Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту («Даму қоры» мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 15:25, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты мен міндеті; шағын кәсіпкерліктің мемлекеттегі нарықтық экономикалық қатынастарды құруда алатын манызды роліне байланысты бұл жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару мен оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни қолдау оның даму үрдістерін айқындаумен оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелер анықталды:
- кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен оның даму эволюциясы сипатталынды;
- әлемдік тәжірибелер негізінде шағын кәсіпкерліктің экономикадағы ролі мен орны анықталды;
- Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру тенденциялары мен жағдайы зерттелінді;
- ҚР-ғы шағын кәсіпкерліктің даму үрдістері айқындалған;

Содержание работы

Кіріспе
4
1 Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері

1.1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы
6
1.2 Шағын кәсіпкерліктің қызметі мен бағалау әдістері
9
1.3 Шағын кәсіпкерлікті несиелендіру

11
2 ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму бағыттары

2.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағыдайын талдау

13
2.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары
18
2.3”Даму”қоры

23
3 Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері

3.1 АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері

27
3.2 Германиядағы шағын кәсіпкертің қолдау тетіктері

29
Қорытынды
32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

ҚР шағын кәсіпкерліктің дамуы. 33.doc

— 302.50 Кб (Скачать файл)

техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар ауамағында тұратын адамдардың әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Олардың негізгі проблемалары – ресурстық базасының жетіспеушілігі: материал-техникалық және қаржылық. Шың мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең және жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алып кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің басында артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастайтын кәсіпкерлер болуы үшін, қаражаттары болу керек еді. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда атқарылған істер, қол жеткен табыстармен қатар әлі де осы саланың дамуына бөгет жасап отыр, шешуі табылмаған мәселелер де көп. Басты проблеманың бірі – ол кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ оңдай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек. Ол үшін оларды таңдап алып оқыту қажет. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуда қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнын, санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше бөлігі ретінде нақты жұмыс істеп, даму үсітінде. Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын локомативтің нақ өзі. Бүгінде жаһандық экономикаға дағдарыстың екінші толқыны да жайылып үлгерді. Оған қарсы әлемнің алпауыт елдерінің өзі қал-қадірінше қарманып, ішкі экономикалық тұрақтылығын сақтауға ұмтылып жатыр. Бұл ретте, ширақтық танытқан ел Үкіметі Ұлттық банк және Қаржылық бақылау агенттігімен бірлесіп, 2009-2010 жылдары экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыруға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын былтыр күзде қабылдағаны мәлім. Бұл жоспардың басты мақсаты – ғаламдық дағдарыстың салдарына төтеп беру, сонымен қатар экономикалық өсу, тұрақтылық негізін қалау, халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік-әлсіз жіктерін қолдау. Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бағдарламада шағын және орта бизнес секторын қолдауға басымдық беріліп отыр. Өйткені экспорттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бағасының күрт құлдырауы жағдайында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының нығаюына дәл осы шағын және орта бизнестің өрге басуы негіз қалайды. Егер бұл сала өркендесе, жаңа жұмыс орындары ашылып, ел берекеті артады. Үкіметтің дағдарысқа қарсы жасақтаған бағдарламасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға және жаңа бизнес жобаларды іске асыруға ерекше мән берілуі сондықтан. Қазіргі жағдайда сыртқы несие көздерінің жетіспеушілігі елдегі кәсіпкерліктің қиындықтарға ұшырауына түрткі болғаны рас. Мәселен, Ұлттық банктің деректері бойынша Астанадағы шағын және орта бизнес 2007 жылы 135 млрд. теңгеге несиелендірілген. Ал 2008 жылы 78 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Бір жылда бұл саланы несиелендіру қарқыны 43% кеміді. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік субъектілері несиеге деген қажеттіліктері қанағаттандырылмай қалды деген сөз. Осындай жағдай барлық өңірлерде қалыптасты. Бұл мәселе бағдарлама аясында өз шешімін табуы үшін мына шараларды атқару көзделуде: - жаңа Салық кодексі ауқымында салықтық жүктемені күрт төмендету; - екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу;

- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ арқылы шағын және орта бизнес

- субъектілерін несиелеуді мемлекеттік кепілдендіру;

- «Қазпошта» АҚ аймақтық пошта желілерін пайдалана отырып, ауылдық жерлерде

  - шағын несиелеуді дамыту;

- шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізуін кеңейту;

- бизнесті құру мен жүргізу бойынша рәсімдерді оңайлату, әкімшілік кедергілерді төмендету, лицензиялауды қысқарту;

- әкімшілік тексерулерді шектеу;

- әрбір облыс орталығында кәсіпкерлікті қолдау орталықтары желісін құру.

