мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін және нақты, өлшенетін қоғамдық маңызы бар нәтижелерге қол жеткізуде бюджет процесіне барлық қатысушылардың орнықты мүдделілігі мен қызығушылығын жасаумен тұжырымдалатын жүргізіліп отырған әкімшілік реформаның іс-шаралары бағытталған. Бюджет жүйесі формальды емес, нормативтік белгіленген қағидаттар мен ережелерді орындау тұрғысынан іс жүзінде бірыңғай болады.

Берілген міндетке жету үшін біріншіден, әкімшілерге белгілі бір нәтижелер үшін бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын бөлу мен пайдалануда кеңірек тәуелсіздік беру жолымен, және екіншіден, аталған нәтижелерге қол жеткізу мемлекеттік органдардың дербес жауапкершілігін күшейту жолымен жоспарланып отыр.

Бюджетті жоспарлау және атқару бюджет қаражатын пайдаланудың бағыттары мен нәтижелері туралы толық ақпаратпен сүйемелденеді, оның негізінде бюджет саясатын өзгерту туралы шешім қабылданады, ал мемлекеттік органдар өз функцияларының сапалы орындалуына жауапты болады.

Бюджетті жоспарлау мен атқару рәсімдерін жетілдіру шаралары мынадай қағидаттарға негізделеді:

  • стратегиялық, орта мерзімді мақсаттармен, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсіру міндеттерімен үйлестіру;

  • республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсірудің стратегиялық, орта мерзімді міндеттерінің индикаторларына сәйкес келетін түпкі нәтижелерге және нысаналы индикаторларға қол жеткізу;

  • корпоративтікбасқару;

  • мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ағымдағы және күрделі шығыстарын қалыптастырудың объективтілігіне қол жеткізу;

  • бюджетті әзірлеу және атқару жөніндегі рәсімдерді ықпалдастыру;

  • мемлекеттік органның ішінде және мемлекеттік органдардың арасында бюджетті атқару рәсімдерінде қайталанатын іс-қимылдарды болдырмау;

  • ақпараттық жүйелерді оңтайлы қолдана отырып, бюджетті жоспарлау және атқару кезеңінде еңбек өнімділігін арттыру.

Нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу – бұл бюджет ресурстарын мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен бюджет қаражатын пайдаланудың күтілетін нәтижелерінің қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, мемлекеттің мақсаттары, міндеттері мен функциялары бойынша бөлуді қамтамасыз ететін бюджетті жоспарлау, атқару және атқарылуын бақылау әдісі.

Бұл әдіс шығындар мен нәтижелерді, бюджет қаражатын жұмсаудың ең тиімді жолдарын таңдауға, жоспарланған нәтижелердің деңгейін және олардың сапасын уақтылы бағалауға мүмкіндік береді.

Бюджет процесін реформалау қаржы менеджментінің қағидаттарын енгізу алғышарттарын жасайды, яғни, орындайтын функцияларды әкімшілендірілетін бағдарламалардың тиімділігі жөнінде мемлекеттік органның қызметі туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін нақты мүмкіндіктерге бейімдеу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктерін кеңейту.

2012 жылдан бастап үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшу іске асырылады. 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу экономика дамуының бюджет кірістері мен шығыстарын орта мерзімді болжамдауда бар тәжірибеге және бюджет процесінің жетілдірілген әдістеріне негізделетін және қолданылатын болады.

Салық саясатта орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігі мұнай емес түсімдердің есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.

Кірістер саясаты 2011-2013 жылдары елдің индустриялық-инновациялық дамуын ынталандыруды жалғастыруға, бәсекеге қабілеттілікті және экономикадағы берілген салық жүктемесінің ұтымды теңгерімін жасауға бағытталады.  /15/

Шағын және орта бизнеске салық салудың қазақстандық жүйесі салық салудың төменгі ставкасымен ғана емес, сондай-ақ едәуір оңайлатылған есептілігімен сипатталатын жеңілдетілген жүйе түрінде ұсынылған.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап патент негізінде АСЖ-дағы салық ставкасының ставкасы 3-тен 2%-ға дейін төмендетілді, оңайлатылған декларация негізінде АСЖ-дағы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған бөлетін прогрессивтік шәкілдің орнына 3%-дан 5%-ға дейінгі және 3%-дан 7%-ға дейінгі ставкаларымен тиісінше 3% деңгейінде бірыңғай ставка белгіленді. Бұл шара өзінің кәсіпкерлік қабілеті мен идеяларын іске асыруға ұмтылатын халықтың бастамашыл бөлігіне қолдау көрсетеді.

2010 жылы қосылған құн салығының ставкасы 14 пайызға дейін төмендетілді. Бұл шара кәсіпорындарға өндірісті жаңғыртуға жұмсалған қаражатты айналымнан оны кеңейтуге және дамытуға босатуға мүмкіндік берді.

2010 жылдан бастап әлемдегі ең төменгілердің бірі болған 10 пайыз деңгейіндегі жеке табыс салығының жайпақ шәкілі енгізілді.

Оңайлатылған салық режимінің қолданылуы жағдайында шағын бизнес субъектілерінің қызметін жүзеге асырудың оң тәжірибесін ескере отырып, патент негізінде АСЖ-дағы салық ставкасының мөлшері 3-тен 2%-ға дейін төмендетілді, оңайлатылған декларация негізінде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған бөлетін прогрессивтік негіздегі 3%-дан 5%-ға дейінгі ставкалар тиісінше 3% деңгейінде біріңғай ставка белгіленеді. [13]

Салық саясатының 2011-2013 жылдарға арналған негізгі бағыттары әділ, әрі сыннан өткен құрал, экономиканың қажетті бағыттарының дамуын ынталандырушы және мемлекеттік функцияларды толық орындауды қамтамасыз етуші ретінде әлеуметтік маңызы бар салықтарды нығайту қажеттігін ескере отырып, салық саясаттың міндеттерін шешуге бағдарланған шаралар келесілермен тұжырымдалады:

  • ҚҚС ставкасын одан әрі төмендету;

  • Экономиканың нақты секторындағы жеңілділіктердің тиімділігін арттыруды және ынталандыратын әсерін ескере отырып, оларды оңтайландыру;

  • Бюджеттің кірістерін қалыптастырудағы негізгі рөлді кәсіпкерліктен біртіндеп халыққа ауыстыру шеңберінде жеке тұлғалардың пассивті кірістері бойынша жеңілділіктерін жою.

Қосылған құн бойынша шартты шығындар 2012 жылы 67,9 млрд. теңгені (ставканы 13%-дан 12%-ға дейін төмендету) қарастырылған. 2012 жылдан бастап арнайы салық режимдері реформаланады – біржолғы талондарды қолдану аясы тарылады, патенттер жойылады, оңайлатылған декларация бойынша жеке кәсіпкер және жеке тұлғалар ғана қызметін жүзеге асыратын болады.   Ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер арнайы салық режимдерінен шығарылатын болады. 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келгенде, ұлттық экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз етуді реттеудің негізгі құралдарының және тез нәтиже беретін тікелей макроэкономикалық реттеу түрі салық саясат.

Салық саясат – бюджет (мемлекеттің шығыстары) мен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде бағытталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.

Бюджет-салық саясаты – мемлекеттiк бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттiк шығындардың өзгерiсiн реттеу мақсатында үкiмет тарапынан жүргiзiлетiн шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдiгiн және экономиканың өсуiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi. Бұл саясат өз кезегінде үлкен екі бағыттағы және мақсаттағы түрге бөлінеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасы салық саясатының даму келешегі мен орта мерзімді жоспары