Кәсіпкерлерге салынатын салықтық ауыртпалықтарды жеңілдетудің бір қадамы ретінде жаңа салық кодексі бойынша корпоративтік табыс салығын кезең-кезеңмен төмендету көзделгендігін айтуға болады. КТС 2009 жылға дейін 20%-ға, 2010 жылға дейін 17.5%-ға, 2011 жылға дейін 15%-ға кемітілмек. Шағын және орта бизнестің қиын-қыстау кезеңіндегі ахуалын оңайлатуға себеп беретін тағы бір маңызды қадам жасалды. 2009 жылы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында салық органдарына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді тексеруге тыйым салынып, Үкімет қаулысы бойынша салықтық тексерістерге мораторий жарияланды. Үкімет кабинеті «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» мәселесі бойынша 2009 жылдың ақпанынан бастап екінші деңгейлі банктер арқылы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры есебінен 1 млрд, доллар (120 млрд. теңге) көлемінде қаржы аударды. Кәсіпкерлікті несиелеу наурыздың 1-нен бастап жүзеге

асырыла бастайды. Мұндағы бизнеске берілетін несиенің жылдық үстемесі теңгемен 12,5 пайыздан аспайтын болды. Бұдан бөлек шағын және орта бизнеске бөлінетін несиенің мерзімі 7 жылға ұзартылып, ал мөлшері 750 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Республикамыздағы шағын және орта бизнес субьектілерінің негізгі шоғыры Алматы мен Астанада орналасқандықтан, бөлінген 120 млрд теңге көлеміндегі қаржының 50 млрд. теңгесі Алматы қаласына, ал Астана қаласына 30 млрд. теңгеден кем емес қаржы бөлу жөнінде «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ әкімдіктермен меморандумға қол қойды. Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия және жергілікті әкімдіктер қаражаттардың мақсатты жұмсалуы үшін жан-жақты мониторинг жасауда. Өтініш берген кәсіпорындардың тиімділігі, олардың қаржы қажеттілігі қаншалықты, қандай мөлшердегі қаржыға зәру, сонымен қатар отандық экономиканың қай саласына басымдық берген қолайлы - осының бәрі сараптаудан өтуде. Қазіргі кезде, 2009-2011 қаңтарына шағын кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің санын төмендегі кестеден көруге болады.

1-кесте.Қазақстан Республикасының 2009 жылы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны;

 

 

Барлығы

                      Соның ішінде

Заңды тұлғалардың

Жеке кәсіпкерлердің

Шаруа қожалықтарының

1

Қазақстан Республикасы

 

1001376

 

203142

 

    603831

 

194403

2

Ақмола

44302

6192

     33288

4822

3

Ақтөбе

39571

7960

26740

4871

4

Алматы

104987

9001

44509

51477

5

Атырау

38186

5614

30541

2031

6

Батыс Қазақстан

32682

3990

24291

4401

7

Жамбыл

46874

5245

25635

15994

8

Қарағанды

63390

12697

43940

6753

9

Қостанай

53670

6985

40555

6130

10

Қызылорда

25864

3590

19613

2661

11

Маңғыстау

31836

6134

24581

1121

12

Оңтүстік Қазақстан

155192

17467

68245

69480

13

Павлодар

45337

8763

32943

3631

14

Солтүстік Қазақстан

28758

4342

20565

3851

15

Шығыс Қазақстан

84342

11786

33463

17093

16

Астана

63206

22757

40433

16

17

Алматы

143179

70619

72489

71

 

Е С К Е Р Т У[6,16,18] әдебиеттер негізінде автор құрастырған


  Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия екінші деңгейлі банктің және қаржы ұйымдарының шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға қатысушылар тізімін белгіледі. Әзірше бұл бағдарламаға 10 банк қатысады: «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Kaspi bank» АҚ, «Центркредит банкі» АҚ, «АТФ» Банк АҚ, «Нұр банк» және «Цесна банкі», «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Ресей жинақ банкі» АҚ, «Астана-Финанс Банкі» АҚ. Экономиканы тұрақтандыру үшін Ұлттық қордан олардың әрқайсына бөлінетін қаржы көлемінің лимиттерін де анықтады. Аталмыш транштық қаржыландыру талаптарының ішінде шағын және орта бизнесті қайта несиелендіру жобаларына қаражаттың 70% жұмсау көзделген. Ал қаржының қалған 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталады. Бұл елдегі шағын және орта бизнестің тұрақтап қалуына ғана емес, ары қарай өркендеуіне жол ашады. Қосымша бөлініп отырған 1 миллиард долларды жылдың ортасына қарай игерілсе, жылдың екінші жартысында 120 млрд. теңге бөлінеді деп жоспралануда. Бұл еліміздің барлық өңірлеріндегі кәсіпкерлерді кеңінен қаржылай қамтып, соның есебінен бизнесті, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары мен өндірістерді ашуға қолдау көрсететіні анық.

Банктер кредит беруді қысқартқанын ескере отырып, шағын және орта бизнеске ауқымды мемлекеттік – қаржылық та, институттық та – қолдау көрсетілді. Өткен жылдың аяғында бөлінген 48,8 млрд. теңге есебінен шағын және орта бизнес субъектілерінің 2000- нан астам жобасы қаржыландырылды. Биылғы жылы жергілікті және республикалық бюджет қаражатынан шағын бизнеске тағы 95,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл соманың 50 млрд. теңгесі “Қазына” қоры арқылы бөлінуде, банктер тағы 50 млрд. теңге бөледі. Сонымен қатар менің тапсырмам бойынша Үкімет әкімшілік кедергілерді азайту, шектен тыс және қажетсіз бюрократиялық ресімдерді жою жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Бұл жұмысты әрі қарай да жалғастыру керек.

Қазіргі замандағы экономикадағы ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты. Орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысы, көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларда зор материалдық, қаржылық, еңбек ресурстары және маманданған кадорлар бар. Олар жоғары дәрежеде ғылыми– техникалық жаңа әдістер қолдана алды. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алады .Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда болады. Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болды. Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы,клиентердің сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға,өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді. Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді:

- Бәсеклестік орта өркендейді;

- Қосымша жұмыс орны пайда болады;

- Тұтыну секторы ұлғаяды;

Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықта тауар және қызметтермен толтырады, экспорттың потенциалын артырады және мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты механизімдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен Қазақстан үкіметі қабылдаған 2009- 2011 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарлама әлемдік деңгейдегі сарапшылардың оң бағасын алуда. Қазақстанның дағдарысқа қарсы іс-қимылы дер кезінде басталған ықпалды қадам болды, Елбасымыз шағын және орта бизнесті қолдау мақсатымен қаржыландыру мәселесін іске асырды.

 


 

 

2-кесте - Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру көздері


                                       1) Ішкі және сыртқы көздері


 

  


1) Жеке капитал   2) Қарыз капитал


 


 

  1. Жеке жинақтар                              1) Мемлекеттік құралдар:
  2. Қаржылай ресурстар                    - мемлекеттік бюджет              
  3. Туысқандар мен дост-                      қаржылары;

     арының құралдары                         - жергілікті бюджет құралдары;

  1. Индивидуалды басқа                     2) ссудалық капитал нарығының

инвесторлар                                      тартылған қаржылары:

  1. Қызметті сақтау құралдары            - банктік ұзақ, орта, қысқа

                                                                   мерзімді несиелер;

                                                                          - бағалы қағаздаршығару.

 

 

 

  1. 2.2. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бағыттары.

 

Дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатының жалпы мақсаты – ол шағын кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады, яғни экономикалы саясаттың тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрлымның дамуы, интеллектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамшылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайы ұйым шағын бизнес админстрациясы бар. Японияда жергілікті билік органдары қарызды кепілдендіру жөніндегі ассоциация құрған және ұйымдастырған. Канада да бизнесті дамытудың федералды банк арқылы кәсіпкерлерді несиемен, соның ішінде кепілдемемен қамтамасыз етеді. 

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту («Даму қоры» мысалында)